11
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 7-8 (164-165),
сәуір, 2014 жыл
Л.Н. Гумилев атындағы Еу-
разия ұлттық университетінің
Халықаралық қатынастар факуль-
теті халықаралық қатынастар,
аймақтану, шығыстану, түркітану
және түрік тілі салаларында
жоғары білікті мамандар даярлай-
тын Қазақстанның жоғары оқу
орындарының факультеттері ара-
сында алдыңғы қатарда.
Факультетіміздің бакалав-
риат және магистратура білім
беру бағдарламалары бойын-
ша «Халықаралық қатынастар»
мамандығы «ACQUIN аккредит-
теу, сертификаттау және сапамен
қамтамасыз ету институты» (Гер-
мания) тарапынан аккредитация-
дан өтіп, сапа белгісіне ие болды.
Бұл дегеніміз түлектеріміздің ди-
пломдары шетелдерде мойындала-
ды деген сөз.
Мамандар әлеуеті бойын-
ша факультетіміз жетекші орын-
да. Факультетте 18 ғылым до-
кторы, 37 ғылым кандидаты, 12
PhD докторы және 42 магистр
Оқу – жетістікке жеткізетін тура жол!
қызмет атқарады. Студент-
терімізге тәуелсіз Қазақстанның
тұңғыш сыртқы істер министрі
Т.С. Сүлейменов, көрнекті қоғам
және саясат қайраткерлері, атақты
ғалымдар М.Ж. Жолдасбеков, С.
Батыршаұлы, Қ. Салғараұлы дәріс
береді.
Факультетте мамандарды даяр-
лау үш сатылы жүйе бойынша (ба-
калавриат, магистратура және PhD
докторантура) жүзеге асырылады.
Студенттердің негізгі бөлігін «Ал-
тын белгі» төсбелгісінің және мем-
лекеттік білім беру гранттарының
иегерлері құрайды.
Қазіргі уақытта факультетімі-
зде бакалавриаттың 5 мамандығы
(«5В020200-Халықаралық
қа -
тынастар», «5В050500 - Ай
-
мақтану», «5В020900 - Шы-
ғыстану», «5В021200 - Түркітану»,
«5В021014 - Шетел филология-
сы: түрік тілі») магистратураның
5 мамандығы («6М020200-
Халықаралық қатынастар»,
«6М050500 – Аймақтану»,
«6М020900 – Шығыстану»,
«6М021200 – Түркітану»,
«6М020500 - Филология:
түркі тілдері»), сондай-ақ PhD
докторантураның 3 мамандығы
(«6D020200–Халықаралық қаты-
настар», «6D050500– Аймақтану»,
«6D021200-Түркітану») бойынша
барлығы 835 адам білім алып жатыр.
2012 жылдан бастап
«Халықаралық қатынастар» және
«Аймақтану» мамандықтары
бойынша тек ағылшын тілінде ғана
оқитын академиялық топтар бар.
Бұл өз кезегінде жастардың факуль-
тетімізге деген қызығушылығын арт-
тыруда. Сонымен қоса факультетте
Жапония, Корея, Қытай, Египет,
Болгария, Түркия, Испания сияқты
мемлекеттерден арнайы ұзақ мер-
зімге шақыртылған шетелдік про-
фессорлар қызмет атқарып келеді.
Халықаралық қатынастар
факультетінің құрамында 10
құрылымдық бөлімше бар: 5 ка-
федра, ЮНЕСКО кафедрасы,
Еуропалық ақпарат орталығы,
Парсы тілі мен мәдениетін оқыту
орталығы, Пәкістан мәдениет және
тіл орталығы, Түркітану және ал-
тайтану ғылыми-зерттеу орталығы.
Сонымен қатар ғимаратымызда
тұңғыш, көрнекті, кәсіби қазақ
дипломаты Нәзір Төреқұлұлы
атындағы арнайы жабдықталған ау-
дитория бар.
Факультетіміздің тілдік және
білім беру бағдарламалары, яғни
испан, итальян, ағылшын, француз,
түрік, жапон, кәріс, қытай, араб,
урду тілдерін меңгеру техникалық
жабдықталған мультимедиялық ка-
бинеттер негізінде жүзеге асыры-
лып жатыр.
Факультетіміздің студенттері
қоғамдық және әлеуметтік өмірде
өте белсенді. Олар факультет, уни-
верситет, қала, республика және
халықаралық деңгейдегі барлық
іс-шараларға үнемі қатысады.
Нәтижесінде студенттеріміздің
көпшілігі әр түрлі іс-шаралар-
ды ұйымдастыру және өткізу
тәжірибесін жинақтады. Мыса-
лы, олар Астана қаласында өткен
Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымының сам-
миті, Ислам конференциясы ұйымы
Сыртқы істер министрлері кеңесінің
38-сессиясы сияқты іс-шараларға
еріктілер ретінде қатысты. Фа-
культетімізде «Дипломатиялық
Альянс», «Көзқарас», «Жапон
тілінің әуесқойлары», «Корей тілі»
клубтары жұмыс жасайды. Олардың
аясында жаһандық, аймақтық және
жергілікті мәселелер бойынша түрлі
тренингтер, дөңгелек үстелдер,
семинарлар мен пікірсайыстар
тұрақты түрде ұйымдастырылып
отырады. Жалпы университеттік
Жастар саясаты орталығы жанында
факультетіміздің Жастар орталығы
қызмет атқарады. Бұл орталықтың
көмегімен студенттеріміз өзін-өзі
басқаруды үйрену мүмкіндігіне ие.
Факультетіміз ҚР Сыртқы
істер министрлігінің орта және
жетекші құрамында, Елшіліктер-
де, халықаралық ұйымдардың
өкілдіктерінде, шетел компания-
ларында, Қазақстандағы шетелдік
мәдениет орталықтарында қызмет
атқаратын өз түлектерін мақтан
тұтады. Магистратура мен PhD
докторантураға түсіп, универси-
тетімізде оқытушылық қызметпен
айналысып жүрген түлектер біздің
мақтанышымыз.
Бізде алынған білімді тек
Қазақстанда ғана емес, шетелдерде
де мойындауда. Бұл факультетіміздің
жетістіктерінің айғағы. Бізге
оқуға түсу арқылы халықаралық
қатынастар саласындағы та-
бысты мансапқа қол жеткізудің
алғашқы қадамын жасауға бола-
ды. Сондықтан факультетіміздің
мамандығын таңдаған талапкердің
болашағы жарқын болатынына
сенімдіміз!
Халықаралық қатынастар
факультетінің деканы
Б.Ж. Сомжүрек
Мен, Касенова Жанна Еуразия ұлттық университеті халықаралық
қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының түлегімін. Аталмыш
кафедраның шығыстану мамандығы араб тілі бөлімінде білім алдым.
Шығыстану кафедрасының оқытушылар ұжымына айтар алғысым шексіз.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы Ливия Елшілігінде қызмет етемін.
Еліміз жылдан жылға шығыс елдірімен, оның ішінде араб елдерімен
қарым-қатынастарын арттырып келеді. Ендеше араб тілін білетін
мамандарға сұраныс әлі де арта береді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасы территориясында тоғыз араб елшілігі бар
болғанына қарамастан, араб тілінде сөйлейтін мамандар саны аз.
Сондықтан да, болашақ мектеп түлектері, шығыстану мамандығы бойынша
білім алу ертеңгі болашағыңыздың кепілі болады деп сендіргім келеді.