Құрастырушылар



жүктеу 124 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі124 Kb.
#20793
түріҚұрамы



Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы ереже/з.ғ.д., проф. Е.Қ.Көбеевтің редакциясымен - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010-82 б.
Осы Ереже академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлық-оқытушылар құрамын аттестаттау тәртібін реттейді және университеттің барлық бөлімшелері үшін негізгі құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР БҒМ 22.01.2010 ж. №16 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелеріне сәйкес құрастырылған.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми Кеңесінің 07.10.2010 ж. №3 хаттамасының шешімімен бекітілді.



Құрастырушылар:

Р.М.Жұмашев – бірінші проректор, тарих ғылымдарының докторы

С.Т.Каргин оқу ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы

М.Ж.Бүркеев ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, химия ғылымдарының докторы

Д.В.Дьяков білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы, филология ғылымдарының кандидаты

Т.В.Гороховская – құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің бастығы

З.Г.Жұмажанова – Қызметкерлерді басқару басқармасының бастығы
І. Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР БҒМ 22.01.2010 ж. №16 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелеріне сәйкес құрастырылған.



1. Аттестаттау мақсаты: педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкестігінің деңгейін анықтау әділетті бағалау.

Аттестаттау міндеттері:

1. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жағдайында мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік жасау;

2. педагогикалық қызметкердің лауазымдық мәртебесін анықтау;

3. педагогикалық қызметкердің лауазымында өсуі үшін жағдай жасау;

4. педагогикалық қызметкерлердің кәсіби жетістіктеріне мониторинг жүргізу, және мамандарды негізделген кадрлық іріктеуді жүзеге асыру;

5. педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің мәселелік аспектілерін, оның кәсіби және мансаптық өсу перспективаларын анықтау;



6. педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

2. Мақсаттық топ және аттестаттауды өткізу мерзімділігі:

2.1 Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау осы Ережеге, университет ректорының бұйрығына және Қызметкерлер басқармасының күшімен қалыптастырылатын кестеге сәйкес 3 жылда бір рет жүзеге асырылады (1 үлгі).

2.2 Жоғары оқу орнындағы педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар аттестаттаудан өткізіледі.

2.3 Педагогикалық қызметкерді аттестаттау келесі жағдайларда анағұрлым кешірек мерзімге (2 жылға дейін) ауыстырыла алады: а) ұзақ уақытқа еңбек ету қабілетінен айрылу; б) жүктілігіне, босауына және бала күту бойынша демалысында болу; в) шетелде қызметтік іссапарда болу.

2.4 Лауазымдық мәртебесін мерзімінен бұрын жоғарылату (немесе мерзімінен бұрын аттестаттау) құқығымен аттестаттау аралық кезеңде ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесін, магистр/PhD доктор/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежелерін алған және қолданыстағы Педагогикалық қызметкерлер қызметінің типтік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сай келетін педагогикалық қызметкерлер пайдалана алады.

2.5 Осы Ереженің 2.3 тармағында көрсетілген себепті жағдайларсыз өтінішті уақытында тапсырмаған педагогикалық қызметкерлер лауазымында аттестатталмаған болып есептеледі.

3. Аттестаттаудың дайындық кезеңін өткізу тәртібі:

3.1 Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу аттестаттау комиссиясы мен сараптамалық топтың күшімен жүзеге асырылады. Аттестаттау комиссиясының дербес құрамы Ғылыми кеңеспен анықталады және аттестаттаудың бірінші кезеңі басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей ректордың бұйрығымен бекітіледі.

3.2 Аттестаттау комиссиясы адамдардың тақ санынан тұруы керек және оның құрамына төраға, төраға орынбасары, хатшы және мүшелері кіруі қажет. Аттестаттау комиссиясының мүшелері, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жетекші профессорлар мен доценттер бола алады. Аттестаттау комиссиясының міндеттеріне аттестаттау материалдарын қарастыру, педагогикалық қызметкерді қызметінде аттестаттау туралы шешім қабылдау, оның кәсіби қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар шығару енеді.

3.3 Аттестаттау комиссиясының жанында сараптамалық топ құрылады, оның құрамы аттестаттаудың екінші кезеңі басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ректордың бұйрығымен бекітіледі. Сараптамалық топтың құрамына білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің, қызметкерлер басқармасының мамандары, университеттің жетекші профессорлары мен доценттері кіреді. Сараптамалық топтың міндеттеріне осы Ережеде қарастырылған дайындық рәсімдерін өткізу, аттестаттау комиссиясының қарастыруына ұсынылатын аттестаттау материалдарын жүйелеу және өңдеу жатады.

3.4 Аттестаттау комиссиясы жоспарлық аттестаттаудан өтуге міндетті педагогикалық қызметкерлерге өтініш беру мерзімдері туралы жазбаша хабарлайды.

3.5 Педагогикалық қызметкер белгіленген үлгі бойынша өтінішті аттестаттау комиссиясына төрағаның атына жібереді (2 үлгі).

3.6 Аттестаттау комиссиясының төрағасы берілген өтініштерді қарастырады және педагогикалық қызметкерді аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

3.7 Аттестаттау комиссиясы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің тізімдік құрамын, аттестатталатын педагогикалық қызметкерлерді, аттестаттауды өткізу мерзімдерін көрсетумен бұйрық шығарады.

4. Аттестаттауды өткізу кезеңдері:

4.1 Аттестаттау рәсімі 2 кезеңмен жүзеге асырылады: біліктілік тестілеу және педагогикалық қызметкердің атқарып отырған немесе мерзімінен бұрын іздену қызметі контекстіндегі кәсіби жетістіктерін талдау.

ІІ. Педагогикалық қызметкерлерді біліктілік тестілеу түріндегі аттестаттаудың 1 кезеңін өткізу тәртібі



5. Педагогикалық қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ҚР БҒМ қолданыстағы Нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады. Біліктілік тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

5.1 Аттестаттаудан өту туралы өтініш берген педагогикалық қызметкерлер жөніндегі мәліметтер базасын қалыптастыру Қызметкерлер басқармасы, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің, Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының мамандарының күшімен жүзеге асырылады.

5.2 Егер ҚР Білім және ғылым министрлігі университетті педагогикалық қызметкерлерге біліктілік тестілеу өткізу бойынша негізгі ретінде анықтаған жағдайда рәсімді техникалық жабдықтау міндеттері Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының мамандарына жүктеледі.

6. Біліктілік тестілеу педагогикалық қызметкердің Қазақстан Республикасы Заңнамасы, педагогика мен психология саласындағы білімін, пәндік білімдерінің деңгейін анықтауға бағытталған.

7. Біліктілік тестілеу кешенді форматта өткізіледі.

8. Біліктілік тестілеу барысында педагогикалық қызметкер жабық түрдегі 80 тест сұрағына жауап беруі қажет, оның ішінде 40 сұрақ пәндік білімдер негізінен; 20 – педагогика мен психология негіздерінен; 20 – Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерінен болып келеді.

9. Біліктілік тестілеудің ұзақтығы 160 минутты құрайды. Егер педагогикалық қызметкер математика, физика, химия бағытындағы пәндер бойынша тест тапсыратын болса, біліктілік тестілеудің ұзақтығы 175 минутқа дейін артады.

10. Біліктілік тестілеудің нәтижелері егер педагогикалық қызметкер 28 (70%) сұрақ пәндік білім негіздерінен; 10 (50%) – педагогика мен психология негіздерінен; 10 (50%) – Қазақстан Республикасы Заңнамасы негіздерінен тұратын 48 (60%) тест сұрағына дұрыс жауап берсе оң болып саналады. Біліктілік тестілеудің нәтижелері хаттама түрінде Ұлттық тестілеу орталығының автоматтандырылған бағдарламасымен беріледі (3 үлгі).

11. Біліктілік тестілеудің оң нәтижесі педагогикалық қызметкерді аттестаттаудың екінші кезеңін өткізу үшін негіздеме болып табылады.

12. Теріс нәтиже көрсеткен немесе себепті жағдайлармен тестілеуге қатыспаған педагогикалық қызметкерлер кейінгі екі айдың ағымында қайта тестілеуден өтуге міндетті.

13. Зейнеткерлік жасқа жеткен педагогикалық қызметкерлер біліктілік тестілеуден босатылады. Аталған санаттағы педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы шешім аттестаттауаралық кезеңдегі кәсіби жетістіктерін талдау негізінде қабылданады.

ІІІ. Педагогикалық қызметкердің атқарып отырған немесе мерзімінен тыс ізденіп отырған қызметі контекстінде кәсіби жетістіктерін талдау негізінде аттестаттаудың 2 кезеңін өткізу тәртібі



14. Аттестаттаудың 2 кезеңін ұйымдастыру дайындық рәсімдерін өткізуге қарай аттестаттау материалдарының пакетін қалыптастыратын сараптамалық топтың күшімен жүзеге асырылады:

14.1 Аттестатталатын қызметкер туралы қоғамдық пікірді анықтау мақсатында білім алушыларға, кафедра мен факультет басшыларына сауалнама өткізу (4, 5 үлгілер). Сауалнама рәсіміне 20-дан кем емес білім алушы; факультет деканы және кафедра меңгерушісі қатысуы қажет. Аттестаттаудан өтетін декандар мен кафедра меңгерушілері өздеріне қатысты сауалнаманы толтырмайды және сараптамалық топтың құрамына енбейді. Басшы тұрғысынан аттестатталатын деканның қызметін бағалауды оқу ісі жөніндегі проректор, зерттеушілік белсенділігі тұрғысынан – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады.

14.2 Аттестатталатын оқытушының соңғы 3 жылдағы қызметінің нәтижелерін анықтау мақсатында фактографиялық парақ толтыру (6-6.5 үлгілер). Сараптамалық топтың аталған жұмыс кезеңінде аттестатталатын оқытушы жауапты бөлімшелерге фактографиялық парақты ресімдеу мақсатында растау құжаттарын тапсыруға міндетті. Фактографиялық парақта көрсетілген жауапты тұлғалардың қолдары ҚарМУ Қызметкерлер басқармасының мөрімен расталады.

14.3 Аттестатталатын оқытушының педагогикалық шеберлігінің деңгейін анықтау мақсатында оқу сабақтарына қатысу.

14.4 Қатысқан сабақтарды өткізу сапасының орташа өлшемді көрсеткіштерін анықтау мақсатында сарапшылардың сауалнамаларды толтыруы (7 – 7.4 және/немесе 8 үлгілер).

15. Аттестаттау материалдарын өңдеуге қарай аттестаттау парағын қалыптастыру:

15.1 Факультеттің студенттер және кәсіби ортасындағы тәжірибелік қызметкердің қоғамдық рейтингісін анықтау (қоғамдық сауалнамалар негізінде/1 шкала).

15.2 Атқарып отырған немесе мерзімінен тыс ізденіп отырған қызметін есепке ала отырып педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерін анықтау (фактографиялық парақ негізінде/2, 3 шкала).

15.3 Оқыту сабақтарын өткізу сапасының жалпы көрсеткішін анықтау (сараптамалық сапа сауалнамалары негізінде/4 шкала).

15.4 Педагогикалық қызметкерді тестілеу көрсеткіштерін анықтау (ҰОТ хаттамасы негізінде/5 шкала).

15.5 Қозғалыс үрдісін есепке ала отырып, аттестатталатын педагогикалық қызметкердің соңғы 3 жылдағы кәсіби қызметіне талдау жасау.

15.6 Анықталған көрсеткіштердің нәтиженің жоғары, орташа, төмен және теріс сияқты коэффициенті мен сипаттамасын анықтауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру шкаласымен ара қатынасын белгілеу.

15.7 Қоғамдық сауалнамалардың, фактографиялық парақтың, біліктілік тестілеудің, оқыту сапасы сауалнамаларының нәтижелері енетін жиынтық коэффициентті анықтау.

15.8 Жиынтық коэффициенттің «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай» немесе «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» деген екі түрлі қорытындысы бар шешім қабылдау шкаласымен ара қатынасын белгілеу (6, 7 шкала).

15.9 Жалпы мәліметтері, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жетістіктері, біліктілік тестілеу нәтижелері, қорытынды көрсеткіштердің сипаттамасы, аттестаттау комиссиясының ескертулері, ұсыныстары мен шешімі көрсетілген аттестаттау парағын құрастыру (9 үлгі).

16. Сараптау тобы дайындаған аттестаттау материалдарын қарастыра отырып, аттестаттау туралы шешімді қабылдау:

16.1 Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу, оның аясында аттестаттау материалдары меңгеріледі, шешім жобасы бекітіледі және ұсыныстар әзірленеді. Бұл жағдайда кворум аттестаттау комиссиясының 2/3 мүшесінен кем болмауы тиіс.

16.2 Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруін өткізу, оның нәтижелері бойынша «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай» немесе «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» деген шешім қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру нәтижелері мен аттестаттау комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді (10 үлгі).

16.3 Егер оқытушының оқу-әдістемелік жұмысының және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының көрсеткіштері төмен немесе теріс нәтиже ретінде сәйкестендірілетін болса, аттестаттау комиссиясы жиынтық коэффициентке қарамастан кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай еместігі туралы шешім қабылдауға құқылы.

16.4 Даулы жағдайларда аттестаттау комиссиясы отырысқа аттестатталатын оқытушыны, кафедра меңгерушісін шақыруға және аттесталатын оқытушының ағымдық жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін қосымша материалдарды (оқытушының жеке жоспары, кафедраның өзара қатысу журналы, ашық сабақтардың хаттамалары, алғыс хаттар және т.б.) сұрауға құқылы.

16.5 Біліктілік тестілеуден өтпеген педагогикалық қызметкер аттестатталмаған болып табылады.

16.6 Педагогикалық қызметкерді лауазымында жоғарылату туралы оң шешім кәсіби өтілі, академиялық мәртебесі және біліктілік тестілеу көрсеткіштерінің сипаттамасы, фактографиялық парақ, оқыту сапасы сауалнамасын есепке ала отырып қабылдануы керек:



16.6.1 Оқытушы лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда аға оқытушы лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес (соның ішінде оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес) немесе мамандығы бойынша тәжірибелік жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес; б) магистр академиялық дәрежесі; в) ғылыми дәрежелері жоқ қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша «жоғары» деп жіктелетін көрсеткіштер.

16.6.2 Аға оқытушы лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда доцент лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (соның ішінде аға оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес); б) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және доцент атағы немесе PhD докторы академиялық дәрежесі; в) ғылыми дәрежелері бар қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша көрсеткіштері орташадан төмен емес.

16.6.3 Доцент лауазымындағы педагогикалық қызметкер келесі жетістіктері болған жағдайда профессор лауазымына ауыстырыла алады: а) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (соның ішінде доцент лауазымында 1 жылдан кем емес); б) ғылыми дәрежесі, PhD докторы академиялық дәрежесі, профессор ғылыми атағы; в) ғылыми дәрежелері бар қатысушыларды бағалауға арналған шкала бойынша көрсеткіштері жоғары.

16.7 Педагогикалық қызметкерді лауазымында аттестаттау туралы негізделген шешім шығарумен аттестаттау парағының жобасын бекіту.

IV. Аттестаттау комиссиясы шешімінің жүзеге асырылу тәртібі



17. Аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған соң 10 жұмыс күнінің ішінде педагогикалық қызметкерді белгілі лауазымда аттестаттау туралы бұйрық шығарылады.

18. Бұйрық шығарылғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ағымында педагогикалық қызметкерге аттестаттау комиссиясының шешімі мен кәсіби қызметін жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар туралы жазбаша ескерту жолданады (11 үлгі).

19. Аттестаттау парағы (9 үлгі), жұмысы туралы сауалнама-пікір (5 үлгі), аттестаттау комиссиясының шешімі туралы ескерту (11 үлгі) Қызметкерлер басқармасына тапсырылады және педагогикалық қызметкердің жеке ісіне орналастырылады.

20. Аттестаттаудың қорытынды материалдары педагогикалық қызметкердің кәсіби қызметін әрі қарай мониторингілеуді ұйымдастыру және жасалған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында проректорлар мен факультет декандарына жолданады.

21. Аттестаттау комиссиясының «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» шешімі педагогикалық қызметкерді лауазымында түсіруге немесе Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54 бабы 1 тармағының 3 тт. сәйкес онымен еңбек қатынастарын бұзу үшін негіздеме болып табылады. Мерзімінен тыс аттестаттаудан өткен педагогикалық қызметкерлерге келетін болсақ, «кафедра бойынша лауазымның талаптарына сай емес» шешімі жоспарлы аттестаттау уақытына дейін бұрынғы лауазымдық мәртебесінің сақталуын білдіреді.

V. Аттестаттау комиссиясы ұсыныстарының жүзеге асырылу тәртібі



22. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар педагогикалық қызметкердің жылдық жеке жоспарларынан көрініс табуы қажет.

23. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын жүзеге асыру дәрежесі педагогикалық қызметкердің кезекті аттестаттаудан өтуі барысында талданады және шешім шығару кезінде есепке алынады.
2 үлгі
Педагогикалық қызметкердің аттестаттаудан өту туралы өтініші
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

ректоры проф. Е.Қ. Көбеевке

_____________________________

(Өтініш берушінің аты-жөні, лауазымы, кафедрасы )



Күні

өтініш

Мені______________________________________ кафедрасының __________________ лауазымында атқарып отырған қызметімді растау/жетілдіру мақсатында 20___ жылғы жоспарлы/мерзімінен тыс аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын. Мерзімінен тыс аттестаттау үшін негіздеме өз кәсіби қызметімнің келесі нәтижелері деп санаймын:


Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:


1.

Туған күні және жылы




1.1

Жасы (толық)




2.

Ұлты




3.

Дипломы бойынша негізгі білімі




3.1

Біліктілігі (академиялық дәреже)




3.2

Ғылыми дәрежесі, атағы




4.

Педагогикалық жұмыс өтілі




4.1

Оның ішінде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да




5.

Жоғары оқу орнын аяқтаған жылы




6.

Білікті тестілеу пәні




6.1

Білікті тестілеу тілі




7.

Жеке куәлігінің номері






Өтініш берушінің қолы

Мәліметтерді растаймын: ҚБ бастығы (қолы)

*Ескерту: осы Ереженің 2.4, 16.6.1-16.6.3 тармақтарын қараңыз.



жүктеу 124 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау