Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет12/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64


Алғашқы және сыртқы кілттер. 

Реляциялық алгебраның амалдары. 

Реляциялық есептеу. 

Қалыптандыру.
 Мәліметтердің реляциялық моделі.
Реляциялық модельдің анықтамасы. 
Иерархиялық   және   желілік   модельдерде   жазбаларды   байланыстыру
үшін   физикалық   көрсеткіштерді   пайдалану   мәліметтерді   манипуляциялау
мүмкіндіктерін едәуір шектейді және осы модельдердің мәліметтер қорларын
өңдеу күрделі және көп еңбекті қажет ететін процесс болып табылады. 
1970   жылы   ІВМ   фирмасының   қызметкері   Эдгар   Кодд   реляциялық
модель   деп   аталған   мәліметтер   қорының   жаңа   моделін   ұсынған   бірқатар
еңбектерін   жариялаған   болатын.   Сонымен   қатар,   реляциялық   мәліметтер
қорларын   өңдеу   үшін   Кодд   мәліметтерді   өңдеудің   тілдерін   –   реляциялық
алгебра   мен   реляциялық   есептеуді   әзірлеп   шығарды,   олар   бір   командамен
бүкіл мәліметтер қорын өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді, ал иерархиялық
және желілік модельдерде бір жолы тек бір ғана жазба өңдеуден өткізіледі.
Физикалық   көрсеткіштердің   орнына   Кодд   мәліметтердің   тасымалдағышта
физикалық   орналасуына   тәуелсіз   оларды   өздерінің   ішкі  логикалық   қарым-
қатынастарына сәйкес  байланыстыру идеясын ұсынды. 
Реляциялық   модельдің   мәні   –   ол   мәліметтерді   реляциялар   немесе
қатынастар   деп   аталатын   екі   өлшемді   кестелер   түрінде   беруді
ұйымдастырады   және   ұсынады.   Бір   кесте   бір   нысанды,   мысалы,   сауда
фирмасының   клиенттерін   сипаттайды.   Кестенің   бағандары   мәліметтер
қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады. Сол арқылы
атрибут нысанның жеке қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары жазбаларға
сәйкес     келеді   және   кортеж   деп   аталады.   Сонымен,   кортеж   нысанның   бір
элементіне   арналған   атрибуттар   мәндерінің   жиынтығын,   ал   қатынас   –
кортеждердің жиынын сипаттайды. Мәліметтер қорының құрылымын әзірлеу
және   сипаттау   кезінде   әрбір   кестедегі   атрибуттарға   атаулар   беріледі   және
олардың типтері анықталады, мысалы, атауы Name, типі CHAR немесе атауы
Amount, ал типі   REAL. Сонымен қатар   INTEGER   типі, DATA   типі және
басқа да типтер болуы мүмкін.
Кестеге де атау беріледі. Мәліметтер қорының біреуі бірнеше кестеден
тұруы мүмкін және қандай да бір құрамдас нысанды сипаттайды. Мәліметтер
қорына да атау беріледі. Мысалы, қандай да бір сауда фирмасын сипаттайтын
Orion   оқу   мәліметтер   қоры   келесі   үш   кестеден:     Salecpeople,   Customers,
Orders кестелерінен тұрады (1 қосымша).
Егер кестенің элементі әлі анықталмаған болса немесе ешқандай мәнге
ие болмаса, онда оған Null  - мәні меншіктеледі. 
Мәліметтердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы
кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бастапқы  кілт деп кестенің  әрбір
жолын   бір   мәнді   анықтайтын   кестедегі   атрибуттардың   ең   аз   жиынтығы
аталады.   Мысалы,   Salecpeople   кестесінде   бастапқы   кілт   Snum   бағаны,   ал
Customersкестесінде   Cnum   бағаны   болып   табылады.   Осылайша,   бастапқы


кілтті құрайтын атрибуттар мәндерінің комбинациясы әр жазба үшін бірегей,
қайталанбайтын болып табылады. Сыртқы кілт деп мәндерінің комбинациясы
кейбір жазба үшін бастапқы кілттің жиынтығы аталады. Сыртқы кілттер бір
мәліметтер   қорының   кестелеріндегі   мәліметтердің   арасындағы   қажетті
байланыстарды қамтамасыз етеді. 
Мысалы,  Orion мәліметтер қорында Orders кестесінің Cnum және Snum
бағандары   сыртқы   кілттер   болып   табылады.   Мәліметтер   арасындағы
байланыстарды келесі сурет түрінде көрсетуге болады (1.5-сурет)
Orders
O
num
A
mount
Date
C
num
S
num

08
13006


1
098.16


10.03
.2005


2
008


1
007

Customers
C
num
C
name
C
ity

2
008


P
ereira


1
004

Salecpeople 
1.5-сурет. Реляциялық модельдегі жазбаларды байланыстыру
Сонымен реляциялық кестенің анықтамасынан келесілер шығады:
- бастапқы   кілттің   және   оған   сәйкес   келетін   сыртқы   кілттің
атрибуттарының   атаулары   бірдей   болуы   міндетті   емес,   бірақ   та   бір   типті
болуы тиіс; 
- мәліметтер қорының әрбір кестесінің бірнеше сыртқы кілттері болуы
мүмкін, ал бастапқы кілт тек біреу ғана бола алады; 
- жалпы   жағдайда   кестеде   екі   және   одан   да   көп   бірдей   кортеждер
болуы мүмкін емес; 
S
num
S
name
Cit
y
M
anager

1
007


R
ifkin


Bar
selona


10
04



- кестеде кортеждер реттелмеген, еркін түрде болуы тиіс; 
- атрибуттар да реттелмеген, еркін түрде болуы тиісті. 
2   қосымшада   адамзат   қызметінің   әр   түрлі   саласындағы   мәліметтер
қорының мысалдары келтірілген.
Мәліметтердің   реляциялық   моделінің   артықшылығы   оны   ЭЕМ-де
физикалық жүзеге асырудың қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуында.
Пайдаланушы үшін дәл осы қарапайымдылығы мен түсініктілігі оларды кең
түрде   қолдануға   негізгі   себеп   болды.   Осы   типтегі   мәліметтерді   өңдеу
тиімділігінің мәселелері техникалық тұрғыдан шешілетін болып шықты. 
Реляциялық модельдің негізгі кемшіліктері: 
- жеке жазбаларды идентификациялаудың стандарттық құралдарының
болмауы; 
- иерархиялық  және  желілік  байланыстарды  сипаттаудың   күрделілігі
жатады.
Реляциялық алгебра
Реляциялық   алгебра   –   бұл   реляциялық   кестелерді   өңдеу   тілі.
Реляциялық алгебра келесі амалдардан тұрады:
 біріктіру;
 қиылысу;
 айыру;
 көбейту;
 таңдау;
 проекцияны құру;
 проекция;
 қосу (жалғау);
 бөлу;
 меншіктеу.
1.
Біріктіру   амалы   екі   кестенің   мәліметтерін   үйлестіруге,   екі
кестенің жазбалары (кортеждері) тек бір-ақ рет пайда болатын кестені құруға
мүмкіндік береді. Біріктіру амалы U әрпімен беріледі. Мысалы:
а
1
 a
2
 a
3
c
1
 c
2
 c
3
a
1
 a
2
 a
3
b
1
 b
2
 b
3
      U       f
1
 f
2
 f
3
      =    b
1
 b
2
 b
3
c
1
 c
2
 c
3
                 a
1
 a
2
 a
3
          c
1
 c
2
 c
3
d
1
 d
2
 d
3
d
1
 d
2
 d
3
f
1
 f
2
 f
3
Екі   кестені біріктіру кезінде олар бағандардың (атрибуттардың) саны
бойынша, сондай-ақ олардың типі бойынша сәйкес келуі тиіс. 
2.
Қиылысу   амалы   екі   кестенің   ортақ   жолдарын   бөліп   алуға
мүмкіндік береді. ^ символымен белгіленеді. Мысалы, 
а
1
 a
2
 a
3
                c
1
 c
2
 c
3
           a
1
 a
2
 a
3
b
1
 b
2
 b
3
     ^         f
1
 f
2
 f
3
      =    c
1
 c
2
 c
3
c
1
 c
2
 c
3
                 a
1
 a
2
 a
3
d
1
 d
2
 d
3


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау