Диафрагма асты абсцесс сирек кездеседі. Оң көкірек қуысының төменгі бөлігінде тұйық ауырсыну, демді ішке алғанда ауырсыну күшейуі, диафрагманың тітіркенуіне байланысты құрғақ жөтел, тыныс алғанда оң көкірек қуысының қалыңқы болуы сияқты белгілермен сипатталады. Кеш сатыларында – төменгі қабырға араларықтары ісінуі мүмкін. Диафрагма асты абсцессінің диагностикасында УДЗ, рентгенологиялық зерттеулер, КТ үлкен роль атқарады. Диафрагма асты абсцесті ашу үшін плевра арқылы және плеврадан тыс жету жолдары қолданылады. Қазіргі уақытта УДЗ немесе КТ көмегімен абсцестің қуысы – ашылып, дренаж түтігі қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |