«qs world University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің



жүктеу 12,29 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата25.01.2020
өлшемі12,29 Mb.
#27328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 7-8 (164-165), 

сәуір, 2014 жыл

Өткен ғасырдың басында-ақ Алаш 

қозғалысының көшбасшысы  Әлихан 

Бөкейханов: «Өзінің тарихын жоғалтқан 

жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда 

жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не 

қойғандығын білмейді, келешекте басына 

қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір 

халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің 

тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де 

жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп,  

қай заманда болсын қазақтың асыл мұраты 

болған  Мәңгілік Ел идеясының мәнісін дәл 

ашып көрсеткен. 

«Мәңгілік  Ел  ата-бабамыздың сан 

мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы 

екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем 

елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан 

ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемле-

кет атану еді,  ол арман  тұрмысы  бақуатты,  

түтіні  түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен 

қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл ар-

мандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік 

Елдің іргесін қаладық. Қоғамда «қазақ 

елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» 

деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп 

жүрміз. Біз үшін болашағымызға бағдар 

ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға 

жетелейтін идея бар. Ол  Мәңгілік Ел иде-

ясы.  Елбасы өзінің биылғы Жолдауында 

«Мәңгілік Ел – жалпыұлттық идея» екен-

МӘҢГІЛІК ЕЛ ӨЗЕГІ – ТАРИХ

дігін нақты айқындап берді.  

Өткен жылдың қазан айында Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни-

верситеті сияқты елордалық жоғары оқу 

орнында  Тарих факультетінің қайтадан 

ашылуы бұл бағытта атқарылып жатқан игі 

істердің маңызды бір нәтижесі. Сондай-

ақ, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев 

ұсынысымен  «Халық: тарих толқынында» 

деген тарихи зерттеулердің арнаулы 

бағдарламасы  отандық тарих ғылымын 

жаңа деңгейге көтеру, әсіресе, жастар 

арасында тарих білімі мен олардың та-

рихи сауаттылығының сапасын жақсарту 

жөнінде қажетті жағдайларды жасау 

қажеттілігі атап көрсетілді. Елбасы 

көрегендікпен айтқандай, бүгінде тари-

хи білімсіз қазақстандық отансүйгіштік, 

яғни «қазақстандық  жаңа патриотизм» 

қалыптастыру мүмкін емес.  Сондықтан да 

Тарих факультетінің ашылуы, осы саланың 

кәсіби мамандарын даярлауда атқарылған 

шаралардың бірі деп  қарастыру қажет. 

Осылайша, қазіргі кезде мемлекет тара-

пынан ұлттық тарихқа жіті көңіл бөлінуде. 

Өйткені, қазақтың мың жылдық ғұмырын 

тек қана ұлттық тарихты зерттеу арқылы 

баянды етуге болады. 

Тарих ғылымы тәуелсіздікті нығайтуға 

қызмет етуі тиіс екені белгілі. Қазақстан 

тарихын тәуелсіздік тұғырынан, жаңаша 

тың көзқараспен зерделеп, жазу керек.  

Бұл тұрғыда Л.Н. Гумилев атындағы Еу-

разия ұлттық университеті қабырғасында 

өтіп тұратын «Тарихшылардың ұлттық 

конгресі» қоғамдық бірлестігінің 

отырыс-жиындарының тікелей тари-

хи ғылымды одан әрі дамытудың өзекті 

мәселелерін,  республика бойынша та-

рихшылар ұсынған ғылыми-зерттеу 

бағдарламаларды талқылап, қарастыру, 

 

конгресс мүшелерінің көпшілігін құрайтын 



ЕҰУ тарихшыларының  мәртебесін арт-

тыратын  оқиға болып табылады.  2012 

жылдан шыға бастаған «Mangilik el» 

атты жаңа халықаралық тарихи ғылыми-

көпшілік журнал да зор сілкініс тудырып, 

жанды талас-дискуссия, талқылау орта-

сына айналды. Таяу және алыс шетелдер-

дегі түркітілдес мемлекеттерге тарайтын 

журнал әзірге 3 мың данамен шығады. 

Басылымның бас редакторы –  универси-

тет ректоры Ерлан Сыдықов. «Mangilik el» 

журналының басты мақсаты – ел тарихын 

терең зерттеп-зерделеп, көпшіліктің ара-

сында қызығушылық тудыру. Журналдың 

тарихымыздың жетістіктерін бүкіл әлемге 

паш етуі – университет  тарихшыларының 

шынайы мақтаныш  сезімін туғызады.

Бүгінгі күні Тарих факультетінің мін-

деті – ұлт тарихын зерттейтін, ұлт тарихын 

жаңаша пайымдап, шынайы тұрғыдан жаза-

тын білікті де кәсіби мамандар даярлау. 

Тарих ғылымдарының докто-

ры, профессор Тілеген Садықұлының 

басшылығымен қызмет жасайтын  Тарих 

факультеті құрамында: Қазақстан тарихы, 

археология және этнология, еуразиялық 

зерттеулер кафедрасы және К. Ақышев 

атындағы ғылыми-зерттеу институ-

ты бар. Факультетімізде жоғары білікті 

оқытушы-профессорлар қызмет атқарады

оның 15-сі ғылым докторы, соның ішін-

де: белгілі қыпшақтанушы-ғалым Бо-

лат  Ешмұхамедұлы Көмеков – ҚР ҰҒА 

толыққанды мүшесі, тарих ғылымдарының 

докторы, университетіміздің ректоры 

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов – ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі. Сонымен қатар, 

факультетте 20 тарих ғылымдарының кан-

дидаты,  1- PhD (философия докторы) 

еңбек етеді. Жалпы, факультет бойын-

ша ғылыми  дәреже 74% -ды құрайды. 

Олардың арасында  «ЖОО үздік 

оқытушысы» гранты мен Қазақстан Ре-

спубликасы Президентінің «Болашақ» 

халықаралық шәкіртақысының иегерлері 

бар. Сонымен бірге, факультетте Ресей 

Федерациясы, Түркия, Италия, Нидер-

ланды, Ұлыбритания, Болгария, Фран-

ция және тағы басқа да алыс және жақын 

шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу 

орындарының ғалымдары дәріс оқиды. Бұл 

– болашақ тарих мамандарына білім беруші 

ұстаз-ғалымдардың сапалық деңгейінің 

айқын көрінісі.

 

Факультетте үш деңгейлі оқыту 



бағдарламасы бойынша мамандар да-

ярланады. Олар: «5B020300-Тарих», 

«5В020800-Археология және этнология» 

мамандықтары бойынша (бакалавриат), 

 

«5М020800-Археология және этноло-



гия» «6М020300-Тарих» мамандықтары 

бойынша (магистратура), «6D020300-Та-

рих», 6Д020800-Археология және этноло-

гия мамандығы бойынша (докторантура) 

кәсіби мамандарды даярлайды. Сонымен 

қатар,  факультетте «5В0208000-Архео-

логия және этнология» мамандығынан 

«Археология», «Этнология және 

әлеуметтік антропология», «Өнер та-

рихы (алғашқы қауымдық, архаикалық 

және дәстүрлі өнер)»  бағыттары бойын-

ша мамандандырылған қос дипломды 

бағдарлама бойынша мамандар да даярла-

нуда.


2012-2013 жж. Қазақстан Республи-

касы Білім және ғылым министрлігінің 

ұлттық рейтинг Агенттігінің қорытындысы 

бойынша жоғары оқу орындары арасында 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің «5В020800 - Археология 

және этнология», «5В020300 – Тарих»  

мамандығынан кадрлар даярлауда 1-2 

орындарды иеленді.

2013 жылдың сәуір айынан бастап 

университетімізде келесідей тарих 

ғылымы бойынша «6D020300- Тарих»,  

«6D020200- Халықаралық қатынастар», 

«6D020900- Шығыстану», «6D050500-

Аймақтану» профиль бойынша доктор,  

философия докторы (PhD) ғылыми 

дәрежесін алу үшін диссертация қорғау 

бойынша Диссертациялық Кеңес жұмыс 

істеді.

Факультетте білім алушылардың 97%-ы 



мемлекеттік білім беру грантының иегер-

лері.  Студенттер арасында «Алтын белгі» 

төсбелгісі иегерлері де бар.

Алдағы оқу жылында факультет-

те «Мұражай ісі және жәдігерлерді 

сақтау (мұражайтанушы-тарихшы), 

«Мұрағаттану, құжаттану және құжатпен 

қамтамасыз ету», «Тарих (білім беру)» 

жаңа мамандықтарын үш деңгейлі білім 

беру бағдарламасымен ашу жоспарланып 

отыр.

2005 жылы  университетпен 



қабылданған мобильдік оқу үрдісі туралы 

«Болон үрдісіне» сәйкес факультетіміздің 

студенттері, магистранттары мен до-

кторанттары алыс шетелдерде міндетті 

тағылымдамадан өтеді.

Тарих факультетінің ашылуына 

орай өткізілген тұсаукесер рәсімінде 

халықаралақ және республикалық әдебиет 

саласы байқауларының жеңімпазы Арман 

Ғабдуллин  өзінің арнау өлеңінде:



...Азат елім айбарлым,

Атар таңым арайым.

Астанамыз ажарлы,

Ақордам алтын сарайым.

Түгендедік біз бүгін,

Тарихымның талайын.

Факультетім ашылса,

Шуағы елге шашылса,

Айналайын, қазағым,

Қуанбай қалай қалайын!?

Елдің көшін бастаған,

Нұрсұлтан текті ұлым.

Әлемді таң қалдырған,

Жетістігім көп бүгін.

Тарихымды танитын,

Шүкір міне, жетті күн...

Тарих факультетіміз,

Жас ұрпаққа береді,

Таусылмайтын көп білім.

Еуразиямда ең мықты,

Академик, достарым.

Солардың бәрін жинаған,

Бәтташұлы Ерландай,

Абыройлы ректорым!

Толғашы тілім, толғашы,

Жүректің сөзін жолдашы.

Тарих факультетіміз,

Білімнің болсын жол басы.

Аман болсын, Елбасы.

Құтты болсын, ашылған,

Ғылымның алтын ордасы,

деп жырлағандай, қазіргі кезде 

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің Тарих факультеті 

Мәңгілік Ел идеясының түп өзегі болып 

табылатын  - тарихты әрі зерттеуші, әрі 

жазушы, әрі насихаттаушы, әрі таратушы  

маман кадрларды даярлайтын   білім мен 

ғылым шаңырағына айналды.

Искакова Күлзира,

философ. ғ.к., профессор,

Қаленова Теңгеш,

Тарих факультеті деканының 

орынбасары, т.ғ.к., доцент



жүктеу 12,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау