6.81. Сурет. SmartArt объектілері және Мәтін енгізіңіз тапсырмалар аймағы
Мәтінді енгізіңіз тапсырмалар аймағын көрсетіп немесе жасырып қою үшін SmartArt объектісі аймағының сол жақ бөлігіндегі әр түрлі жаққа бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз.
6.82. Сурет. Мәтінді енгізіңіз тапсырмалар аймағын шақыруға арналған батырма
SmartArt объектілерінің түстік схемасын өзгерту үшін SmartArt суреттерімен жұмыс- Конструктор қосымшасындағы SmartArt стилдері тобында Түстерді өзгерту батырмасын басыңыз (6.83. Сурет). Қосымша әсерлер қосу үшін осы топтағы Қосымша параметрлер батырмасын басыңыз. SmartArt объектісін үшөлшемді етіп жасауға болады (6.84. Сурет).
6.83. Сурет. SmartArt объектілерінің түстерін өзгерту менюі
6.84. Сурет. SmartArt объектілері үшін қосымша әсерелер қосуға арналған меню
SmartArt объектілерін құрайтын элементтерді жеке- жеке өзгертуге болады. Ол үшін- SmartArt суреттерімен жұмыс- Пішім қосымшасын өтіңіз.
Алдымен Фигуралар стилі тобына назар аудару қажет (6.85. сурет)
6.85. Сурет. Фигуралар стилі тобы
Қосымша параметрлер батырмасы жылдам- стилдер менюін таңдауға арналған. Бұл жерде фигураларды безендірудің әр түрлі нұсқаларының бірін таңдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |