Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет25/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65

 
57 
шығындар  дәстүрлі  технологияларды  пайдаланып  оқытумен  салыстырғанда 
артпайды.  
Эвристикалық  оқыту  тарихы  бойында  кӛптеген  әдістер  мен  олардың 
модификациялары  жасалды.  Тәжірибе  кӛрсеткендей,  бірқатар  әдістердің 
тиімділігі  жоғары  және  кеңінен  қолданылады.  Кең  таралған  әдістердің  бірі, 
«миға  шабуыл»  -  белгіленген  тапсырманы  шешу  идеяларының  ұжымдық 
шоғырландырылу әдісі болып табылады. 
Студенттердің  креативтілігін  қалыптастыруға  бағытталған  эвристикалық 
әдістерін мына тӛмендегідей (16-сурет) кӛрсетейік.  
 
  
 
 
 
Сурет 17 – Эвристикалық оқыту әдістері 
 
Когнитивтік  әдістер  –  ғылымдағы  зерттеу  әдістері  болып  табылады. 
Оларға:  жаттығу,  анализ  жасау,  болжам  жасау,  салыстыру,  бақылау  әдістері 
жатады. 
Креативтік  әдістер  –  оқытуда  студенттердің  ӛзіндік  оқу  ресурстарын 
жасауына  мүмкіндік  туғызатын  әдістер.  Оларға:  «миға  шабуыл»,  «егер  де», 
«инверсия»,  «әсірелеу»,  «жалғамалылық»  әдістері  жатады.  Бұл  әдістер 
физиканы  оқытуда  болашақ  физика  мұғалімдерінің  алған  білімдерін  ӛздігінен 
тәжірибеде  қолдана  алуына,  есептерді,  мәселелерді  ӛз  бетінше  шешуіне,  және 
шешімдердің бірнеше жолын таба алуға мүмкіндік береді. 
Ерекше  іс-әрекеттік  әдістер  –  білім  беруді  басқарушылардың, 
оқытушылардың  және  студенттердің  әдістері  болып  бӛлінеді.  Оларға  оқыту 
субъектісін жоспарлау және мақсатты белгілеу әдісі, оқушылардың білім беру 
бағдарламаларын  жасау  әдісі,  қалыпты  шығармашылық  әдісі,  оқытуды 
Эвристикалық оқыту әдістері 
КОГНИТИВТІК 
КРЕАТИВТІК 
ЕРЕКШЕ ІС-ӘРЕКЕТТІК 
Жаттығу әдісі 
Қателіктер әдісі 
Болжау әдісі 
Салыстыру әдісі 
Эвристикалық 
бақылау әдісі 
Ойлап табу әдісі 
Әсірелеу әдісі 
Жалғамалылық 
әд 
«егер де» әдісі  
Инверсия әдісі 
Ӛзін бағалау 
әдісі 
Рефлекция әдісі 
Бақылау әдісі 
Сыни тұрғыдан 
талдау әдісі 
Оқытуды ӛзіндік 
ұйымдастыру әд 
әдісі 
«миға шабуыл» 
әдісі 


 
58 
ӛздігінен ұйымдастыру әдісі, ӛзара оқыту әдісі, рецензия әдісі, эвристикалық іс-
әрекетті бақылау әдісі, ӛзін бағалау және рефлекция әдісі. 
Эвристикалық  әдістерді  топтастырудың  түрлі  амалдары  жасалынды. 
А.В.Морозов  эвристикалық  оқытудың  мынадай  ұйымдастырушылық  түрлерін 
ұсынды [98]:  
- оқытушының  студенттермен  жеке  жұмыстары,  бір  студенттің  дербес 
жұмысы эвристикалық білім ӛнімдерін қалыптастырады; 
- ұжымдық-топтық  сабақтар  эвристикалық  элемент  пен  шығармашылық 
негізде  құрылған  оқыту  іс-әрекетін  қамтиды  (эвристикалық  лекциялар  мен 
семинарлар, іскелік ойындар, зерттеу ойындары және т.б.); 
- эвристикалық  сабақтардың  дербес-ұжымдық  жүйелері  студенттердің 
шығармашылық  ӛнімдерін  арнайы  технологиялық  циклдің  кӛмегімен  жеке 
сабақтар  мен  оларды  жүргізу  циклдерінен  жасауды  қамтамасыз  етеді 
(эвристикалық  жобалар,  олимпиадалар,  шығармашылық  және  ғылыми 
апталықтар). 
A.B.  Хуторской  эвристикалық  білім  беру  іс-әрекетінің  келесі  негіздері 
бойынша  топтастыру  жүйесін  ұсынады:  когнитивтік,  креативтік  және  ерекше 
іс-әрекеттік[96].  
В.И. Андреев ұсынған, оқыту әдістерін топтастырудың үлгісінде оқыту іс-
әрекетінің 
эвристикалық 
әдістеріне 
ерекше 
орын 
берді: 
«Оқыту-
шығармашылық  іс-әрекеттің  эвристикалық  әдістері  -  бұл  шығармашылық 
мәселелерді  шешуде  студенттердің  іс  -  әрекеттерінің  түйсіктік  шараларын 
дамыту  мақсатында  тұлғаны  ӛзін  басқаруы  мен  педагогикалық  басқару 
қағидалары  мен  заңдылықтарын  есепке  алумен,  студент  пен  оқытушының  іс-
әрекетінің эвристикалық ережелерінің жүйесі»[99]. Ӛз зерттеуінде В.И.Андреев 
оқытудың  белгілі  әдістері  үшін  іс-әрекеттің  эвристикалық  ережелерін  жасады 
және  оны  жүйеледі:  ми  шабуылы,  ерекше  идеяларды  ұжымдасып  іздестіру 
әдісі,  эвристикалық  мәселелер  әдісі,  кӛпӛлшемдік  матрицалар  әдісі,  инверсия 
әдісі, жаттығу әдісі, синектика әдісі, эвристикалық ойын әдісі.  
Я.А.  Пономаревпен  ұсынылған  эвристикалық  әдістерді,  шығармашылық 
үдеріс  кезеңдерін  топтастыруды  талдау  және  ақпараттандыру  жағдайында 
оқыту  ерекшеліктерін  есепке  алу  негізінде  бұл  әдістер  келесі  түрде 
топтастырылу мүмкін: 
Бірінші  топ  мәселені  кӛру  және  құрастырумен  байланысты  әдістерді  ӛз 
ішіне алып, оның шешімін тауып және табылған шешімді тексеру. Бұл топтың 
әдістеріне  мыналар  жатады:  кӛп  ӛлшемді  матрицалар  әдісі,  инверсия  әдісі, 
ұйымдастырылған  стратегиялар  әдісі.  Олар  креативтік  қасиеттерді  анықтау 
қабілетін дамытады.  
Екінші топқа жататын эвристикалық әдістер тапсырманы шешуге септігін 
тигізетін,  ақпараттық  технологияларды  таңдау  немесе  іздестіру  іске 
асырылатын,  шешімдерді  іздестіру  кезеңіне  сәйкес  келеді.  Мұнда 
білімгерлерде түрлі иделарды ӛндіру мен жіктеу қабілеттері дамып, яғни келесі 
креативтік  қасиеттер  шыңдалады:  ой  ұшқырлығы,  икемділік  пен  ерекшелігі. 
Бұл топты «ми шабуылы» мен оның белгілі модификациялары құрайды. 


 
59 
Шешімді  тексеру  кезеңіне  сәйкес  келетін  үшінші  топқа  мүміндіктер  мен 
қызметтерді салыстырудың ақпараттық технологияларының құралдарын тиімді 
қолдануды талдау қабілетімен байланысты әдістер кіреді.   
Физиканы  оқытуда  болашақ  физика  мұғалімдерінде  креативтіліктің 
қасиеттерін  дамытуға  септігін  тигізетін  эвристикалық  әдістер  кешенін  жасау 
үшін жоғарыда аталған әдістерді қолдануды ұсынамыз: 
Бірінші топ әдістері:  
көпөлшемдік матрицалар әдісі(Ф.Цвики). Әдістің идеясы бойынша барлық 
жаңа  нәрселер  белгілі  бӛлшектердің  үйлесімділігі  немесе  белгілі  мен 
белгісіздің үйлесімділігі болып табылады. Матрицалық әдіс бұл үйлесімділікті 
амалдармен немесе қателіктермен емес, мақсатқа сәйкес және жүйелі жасауды 
ұсынады. Екі ӛлшемдік матрица еркін алынған эвристикалық амалдармен және 
зерттелетін  мәселе  сипаттамасымен  құрастырылады.  Осылайша,  бұл  әдіс 
мәселені жүйелі қарастыру мен оның шешімін анықтауды қарастырады. Оның 
кемшілігі 
қиын 
мәселені  шешу 
үшін  үлкен 
матрицаның 
қажет 
болатындығында. 
-  инверсия  әдісі  (А.Ф.  Эсаулов)  ресми  логикамен  және  ашық  оймен 
белгіленетін,  шығармашылық  тапсырманы  дәстүрлі  кӛзқарастарға  қарама-
қайшы жаңа бағыттарда қарастыруға мүмкіндік береді.  
В.М.Андреевтің  ойынша,  бұл  әдіс  ойлау  диалектикасын  дамытып,  қиын 
жағдайлардан  шығу  жолдарын  анықтауға,  қиындығы  түрлі  шығармашылық 
мәселелерден шығу қабілеттерін дамытады[99].  
- ұйымдастырылған стратегиялар әдісі (В.И.Андреев) ойлау инерциясын 
қалыптастыруға  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  әдістің  негізінде  -  шығармашылық 
тапсырмаларды  шешудің  жаңа  стратегиясын  таңдау  және  зерттеу  объектісін 
жаңа  тараптардан  қарастыруға  мүмкіндік  жасау  орын  алады.  Қолданылатын 
стратегиялар: қызметтік талдау; кедергіні жеңу; ақпаратты қолдану; идеяларды 
іздестіру; ақиқатқа қарама-айшылық; бастапқы жағдайдың қиындығын бағалау; 
шешімді таңдау
Бұл топтың әдістері креативтік қасиеттерді қалыптастыруға, соның ішінде 
мәселелерді  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  бұл  әдістерді  оқыту 
үдерісінде  қолдану  студенттерде  басты  білімдердің  және  болашақ  кәсіби  іс-
әрекеттерде  қабілеттердің  қолданылуын  талап  етеді.  Соған  орай,  аталған 
әдістерді  жоғарғы  курстарда  қолданған  жӛн,  студенттерде  басқару  іс-әрекеті 
мен шығармашылық мәселелерді шешу тәжірибесі осы кезеңде қалыптасады. 
Екінші топ әдістері: 
Миға  шабуыл  әдісі  (А.Осборн)  және  оның  танымал  модификациялары 
барлық эвристикалық әдістердің арасында анағұрлым дамыған. Ол белгіленген 
тапсырманы  шешу  амалдарын  іздестіру  үдерісінде  кӛптеген  идеялардың 
арасынан жіктеу жасауға мүмкіндік береді.   
Бұл  әдіс  ой  ұшқырлығы,  икемділігі,  ерекшелігі  секілді  креативтік 
қасиеттердің дамуы үшін, идеяны мұқият жасау үшін аса тиімді. 
Үшінші топ әдістері: 
Эвристикалық  мәселелер  әдісі(Д.  Пойя,  A.B.  Хуторской)  мәселенің  қиын 
жағдайында қосымша ақпаратты жинақтау немесе қолдағы ақпаратты талқылау 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау