«психология және арнайы педагогика» кафедрасы



жүктеу 0,93 Mb.
бет3/8
Дата31.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#37292
1   2   3   4   5   6   7   8
5 апта срс Бектасова Б ТП-18-2к1

Дыбыстық жинақтау әдісі.

Осы әдісті Ресейде өткен ғасырдың 60-жылдарында Н.А.Корф (1834- 1883) қолданды. Бұл метод оқу объектісі етіп дыбысты алады.

Дыбыс әдісі синтетикалық әдіске жатады. Балалар көрген әріптің таңбалары арқылы дыбыстың атауларын ұғынып, олардан буын немесе сөз жинақтап құрастырады. Мұғалім көрсеткен жаңа әріптің дыбыстық мәні түсіндіріледі, әріптердің арнаулы дыбыстық атауы ұғынған бала сол дыбыстарды еш қоспасыз дыбыстау жолымен буын не сөз құрамына ендіреді. Мысалы, орысша шар сөзінің құрамындағы дыбыстарды бір-біріне жалғап айту жолымен оқылады. Содан соң дыбыстарының арасы біріктіріліп бірден оқылады. Бұл процесс мұғалімнің бастауымен орындалады. Ал, дыбыс әдісінде әріптердің аты ескерілмейді. Қайта балалар көрсетілген әріптердің аты деп оның дыбыстық мәнін ұғынады. Сол дыбысты атау жолымен әріптерді таниды. Демек әрбір заттың тиісті атауы болатынын білетін бала белгілі әріп таңбасының да аты арнаулы дыбыс екен деп түсінеді. Сөйтіп әріптің атымен ісі болмайды.

Әріп қосу әдісі бойынша оқытқанда, балалар әріптердің аттары арқылы оның дыбыстық мәнін жобалап, жорамалдап түсінетін болса, енді дыбыс қосу әдісінде оқушылар әріптің таңбасы бойынша оның қандай дыбыс деп айталатынын дайын түрде бірден қабылдайды.

Сонымен дыбыстық жинау әдісін қолданғанда, алфавит әріптерінің дыбыстық мәні үйретіледі де, әріп аты ескерілмейді, аталмайды. Сөзді оқытқанда, оның құрамындағы әріптерді дыбыстық мәні бойынша қосып сөз құрайды. Яғни, оқушы жеке-жеке әріптерді көре тұрып, ол арқылы берілетін дыбыс еш қоспасыз айтылады. Мәселен, қазақша мал сөзін оқу үшін, оқушы мұғалімнің бір-бірінен соң тақтаға тізген м-а-л әріптерінің дыбыстық мәнін дауысты соза айту арқылы бірден қосып оқып шығады. Соңынан мал сөзін тұтас күйде тез оқиды. Бірақ осындай дыбыстардан жинақталған сөзге талдау жасатылмайды, демек ол сөздің құрамында қандай-қандай дыбыс бар екені ажыратылмайды, анализ процесі жүрмейді.

Қорыта айтқанда, жазуға үйретудің аналитикалық не синтетикалық әдістері бұл маңызды проблеманы тиімді шеше алмайды. Ізденіс жалғастырыла беріледі. Дүниеге дыбыстық-талдау әдісі келді, осы әдістің Ресейдегі авторы К.Д.Ушинский болды. Ол хат тануда әріп қосу әдісіне қарама-қарсы әдіс қолданады, яғни әріп қосу әдісіндегідей әріптен дыбысқа қарай емес, керісінше, дыбыс танытудан әріпке қарай өтеді. Мұнда негізгі әріп емес дыбыс.

Ушинский өзінің сауат ашуға үйрету әдісінің негізгі белгілері ретінде төмендегілерді атаған:



  1. Балаларды әріп элементтерін жазуға дағдыландыру.

  2. Балаларды сөз ішіндегі жеке дыбыстарды табуға үйрету.

  3. Балаларды дыбысты анық айтуға жаттықтыру.

  4. Балалардың назарын сөзге және оны құрайтын дыбыстарға аудару.

  5. Балаларды айтылған, жазылған не баспаша терілген сөздерді ажыратуға я қайтадан құрай білуге үйрету.

Сөйтіп ұлы педагог балаларға тілдің дыбыстық жағын үйрету принципін ендірді. Ол сауат ашуды жекелеген дыбыстарды, олардың сөз ішінде естілуінен бастайды. Ушинскийдің оқуға үйрету әдісі балалардың өздері жазған сөзді оқыту жолымен жүзеге асырылған. Соған орай ол өзінің әдісін «жазу-оқу методы» деп атайды. Ушинский жазу қызметін талдау жолына, жазылғанды оқу процесін жинақтау тәсіліне саяды, осыдан келіп дыбыстық талдау-жинақтау әдісі болады. Оқушы жазу үстінде тиісті сөздің қандай дыбыстардан құралып тұрғанын, яғни оның құрамында қандай дыбыс бар екенін тауып ажырату арқылы талдау процесін жүргізеді, ал, жазылған сөзді оқу барысында ол сөзді құрайтын дыбыстарды танып, оларды бір-біріне ұштастырып жинақтайды, осыдан келіп дыбыс жинақтау процесі жүреді.

Ушинскийдің әдісі бойынша әуелі ауызша таңдау жасалынады, содан кейін танысқан дыбыстың әрпін немесе жаңа дыбыс қатысқан сөз жасалады, ең соңында жазылған әріп не сөз жазылады. Демек, жазуға жетекші роль беріледі. К.Д.Ушинский балаларды жазуға үйретуді жазба шрифт түрінен бастаған, жазғандарын оқып отырған. Ал, он-он бес әріптің жазба таңбасын үйреткен кейін әріптердің баспа түрін де қатар жаздырған. Ушинскийдің талдау және жинақтау процестерін жүргізу үшін төмендегідей көптеген методикалық тәсілдер мен жаттығу түрлерін ұсынады:






жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау