Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет10/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64

2.10-сурет. Қосымшалар сервері жағынан мәліметтер қорына қол
жеткізу.
Таратылған   қосымшаларды   жасаудың   негізгі   тілі   –   Java   тілі   болып
табылады.
70-80 жылдардан бері қолданылып келе жатқан әзірленген жүйені және
қабылданып   жатқан   техникалық   шешімдерді   сипаттаудың   ресмиленген
әдістері уақыт өткен сайын көп еңбекті қажет етеді. 
Соның   нәтижесінде   CASE-технологиясын   жүзеге   асыратын   CASE-
құралдары   деп   аталатын   программалық-технологиялық   құралдар   пайда
болды. CASE (Computer Aided Software Engineering) терминін компьютердің
көмегімен программалық қамтуды жасау деп аударуға болады.
CASE-құралдары   дегеніміз   –   бұл   ақпараттың   жүйелерді   құрастыру
және   оларға   ілесе   жүру   үдерістерін   қолдайтын   программалық   құралдар,
оларға   келесілер   жатады:   талаптарды   талдаудан   өткізу   және   тұжырымдау,
мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу,
сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және т.б. CASE-құралдарын
келесі негізгі түрлерін атап көрсетуге болады: 
-
пәндік   саланы   құрастыру   мен   талдауға   арналған   талдау
құралдары. Оларға Design/IDEF, Bpwin жатады; 
-
жобалық   арналымдарды   құруды   қамтамасыз   ететін   талдау   мен
жобалау құралдары, мысалы, Vantage Team Builder, Silverrun, PRO-IV;
-
мәліметтер   қорын   модельдеп,   сұлбаларды   жасауға   мүмкіндік
беретін   мәліметтер   қорын   жобалау   құралдары.   Оларға   Erwin,   S-designot,
DataBase Designer жатады;
-
қосымшаларды   жасау   құралдары,   мысалы,     Uniface,   JAM,
PowerBuilder, Developer/2000, New Ero, SQL Windows.
Кейбір   CASE-құралдары   нақты   бір   CASE-тің   құрамына   кірмейтін
автономдық жүйелер түрінде жеткізіледі. Мұндай тәуелсіз CASE-жүйелердің
қатарына   S-Designer,   Erwin,   Silverrun   жатады.   МҚБЖ   ішіне   орнатылған
CASE-құралы – Oracle құрамына кіретін Designer/2000 болып табылады. 
CASE-жүйе   белгілі   қызметтік     мақсаты   бар   және   біртұтас
программалық   өнім   шеңберінде   орындалған   CASE-құралдардың   жинағы
болып келеді.
CASE-жүйелері   мен   құралдарының   негізгі   мақсаты   –   программалық
қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен
бөліп   алу,   сондай-ақ   программалық   жүйелерді   құрудың   бүкіл   үдерісін
автоматтандыру болып табылады. 
Клиент
Web-сервер
Қосымшалар сервері
МҚ сервері
МҚ
SQL сұраныс


CASE-технология   ақпараттық   жүйелерді   жобалаудың   әдіснамасы
ретінде   көрсетіледі.   CASE-технологиясы   дегеніміз   –   бұл   сонымен   қатар
тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен
оған   ілесе   жүрудің   барлық   кезеңдерінде   талдаудан   өткізіп   отыруға   және
пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық
құралдар.
Бақылау сұрақтары
1. МҚ әкімшісінің қызметіне не жатады?
2. МҚ әкімшісі нені орындайды?
3. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
4. Мәліметтер қоры серверінде не орналасады?
5. Ақпараттық жүйеге не кірмейді?
6. Қандай ақпараттық жүйе жергілікті деп аталады?
7. МҚ-мен жұмыс істейтін, ақпараттық жүйелерді программалық 
қамтамасыз етуге не жатады?
8. Clipper деген не?
9. 9.Екі буынды модельде компьютер-сервер мен компьютер-клиент 
арасындағы қызметтер бөлінуінің нұсқаларын атап көрсетіңіздер.
10.
Мәліметтер қорын қолданылатын жергілікті ақпараттық жүйелер 
құрудың негізгі нұсқаларын көрсетіңіздер.
11.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер қорына қол жеткізу қалай 
ұйымдастырылады?
Әдебиеттер: 
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры 
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 
2000.
3. Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 
2000.
4. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс. 
3-ДӘРІС.  Мәліметтер қорының моделі. 
Қарастырылатын сұрақтыр: 
- Мәліметтер қорының моделдері.
- Иерархиялық модель.
- Желілік модель.
- Реляциялық модель. 
- Атрибут (өріс, бағана). 
- Кортеж (жазба, жол). 
- Қатынас (кесте). 
- Нормаль формалар. 
- Алғашқы және сыртқы кілттер. 


Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған
шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының
көмегімен   шешілетін   әралуан   есептер   мәліметтер   қорын   құрылымдау   мен
мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін
қалыптастыруға   әкеледі.  Соның  нәтижесінде  мәліметтер  қорының бірнеше
моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының
логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының 
- иерархиялық,
- желілік,
- реляциялық   модельдері   пайда   болды,   олар   кейіннен   классикалық,
негізгі   модельдерге   айналды.   Соңғы   уақытта   осылардың   негізінде
постреляциялық,
- көпөлшемдік,
- объектілі-бағытталған   жаңа   модельдер   пайда   болды   және   барынша
дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.
Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде
көрсетуге болады (1.1-сурет)
Біртіндеп қол жеткізу файлдары 
Еркін қол жеткізу файлдары 
Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері
Желілік модельдер
Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары
Мәліметтер қорының реляциялық модельдері
Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры 
1.1-сурет. Хронологиялық диаграмма
Сонымен   қатар   мәліметтердің   өзге   модельдеріне   негізделген   белгілі
модельдерді   кеңейтетін   алуан   түрлі   жүйелер   жасалынуда.   Олардың
қатарында   объектілі-реляциялық,   дедуктивтік-объектілі-бағытталған,
семантикалық,   тұғырнамалық   және   бағытталған   модельдерді   атап   кетуге
болады. Бұл  модельдердің  кейбіреулері  мәліметтер  қорын, білім қоры мен
программалау   тілдерін   интеграциялауға   арналған.   Кейбір   МҚБЖ-лар   бір
мезгілде бірнеше мәліметтер модельдерімен жұмыс істейді. 
3.1. Иерархиялық модель.
Алғашқыда мәліметтер қорының иерархиялық модельдері пайда болды.
Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф
(немесе бұтақ) түрінде берілген. 
1960
1970
1990
2000


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау