Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет27/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65

 
63 
Зерттеу  (Еxploration)  –  бұл  сатыда  студенттер  жаңа  білімді  ӛздерінің  іс-
әрекеттері  арқылы  үйреніп  меңгереді.  Оқытушының  аз  ғана  кӛмегімен  жаңа 
материалды,  жаңа  ойларды  зерттейді.  Зерттеу  сатысы  білім  алушылардың 
дамыған  немесе  жеткіліксіз  жағдайда  ӛз  ойларын  айтуына  мүмкіндік  береді. 
Бұл  жағдай  студенттерді  дискуссияға, ӛздерінің ойларының  себептерін  анализ 
жасауға  үйретеді.  Анализ  жасағаннан  кейін  студенттер  болжамдар  жасау 
арқылы зерттеудің нәтижесін айтуға тырысады. 
Түсіндіру  (Explanation)  –  студенттер  ӛздерінің  жаңаша  білімдерін, 
туындыларын,  физикалық  ұғымды  басқаларға  түсіндіруге  тырысады. 
Оқытушы  болса,  студент  түсініктерін  тыңдап  болғасын  ғана  физикалық 
ұғымдардың  анықтамаларын  студенттің  берген  түсінігіне  байланыстыра 
отырып  баяндайды.  Студенттерді  физиканы  оқу  барысында  лабораториялық 
сабақтарда  жасаған  жұмыстарының  нәтижесін  немесе  табиғатта  орын  алған 
құбылыстардың  себептерін,  физикалық  ұғымды  ең  бірінші  ӛздері  түсіндіруге 
дағдыландыру  қажет.  Бұл  студенттердің  ойлау  қабілеттіліктерінің  дамуына 
алып келеді. Оқытушы бұл мәселені тереңірек ауызша баяндау, кӛрнекіліктер, 
видео кӛрсетілім немесе анимациялар арқылы нақтылап анықтамасын беруіне 
болады.  
Жетілдіру  (Expansion) 
–  студенттердің  бойындағы  физикалық 
ұғымдармен байланысты мәліметтерді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін 
кезең  болып  табылады.  Физикалық  бір  ұғымды  келесі  бір  ұғыммен 
байланыстыру  арқылы  олардың  арасындағы  айырмашылықтарды  сипаттау 
арқылы студент ӛз білімін одан әрі жетілдіре түседі. Осы кезеңде студенттер 
бір-бірлерімен талқылау арқылы ақпаратты ортақ қызметіне енгізеді. Біріккен 
топтың мақсаты тапсырманы орындау немесе түсіну тәсілдерін әзірлеу болып 
табылады.  
Бағалау  (Evaluate)  –  бұл  соңғы  кезең  болып  табылады.  Бұл  сатыда 
студенттер физикалық ұғымды меңгерді деп есептелінеді. Бұл сатыда мұғалім 
тест  тапсырмасын  бере  алады,  әр  студенттің  ӛзара  түсіністік  туралы 
ӛнімділігін бағалау үшін іс-шаралармен қамтамасыз ете алады.  
Р.  Санал  креативтілікті  қалыптастыруда  ойлау  техникасының  кванттық 
тренері  болып  саналады.  Ол  кванттық  ойлаудың  негізін  құраушылардың  бірі 
болып  табылады.  Түркияда  алғашқы  «quantum»  ойлау  техникасын  тәжірибеде 
қолданған ғалым. Осы бағыттағы ұстанған қағидасы ӛмірде кванттық ойлауды 
қолдану  және  шынайы  тұлғаны  жасап  шығару.  Адамды  іштей  рухани  дамыту 
арқылы,  ӛмірлік  ұстанымдарын  дұрыс  бағыттауда  жетістікке  жету  болып 
табылады [101].  
Американдық  ғалымдар  R.Duit  [102],  J.R.Thompson,  B.S.Ambrose[103],      
C.E.Wieman,  K.K.Perkins[104],  M.  Wittmann,  J.Thompson[105]  физиканы 
оқытуда  және  болашақ  физика  мұғалімін  даярлауда,  түрлі  әдістемелік 
құралдардың қолданылуы, басты назар, ӛзіндік жұмыс істей алу қабілеттілігін 
дамытуға  негізделген.  Физиканы  оқытуда  білім  алушының  ӛзінен  алға 
қойылған  мәселеленің,  проблемалық  сұрақтардың  бірнеше  жауаптары  мен 
шешімдерін табуға даярлайды.  


 
64 
John  R.  Thompson,  Warren  M.  Christensen,  Michael  C.  Wittmann  ӛздерінің 
«Білім беру саласында болашақ физика мұғалімдерін педагогика мен ғылыми-
зерттеу жұмыстарындағы қиындықтарды болжай алуға даярлау» атты ғылыми 
мақасында,  болашақ  физика  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттырудың  түрлі 
жолдарын талдаған.  
P.Atamanchuk,  O.Nikolaev,    A.Tkachenko,  L.Kulyk  «физика  бойынша  білім 
алушылардың кәсіби құзіреттілігін модельдеудің дидактикалық ерекшеліктері» 
атты  мақаласында,  когнитивтік  және  оқулық  мәселелерді  шешу  –  активті  оқу 
үдерісін туғызуын қарастырды[106
].  
 
Соңғы  жылдары  болашақ  физика  мұғалімдерінің  шығармашылық 
қабілеттерін  қалыптастыру  мен  дамыту  бағытында  бірнеше  орыс 
ғалымдарының еңбектерін атап ӛтуге болады. 
С.И.Десненко  ӛзінің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  жеке  тұлғалық  қабілеттерін,  физиканың  түрлі  мәселелерін 
шешу  арқылы,  физикалық  экспериментті  орындау,  экспериментті  ары  қарай 
жандандыру  жұмыстары,  физикалық  білімдерді  ӛмірмен  ұштастыру  арқылы 
қалыптастырудың әдістемелік нұсқаларын ұсынады.  
Д.А.Амиралиев болашақ физика мұғалімдерінің ӛзіндік шығармашылығын 
дамытуда,  шығармашылдық  потенциалды  арттыруда,  физика  бойынша 
жүргізілетін  зерттеу  жұмыстарында  ақпараттық  технологияларды  қолданудың 
тиімділігін ерекше атап айтады. Болашақ физика мұғалімі  білім шыңына жету 
үшін,  берілген  білімді  тереңінен  түсініп,  оны  қалыпты  меңгеріп  ӛз  бетінше 
шығармашылық  жұмыс  жасауында,  зерттеу  тәжірибелерін  жүргізуде 
ақпараттық технологиялардың маңыздылығы жӛнінде тұжырымдады[107].  
Отандық  ғалым  Г.Б.Алимбекова  ӛзiнiң  «Физика  мұғалімінің  кәсіби 
даярлығын  ғылыми  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру  негізінде  жетілдіру»  aтты 
ғылыми  жұмыcындa  ақпараттық    технологиялар  және  мектеп  физика  оқу 
курсының  үғымдарын    сұрыптау,  ақпаратты    сақтау    мен    ӛңдеудің    қазіргі 
теориялары  мен  әдістерін  зерттеді.  Г.Б.Алимбекова  болашақ  физика  пәні 
мүғалімдерінің  біліктілігін  кӛтеру  үшін  ақпараттандыру  туралы  оқу-
тақырыптық бағдарламаларды дайындау қажеттігін атап айтты[44].  
Н.Н.  Керімбаев  «Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыруды 
дамытудың  ғылыми-теориялық  негіздері»  атты  ғылыми  еңбегінде  физика 
саласында  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  оқыту  әдістемесін 
дамыту  мәселелерін  қарастырады.  Білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісі 
студенттің  игерген  объектілер  мен  құбылыстарды,  үдерістерді,  олардың 
арасындағы  ӛзара  ықпалдасуды  модельдеу  негізінде  қабылданған  шешімдер 
нәтижелерінің іске асуын болжау, оқу және практикалық есептер шешімін іздеу 
қабілетін  қалыптастыру,  оның  белсенділік  деңгейін  кӛтеру,  жеке  тұлғасын 
дамыту  мақсатында  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың 
тиімділігін ӛзекті етеді[45]. 
Жоғарыда  аталған  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талдай  келе  болашақ 
физика  мұғалімдерінің  шығармашылығын  қалыптастыру  қазіргі  қоғамның 
негізгі талабына сай десек болады.  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау