22
2 D-Link коммутаторлары
2.1 Үш деңгейлі желі иерархиясы
2.1 сурет – Үш деңгейлі желі иерархиясы
Үш деңгейлі желі иерархиясы үш логикалық деңгейді құрайды:
- қатынас деңгейі;
- тарату деңгейі;
- ядро деңгейі.
Әрбір деңгейдің өзінің орындалу функциясы бар. Бұл иерархияның
ерекшелігі бір деңгейде бір немесе бірнеше қондырғы болуы мүмкін.
Ядро деңгейі иерархияның ең жоғарғы деңгейін құрайды. Ол кең
көлемді деректерді жылдам және сенімді береді. Ядро деңгейі арқылы
берілетін трафик барлық тұтынушыға бірдей таралады. Деректерді өңдеу
барысында тұтынушыға қажет болған жағдайда ядро деңгейіне сұрау
жіберіледі. Егер ядро деңгейінде ақау немесе байланыс үзілсе, онда
иерархияның қалған деңгейлер аралығында байланыс болмау мүмкіндігі
пайда болады.
Тарату деңгейі ядро деңгейі мен қатынас деңгейін жалғастыратын
деңгей болып табылады. Таралу әдісіне байланысты келесі функцияны
орындай алады:
- маршрутты, қызмет сапасын және желі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- адресті белгілеу;
23
- бір технологиядан екінші технологияға өте алады (мысалы, 100Base-
TX к 1000Base-T);
- төменгі жылдамдықты арна қатынасымен жоғарғы жылдамдықты
магистралды арнаның өткізу жолақтарын топтастырады.
Қатынас деңгейі топтастырылған желіге жұмысшы топтары мен
тұтынушы қатынастарын басқарады. Оның негізгі мақсаты кіріс/шығыс
нүктелерін орнату болып табылады. Қатынас деңгейі келесі функцияларды
орындайды:
- желі политикасы мен қатынастарды басқару;
- жеке домен коллизияларын (сегменттерді) құру;
- тарату деңгейіне жұмысшы топтарын қосу;
- коммутацияланатын локалды желі технологиясын қолдану.
D-Link коммутаторларының түрлері:
DES-1010G/1026G – басқарылмайтын коммутаторы, 10/100Мбит/с
жылдамдықты байланыс арнасын қамтамасыз етеді және шағын мен орта
мекемеге арналған 26 тұтынушыны қоса алады.
DGS-1005D/08D/16T/24T – басқарылмайтын коммутаторы, жоғарғы
жылдамдықты гигабитты байланыс арнасын қамтамасыз етеді.
DES-12xxR и DGS-12xxT – реттеуші коммутаторы, 10/100 Мбит/с және
10/100/1000Мбит/с байланыс арнасын қамтамасыз етеді және 24 тұтынушы
мен 2 портты Gigabit Ethernet серверді қоса алады.
DES-3226/3226L/3226S/DHS-3226 – басқарылатын коммутаторы, 144
тұтынушыны қосу мүмкіндігі бар және 10/100 Мбит/с байланыс арнасы мен
Gigabit Ethernet порты арқылы 6 серверді қоса алады.
Таратқыш деңгейіндегі коммутаторлар
Таратқыш деңгейіндегі коммутаторлар қатынас деңгейіндегі бірнеше
коммутаторлар үшін концентратор қызметін атқарады және де үлкен көлемді
мәліметтерді таратуға мүмкіндік береді. Мұндай коммутатор мынадай:
DES-3226S/3326S, DES-3250TG, DES-3350SR, DGS-3224SR, DGS-
3324SRi – көпфункционалды басқарылатын коммутаторлар жылдамдығы
10/100Мбит/с 192 портты, 10/100/1000Мбит/с 288 портты және Gigabit
Ethernet байланыс арнасын ұйымдастыратын 12 портты болады.
2.2 сурет – DES-3326S коммутаторы
DES-6000/6300 – коммутаторы 10/100 Мбит/с жылдамдықты 128
портты, 100Base-FX 96 оптикалық портты, Gigabit Ethernet 16 портты
байланыс арнасын қамтамасыз ете алады. Бұл коммутаторлар әртүрлі тарату
ортасындағы әртүрлі жылдамдықты көптеген интерфейстер санын қолдайды
24
және осы деңгейге қажетті қосымша функцияны орындай алады (сүзгілеу,
маршруттау, қатынасты басқару).
Ядро деңгейіндегі коммутаторлар. Ядро деңгейі жоғарғы өнімділікті
қолдайды. Мұндай коммутатор түрлеріне келесі коммутаторларды жатқызуға
болады:
DES-6000/6300 – модулды жоғарғы өнімділікті коммутатор, байланыс
оператор желісінде қызмет етеді.
DES-7000 –EoVDSL коммутатор ірі байланыс оператор желісінде
қызмет етеді. Ол жоғарғы өнімділікті коммутацияны және жоғарғы қатынас
деңгейін ұсынады.
2.3 сурет – DES-7000
2.2 Басқарылуы бойынша коммутаторлардың жіктелуі
Басқарылатын коммутаторлар – Web-интерфейс басқаруын, команда
қатарлы (CLI) интерфейс, Telnet, SNMP (Simple Network Management
Protocol), TFTP (Trivial File Transfer Protocol) және т.б. басқару функцияларын
қолдайды. Мұндай коммутаторлар қатарына: D-Link DES-3226, DES-3226S,
DES-3250TG, DES-6300, DGS-3212SR, DGS-3224SR жатқызуға болады.
2.4 сурет – DGS-3212SR коммутаторы
25
Басқарылмайтын коммутаторлар – басқару функциясын және реттеуді
орындамайды. Мұндай коммутаторларға: D-Link DxS-10xx сериялы
коммутатор жатады.
Реттелетін коммутаторлар басқарылатын мен басқарылмайтын
коммутаторлар аралығындағы функцияны орындайды. Бұлар нақты бір
параметрлерді ғана реттей алады, бірақ SNMP бойынша басқаруды
қолдамайды. Мұндай коммутатор қатарына DES-1218R/26R жатқызуға
болады.
Қазіргі кездегі басқарылатын коммутаторлар Web негізіндегі
конфигурацияларды қамтамасыз ету мүмкіндігін қамтиды, яғни кез-келген
басқарылатын компьютер.
2.3 Коммутаторлардың өнімділігіне әсер етуші сипаттамалар
Коммутаторлардың өнімділігіне әсер етуші сипаттамалардың ең негізгі
көрсеткіштері:
- кадрлардың сүзгі жылдамдықтары;
- кадрлардың өткізу жылдамдығы;
- өткізу қабілеттілігі;
- кадрлардың кідірісі.
Сонымен қатар коммутаторлардың өнімділігіне әсер етуші бірнеше
сипаттамалар бар. Олар:
- коммутация түрі – аралықта сақтау;
- кадрдағы буферлердің өлшемі;
- ішкі шиналардың өнімділігі;
- процессорлардың өнімділігі;
- ішкі адрестік кестенің өлшемі.
2.4 Кадрлардың сүзгі жылдамдықтары мен өткізу жылдамдықтары
Кадрлардың сүзгі жылдамдықтары мен өткізу жылдамдықтарының
сипаттамалары. Бұл сипаттамалар интегралды сипаттама болып табылады.
Сүзгі жылдамдығы (filtering) коммутаторлардың орындайтын келесі
жылдамдықтарды анықтайды:
- өзінің буферіне кадрларды қабылдайды;
- кадр берілетін адрес үшін адрестік кестеден портты таңдау;
- егер берілетін порт пен шығу порты бір логикалық сегментке жататын
болса, онда ол кадрды жояды.
Сүзгі жылдамдығы барлық коммутаторларда блокировкаланбайды,
өйткені кадрлар түскен сайын оларды тез арада лақтырып отырады.
Өткізу жылдамдықтары (forwarding) коммутаторлардың орындайтын
келесі жылдамдықтарды анықтайды:
- өзінің буферіне кадрларды қабылдайды;
- кадр берілетін адрес үшін адрестік кестеден портты таңдау;
- адрес кестесі бойынша анықталған портқа желі арқылы кадрды жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: |