Құрастырушы: аға оқытушы Ахмадиева А. Т


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/2
Дата14.05.2018
өлшемі0,6 Mb.
#12635
түріБағдарламасы
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы
050301 Құқықтану мамандығы студенттеріне арналған

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

__________________деканы

(факультет атауы)

___________ ___________

(қолы) (А.Ж.Т.)

2011ж. «13» 05

Құрастырушы: аға оқытушы _____________Ахмадиева А.Т.


Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы


050301 Құқықтану мамандығының сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы пәні бойынша



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________2010ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2011ж. «26» 04 кафедра отырысында ұсынылған №10 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ахмеджанова Г.Б. 2011 ж. «26» 04

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2011ж. «13» 05 №9а хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 2011ж. «13» 05


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Ахмадиева Айгүл Төлеуханқызы - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс)

Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-85, қосымша 168.


2 Пән туралы мәліметтер
Пән 8 семестрде 3 апталық мерзімде оқытылады.

Пәннің жалпы жүктемесі 6 сағат: 6 сағаттың 6 сағаты студенттердің аудиториялық сабақтарына (6 сағат дәріс) бөлінген.

Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы сырттай

0

6

6

-

-

-

-

-

























8

0

6

6

-

-

-

-



























4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы пәнін оқудың басты

мақсаты - студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілеті пайымдау.

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы пәнін оқудың міндеттері:

1 Еңбек құқығының даму тарихын білу;

2 Еңбек құқығының институттарын білу;

3 Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысын білу;

4 Еңбек құқығының ерекшеліктерін білу болып табылады.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Сонымен қатар студент еңбек құқығы институттының даму тарихы мен перспективаларына талдау жасай отырып:

- еңбек құқығына, құрылымына, салыстырмалы түрде талдау жасай білуі тиіс.

- еңбектік құқықтық институттарына арнайы құқықтық талдау жасай білуі тиіс.

- аталған пәнді оқып, үйренген соң қазіргі кезде ғалым-құқықтанушылар бағыттаған ғылыми зерттеу тәжірибелері мен торияларын студенттің күнделікті өмірде қолдана білу керек.
6 Пререквизиттер:

Берілген пәнді оқыту келесі пәндерді оқу барысында алынған білімдерге негізделеді:


1 Мемлекет және құқық теориясы

2 Қазақстан Республикасының Констиуциялық құқығы

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы

4 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы

5 Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы
7 Постреквизиттер:

1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

2 Азаматтық іс жүргізу құқығы

3 Нотариат



Пәннің тақырыптық жоспары Ф СО ПМУ 7.18.2/07
8 Тақырыптық жоспар

р/с

Тақырыптың аталуы

Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны

Дәріс

Пр. (сем)

Зерт.

Студ.

Жеке

СӨЖ

1

ҚР Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі

0,5
















2

ҚР Еңбек құқығының қағидалары



















3

ҚР Еңбек құқығының субъектілері

0,5
















4

Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.



















5

Жеке еңбек шарты

0,5
















6

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

0,5
















7

Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.



















8

Еңбекті қорғау.

0,5
















9

Еңбек даулары.



















10

Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық рету.

0,5
















11

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның құқықтың басқа салаларынан айырмашылығы

1
















12

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша іс-шараларды қаржыландыру

0,5
















13

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу және бекіту тәртібі

0,5
















14

Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы

0,5
















15

Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен және олардың зейнетақы жинақтау қорларының қамсыздандырылуы

0,5
















Семестр бойынша барлығы:

6
















Пән бойынша барлығы

6


9 Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы пәнінің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын қолдану тәжірибесінде бірнеше мәселелер туындады.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған.



Еңбек құқығының пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі боып табылады.

10 Курс компоненттері
1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке еңбек ұжымдық шарттармен бекітілген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар.

2-тақырып. Қазақстан республикасы еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясында қағидалардың жіктелуі, мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың арақатынасы.



3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.

Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқық субъектілігі.

Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқық субъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары.

4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. Әлеуметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.

Үш жақты деңгейде(трипартизм) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидалары, олардың қалыптасу тәртібі. Әлеуметтік әріптестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың өкілдері. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары. Әлеуметтік әріптестік тараптарының арасындағы келісімдерді бекіту тәртібі. Келісімдерді орындауды бақылау.

5-тақырып. Жеке еңбек шарты.

Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны. Жеке еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шарты бойынша еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі. Жеке еңбек шартының мазмұны мен мерзімі. Жеке еңбек шартының нысандары.

Жеке еңбек шартының талаптарының өзгеруінің шарттық әдісі. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің еңбек талаптарын өзгерту негіздері.

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері. Жұмыс уақытының түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылғын ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі. Өндірістің объектілерін аттестациялау қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талабы ретінде.

Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс аптасының, жұмыс ауысымының, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі. Жұмыс уақыты режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеудің түрлері. Жұмыс уақытының жинақталған есебі. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын есептеу.

7-тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеудің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жалақының функциялары. Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. Жалақының минималды шегі. Ең төмеңгі жалақы, өмір сүру деңгейі, айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.

Еңбекке ақы төлеу нормаларының жергілікті және жеке рөлі. Еңбек нормалары және нормалау түсінігі. Норма өнімі, норма уақыты, норма саны, норма қызметі. Еңбек нормаларын енгізу, тексерту, өзгерту және қайта қарау.

Еңбек ақының нысаны және жүйесі. Премия жүйесі қызметкерлерді материалдық котермелеудің нысаны ретінде. Қосымша және үстеме ақы көлемін белгілеудің түсінігі және талаптары.



8-тақырып.Еңбекті қорғау.

Еңбекті қорғау түсінігі және қағидалары. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай азаматтардың азаматтардың қонституциялық құқығы. Еңбекті қорғау бойынша заңдылық. Еңбекті қорғауды және өндірістік санитарияның жалпы және арнайы нормалары. Қызметкердің еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.



9-тақырып. Еңбек даулары.

Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың жеке және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты қосқанда. Еңбек дауларын қарайтын органдар.



10-тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің субъектілері. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҮ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД актілері). Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҮ стандарттары, еңбектің аумақтық стандарттары). Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы. Ұлттық еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні.

11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының сала жүйесі және ғылым жүйесі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалас құқық пәндер жүйесінде алатын орны.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебесі және олардың жіктелуі. Әлеуметтік қамсыздандырушылық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері, пайда болу. өзгеру және тоқтатылу негіздері, оның құрылымы және жіктелуі. Құқықтық қатынастардың негізгі түрлері: материалдық, мүліктік, мүліктік емес, процедуралық, процессуалдық (процедуралық-процессуалдық). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша құқықтық қатынастардың субъектілері және олардың құқықтық мәртебесі.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері: заң актілері, заңға тәуелді актілер сипатында нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасымен мақұлданған халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасында мақұлдануға жатпайтын басқа да халықаралық шарттар, Конституцияны және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ресми талқылау нормалары.



12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі және еңбекке қабілетсіз азаматтарды қаржыландыру. Жергілікті бюджет әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көздері. Әлеуметтік салық төлеу тәртібі, әлеуметтік салық ставкаларының дифференциациясы, жеңілдіктер.

Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық-қаржыландыру жүйесіндегі орны мен ролі.

Жеке зейнетақы жинаулары - әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көзі ретінде. Жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру: міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, оларды төлеу тәртібі, міндетті зейнетақы жарналарын уақытында ұстап қалмау. Міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агент, жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру жүйесінде алатын орны. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі қаржыландыру шаралары. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау Концепциясына» сәйкес Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру институтын қалыптастыру және дамыту.



13-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.

Еңбек өтілінің құқықтық мәні және оның түрлері. Жалпы еңбек өтілі. Жалпы еңбек өтіліне кіретін уақыт кезеңі. Жалпы еңбек өтілін есептеу тәртібі. Жалпы еңбек өтілін офицерлерге, прапорщик (мичмандарға), ішкі істер органдары құүрамының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі жүйесіндегі қылмыстық-атқарушы жүйесінің Комитеті, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызметі және оларға теңестірілгендердің өтілін есептеу. Жалпы еңбек өтілін растау тәртібі. Үздіксіз еңбек өтілі, оны есептеу ерекшеліктері. Арнайы еңбек өтілі. Азаматтардың кейбір санаттарын зейнетақылық қамсыздандыру және әлеуметтік жеңілдіктің беру кезіндегі еңбек өтілінің түрлерін аралас қолдану.



14-тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

Еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру түсініг. Зейнетақылық төлемдердің басқа ақшалай төлемдерден айырмашылығы(жәрдемақы, жалақы, алимент, өтемақы және т.б.) Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы: негізгі бағыттары, жүзеге асыру талаптары және даму үрдісі.

Мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандыру ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің негізі. Зейнетақы қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер. Орталықтан зейнетақы төлемдерді тағайындау талаптары. Зейнетақы төлемдерін көлемін аңықтау үшін орташа айлық кірісін есептеу тәртібі. Зейнетақы төлеу тәртібі. Зейнетақыға өтініш беру, оны қарастыру үрдісі. Толық емес еңбек өтілі кезінде зейнетақылық төлемдер. Зейнетақылық төлемдерден ұстап қалу. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы: түсінігі, зейнетақылық қамсыздандырудың басқа түрлерінен айырмашылығы.

Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің Комитеті, қаржы полиция органдары, өртке қарсы қызметі және оларға теңестірілгендердің зейнетақылық қамсыздандырудың ерекшеліктері.



15-тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

Жинақтаушы зейнетақылық жүйенің ерекшеліктері. Зейнетақылық жинаулардың сақталуының кепілдіктері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі және түрлері. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу. Зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт, оның орны және зейнетақылық қамсыздандыру жүйесіндегі ролі, шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларының және зейнетақы төлемдерінің алушыларының құқықтары мен міндеттері. Зейнетақы активтері, олардың қалыптасуы және пайдалануы. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару.

Банк кастодиан, зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде алатын орны, зейнеақылық активтерді сақтау және есептеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері. Кастодиандық шарт, оның құқықтық мәртебесі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта құру және жойылуы. Жинақтаушы зейнетақы қорларын есептеу. Зейнетақыжинауларының құпиялылығын құрайтын мәліметтер. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақылық қамсыздандыру. Сақтандыру ұйымдарына зейнетақылық жинауларды ауыстыру. Зейнетақы аннуитет шарты, шарттары, бекіту тәртібі және орындау. Уәкілетті орган – оның құқықтық мәртебесі, реттеуші және қадағалау өкілдіктері.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық төлемдерді есептеу және төлеу, қадағалау тәртібі және шарттары.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық төлемдерінің басқа да қатысушыларының жауапкершілігі.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны


1 – тақырып. ҚР Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

Жоспары:

Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Әлеуметтік-құқықтық қатынастар. ҚР Конституциясы бойынша еңбек мәселелері.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 1 апта.
2 – тақырып. ҚР Еңбек құқығының қағидалары.

Жоспары:

ҚР Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың маңызы. Еңбектік қатынастарды реттеу саласында қағидалардың мазмұнын топтастыру.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 2 апта.
3 – тақырып. ҚР Еңбек құқығының субъектілері

Жоспары:

ҚР Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. ҚР Еңбек құқығының еңбектік құқық субъектілігі, оның құрамдас бөліктері (құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі).



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 3 апта.
4 – тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

Жоспары:

Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі.Әлеуметтік әріптестіктің нысаны, жүйесі, қағидалары мен мәселелері.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 4 апта.
5 – тақырып. Жеке еңбек шарты

Жоспары:

Еңбек шарты туралы жалпы сипаттама. Жеке еңбек шартының түсінігі мен оның түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шартын жасасу



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 5 апта.
6 – тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Жоспары:

Жұмыс уақытының түсінігі мен оның белгілері. Демалыс уақытының түсінігі мен оның белгілері. Тамақтануға және демалуға үзіліс.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 6 апта.
7 – тақырып Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

Жоспары:

Жалақы түсінігі және оны еңбекке ақы төлеудің басқа түрлерінен айырмашылығы.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 7 апта.
8 – тақырып. ҚР Еңбекті қорғау.

Жоспары:

Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары. Азаматтардың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына Конституциялық құқықтары. Еңбекті қорғау бойынша заңнама.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 8 апта.
9 –тақырып. Еңбек даулары.

Жоспары:

Еңбек дауларының ұғымы және оларды топтастыру. Еңбектік және ұжымдық шарттардың пайда болу негіздері. Еңбек дауларын қарастыратын мемлекеттік органдар.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 9 апта.
10–тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

Жоспары:

Халықаралық еңбек құқығын реттеудің пәні, әдістері мен қағидалары. Халықаралық еңбек құқығын реттеудің субъектілері. Халықаралық еңбек құқығын реттеудің қағидалары және олардың мінездемесі.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 10 апта.
11-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның құқықтың басқа салаларынан айырмашылығы.

Жоспары:

Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдістері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және оларды топтастыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 11 апта.
12-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша іс-шараларды қаржыландыру.

Жоспары:

ҚР қаржы жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық қаржы қорын қалыптастыру тәртібі және оны әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында пайдалану.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 12 апта.
13-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу және бекіту тәртібі.

Мақсаты:

Еңбек өтілінің сипаттамасы және оның түрлері. Жалпы еңбек өтілінің құрамына кіретін уақыт мерзімдері. Жалпы еңбек өтілін есептеу тәртібі.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 13 апта.
14-тақырып. Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы.

Мақсаты:

Еңбекке әрекетсіз азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырылуының түсінігі. Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасы: негізгі бағыттары, жүзеге асыру шарттары мен даму перспективалары.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 14 апта.
15-тақырып. Еңбекке әрекетсіз азаматтардың зейнетақымен және олардың зейнетақы жинақтау қорларының қамсыздандырылуы.

Мақсаты:

Зейнетақы жинақтау қорының ерекшеліктері. Зейнетақы қорларының сақтау кепілдіктері. Зейнетақы жинақтау қоры, олардың мәртебесі және түрлері.



Бақылау нысаны. Ауызша.

Мерзімі: 15 апта.


Сырттай бөлім студенттеріне арналған студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру

нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу




Сабаққа қатысу

6

2

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу




3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

Дәріс жазу немесе мәнжазба жазу

Жеке қабылдау




4

Бақылау шараларын өткізу




1 Межелік бақылауға дайындалу

2 Межелік бақылауға дайындалу (тест тапсырмаларын орындау)






5

Мәнжазба жазу және оны қорғау

Мәнжазба

Жеке қабылдау




Барлығы

6

Ескерту: Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарда көрсетілген, бірақ сабақтарда талданып үлгермеген сұрақтарды студент өз бетімен өзіндік жұмыстарда талдау жасайды.
Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі
Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі
1. Еңбек қатынастарын мемлекеттік-құқықтық, ұжымдық-шарттық, жеке шарттық реттеу.

2. Азаматтардың еңбек құқықтарының және міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.

3. Жұмыс берушінің өкілдері.

4. Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі.

5. Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың әлеуметтік-еңбектік қатынастарға қатысудың нысандары.

6. Ұжымдық шарттың мерзімі және әрекет ету аясы



7. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу түрлері.

Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар:


  1. ҚР еңбек құқығының түсінігі, пәні және мақсаттары.

  2. Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі.

  3. Еңбекті құқықтық реттеудің тәсілдерінің ерекшеліктері және

  4. жіктелуі.

  5. Еңбектік құқықтық қатынастардың субъектілер: түсінігі және

  6. жіктелуі.

  7. Халықаралық еңбек құқығының субъектілері.

  8. Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалардың жіктелуі.

  9. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету қағидалары және жұмыстылық

  10. саласында кемсітушілікке жол бермеу.

  11. Еңбекті қорғауға азаматтардың құқығын қамтамасыз ету қағидалары.

  12. Нарықтық экономика жағдайларында еңбек заңдылығын

  13. реформалаудың құқықтық аспектілері.

  14. Еңбекті қорғау мәселелерін реттеуде халықаралық және ұлттық

  15. құқықтарының арақатынасы.

  16. Халықаралық еңбек қатынастарының саласында коллизиялық

  17. нормалардың жүйесі.

  18. Еңбекті ұйымдастыру және пайдалану қағидалары.

  19. ҚР еңбек нарығының даму мәселелері және жағдайлары.

  20. ҚР жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу.

  21. Еңбектік қатынастар саласында кәсіподақтардың құқықтық мәртебесі.

  22. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны.

  23. Кәсіби одақтардың құқықтық мәртебесі.

  24. Әлеуметтік әріптестік институттарының түсінігі, мақсаттары және

  25. қағидалары.

  26. Әлеуметтік әріптестік органдарының құқықтық мәртебесі.

  27. Ұжымдық шарттар мен келісімдер туралы заңдылықтың жалпы

  28. сипаттамасы.

  29. Әлеуметтік әріптестік келісімдер және олардың жіктелуі.

  30. Ұжымдық шарттың түсінігі және мәні.

  31. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі

  32. қағидалары.

  33. ҚР халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

  34. Еңбек қатынастарын реттеуде жергілікті актілердің ролі және мәні.

  35. Халықты жұмыспен қамтудың ұйымдастырушылық-құқықтық

  36. нысаны.

  37. Жұмыстылық мәселесі бойынша құзіретті органдардың жүйесі және

  38. құқықтық мәртебесі.

  39. Жеке еңбек шартының түсінігі және мазмұны.

  40. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі.

  41. Жеке еңбек шарты тараптарының түрлерін аңықтау мерзімі және

  42. субъектілік құрам бойынша жіктеу.

  43. Жеке еңбек шартын вахталық әдіспен жұмыс істейтіндермен

  44. бекітудің ерекшеліктері.

  45. Басқа жұмысқа ауысудың түсінігі және түрлері.

  46. Басқа жұмысқа ауысудың басқа жұмыс орнына жылжытудан

  47. айырмашылығы.

  48. Басқа жұмысқа уақытша ауысудың ерекшеліктері.

  49. Жеке еңбек шартын бұзудың ерекшеліктері.

  50. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері және оларды жіктеу.

  51. Қызметкерді жұмыстан шеттетудің негіздері және тәртібі.

  52. Жұмыстан заңсыз шеттетудің құқықтық салдары.

  53. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін құқықтық реттеу.

  54. Жеке кәсіпкерлік саласында жалдамалы қызметкерлерді пайдалануды

  55. құқықтық реттеу.

  56. Мемлекеттік қызметшілермен жеке еңбек шарты.

  57. Көші-қон еңбекшілердің құқықтық мәртебесі.

  58. Шетел жұмыс күшін тарту тәртібі және талаптары.

  59. Ішкі еңбек нарығын қорғаудың құқықтық аспектілері.

  60. Жұмыс уақытының түрлері және жіктелуі.

  61. Демалыс уақытының түрлері және жіктелуі.

  62. Жылдық демалыстың түрлері және жіктелуі.

  63. Жалақының түсінігі, ұйымдастыру қағидалары және жүйесі.

  64. Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеудің ерекшеліктері.

  65. Жалақының құқықтық қорғау механизмі және әдістері.

  66. Тәртіптік жауапкершіліктің пайда болуының негіздері мен шарттары.

  67. Еңбек құқығындағы көтермелеу шаралары және оларды қолдану

  68. тәртібі.

  69. Еңбектік және азаматтық құқықтарда келтірген залалы үшін материалдық жауапкершіліктің арақатынасы.

  70. Халықаралық еңбек құқығының субъектілері.

  71. Еңбек зақымы мен кәсіби ауырудың салдарынан келтірілген зиянды өтеудің құқықтық аспектілері.

  72. Қызметкерлердің жеке санаттарының еңбегін қорғауды қамсыздандыру ерекшеліктері.

  73. Еңбекті қорғау институтының кешенді институт ретіндегі сипаттамасы

  74. Еңбек дауларының түрлері және олардың жіктелуі.

  75. Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі.

  76. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі.

  77. Ереуілді өткізу негіздері және тәртібі

  78. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

  79. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары.

  80. Әлеуметтік- қамсыздандырушылық қатынастар.

  81. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері.

  82. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік-еңбектік сауықтыру; түсінігі және түрлері.

  83. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

  84. Халықаралық құқық нормалары әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде.

  85. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында шараларды қаржыландыру.

  86. Өтіл - әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі институттары ретінде.

  87. ҚР азаматтарының ынтымақтастық жүйе бойынша зейнетақылық қамсыздандырылуы.

  88. ҚР зейнетақылық реформа: сипаттамасы, даму тенденциялары.

  89. Ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері: олардың жалпы сипаттамасы, даму жолдары.

  90. Жинақтаушы зейнетақы қорлары – Қазақстан Республикасының негізі ретінде.

  91. Жинақтаушы зейнетақы қорларын азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.

  92. ҚР азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде бақылау және қадағалау жүйесі.

  93. Салымшылар мен алушылардың құқықтық мәртебесі.

  94. ҚР азаматтарының зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде ақшалай қаржылардың жылжуын құқықтық реттеу.

  95. Жинақтаушы зейнетақы қорларында ақшалай қаражаттарды сақтауды құқықтық қамтамасыз ету.

  96. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, оның құқықтық мәртебесі, бекіту тәртібі.

  97. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу.

  98. Зейнетақы активтерін инвестициялауды құқықтық реттеу.

  99. Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінде кастодиандық қызмет.

  100. Зейнетақылық активтері: олардың құқықтық мәртебесі, құнды қағаздар нарығы жүйесінде олардың топтасыу және қозғалысы.

  101. Қазақстан Республикасының міндетті және ерікті зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі.

  102. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі.

  103. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі.

  104. Жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы активтерін сақтауды құқықтық реттеу.

  105. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру жүйесінде мемлекеттік органдар орны мен ролі.

  106. Ерікті зейнетақы жарналары: оларды төлеу тәртібі және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы тағайындау.

  107. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы. Тағайындау және төлеу шарттары.

  108. Жәрдемақы-еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандырудың бір түрі ретінде.

  109. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру.

  110. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету.

  111. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, оны тағайындау және төлеу тәртібі.

  112. Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық жеңілдіктер.

  113. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі.

  114. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы, оны тағайындау және төлеу тәртібі.

  115. Жұмыс беруші қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар.

  116. Экологиялық апат аймақтарынан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтік қорғау.

  117. Әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік қорғау.

  118. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы нормаларындағы ана мен баланы әлеуметтік қорғау.

  119. ҚР еңбекке қабілетсіз азаматтарының кәсіби қызметін ескере отырып әлеуметтік қорғау.

  120. ҚР әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.

  121. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жүйесінде дәрігерлік құқық нормалары.

  122. Шетел мемлекеттерінде әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеу ерекшеліктері.

  123. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері.

  124. Интернат-үйлері, олардың еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде алатын ролі және орны.

  125. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға дәрігерлік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу.

  126. Еңбекке қабілетсіз азаматтардың жұмыстылығын және білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңдылығы.

  127. ТМД мемлекет-қатысушыларының халықаралық қатынастар шегінде еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері, даму деңгейі.

  128. Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілгендер әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және халықаралық кепілдіктер.

  129. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы сақтандыру институты, оның қызмет ету ерекшеліктері.

  130. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің зейнетақылық қамсыздандырылуын құқықтық реттеу.

  131. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңі.

  132. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруда халықаралық ұйымдардың ролі.

  133. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыруды басқару жүйесі.


11 Курс саясаты

Баға қою критерийлері
Максималды балл дұрыс және белгіленген мерзім мен сабаққа 100% қатысуы кезінде қойылады

  1. Дәріске қатысу – 2 б.

  2. Дәріс конспекті – 1 б.

  3. Тәжірибелерге қатысу – 1 б.

  4. Семинарлардағы конспект – 2 б.

  5. Семинарда жауап беру – 5 б.

Межелік бақылау – 20 б.

Айып салу шаралары

Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.

Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.
Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы

Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 7 және 14 аптада алады.

Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері

Студент міндетті:



  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .

  3. Ұялы телефондарын сөндіруге.

  4. Сағыз шайнамауы.

  5. Оқу үрдісіне белсенді араласуы.

  6. Сабаққа уақытында келу.

  7. Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.

  8. Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.

  9. Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.

  10. Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.

Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.

Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.



Студенттердің білімін бағалау





Қорытынды баға балдармен белгіленеді (Қ)


Балдардың сандық

эквиваленті (С)




Әріптік жүйемен бағалау


Дәстүрлі жүйемен бағалау


Емтихан, диф.сынақ

сынақ

95 -100

4

А

Өте жақсы



Сынақ

90-94

3,67

А-

85-89

3.33

В+

Жақсы


80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық



65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағатсыз

Сынақтан өтпеген

«Өте жақсы» бағасы негізгі және қосымша фактілерді толық білуде қойылады; олардан дұрыс қорытынды жасай алуда (заңдылықтарды анықтау); тарихнаманы, мәселенің теориясын игерген жағдайда қойылады. «Жақсы» деп негізгі, қосымша фактілерді білу; оларды түсіндіріп, қорытынды жасай білу; теориялар, тарихнаманың негізін білу кезінде қойлады. «Қанағаттандырарлық» бағасы негізгі фактілерді айтып, оларды дұрыс қорытындылау, тарихнама, теорияларды жалпы айтып өтіп, жалпы білімнің болмауы мен қосымша фактілерді келтірмеуінде бағаланады. «Қанағатсыз» білім мен негізгі фактілер, тарихнама, теориялық сұрақтарына жауап берілмеуі кезінде бағаланады.

Семинар кезіндегі қорытынды, бақылаудың барлық формаларын негізінде пән бойынша әр студенттің қорытынды рейтингісі анықталады. Бақылау түрлерінің үлестік коэффициенті (үлесі) осыны құрайды: өтпелі үлгерімнің бақылауы (ВДту) – 0,4; емтихан (ВДэ) – 0,6. Қорытынды рейтинг мына формул бойынша шығарылады:

И= (Р1+Р2) : 2 х ВДту + Э х Вдэ где Р1, Р2, Э – балдар, бірінші мен екінші рейтинг қорытындылары бойынша алынған, емтихан 100 балдық жүйемен; ВДту, ВДэ – өтпелі үлгерім мен емтихандарда алынған үлестер.



Мысалы: бірінші рейтингте студент 76 бал алған болсын, екіншісінде – 80, емтиханды «жақсы» тапсырды, әріптік жүйеде “В-“, бұл 79 балды құрайды. Онда қорытынды рейтинг : И= (76+80) : 2 х 0,4 + 79 х 0,6 = 78,6 болады.

Пән бойынша балдармен белгіленетін (И) қорытынды рейтинг 2 таблицаға сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналдырылады да “Студенттердің білімін бағалау” журналына және “Рейтингі ведомосіне” енгізіледі. Біздің мысалымызда бұл 2,67; В-; «жақсы» болады.

Пән бойынша уақытаралық аттестация ведомості мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі формада қойылады.

Апелляция жайында

Емтихандық сессия кезінде объективті емес баға үшін туған жағдайларды шешу үшін сессия басталуына 10 күн бұрын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрайымы болып оқу ісінің проректоры болады,ол апелляциялық комиссияның құрамын белгілейді.

Апелляция студенттің ұсынысымен келесі жағдайларда шақырылады:

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтары дұрыс қойылмаған жағдайда;

- тесттік тапсырмалар бірнеше дұрыс жауапты қамтыса, дұрыс жауабы болмаса, бірдей жауаптарды қамтыған болса;

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтарының билеттері пәннің ӘОК белгілеген оқу бағдарламасына сәйкес келмесе.

Апелляцияға арыз апелляциялық комиссияның төрайымының атына емтиханнан соң келесі күннің 13 сағатына дейін арнайы бланкіде тапсырылары және деканмен қабылданады.

Апелляциялық комиссия арызды емтиханнан кейінгі келесі күні 17 сағатта жұмыс күні аяқталысымен қарастыра бастайды және апелляцияға арызды оқып жатқанның қатысуынсыз қарастыра алады. Апелляциялық комиссия апелляция қорытындыларын апелляця жөнінде арыз жасау бланкісіндегі апелляциялық комиссияның әр бір сұрақ бойынша шешімін қарастырады. Апелляцияның қорытындылары декан дайындаған апелляциялық ведомостке енгізіледі.

Апелляция барысында оқып жатқанның семестрлік (емтиханға дейін) рейтингтің ауысуы қабылданбайды.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:
1 Абжанов К.А. Трудовой договор по советскому праву. - VI.. 1964.

2 Берешев С. Регулирование заработной платы в Республике Казахстан. Алматы: ТОО «Баспа», 2001.

3 Бугров Л.Ю. Проблемы свободы груда в трудовом праве России. - Пермь. 1992.-С. 69.

4 Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. Алматы: Жеты Жаргы, 1997.

5 Жумагудов Б.Т. Правовое регулирование трудовых отношений государственных служащих в Республике Казахстан: Учебное пособие.-Алматы, НИЦ «Гылым», 2004.
Қосымша әдебиет:
1 Процевский А.И. Метод правового регулирования трудовых отношений.

-М., 1972. -С. 103.

2 Скобелкин В.П., Передерни С.В., Чуча С.Ю., Семенюга 11.11. Трудовое процедурно-процессуальное право: Учебное пособие. /Под ред. В.II. Скобелкина. - Воронеж, 2002.

3 Смирнов О.В. Основные принципы советского трудовою права. М.. 1977.

4 Скобелкин В.Н. Трудовые правоотношения. - М: «Вердикт - 1 М». 1999.

5 Куренной Л.М. Трудовое право: на пути к рынку. - М., 1997.

6 Романкова В.Л. Трудовые отношения в сфере индивидуального предпринимательства: вопросы теории и практики. Учебное пособие, под общ. ред. проф. Л.Е. Бектурганова. - Тараз: ТарГУ, 2001.

5В030100 Құқықтану мамандығы бойынша сырттай бөлім студеттері үшін «Мұсылман құқығы » пәнінен СӨЖ орындау бойынша



Бақылау шаралардың күнтізбелік графигі


Вид СРС

Максимальный балл

Срок выдачи задания

Срок сдачи

Форма контроля

за 1 занятие

всего

Лекцияға қатысу және дайындық

2

24

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Тәжірибе сабағына қатысу және дайындық

4

24

1 сабақта

кесте бойынша

ауызша

сұрау


Қосымша мәліметті өз бетінше оқу

4

30

1 сабақта

кесте бойынша

ауызша

сұрау


Пән тақырыптары бойынша білімдерді бақылау

 

22

1 сабақта

кесте бойынша

жазбаша жұмыс

 

 

100

 

 

 

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау