Психология психикалық кубылыстардың пайда болуын, даму жене қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психология адам өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады



жүктеу 0,99 Mb.
бет16/32
Дата07.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#37118
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Психология сессия ответы

Атрибуция (Каузальды) – құбылысқа, адамға немесе бір тікелей қабылдауға әсері болмайтын қасиетті тіркеу. Атрибуция – тұлғааралық қатынастар жағдайында кісінің басқа адамдардың мінез-құлық себептері мен мотивтерін түсінуі. Оны зерттеу мына жағдайларға негізделеді:

  • адамдар бірін-бірі тану кезінде тікелей қабылдау процесімен ғана шектелмей, олардың мінез-құлқының себептері жөнінде өздігінше тұжырым жасап, талдайды;

  • адам жөнінде бақылау негізінде алынатын ақпарат сенімді қорытынды жасауға жеткіліксіз болатындықтан, бақылаушы мүмкін болатын мінез-құлық себептері мен тұлғалық қасиеттерді соған жатқызады;

  • мұндай себептік талдау бақылаушының мінез-құлқына әсер етеді. Атрибуцияны зерттеумен бұрын тек қана әлеуметтік психология ғана айналысқан болса, қазіргі кезде оны жалпы психология да, педагогикалық психология да, жастық психология да, спорт психологиясы да өздігінше зерттейді. Атрибуция негізін салған Ф.Хайдер. Ол бұл мәселенің негізгі категориялары мен қағидаларын жасап шығарды.



  1. Эмпатия және антипатия.

Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.

Эмпатия – эмоционалды жағдайды түсіну, ену — басқа адамның тәжірибесіне сезімталдық. Эмпатияның басқа таным механизмдерінен ерекшелігі-рефлексияның төмен деңгейі.

Эмпатия қабілеті тұрақты емес, әдетте ол өмірлік тәжірибенің жоғарылауымен артады.

Эмпатияны жүзеге асыру қарым-қатынас серіктесін сөзсіз құндылық ретінде қабылдауды қамтиды. Айта кету керек, эмпатикалық түсіну психикаға ауыр жүктеме болып табылады.

Эмпатияның дамуына ата-ана мен бала қарым-қатынасы үлкен әсер етеді.

Антипатия (грек. antіpatheіa, гр. αντιπάθειααντι — «қарсы», πάθος — «құштарлық»)) — әлеуметтану мен психологияда қолданылатын термин. Антипатия — ұнату немесе адамның бір-біріне көңілі ауу сезіміне қарама-қарсы ұғым. Алғаш рет Я.Л. Морено (1892 — 1974) тұлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін қолданды. Морено әдісі адамдардың шағын бірлестіктері (отбасы, ұжым т.б.) ішінде қарым-қатынас процесін белгілеу, сипаттау, мінездеу мүмкіндіктеріне жол ашты. А. — ұжым қызметінің нәтижелілігін азайтып, адамдар арасында қарама-қайшылықтар туғызатын фактор болып табылады.

  1. Стереотип психологиялық мәселе ретінде.

Бейтаныс адамдарды қабылдау әртүрлі психологиялық механизмдерге негізделген. Бірінші жағдайда қабылдаудың негізгі психологиялық механизмі-әлеуметтік стереотиптеу процесі.


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау