Программалау тілдері жоғары оқу орындарына арналған оқулық


Алгоритмнің өрнектелу жолдары



жүктеу 2,9 Mb.
Pdf просмотр
бет8/82
Дата19.11.2018
өлшемі2,9 Mb.
#20460
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82

 
18 
1.6 Алгоритмнің өрнектелу жолдары 
Алгоритмдерді  компьютерде  орындау  ҥшін  оларды  алдын  ала  жазып  алу 
керек,  яғни  ол  белгілі  бір  заңдылықпен  ӛрнектелуі  тиіс.  Жалпы  алгоритмді 
ӛрнектеу тҥрлеріне: 
1) табиғи тіл арқылы жазу
2) белгілі бір тҥйінді сӛздер – терминдер (псевдокодтар – жалған кодтар) арқы-
лы қысқаша тізбекті тҥрде жазу, мҧны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады; 
3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу; 
4) программалау тілдерінде жазу жолдарын жатқызуға болады 
Бірақ алгоритмді табиғи тілде ӛрнектеу компьютерде қолданылмайды, ӛйткені 
онда  дәлдік,  нақтылық  болмайды.  Ал  алгоритмді  екінші  кӛрсетілген  жолмен 
ӛрнектеу  қарапайым  алгоритмдік  тіл  деп  аталып,  алгоритмді  компьютерге  дейін 
жазу  ҥшін  кеңінен  қолданылып  жҥр.  Мҧны  олардың  ағылшын  тіліне  негізделіп 
жасалған программалау тілдеріне жақындығымен тҥсіндіруге болады 
Алгоритмдерді  график  жолымен  жазу,  онан  кейін  оны  программалау  тілін-
дегі  программаға  айналдыру  істері  мемлекеттік  стандартпен  бекітіліп  ақпарат 
ӛңдеу жҧмысында кеңінен қолданылып келеді
Сонымен, программалау тілдері есептерді шығару жолын баяндау-ӛрнектеу 
ҥлгісі, белгілі бір мәселені шешу негізінде орындалатын әрекеттерге басшылық
ой  еңбегін  ҥнемдеуге  мҥмкіндік  беретін  әдіс,  есеп  шешімін  табуды  автомат-
тандыруға  қажетті  іс-әрекет,  жаңа  мәселені  шешу  кезінде  қолданылатын 
тәсілдер,  кҥрделі  процестерді  ӛрнектеу  және  математикалық  дәлдікпен  анық 
етіп жазу қҧралы бола алады. 
1.6 Компьютерде есеп шығару кезеңдері 
Компьютерде есеп шығару кҥрделі процесс болып есептеледі, ол тӛмендегі 
кезеңдерден тҧрады: 
1. Берілген есепті математикалық тҥрде ӛрнектеу, яғни есепті  мәселе ретінде 
қоя білу. 
2. Есепті шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.       
3. Есепті шығару жолын алгоритм тҥрінде бейнелеу. 
4. Есепті компьютерде шығару программасын жасап, оның қателерін тҥзету. 
5. Есепке керекті мәліметтер дайындау. 
6. Компьютерде есепті шығару және шыққан нәтижені іс жҥзінде қолдану. 
Берілген  есепті  математикалық  тҥрде  ӛрнектеу  дегеніміз  –  есептің  берілген  мәндерін 
математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды 
анықтау болып саналады. 
Кҥрделі  формулаларды,  теңдеулерді  арифметикалық  амалдар  тізбегіне 
айналдыру есепті  шығарудың сандық тәсілдерін табу не анықтау жолы болып 
есептеледі. Қазіргі кезде барлық есептердің шығару жолының сандық тәсілдері 
белгілі  десе  де  болады,  тек  солардың  ішінен  ӛзімізге  тиімді  жолын  таңдап 
алуымыз  керек.  Бҧл  мақсатта  есепті  шығару  дәлдігін,  нәтижені  жылдам  табу 
мҥмкіндігін, мәліметтерді дайындау мен есепті шығарудың бағасын салыстыра 
отырып қарастыру қажет. 


 
19 
Есептің  алгоритмін  жасағанда,  оның  шығару  жолын  тізбектелген  іс-
әрекеттер ретінде схема тҥрінде ӛрнектеу қалыптасқан. 
Программа жасағанда қазірде кеңінен тараған программалау тілінің бірінде 
алгоритм нақты тҥрде жазылады. Бізде кең тараған тілдерге Бейсик, Паскаль, С 
жатады.  Жазылған  программаның  қатесін  тҥзету  компьютердің  кӛмегімен 
шешіледі,  ӛйткені  жіберілген  қателерді  тек  компьютер  ғана  жылдам  аңғарып, 
тҥзету мҥмкіндігін береді. 
Есепті  шығаруға  керекті  деректерді  сҧрыпталған  кҥйінде  алдын  ала  қағазға, 
әйтпесе магниттік дискіге жазып, компьютердің жадына реттей отырып енгіземіз. 
Есептің  нәтижесін  алған  соң  шешім  қабылдау  және  оны  іс  жҥзінде  қолдану  – 
мамандардың жҧмысы. Тек солар ғана белгілі бір шешім қабылдай алады. Бірақ 
оқып-ҥйрену  барысында  кездесетін,  яғни  студенттерге  арналған  есептерде 
жоғарыда  кӛрсетілген  сатылардың  бірсыпырасы  болмайды,  ӛйткені  олар  бірден 
формула  кҥйінде  беріледі,  шығарудың  сандық  тәсілі  формулада  айқын  кӛрініп 
тҧрады  (интеграл,  туынды  болмаса),  нәтижені  алған  соң,  оны  жазып  алу  жеткі-
лікті. Мәселені шешудің немесе есеп шығарудың кӛрсетілген алты сатысы кҥрделі 
ӛндірістік есептерде, дипломдық немесе курстық жҧмыстарда жиі кездеседі. 
1.7 Алгоритмдерді графикалық түрде жазу 
Алгоритмдерді  ӛрнектеудің  кӛп  тараған  тҥрі  –  оны  график  арқылы  бей-
нелеу. Ал бҧл тҥсінікті, анық, кӛрнекті тҥр болып есептеледі. Тек оларды сызу 
кӛбірек  еңбекті  талап  етеді.  Графикалық  жолмен  алгоритмдерді  жазу  ҥшін 
мемлекеттік  стандарт  белгіленген,  онда  кез  келген  амал  белгілі  бір  гео-
метриялық  фигурамен  ӛрнектеледі.  Ол  фигуралар  немесе  блоктар  амалдар 
символы  деп  те  аталады.  Блоктар  бағытталған  сызықтармен  байланысып, 
бірінен  соң  бірі  орналасады.  Жиі  қолданылатын  амалдар,  яғни  мәліметтерді 
компьютерге  енгізу,  формуламен  есептеу,  шарттардың  орындалуын  тексеру, 
нәтижені  қағазға  басу  символдары  1.1-кестеде  кӛрсетілген.  Осы  суреттегі 
кӛрсетілген  блоктардан  (символдардан)  алгоритм  схемалары  қҧрастырылады. 
Алгоритмдер  схемасымен  ақпаратты  ӛңдеудің  әрбір  сатысы  немесе  орында-
латын операциялар реті анықталады. Кейде алгоритмдер схемасын оның блок-
схемасы деп те атайды. 
Алгоритмдерді  бейнелеу  блоктары                                  1.1 кесте 
Іс-әрекет аты 
Блоктың пішімі 
Атқаратын жұмысы 
 
 
       Процесс 
 
 
 
 
Математикалық 
ӛрнектерді есептеу 
 
    Басы – соңы 
 
 
 
 
 
Алгоритмдерді бастау, 
аяқтау 
b
 
a
 
0,5a
 
b
 
R=0,25a
 


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау