Кәсіби диагностикалық жұмысқа келетін болсақ, (презентация диагностика қорытындысы) ең алдымен оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау қажет; мамандық туралы хабардарлығын тексеру; табандылықтарын зерттеу; Д.Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тестісі; «Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы; Қызығушылық картасы (Голомшток әдістемесі бойынша); кәсіби ынталану т.б. онлайн түрінде де сұрақтарға жауап алып, өз бағыттарын анықтауға септігін тигізеді. Өзімнің практикамда қолданып жүрген әдістердің бірі Голланд сұрақнамасы, осы сұрақнама арқылы оқушылардың тұлғалық типтерін анықтау арқылы жұмыс жоспарлаймын. Яғни осы саладағы мамандықтар жайлы ақпарат әзірлеп, арнайы мамандармен кездесулер ұйымдастыруда, немесе оқу орындарына экскурсиялар жоспарланып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |