түрлендіруші қосымшаларының бәрінен соң ғана жіктік
жалғауы жалғана алатыны. Зат есім барлық жағдайда
жіктеле бермей, тек баяндауыш қызметінде ғғана
жіктелетіні, яғни зат есімнің жіктелуі нақтылы бір
синтаксистік қызметке ғана байланыстылығы. Зат есімнің
жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның
етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.
5-тақырып. Сын есім. Шырай категориясы
Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын,
сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан
алуан түрлі қасиеттерін білдіретін сөз табы екендігі. Осы
ерекшелік оның зат есіммен тіркесте қолданылуын керек
ететінні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық
белгілері, синтаксистік қызметі бары. Сын есімнің мағыналық
жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер,
қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан
белгілерінің сапасын, сипатын, түрі, түсін, аумағы мен
салмағын т.б. да сындық белгілерін білдіретіндігі. Сапалық
сындардың басым көпшілігінің негізгі түбір болғанымен,
тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер да
бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып
отыратыны.
Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену
жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері.
Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа
заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың
морфемдік құрамы: негізгі морфема, көмекші морфемадан
тұратыны, әрқайсысысның атқаратын қызметі. Қатыстық сын
есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен
түрленбейтін ерекшелігі. Сын есімдерді құрылымына қарай
ерекшілігі.. жалаң және күрделі түрлері бары. Жалаң сын
есімдердің негізгі және туынды түбір сын есім болып
бөлінетіні. Күрделі сын есімдердің ең кемі екі сөзден
құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара
шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты;
3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз
т.б.
Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде
болуын білдіретін сын есімінің шырай категориясы екендігі.
Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаны
білдіретін көрсеткіштері бары. Шырай категорясының
мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының
мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі.
Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері
топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.
Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай,
3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің
әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары., әр шырайдың
өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
6-тақырып. Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан
есімнің мағыналық топтары
Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре
алатынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктелетіні:
есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан,
топтық сан, бөлшектік сан. Сан есімнің мағыналық
топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық
ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте
қолданылуы мен зат есін тіркесінсіз қолданылуы, түрлену
мүмкіндігі.
7-тақырып. Есімдік
Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны,
бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарына кем емес
екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың
ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық
белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде
білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде
қайталу қажеттілігінің құтқаратыны. Есімдіктің түрленуі,
оның қай сөз табының орнына қолданылуына
байланыстылығы, есімдікке ғана тән сөз түрлендіруші
қосымша, категория жоқ екендігі.
Есімдік синтаксистік қызметі де оның қай сөз табының
орнына қолданылуына байланыстылығы, ссөйлемнің барлық
мүшесінің қызметін атқаратыны. Есімдікке тән ортақ негізгі
мағыналық ерекшелік жалпы мағына болғанымен, оыныңі
штей түрлі өзіндік ерекшілігі бары, соған орай есімдіктің
мағыналық топтары бары: 1) жіктеу есімдіктер; 2) сілтеу
есімдіктері; 3) сұрау есімдіктер; 4) өздік есімдіктер; 5)
белгісіздік есімдіктер; 6) болымсыздық есімдіктер; 7)
жалпылау есімдіктер.
Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынаны білдіретіні, үш
жақтың жекеше-көпше түрінің есімдіктері бары. Жіктеу
есімдіктері не бары 8 сөз (мен, сен, сіз, ол, сендер, сіздер,
олар) болғанымен, сөйлемде өте жиі қолданылады. Жіктеу
есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде
адаммен байланысты болғандықтан, сөйлемде адам
аттарының орынна қолданылып, олардың мағынасы адаммен
байланысты екені. Жіктеу есімдігінің үш жағының сілтеу
есімдігімен ортақтығы, бұл есімдіктің қолдану аясының
кеңдігі. Жіктеу есімдіктерінің адам атауларының орнына
қолданылу қабілеті оның зат есімнің сөз түрлендіруші
қосымшалармен түрленуін қамтамасыз ететіні. Жіктеу
есімдіктерінің септелуі, жіктелуі есімдіктердің септелуінің
өзіндік ерекшілігі. Жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауы
боынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу
есімдіктерінің жіктелуінің синтаксистік белгілі қызметті
атқаруына қатысы. Тәуелдік жалғауымен түрлену жіктеу
есімдіктерінің 3-жағына қатысы. Жіктеу есімдіктерінің
синтаксистік қызметі. Сілтеу есімдіктері, оның мағынасы,
оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің негізінен заттың
белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатыны, оларға
сұрақтың да соған лайық түрлері қолданылатыны. Сілтеу
есімдіктерінің не кеңістікті, не мезгілге мезгейтіні,
нұсқайтыны. Сілтеу есімдіктерінің кеңістікті нұсқағанда, онда
алыстық, қашықтық мағынасы аңғарылатыны. Осы
ерекшелігіне қарай сілтеу есімдіктері екі топқа жіктелуі.
Сілтеу есімдіктері мезгілге қатысты қолданылғанда,
нұсқайтын жақындығын немесе бұрынырақтығын білдіретіні.
Сілтеу есімдіктерінің түрленудегі ерекшелік, сілтеу
есімдіктерінің ішкі топтарының түрленуі, оның айырмасы.
Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі.
Сұрау есімдіктері, оның мағынасы, сұрау есімдіктеріне
жататынс өздер. Сұрау есімдіктерінің морфемдік құрамы,
олардың құрамындағы қосымшалардың оның қандай
сөздердің тобына қойылатын сұрақ екеніне қатысы. Сұрау
есімдіктерінің ішіндегі кім? не? сөздерінің түрленуі. Сұрау
есімдіктерінің қолданылуына қарай сұрау мағынасын
білдірмейтін жағдайлары.
Өздік есімдікке жалғыз «өз» сөзі жатқанымен, оның
тәуелденген формаларының тілде қолданылу аясының
молдығы. Тәуелденген өз сөзі бастауыш болғанда, оның
баяндауышпен жақ арқылы қиысуы, басқа тәуелденіп
бастауыш болған сөзден айырмасы.
Тәуелденген өздік есімдіктің зат есімдерше түрленуі,
соған лайық барлық сөйлем мүшесі қызметін атқаруы.
Белгісіздік есімдік, оның мағынасы, құрамындағы
сөздер, олардың морфемдік құрамы. Белгісіздік есімдік
жасауға белсенді қатысатын морфемалар.
Болымсыздық есімдіктер, олардың мағынасы.
Болымсыздық есімдіктердің жасалуына белсенді қатысатын
морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі,
олардың тілде қолданылу аясы. Болымсыздық есімдіктердің
Достарыңызбен бөлісу: |