құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы
екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің
мағыналық жағынан сыр-сипатының молдығв. Деректі,
дерексіз мағныалы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш
арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл
мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге
берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір
жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім
жасайтындардың бары.
Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның
лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер,
оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның
ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінде зат есімдерді кім? не? сұрақтарына жауап
беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? сұрағына
жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не?
сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық екі
табы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың
атаулары.
Зат есім атаулының лексикалық мағынада, дербес сөз
ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес
сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай
сөздерге көмекші сөздер жататын. Көмекші сөздердің
мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге
тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік
нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі
қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін
қызметті атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың
көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің
тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.
Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның
тіркесетін дербес сөздің мағынасына байланыстылығы.
(үйдің іші). Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге
қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы.
Көмекші
есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан
ерекшеленетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі,
зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі.
Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың
пікірі. Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз
жеке тұруының кездесетіні, оның себебі: 1) үстіне кигені; 2)
сыртта тұр; 3) үсті-үстіне келіп жатыр; 4) сырттағы адам.
Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны,
көмекші есімге жатпайтындары, себебі.
3-тақырып.
Зат есімнің құрылымы. Зат есімнің
грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Зат
есімнің тәуелділік категориясы.
Зат есім сөздер құрылымы жағынан жалаң және күрделі
болып бөлінеді. Жалаң зат есімдердің іштей 2 топқа бөлінуі:
1) негізгі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер.
Негізгі түбір зат есімнің бөлуге келмейтін бір ғана мағыналы
бөлшектен тұратыны. Туынды түбір зат есімнің негізгі түбір
мен сөзжасамдық жұрнақтан құралатыны, туынды түбір зат
есімнің туынды лексикалқ мағынасы бар, оның туынды
лексикалық мағынасының жасалуына негізгі түбірдің
мағынасның негіз болатыны. Туынды түбір зат есім тек негзі
түбірден ғана жасалып қана қоймай, туынды түбірден
жасалады да жиі кездесетін құбылысқа жататыны. Мұндайда
туынды түбір зат есімнің құрамында сөзжасамдық
жұрнақтың екі онан да көп болатыны. Туынды түбір зат
есімнің жасалуына тек негізгі түбір сөзден басқа сөздердің
негіз болуы кездесетіні, оның ішкі түрлері де баршылық
екені: бірікен зат есімдер, қосарланған зат есімдер, құрама
зат есімдер, қысқарған зат есімдер. Күрделі зат есімдердің
осы түрлерінің мағына негізділігі, әрқайсысының жасалу
тәсіліне сай ерекшеліктері.
Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына
жататыны. Заттардың санын дәл атау қажет емес
жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшілігн
білдіру үшін арнайы категория бар. Оған жекелік, көптік
категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат
есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік
мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір
сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның
бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма
арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның
заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік
мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың
қолданылу ерекшеліктері.
Бір заттың екінші затқа меншіктінгін білдіретін арнайы
грамматикалық категория тәуелдік категория екендігі.
Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары
арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат
атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше,
көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша,
ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.
Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі
сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркстегі
сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та
қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздң үй). Қолданыста
тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні. Тәуелдік
мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны
білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнақтарының заттың иесінің
атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір
қосымшасыз қолданылатыны (кітіп сенікі), мұнда меншікті
заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның
мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ғана
көрінетіні.
4-тақырып. Септік категориясы. Септік жалғауларының
мағыналары мен қызметі. Зат есімнің жіктелуі
Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің
бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын
категория екендігі. Сөз арысындағы қарым-қатынастың
түрлілігіне қарай септік катгеориясының мағнасының түрлі
болатынын. Септік категориясының мағынасының септік
жалғаулары арқылы берілетіні. Қазақ тіліндегі жеті септік
бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің
арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше
сұрақтары болатыны. Сөздердің септелуінің екі түрі: жай
септеу, тәуелді септеу. Жай септеудің жүйесі, қосымшалары,
олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары. Тәуелді
септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі,
сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай
септеуден ерекшелігі, сұрақтары.
Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі,
ол туралы ғылымдағы пікірлер. Ілік септіктің тұлғасы. Ілік
септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының
себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста
мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс
септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі
қызметі. Табыссептіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз)
қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен
табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар.
Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік
қызметі. Жеті септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы,
сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Шығыс септік
тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын
синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің мағыналық құрамы,
сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.
Зат есімнің ішінде белгілі бір тобының ғана жіктік
жалғау арқылы түрлене алатыны. Зат есімге жіктік
жалғаудың толық түрі жалғанатыны. Зат есімнің сөз
Достарыңызбен бөлісу: |