Құрастырған: Қозыбағаров А. И. қоғамдық пәндер оқытушысы


Азамат соғысы және шетел интервенциясы (1918 – 1920 жж.)



жүктеу 2,07 Mb.
бет10/13
Дата05.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#8640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Азамат соғысы және шетел интервенциясы (1918 – 1920 жж.). 1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.1918 ж. Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл жарлықтар бойынша Алаш территориясындағы Кеңес үкіметі шығарған заңдар күшін жояды деп жариялады. Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.
Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында.
Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдарымен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында қарудың күшімен орнады. Кеңес өкіметі алғаш рет Сырдария облысында орнады. 30 қазанда Ташкентте, 6 қараша Перовскіде билік Кеңестер қолына көшті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Жетісу аймағында Бокин, Рысқұлов, Масанчи, Розыбакиев, Ораз Жандосов, Виноградов, Емелевтер белсене қатынасты. Торғай облысында Жангелдин, Амангелді Иманов, Орталық Қазақстанда Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Әлібек Майкөтов, Батыс Қазақстанда Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Сақыпкерей Арғыншиевтер белсене қатынасты. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920 жылдардағы оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонаумен және өлтірумен айналысты. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, Кеңес үкіметіне қарсы шығуы да заңды болса керек».1918-1919 жылдары Қазақстанда қатты ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ халқының алдында автономия алу мәселесі тұрды. Ленин бастаған большевиктер ұлттық автономия «Алашорда» автономиясын қолдамады. Олар өздерінің барлық халықтарға теңдік, бостандық береміз деген сөздерінде тұрмады. Олар өздерінің айтқанынан шықпайтын, таптық тұрғыдағы Ресейге бағынышты автономияны жақтады.

Автономияға байланысты Тұрар Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда Түркістан коммунистік партиясының 5 конференциясында мынадай ұсыныс енгізді:



  1. Түркістан автономиялық Республикасы «Түрік Кеңес республикасы» деп аталуға тиіс;

  2. Түркістан коммунистік партиясы «түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп аталып, Мәскеуге бағынышты емес, тәуелсіз партия болуы керек;

  3. Түркістанда мұсылман түрік армиясы құрылып және мұсылман емес әскерлер Түркістаннан әкетілуі қажет;

  4. Түркістан республикасының бөлек конституциясы болуы керек;

  5. Сыртқы істер, әскери қызмет, қаржы-қаражат және сауда Түрік республикасының өз құзырында болуға тиіс;

Тұрар Рысқұловтың бұл ұсынысы жоғарыда аталған конференцияда мақұлданған болатын.Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Фрунзені Ленин және Сталин қолдады. Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді.Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін «Сібір ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды.Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше рет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ жерлері екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Радус-Зенкович сайланды.Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін 1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын, жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады.

Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты (1918 – 1921 ж. наурыз). Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек.«Соғыс коммунизм» саясатының шарттарына сәйкес азамат соғысының алғашқы екі жылында 1918-1919 жылдары жау басып алмаған және азат етілген Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік, батыс аудандарынан миллиондаған мал басы мен қаражат, азық-түлік, киім-кешек халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер национализациялау, конфискациялау сияқты айқай-шу ұрандары арқылы жүргізілді.Сондай-ақ Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларындағы егілген егін қуаңшылықтан шықпай қалды. 1920-1921 жылғы қыстың өте қатал болып, ұзаққа созылуы, Торғай уезінде мал басының жаппай қырылуына әкеп соқты. Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның бесеуінде Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялардың тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштықтың болуы көптеген ауруларды туғызды. Емдеу орындарының жетіспеушілігінен аштыққа ұшырағандардың көпшілігі қаза тапты. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының мәліметтері бойынша 1921 ж. қараша айынан 1922 ж. шілдесіне дейін Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында аштықтың салдарынан 37, 657 адам өлген. 1921 ж. бүкіл Қазақ АКСР-і бойынша 128 мың бала ата-анасынан айырылып балалар үйіне орналастырылса, ал олардың саны 1922 ж. наурызына дейін 480 мыңға жеткен.Қазақстанның қуаңшылыққа, аштыққа ұшыраған губернияларында мал басы күрт азайды. Мәселен Қостанай губерниясы бойынша 1922 жылмен салыстырғанда жылқы саны 63%, сиыр малы 50%, қой 65%, ал егіс көлемі 62% кеміді. Семей мен Орал губернияларында 1917 ж. 5 миллиондай мал болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды.Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады.

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді. Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер. Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді. Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды. Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты.
1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандарды қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
Қазақстан индустрияландыру жылдарында.
1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты. Қазақстандағы индустрияландыру жылдарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды. Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды. Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар.
1936 жылы КСРО Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады. 1937-1938 жылдары жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:

-Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешов, С. Арғыншиев, А. Асылбеков т.б.

-Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.

-Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жақыпов т.б.

-қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлебаев т.б.

- орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. Я. Рафальский, В. Н. Андроников т.б.



Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі «ЧСИР»-халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. Жеке адамға тоталитарлық жүйе кесірінен 101 000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27 000-ы атылды.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдырысының екінші кезеңінде империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталды.1923-1933 жылдары дүние жүзілік эконмикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген Герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен Герман монополистік капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды. Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық «өмір кеңестігі» теориясы – фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады. 1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. Халықаралық аренада Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония «Антикоминтеріндік пактіге» қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия қосылды. Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және товар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО-ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция өздерінің бірініші дүние жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агрессияны Кеңес Одағына қарап айдап салуға тырысып бақты. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтиежесінде, Англия мен Францияның Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Кеңес үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді.Англия мен Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп және Германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп, КСРО-мен келіссөз жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау шартына келісті. Кеңес үкіметінің жүргізген дұрыс және дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі қақтығысынан басталды.Соғыстың бірінші кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек – 1941 ж. 21 маусым) - фашистік Германияның соғыста уақытша жеңіске ие болған кезі. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы еді. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. 1939 ж. 23 тамыздағы Кеңес-Герман келісімі бойынша КСРО-ның әскері Батыс Белоруссияға, 17 қыркүйекте Қызыл Армия совет-поляк мемлекеттік шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қосып алды. 1939 ж. қыркүйек – қазан айларында КСРО Эстония, Латвия, Литваны күшпен қосып алды. 1939-1940 жж. совет-фин соғысы барысында КСРО өзінің Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 ж. 12 наурызда КСРО мен Финляндия өзара бейбіт шартқа қол қойды. КСРО-ның шекарасы батысқа қарай 200 км жылжытылды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен 1940 ж. мамырға дейін ешқандай ұрыс әрекетін жасамады. 1940 ж. гитлершілдер Норвегия, Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Франция басып алды. 1940 ж. жазынан бастап гитлершілдер Шығыстағы агрессияны шұғыл күшейтті. 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік одақ пактісіне қол қойды.1940 ж. 18 желтоқсанда Гитлер КСРО-ға қарсы соғыстың «Барбаросса жоспарын» бекітті. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), «Москва» (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Вятка, Казан, Уфа, Пермь), «Еділ-Орал», «Үлкен Түркістан» сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына (Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан) кіргізілді. 1941ж. 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Елімізде 2 миллионнан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1 200 000-ға жуық (1 196 164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16 000 әскери офицер даярлайды. 42 000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіп орындары негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь жерлерінен әкелінді.Москва қаласы мен Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авиация жасау зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Москва рентген зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика т.б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 40 зауыт орналастырылды.Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника зауыты, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты т.б. Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі әскери өнеркәсіп базасы болды. 1942 ж. Қазақстан КСРО-да өндірілген көмірдің 13%, қорғасынның 85%, молибденнің 60% берді. Ауыл шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600 000 адамға кеміді (1942 ж.). Ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% -ға жетті. Қазақстан майданды малмен және мал өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі республика болды. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен одақта Ресейден кейінгі 2-орында болды.Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар Кеңес әскерлерінің қатарында жауға қарсы соғысты. 1 миллион 200 мың жерлесіміз Кеңес әскерлерінің қатарында болды. Соғыстың алғашқы айларында қазақстандықтардан 238, 310, 114, 316, 387 және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Қазақстандықтардың ерлік істері сол кездегі астанамыз Москваны қорғауда ерекше көрінді. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясы астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия өзіне берілген тапсырманы абыроймен ақтап шықты. Осы соғыста Панфиловтың өзі де қаза тапты. Аға лейтенант панфилофшы Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі ұрыста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сонымен қатар Москваны қорғауда ерекше ерлік көрсеткені үшін панфиловшылар Вихревке, Мәлік Ғабдуллинге, Төлеген Тоқтаровқа, Рамазан Амангельдиевке Кеңес одағының батыры атағы берілді. 1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде неміс әскерлері алғаш рет жеңіліске ұшырады. Москва түбіндегі ұрыстың үлкен тарихи маңызы болды. Бұл соғыс неміс әскерлері жеңілмейді деген дақпыртты жоққа шығарды. Кеңес әскерлерінің Москва түбіндегі жеңісі басқа халықтардың да фашизмге қарсы көтерілуіне мүмкіндік берді.1942 жылдың шілде айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. Бұл ұрыста Германия 1,5 млн. адамнан айырылды. Генерал-фельдмаршал Паулюс бастаған 22 неміс дивизиясы талқандалып, тұтқынға түсті. Сталинград шайқасында қазақстандық 38 атқыштар дивизиясы болды. Сонымен бірге қазақстандықтар жау тылындағы партизан соғысына да белсене қатысты. Олар Украинадағы, Белоруссиядағы, Ленинград облысындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Партизан қозғалысының қатарында Ғұсман Ахмедияров, Әди Шарипов, Жұмағали Сайн, Жангелдин, Омаров тағы басқалар болды. Қасым Қайсенов Украинадағы партизан отрядтарының бірін басқарды.Жалпы алғанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарына қатысып ерекше ерлік көрсетті. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 100-і қазақ.Олардың қатарында Шығыстың қос жұлдызы аталған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, жаудың пулеметін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Нүркен Әбдіров және тағы басқалар бар. Ерекше ерлік көрсеткені үшін 4 қазақстандыққа 2 рет Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді. Германия әскерлері Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы Ресейдің көптеген аудандарын басып алғаннан кейін соғыстың бар ауыртпалығы Қазақстан мен Орта Азия Республикаларына түсті. Қазақстанда 1941-1945 жылдары 460 завод, фабрика, рудник, шахталар салынып іске қосылды. Олар соғыс қажетіне байланысты қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа өнімдер жасады. Қарағанды көмірі, Ембіның мұнайы, Шымкент қорғасын заводының қорғасыны, Алматы Киров заводтың оқ-дәрісі майданға өте үлкен көмек жасады. Қазақстанда соғыс жылдарында 500 мыңға жуық кісі майдан мақсатындағы жұмысқа тартылды және 200 мыңнан астам қазақстандықтар Ресей кәсіпорындарында еңбек етті. Тылдағы еңбекшілерден тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев, Ким Ман Самды, астық өсірушілер Мұнира Сатыбалдина, Нүрке Алпысбаевалар ерен ерлік көрсетті. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылыми академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И.Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т.б.90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды. Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды. Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кино-картина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып табылатын екінші дүние жүзілік соғыс КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 млн. адамнан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда қаза тапты.
жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау