Құрастырған: Қозыбағаров А. И. қоғамдық пәндер оқытушысы


Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ хандығының қалыптасуы



жүктеу 2,07 Mb.
бет6/13
Дата05.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#8640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ хандығының қалыптасуы.
Қазақ халқының қалыптасуы. Ғылыми әдебиетте этнос (яғни халық-тайпа, жұрт, ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің біріңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним, мысалы "қазақ") бекітілген, адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығын білдіреді. Этностың құралуын және оның тұтастығын бұдан былай да сақтап қала беруі үшін ол жайлаған территорияның біріңғай тұтастығы және қажет. Адамдарды өзге этностардан бөліп ерекше етіп керсететін жалпыға ортақ кескін-кейпі пайда болуы үшін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ұдайы аралас-құралас тұруға тиіс, ал мұндай жағдай олар тек біріңғай тұрақты бір территория шебінде қоныстанғанда ғана болуы мүмкін, бұл әсіресе этностың құрылуы, бас қосып бірігуі кезеңінде өте-мөте қажет болады.XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады.Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі еуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезеңінде оңтүстік пен шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі малшаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда -савромат тайпалары басады.Қазақстандағы және күллі Евразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процесстің шешуші кезені б.з. 1-мың жылдығының орта кезінде Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін - Жетісуды қосқанда - оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан орасан зор территорияға біртіндеп түрік тайпалары тарап, мекендей бастады.VI ғ. көне түрік мемлекеті - Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды, Бірқатар түрік мемлекеттері пайда болған дәуірде Қазақстан жеріндегі этникалық процесстерде бірігу әрекеті күшейе түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты VII- VIII ғғ. Шу мен Іле арасындағы аумақты территорияның тайпаларын біріктірді. Жетісу жеріне Батыс-Алтай мен Тарбағатай арасында жатқан облыстан ауып келген қарлық тайпалары федерациясына (ҮІІІ-Х ғғ.) қарлықтың өздерімен бірге, «қарлық» атымен тізе қосқан түріктілді тайпалар енеді.ІХ-ХІ ғғ. Оғыздар мемлекеті Оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий алқабының тайпалары мен этникалық топтарын сол сияқты Жетісудан жылжып барған көшпелі түрік тайпалары мен этникалық топтарының басын біріктірген еді.Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында VIII-XI ғғ. өздерінің ерте феодалдық мемлекетін құған Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары кіреді. Ең ірі тайпаларының бірі - қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болып қалады.Қазақстаннын оңтүстік және оңтүстік шығысындағы халықтар мен тайпалардың өзара шауашылық және мәдени әрекеттестігі мен этникалық-саяси жағынан біріге түсуіне Х-ХШ ғғ. Орта Азия мен Шығыс Түркістанда, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның орасан зор аумағын алып жатқан Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамында ұзақ уақыт болуы себебін тигізеді.Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХП ғғ.) Ертістен Орал мен Еділге дейін, тіпті одан әрі Батысқа қарай ұшы-қиыры жоқ кең территорияда жайылып жатқан түрік тайпаларының этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени байланыстарына қолайлы жағдай туғызады.XIII ғ. бас кезінде Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанға Моңғолия мен Алтайдан, Шынғысхан қолының тегеурінді тепкісінен түрік тілді (басқа деректер бойынша моңғол тілді) наймандар мен керейттер жер ауып келеді, олардың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен мемлекеттік-саяси бірлестіктері бар еді.Моңғол жаулаушылығы тұтас алғанда Қазақстан территориясындағы этникалық процесс барысына қатты ықпал жасады. Халықтың дені қырылып-жойылып, құлдыққа алынып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударылып жіберілді. Қазақстандағы түрік тайпаларының қалған бөлігі жаңа саяси құрылымдар арасына - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына бөлшектеніп кетеді, бірақ территорияларды шектеп белгілерде бұрыннан қалыптасқан этникалық шекара есепке алынады. Қазақстан территориясындағы халықтар құрылуының бұрынғы эволюциялық жолы кесіліп тасталады. Халықтың этникалық құрамы, оның этникалық-әлеуметтік ұйымдасу түрлері, өмір тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басқалары қатты өзгереді. Дегенмен жүре келе моңғолдар қалың түрік арасына сіңіп, түріктеніп кетеді. Олардың тілі мен әдет-ғұрпын қабылдайды. Моңғол империясы құрылып, ұлыстар ұйымдасып біткеннен кейін тайпалар мен халықтардың бұрын осы жерді мекендегендері де, шығыстан келгендері де бар - бәр-бәрінің араласып тіл табысу, бірлесу процестері жеделдей түседі.Біртіндеп шаруашылық өмірі де қалпына келеді. Қазақстанның түскей бетіндегі қаладар қайта жаңарып, бұрынғы отырықшы мәдениет зоналарындағы егіншілік ошақтары жаңғыра бастайды, тауар айналымы кеңейіп, әртүрлі облыстар халықтарының шаруашылық саласында қарым-қатынас орнығады, бұл әрине тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің, басқа да этникалық-саяси топтардың өзара байланысын, алыс-берісін қамтамасыз етеді. Бұл процестердің бәрі Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің құрылып нығаюына байланысты болатын. Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығы мен Ноғай Ордасы халықтарының этникалық құрамы бірдей еді. Оларда сол уақытттың жазба деректерінде жинақтауыш этно-саяси термин "өзбек" атымен белгілі болған түріктілді тайпалар мекендеді. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамынан белгілі. Оның басқа бөлігі ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында Орта Азияға өздерімен бірге "өзбек" атын ала кетеді.Моғолстан құрамына кірген Жетісуды орта ғасырлар деректерінен жинақтауыш этно-саяси термин "моғолдар" атымен белгілі болған тайпалардың негізгі бөлігі қазақтардын басқа бұтағы - Ұлы жүз құрамына кіреді. Моғолдардың енді бір бөлігі Шығыс Түркістанға барып, ұйғырлар қатарын толықтырады, ал үшінші бөлігі - тән-шән өңіріне өтіп, қырғыздарға сіңісіп кетеді. Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІҮ-ХҮ ғғ. жеке мемлекеттер құрамында болғаны жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлігімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік- Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі Кіші жүздің мекені саналатын. ХҮ ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру (Қазақ хандығын құру және территориясын кеңейту) халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.Қазақ хандығының Әбілқайыр хандығы мен Ақ Ордадан, сол сияқты Моғолстаннан бір айырмасы - оның аналардан гөрі кең, тиянақты этникалық негізгі қалыптасып біткен халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың Түркістан мен Жетісудың күллі түрік рулары мен тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді.ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де "қазақ" атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам". (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. "Тарих-и Рашиди" мен өзге деректерде "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда "өзбек-қазақ", сосын "қазақ" түрінде пайдаланылады. ХҮ ғ. "өзбек", "қазақ" терминдерінің этникалық мәні болмайды. Мысалы, Ибн Рузбихан XVI ғ. бас кезінде былай деп жазады: "Шыңғыс хан иеліктерінен шыққан, асыл текті үш тайпаны өзбектерге жатқызады. Қазір (олардың) біреуі - шайбанилер, ал оның мәртебелі ұлы ханы бірқатар ата-бабаларынан кейін солардың билеушісі болып келеді және болып отыр. Екінші тайпа - қазақтар, олар барша әлемге күш қайратымен, ержүрек батылдығымен әйгілі, үшінші тайпа - маңғыттар, олар патшалары астраханнан".Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте "қазақ" атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түріктектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды.ХҮІІ ғ. және ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси дамуы. Қазақстан аумағында мемлекеттілік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол көне дәуірде және орта ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылданған.Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі моңғолдардан кейінгі кезең ХІV-ХV ғасырлар болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың (Қазақстанның далалық бөлігі), Жетісу мен Түркістанның (деректемелерде соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан аумағы осылай аталған) көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халқын этникалық және саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дәуірдің бастапқы кезеңі моңғол ұлыстарының - Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауереннахрдағы) Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің ыдырауымен, соңғы кезеңі нақ Қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының құрылуымен сипатталады.Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ, аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңды қорытындысы болды. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан аралас экономикалы өлкелердің табиғи тығыз байланысы негізінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы Қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзіндс аяқталуына себепші болды. Өз кезегінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті. Этникалық қауымдастықты айқындайтын көптеген элементтерді - тіл, материалдық мәдениет, тұрмыс, тарихи зерде, халықтың ғұрпы, ойлау салты элементтерін қайта жаңғыртуда, оны дамыту мен этникалық аумағын қорғауда мемлекеттің жетекші рөл атқаратыны белгілі.Біртұтас мемлекет қана халықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді.Бірқатар зерттеушілер көшпелілердің мемлекеттілігі егінші өңір мен қалаларды жаулап алуы арқылы қалыптасады деген пікір ұстанатынын атап өткен жөн. Бірақ тарихи шындыққа қарағанда арғы ата-бабалары сияқты қазақтар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналыспаған, олар отырықшы, жартылай отырықшы болған, егіншілік те, қала мәдениетін де білген.Шынына келгенде, қазақ мемлекеттігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Халықтың шаруашылық үлгісінің, ортақтығы, бірдей материалдық мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстан аумағында түрік тілдес тайпалардың тіл жөнінен жақындығы орын алған. Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында да, Қазақ хандығында да халықтың ортақ қоныстану аумағы болды.XV ғасырда Ақ Орда әлсіреп, феодалдық талас-тартыстар жағдайында және Барақ ханның қаза табуына байланысты Қазақстан даласының көп бөлігінде биліктің Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшуі - нақ сол Жошы ұрпақтары әулеттерінің алмасуы ғана болып табылады. Ал халық өзгермей, нақ сол аумақ шеңберінде қалды, оны шаруашылықтың материалдық мәдениет пен тұрмыстың ортақ түрлері біріктірді. Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін нақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып, Жошы ұрпақтарының бұрынғы тармағының (Ақ Орда хандарының ұрпақтары) билігі қалпына келтірілді. Билеуші әулеттердің алмасуы, саясат саласындағы езгерістер қоғамның экономикалық негізде әсер еткен жоқ.Қазақ халқының негізін қалаған Ақ Орда хандарының ұрпақтары Жәнібек пен Керей "қазақтарының" Әбілқайыр "өзбектерінен" этникалық құрамы жөнінен де, әлеуметтік-мәдени дамуы, кәсібінің тегі, материалдық тұрмысы, шаруашылығы жөнінен де еш айырмашылығы болмады. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің тікелей жалғасы болды.Ақ Орда мемлекеттін, Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін (Жетісуды) және Ноғай Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Осы мемлекеттерде мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында моңғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV-XV ғасырларда қазақ халқынын одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Моңғолдар жаулап алуының зардаптарын жоюдың бүкіл кезеңі бойында, Қазақстан аумағында Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы өмір сүрген кезең бойында нақ қазақ мемлекеттігін нығайту міндеті алда тұрды. Этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, саяси және шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеп соққан үздіксіз соғыстары мен талас-тартыстарды жою, сол үшін сол кезде-ақ іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті барынша қажет болды. Оны нақты шешуге біртұтас мемлекет құру жәрдемдесе алатын еді. Ол кейінгі ғасырларда қазақ халқынын топтасуын, оның этникалық аумағының тұтастығын халықтың сан ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз еткен Қазақ хандығы болуға тиіс еді.

Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшыларының қарсыласын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарының мұрагерлері бұл аумақта тұрақты билігін қамтамасыз етіп алды.Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан және Жәнібек пен Керей де Орда Еженнің (Жошының үлкен ұлы деп айтылады) ұрпақтары деп саналатын болған, дегенмен бұл туралы деректемелерде нақты мәліметтер жоқАвторы белгісіз "Таварих-и гузида-йи нусрат наме" мен Махмуд бен Әмір Уәлидің "Бахр-әл асрар фи манакиб әл-ахийары" қазақ хандарының генеалогиясын Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірге апарып тірейді: Жошы-Тоқа-Темір - Үз-Темір – Қожа - Бәдік - Ұрұс хан - Қаруджақ (Құйыршық) – Барақ -Жәнібек хан, оны Бу Са"ид деп атаған. Қадырғали Жалаири де Ұрұс ханды Жошының 13-ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы деп атайды ("Жамиғ-ат тауарих").Ұрус хан мен оның ұрпақтарының Жошы тармағындағы Тоқа-Темірден тарайтындығының немесе олардың тегі Орда-Еженмен байланысты болуының принципті маңызы жоқ. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ Орданың дәрежесі тең билеушілері деп саналған. Тоқа Темірдің ұрпақтары XIII ғасырдың өзінде-ақ Орда-Ежен ұлысына жатады деп саналған. Бірақ ХІҮ-ХV ғасырлар шебінде Алтын Орданың ыңырауы кезеңінде олардың көбі оның Сарайдағы тағына үміткер болды."Таварих-и ғузида-йи нұсрат намеде" берілген шежіреге сәйкес, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немере ағайын болған, яғни өте жақын туыс болмаған. Керей ханның шежіресі: Ұрұс хан – Тоқтақия – Полад - Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі: Ұрұс хан – Кұйыршық –Барақ хан - Жәнібек хан. Осы қосарласып билік еткен қазақ хандарының XV ғасырдың 60-70-жылдарындағы іс-қимылдары туралы баяндайтын деректемелерде екі ханның қайсысы басты хан болғаны дәл түсіндірілмейді, олардың есімдері қатар жазылады және бірақ қатаң ретпен жазылмайды. Жәнібек хан өз әкесі Барақ ханның тура мұрагері және мирасқоры болатын, оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры Тоқтақияның немересі еді, ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың немересі болатын. Демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете алатын. 50-жылдардың аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып тәртіп орнатуға кіріскен кезде, Керей мен Жәнібекке бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады, Әбілғазы Шыңғыс ұрпақтарының арасында "ханның қысымына ұшырамаған не оның садағының оғы дарымаған бірде-бір адам қалмады" деп жазады. Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне үнемі дерлік араласып отыруы, үздіксіз жүргізген соғыстары мен шапқыпшылықтары мемлекетті құлдырауға жеткізді. Осының бәрі өзбек және қазақ тайпаларының ара жігінің ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-шығыс аумағына көшіп кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын ойраттардың шапқыншылығынан корғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-әрекеттері де бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі - Шығыс Дешті Қыпшақта да, Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп кетумен жауап қайырды. 50-жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді Жәнібек пен Керей басқарды. XV ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап, 70-жылдардың басына дейін Шығыс Дешті Қыпшақтан, Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі мыңға дейінгі адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен. Тұрғын халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. 1458-1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары, Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті. Көшіп кету әсіресе 1468 ж. Әбілқайыр өлген соң, мемлекет ыдыраған кезде тым күшейіп кетеді. Жәнібек пен Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін емес. Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары; Жәнібек пен Керейге қарасты өлкенің басым бөлігін мекендейтін тұрғындарының этникалық жақындығы; ең соңында, феодалдық-бытыраңқы Моғолстанның, оның билеушісінің Жетісудағы үкімет билігін өз қолында ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.Жәнібек хан мен Керей ханның көшіп келуін Моғолстан ханы Есен-Бұға құрметтпен және ықыласпен қарсы алған. Моғолстан ханы көшіп келген Қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі және сыртқы дұшпандарын әлсіретіп алмақ болған. Ол уақытша болса да інісі Жүніс ханның бақталастық бәсекесін тойтара алды. Есен-Бұға хан қазақтарды ойраттарға тойтарыс беру үшін де нақты әскери күш ретінде пайдалануға тырысқан. Ал өз кезегінде Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігін нығайтты.Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді.Зерттеуші-тарихшылар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін қабылдаған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза Мұхамед Хайдар Дұғлаттың "Та'рих-и Рашидидегі" мағлұматтарына сүйеніп, В.В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған.Осы мағлұматты толық келтірейік. "Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Есен-Бұға хан оларды шын ықыласымен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округын берді. Олар бұл жақта жақсы жайғасып алған кезде, Әбілқайыр өлген соң, өзбек ұлысы бұзылып сала берді: онда үлкен-үлкен шатақтар басталды. Оның қол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті. Олар енді өзбектер-қазақтар (өзбек-қазақ) деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады, бәрін де бір Алла біледі."Осы уақыт хижраның 870 жылы - біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдар бес томдық "Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында" Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынған. Бұл оқиға Жетісудың батыс беллігіндегі аумағымен байланысты деп көрсетілген. Қазақ тайпалары мен руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған жылдар бойы тап осында ауысып келген. Моғолстанның жоғарыда аталған ханы Есен-Бұға 1462 ж. өлгеннен кейін Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тура алатын нақты күш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан ол кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым - Қазақ хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын құбылыс еді. Оның пайда болуы және Қазақ басшыларынын дербес шығуы үшін 1468 жылғы Әбілқайыр өліміне байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. XV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында және одан кейінгі жылдары Қазақ хандарының билігі Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген халықтары, Түркістан және Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлан-ғайыр жазық далаларда бірте-бірте кең тарай бастады. "Та'рих-и Рашидиден" жоғарыда келтірілген үзіндіде Әбілқайыр өлгеннен кейін "оның кол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті" делінген. Хандарға дейді. Олар бұл уақытта хан болған. Бұл сөздер Әбілқайырдың өлімінен (хижраның 874 жылы-1468/69 жылдар немесе тышқан жылы - 1468 жылдың күзі) бұрын іске асқан оқиғаны білдіреді.XVI ғасырлардың 40-жылдарында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы туралы еңбегін жазған Мұхамед Хайдар мағлұматы жалғыз және ең ертедегі дерек деуге болмайды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы өкімет билігі жолындағы күресте қазақ хандарының қарсыласы Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханның құзырымен жазылып, тікелей бақылауынан өткен Шайбани әулеті ортасының деректемелері деп аталатын топтама Қазақ хандығының алғашқы кезеңі тарихына байланысты жағдайларды бағалау үшін қажетті көптеген материалдар береді. XVI ғасырлардың басындағы бұл деректемелерде де (Камал ад-дин Әли-Бинаидың "Таварих-и гузида-йи нусрат-наме", "Шайбани-наме", Шадидің "Фатх-наме", Рузбихан Исфаханидің "Михман-наме-йи Бухара", Мас'уд бен Усман Кухистанидің " Та'рихи Абу-л-Хаир-хани" және басқалары) Жәнібек пен Керей хандар аталады.ХV-ХVІ ғасырлар деректемелеріндегі меліметтер "Та'рих-и Рашидиде" кслтірілген Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақта емес, Батыс Жетісуда (Шу мен Талас алқаптарында) іргесі қаланғаны туралы мағлұматты тікелей немесе жанама түрде растайды. Зайн ад-дин Васифи (XVI ғ) "Бадаи ал-вакай" атты шығармасында тап осы аймақты "Қазақстан" деп атауы көңіл аудартады.Қазақ билеушілерінің алдында олар мемлекет болып бөлініп шыққан бойдан-ақ жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, мемлекет құрамына қазақтар мекендейтін аумақтарды қосып алу мақсатымен оның шекарасын кеңейту міндеттері, сондай-ақ хандықты көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарынан қорғау міндеттері тұрды. XV ғасырдың соңғы үштен бірінде қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан билеушілерімен өзара қатынастарын сол міндеттер анықтады.60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қашып келген көшпелілер есебінен Жәнібек пен Керей едәуір күшейді. Жергілікті халық қолдаған Жәнібек хан мен Керей хан Шығыс Дешті Қыпшақ халқына билік ету үшін Жошыдан тарайтын көптеген сұлтандарға қарсы күреске шығуды кешіктірмеді. Олардың басты қарсыластары Әбілқайырдың мұрагерлері - оның ұлы Шаих-Хайдар хан және немерелері шайбандық сұлтандар - Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болатын. Оларға қарсы күресте Қазақ билеушілері Жошыдан тарайтын Тоқа-Темірдің ұрпағы, Кіші-Мұхамед ханның ұлы Ахмет ханмен, Шайбани ұрпақтары Ибақ ханмен, Бұрыж оғланмен, Маңғыт әмірлерімен тізе коса отырып қимылдады. Бірнеше шайқас болып, Қамал ад-дин Әли Бинаидің айтуынша, "екі жақтан да көп адамдар қаза тапты". Шайқастардың бірінде Шайх-Хайдар ханды Үлкен орда ханы Ахметтің әскерімен келген Ибақ хан өлтірді. Мұхамед Шайбани інісімен бірге Қажы-Тарханның (Астраханның) билеушісі, Темір-Құтлық ханның (Тоқа-Темірдің) ұрпағы Қасым ханға барып паналады. Қаланы Ахмет хан, Ибақ хан және Ноғай ұлысының билеушісі Аббас бек қоршап алып, Мұхамед Шайбани інісімен бірге Түркістан уалаятына қашты, сөйтіп онда Темір ұрпактарының әкімі Мұхамед-Мазид тарханнан қолдау тауып, Әбілқайыр ханның бұрынғы әскербасылары арасынан өзін жақтаушыларды жинауға үміттенді.1470 жылдың қысына қарай Қазақ әміршілері Түркістанда едәуір ілгері басты. Жәнібек ханның Үлкен ұлы Махмұд сұлтан Қаратау етегінде Созақты алды. Басқа бір ұлы Еренші сұлтан Сауранды иеленді, енді Керей ханның өзі Түркістанға жақындап келді. Қазақстанның оңтүстігінде қазақтардың іс-қимылының жандануы Мұхамед Шайбанидің Мауереннахрға Темір ұрпақтарының қол астына шұғыл түрде кетуге мәжбүр етті. Шайбанилік сұлтандарға Түркістаннан кетуге кеңес беріп, Мұхамед өз иеліктеріне қазақтардың шабуыл жасау қатерінің бетін бұрмақ болды. Екі жылдан кейін Темір ұрпақтарынан әскери көмек алған Мұхамед Шайбани Түркістанға келіп, бірқатар бекіністерді басып алды. Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөкті, соған сүйене отырып Шығыс Дешті Қыпшақ шекарасына беттеп, Сығанақты басып алды. Сол кезге қарай Ноғай ұлысының басшысы Мұса мырза Түркістанға жақындап келіп, Мұхамед Шайбанимен одақтасуға ұмтылды. Бұған Бұрындық басқарған қазақ әскерлерінің Батыс Жетісудан Түркістан шекарасына асығыс келіп жетуі кедергі жасады. Әскербасыларының бірі қазақтың болашақтағы ханы Қасым сұлтан болатын. Осы оқиғалар туралы хабарлаған деректемелерде Бұрындық хан мен Мұхамед Шайбани арасындағы шайқас Қаратау тауының Соғұнлұқ асуында өтті. Шайқаста Жәнібек ханның ұлы, Созақ әміршісі Мұхамед Сұлтан қаза тапса да, Мұхамед Шайбани жеңіліске ұшыраған. Мұхамед Шайбани Түркістаннан Маңғыстауға кетуге мәжбүр болды. Бұрындық хан Сығанақты алды.Сонымен, Жәнібек пен Керей хандар, содан соң, соңғысының ұлы Бұрындық хан басқарған Қазақ хандығы XV ғасырдың 70-жылдарында Орталық Қазақстан даласында нақты саяси күшке айналды.80-жылдарда және 90-жылдардың басында Мұхамед Шайбани тарапынан да, қазақтар тарапынан да жасалған соғыс қимылдары барынша табандылығымен және қаталдығымен ерекшеленді, олардың қатынастарына Темір ұрпақтарына қоса, моғол хандары да араласты.Қазақтар мен олардың одақтастарына қарсы толассыз жүргізілді деуге болатын үш жылдық күрестегі жеңістер Мұхамед Шайбаниді 1486 жылдары Түркістанды тастап шығып, Хорезмде соғыс сәттілігін іздестіруге мәжбур етті.80-жылдардың аяғы - 90-жылдардың басында Ташкент пен Сауранда билік құрған моғол ханы Сұлтан Махмұдтың (онын әкесі Жүніс хан 1487 ж. Ташкентте өлген еді) қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресіне араласып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдай отырып, өзінің Түркістандағы ықпалын кеңейтуге тырысуы сәтсіз болған жоқ. 1488 жылы ол Темір ұрпағының әкімі Мұхамед-Мазидті Отырардан қуып шықты. Сыр өңірінде қазақтарға қарсы өзге одақтас ету үшін Отырарға Мұхамед Шайбаниді шақырды. Моғол ханынан қолдау тауып және Отырарға сүйене отырып, Мұхамед Шайбани тағы да екі үлкен бекініс-қала Сауран мен Ясыны (Түркістанды) басып алды.Қазақ хандары мен Мұхамед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында толассыз жүріп жатты және ғасыр аяғына қарай уақытша бітіммен аяқталды. Бұрындық хан өзінің екі қызын шайбанилік сұлтандарға ұзатты. Шайбани ұрпақтары Отырар, Ясы (Түркістан), Аркөк, Үзкент қалаларында өз жағдайларын табанды күреспен нығайтып, олардан Темір ұрпақтарының әкімдерін ығыстырып шығарды. Ташкент пен Сайранда моғол ханы Сұлтан Махмұд отырды. Түркістан аумағының орталығы Сығанақта, Сауранда, Қаратаудың Созақпен қоса алғандағы жапсарлас ауданы және онын теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстар, Арал өңірі Қазақ хандарының қолында қалды.XV ғасырдың аяғына қарай қазақ хандарының мемлекеті едәуір нығайды, оның алғашқы шекарасы кеңейе түсті. Оның құрамына Жетісудан басқа Оңтүстік Қазақстанның жоғарыда аталған қалалары мен алқаптар, төңірегіндегі далалық аумақтармен бірге, Қаратау өңірі, Сырдарияның төменгі ағыстары мен Солтүстік Арал жағалауы, Орталық Қазақстанның үлкен бөлігі енді, Жетісудағы иеліктері де кеңейді. Шайбани әулетіне қарсы ұзаққа созылған күресте олардың үкіметіне қайта қалпына келуіне кедергі жасады. Мұхамед Шайбани 1500 ж. қол астындағы көшпелі өзбектердің бір бөлігін ертіп, Мауереннахрға кетті де, Түркістанның Оңтүстік бөлігінде өзі басып алған қалалардың көмегіне сүйеніп, басқыншылық мақсатпен Темір әулеті мемлекетіне ұмтылды.XV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанда қалыптасқан ішкі жағдай, сондай-ақ аймақтағы әскери-саяси оқиғалар моғол хандарының Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ықпалының біртіндеп әлсіреуіне, ал сонан соң, XVI ғасырдың басында толық жойылуына және бұл өлкенің қазақ тайпаларының олардың билігінен шығуына негіз жасады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қазақтары біртіндеп Моғолстан хандарының билігінен шығып, басқа аудандардың қазақтарымен бір мемлекетке - Қазақ хандығына бірікті. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан халқының кейіннен бір әулет хандарының (Моғолстандағы Шағатай ұрпактарының) билігінен шығып, басқа әулет хандарының (Жошы ұрпақтарының - Ақ Орда хандары ұрпақтарының) билігіне көшуі неліктен көп шиеленіс туғызбағанын этникалық тегінің, тарихи тағдырларының ортақтығымен, достық қатынастарының дәстүрлігімен түсіндіруге болады. XVI және XVII ғасырлар қазақ халқының тарихында айырықша орын алады. Осы ғасырларда қазақ хандары бұрын әр мемлекеттің құрамында болып келген қазақ руларын біріктіре отырып, бүгінгі теуелсіз Қазақстан Республикасының территориясын қалыптастырды және қорғады. Бұрындық хан басқарған жылдары (1480-1511) стратегиялық және экономикалық маңызы бар, Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Созақ, Түркістан қалалары үшін Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани басқарған өзбектер мен қазақтар арасында 30 жылға жуық күрес жүрді. Қазақтардан ығысқан Мұхаммед Шайбани 1500 жылы Мауереннахр жеріне басып кіріп, ондағы билікті Әмір Темір әулетінен тартып алады. Аз уақыттың ішінде күшейіп алғаннан кейін ол Сыр бойындағы қалаларды басып алу үшін бірнеше жорықтар жасады. 1510 жылы Көк Кесене шайқасында Қасым сұлтан басқарған қазақтар Мұхаммед Шайбани әскеріне қарсы ұрыста ірі жеңіске жетіп Сыр бойындағы қалаларға берік орнықты.XVI ғасырдың басында Моғолстан ханы Жүністің ұрпақтары арасындағы үкімет билігі не таласқан алауыздықтың салдарынан Моғолстан мемлекеті ыдырады.Моғолстанның орталық өңірі - Жетісу жерінің көбі және оны мекендеген қазақ тайпалары Қазақ хандығына қосылды.
жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау