«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring- тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.
Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және ирархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресустарын пайдаланады. Жергілікті ресустың ортаққа айналдыруы компьюрерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольдіде белгілейді.
Бірыңғай желілердегі ОЖ –лер ортақ ақпараттық ресустардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын қамтамасыз етеді.
ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:
* МS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді.
Негізгі желілік топологиялар.
Желілік техникалық құралдар
Клиент-сервер технологиясы
Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистралға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған комутациялық түйін –желілік сервер болуы тиіс ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланыста негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
кабельдер;
серверлер;
жергілікті интерфейс тақталары;
концераторлар;
коммутаторлар;
аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылыды. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып онымен мәлімет алмысу мүмкіндігін береді. «Модем» - деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сингалдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Клиент – сервер технологиясы
Жергілікті желілердегі компьютердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылыды.
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы бір – бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының нагізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына мәліметтерді енгізу және шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық серверлер – термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтер барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі.
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларына тәуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлық серсерлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады.
Microsorft Internet Explolrer
6 программасымен танысу
Веб – беттерді және файл түрінде сақталған мәліметтерді түсінікті түрде экранға шығару жеңіл емес. HTML форматында дайындлатын Web – беттерді іздеп және оларды қалыпты жағдайда экранға арналған браузер атаулы арнайы программалар бар. Қазіргі кезде олардың ішінде көп пайдаланылатын – 3.02, 4.0, 4.01,5 нұсқалары Microsorft Internet Explolrer программасы. Олар Windows 95-пен Windows – 98 – дің Explolrer құрамына стандартты программа түрінде енгізілген. Оны веб шолушысы деп те атайды. Алғаш рет ағылшын Explolrer терезесінде «Интернетке қош келдіңіз» тақырыбы енгізілген. Веб - беттің көрінуі мүмкін.
8.1.3. – тақырыпта гиппер сілтеме арқылы интернеттің басқа веб –беттеріне өту жолы қысқа түрде мәлімденген болатын. Қалып – күй жолының сол жақ шетінде көрініп тұрған мәтін, гиппер мәтін адресі т.с.с.
Веб-беттерге өту мен қайтудың терезенің панелінің кейін алға түймелері арқылы орындау да мүмкін.
Кейін түймесі ретімен басу арқылы жұмыс істеп тұрған күнгі маршрут веб-беттерінің алдыңғысына өтуге тіпті олардың ең бастапқысына жіберуге болады;
Алға командасы кейін командасын берген соң одан соңғыларына қайтып оралу үшін беріледі.
Түрлі серверлерде веб-беттер символдары түрлі кодтар бойынша жазылуы мүмкін. Қабылданған веб-бетті оқи алмасағыз, Internet Explolrer терезесіне сервер шолушы қасиеттер комендасын беріп, ашылған терезенің веб-бетінің шрифтері өрісіне қажетті қазақ әріптерінің атауын таңдау керек.
Тізімнен қажетті код таңдалатын одан әрі сыртқы түр шрифтер командасын беріп, көрінетін тізімнен қажеттісі ерекшелінетін ол терезеде көрінген әріптерді үлкейту, кішірейту қыжет.
INTERNET'>Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
Әлеуметтік пәнде болғандықтан адам әрқашанда сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді таратар ертеңі таң қалдырып, өзіннің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққы тез үйренеді, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000компьютер қосылады екен. ISOC ( Internet Society-Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Internet- пен қатынас құру.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), аурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файылды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol –FTP) Практикада ҒТР немесе ftp термені жиі ұшырасады. Каталогтар немесе почталық хабарда «файылды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файылды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатыны білдіреді. ҒТР арқылы қызымет ететін арнаулы программа бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәлметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз пояталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәлметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (Nameid) және немесе паролін (password) білу қажет болады.
ҒТР- серверінің мәлметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp.relecom.su nameid password -FTP- серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relecom.su -ҒТР –серверінің қажетті информатциямен толықтырылған аты;
nameid- пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі;
Паролді немесе өз атын енгізбегенде, ҒТР- сервер тек шектеуге командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда;
Help – сервер командалары бойынша анықтама беру;
Quit – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болс, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
Cd католог аты – катологты ауыстыру:
Cd.. жоғары деңгейден катологқа қайту;
Get файл аты ҒТР – серверден файл алу;
Binary – екілік файлдарды жіберу алу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj), rar. tar, zip және т.б.)
Dir – ағымдағы католог файлдары тізімін беру.
ҒТР – сервермен байланысу сеанысында пайдалануға болатын камондалар жиынтығын Help командасы арқылы алуға болады.
ҒТР – серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
Cd pub – барлық ҒТР – серверін пайдаланушыларға ашық РАВ катологын (директорын) пайдалану:
Dir – сол католог файлдар тізімін беру:
Get 03ndex txt – ҒТР – серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу:
Binary – екілік файлдарды өңдеуге өту:
Get far 140. zip ҒТР – серверден екілік файл алу:
Quit ҒТР – серверден ажырау (байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфеистің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі катологтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігін онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайды графикалық интерфеисі бар браузерлердің шығуына «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасының Internet Explorer пиктограммасын табу қажет. Соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Internet Explorer - ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол пробайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты – жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы интернетке қвосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон номері. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «байланыс орнату» (установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орныдалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болды. Оларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал сеанс кезінде орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен «адрес» өрісін қарастырайық, бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftp://ftp.relecom.su
Адрес терілген соң, «Enter» пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарыға оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы ҒТР серверіне байланыстың толық орнатылып тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Құрал-саймандар тақтасындағы «Тоқта» (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірінші парақмәтін алған болсаңыз, «Алға» және «Артқа» батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. «Таңкдамалы» (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақтар өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінрді аспай-саспай қарап шығуға болады.
Internet Explolrer программасын орнату
Internet Explolrer –ді Іске қосар алдында желімен аласатын қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңзді байланыстырады. Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль осыған қоса провайдер сервермен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Осы сәттерде сіздің эраныңызға алыстағы компьютерлермен қатынас құрған терезелер шығады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explolrer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде олардың басу кеектігі онша түсінікті бола бермейді.
Адрес енгізілген сәттен бастап, интернет терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explolrer эмблемасының айнылуы FТР сервермен байланыстардың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Құрал саймандар тақтасындағы тоқта кез келген батырмасын басып қалып, FТР сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сиянс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз алға және артқа батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. Сонымен FТР сервермен сиянс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай – саспай қарап шығуға болады.
Баспа батырмасы экранға көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған нүкте. Егер сізге қаріп пішімі ұнамаса, онда шрифт батырмасы арқылы үлкейтуге не кішірейтуге болады. Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FТР серверге ауыса аламыз. Ол үшін адрес деген терезеге жаңа адрес енгізіп ентер пернесін басу жеткілікті. Керекті адрес таңдамалар батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.
Браузерлермен жұмысты аяқтау үшін «Файл» менюінің «Жабу» пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Х» батырмасын пайдаланса да болады.
Outiook программасын орнату
MS Outiook программасын интернет пайдаланылатын стандартты негізінде жасалынып электронды почтамен және жаңалықпен жұмыс істеуге арналған MS Outiook нұсқасында мынадай жаңа қызмет атқарады.
Бірнеше пайдаланушыларға арналған диспечерді пайдалана отырып, Outiook хр программасын пайдаланушылары үшін жеке баптау параметрін беруге болады: ROPMAIR қызмет бойының барлығымен жұмыс істейді.
ROPMAIR есеп алу байланыстар Windows – тағы байланыстармен үйлестіре алады. Дербес авто түрде жұмыс істеу және хабарламаларды үйлестіру, реттеу (срихандров).
IMAP – жаңалықтармен бумалар автонурды режимде жүктеуге болады. Автонурдық режимде жасалып, әректтеу хабарлама жіберу, хабарламаларды есепке алу көшінде жылжыту, желіге қосылғанда орындалады.
Хабарламалар үшін кеңейтілген ережелер деген бірсыпыра қосымша параметр әрекеттер кіреді. Олар белгілі бір хаттамалардан хабар алдырмау мүмкіндік енгізу және жаңалықтар алынатын хабарлама алудың істерді де қамтиды.
Бірнеше қолтаңбаларды қолдану.
Сандарды шектеусіз көптеген қолтаңбалар жасап, оларды пайдалануға болады. Олардың әрқайсысын бір немесе бірнеше жазбалармен байланыстыру мүмкіндігі бар.
Қауіпсіз пачтаны SIME әр командада орнатылған сфералық куәліктерді автоматты түрде іздеп табады да, оларды есепке алу жазбалармен байланыстырады. Сонымен қатар программа адрес кітабына басқа да хабар жөнелтулерді сфералық куәліктерін қосып қояды.
Телефон нөмірін теру. Адрестік кітапта көрсетілген кез келген нөмірін команда нөмір тергіш программа арқылы теруге болады.
Түзетілген және жөнелтілген хабарламалар Outiook хр программасы аяқталмаған хабарламаларды IMAP серверінің (черновки) бумасында сақтай алады. Ол жіберілген хабарларды жөнелтілген (отправить) бумасында сақтау.
IMAP бумалары диспечер бумалар тізімінде IMAP бумаларды бейнелеуде немесе жасырып қоюды беру мүмкіндігі бар.
Жазылу жүргізілген бумалар ғана бейнеленеді.
Интернет каталогында кеңінен іздеу каталогтар серверінде GDAP мәлімет іздеу ісін қосымша параметр логикалық операторлар пайдалану арқылы жүргізуге болады.
Талқылауды қарап шығу және өткізу, жіберу почтадағы немесе жаңалықтарды талқылаудағы көрінетін етіп бейнелеу қажет. Осы талқылаудан келіп түсіп жадқа хабарлама беріп тұрады. Талқылауды өткізіліп жіберілген деп тбелгілесек, оған келіп түсіп жатқан хабарламалар белгіленбейді.
Гиппермәтіндік хабарламалар түзету HTML хабарламаларды редакциялау олардың ішінде HTML кеңейтілген нұсқасын пайдалануға болады.
Хабарламалар үшін бағытталатын кесінділерді баптау кезіндегі баптау мәтін 10-нан аса параметрлер бар.
Қажетсіз хабарламалар тек өткізілмейтін почтаны, яғни адамдардан кейін хабарламалардың мазмұны сәйкес келмейтін хабарламалар үшін бақылау енгізуге болады.
Блоктерді жасау шебері.
Гиппермәтіндік блоктерді жасау шеберін оңайлатқан. Блоктерді шеткі өрістердің шрифтері фондық суреттерді және мәтін суреттерді беруге болады.
Электрондық поштада хат жазу
Хабар жасау ретінде мәтінді алушының адресіне және жаңадан шығатын хабар тақырыбын енгізу түсіндіріледі. Outiook Express хабарын жасау үшін хабардың жеке терезесі қарастырылған. Бұл терезе негізгі терезеден немесе Outiook Express қарау терезесімен, сонымен қатар хабар жасау терезесінің өзінен шақыру мүмкін. Бұл кейбір хабарды жасай отырып, екінші терезені шақырып, бір уақытта екі хабарды жасауға болатынын білдіреді. Негізнде хабар жасау ашық терезелері санның кез келген болуы мүмкін.
Хабар – хабар жасау бұйрығын таңдаңыз немесе құралдар панелінің «хабар жасаңыз» кнопкасын басыңыз. Экранда хабар жасау терезесі пайда болады. Оның жұмыс аумағы екі негізгі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы жақта қызметтік ақпаратты енгізуге арналған өріс, ал төменгісінде хабар мәтіні орналасады.
Хат мәтін дәл мәтіндік файлды тергендей етіп теріңіз.
Хат жолдау үшін Файл → Жіберу бұйрығын немесе Жіберу кнопкасын шертіңіз. Кеткен папкада жіберілген хаттар саны пайда болады. Сәтті жіберілген кезде, олар бұл папкадан ғайып болады.
Пошта жәшігін көру
Электорндық пошта абонентінің пошта жәшігі сервердің тұрғылықты дискідегі пайдаланушыларға бөліп берілген аумақ болып табылады. Ал пошта сервер пайдаланушылардың пошта жәшіктері орналасатын қашықта орналасатын компьютерлер болып табылады.
Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көріністе болады: am @ үйшік, бұндағы aт (логин) – пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілетін бірегей ат. Үйшік сіз таңдаған пашта серверін көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады. Олар жоғары деңгейдегі үйшік және екінші деңгейлі үйшік. Е-mail.kz, ok.kz, host.kz және т.б.
Пошта қызметі сайтына кіру үшін алдымен Internet желісіне қосылып, Web-шолғышты іске қосамыз да, мекенжай жолағына пошта серверінің мекенжайын енгіземіз. Егер біз е-mail.kz пошта қызметін таңдасақ, шолғыш терезеде алдымен толықтырып тікелей нысанды көреміз. Бұл үшін тіркеу батырмасын шерту қажет. Өрістерді мына ретпен толықтырамыз.
Сіздің логиніңіз: Сіздің пошта жәшігіңізде бірегей атауы - әрқашан латын әріптерімен жазылады. Мысалы: my_ е-mail.
Шынайы атыңыз: Сіздің хатыңызға қойылатын қолтаңба.ъ
Құпия сөз: Пернетақтаның рұқсат етілетін нышандары.
Мысалы: 1963 (қойып кітапшаға жазып алған дұрыс болар);
Құпия сөзді қайталау: 1963.
Сақтау е-mail: құпия сөзді жоғалтып алған жағдайда керек болатын электорнды пошта мекенжайы. Ypok @mail.kz.
Тіркелу батырмасын басамыз, бұл кезде серверде «1963» деген сөз бар my e-mail @ mail.kz атты пошта жәшігі жасалады. Егер сіздің логиіңіз бірегей емес болса немесе сіз рұқсат етілетін құпия сөз енгізсеңіз қате туралы хабарлама шығады да, Сізге өз логиіңіз бен құпия сөзіңізді қайта енгізуге тура келеді.
Электорндық пошта көмегімен
файлдар қабылдау, жіберу
Мәлімет құру үшін мәзір арқылы берілетін команда:
Мәлімет – Мәлімет құру.
Команданы аспаптар панелінің «Мәлімет құру» түймесін шерту арқылы беруге де болады. Экранда осы атаулы терезе көрінеді. Терезеге енгізілетін мәзір пунктері:
Файл: Жіберу, Адрестік кітап, Қасиеттер, Жабу;
Түзету: Болдырмау, Кесу, Көшіру, Кірістіру, Бәрін таңдау, Іздеу;
Сыртқы түрі: Аспаптар панелі, Форматтау панелі, Символдар жиынтығы;
Мәлімет: Мәлімет құру, Қабылдаушыларды таңдау, Орфография, Атауларды тексеру, Маңыздылық;
Кірістіру: Мәтіндік файл, Файл, Қолтаңба;
Формат: Шрифт, Туралау, Маркерлер, HTML форматы, Әдеттегідей мәтін, Бапқа келтіру, ... ;
Анықтамалық: Анықтамалық шақыру.
Программа жөнінде терезеде орындалуы тиіс іс - әрекеттер:
Төмендегі блогқа мәлімет мазмұнын, «Кімге» қатарына жіберетін электрондық адресті енгізу.
Кірістіру – Қолтаңба командасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеге өз аты-жөніңізді, элктрондық адресіңізді және мәлімет жазылған уақытты енгізу.
Кірістіру – Мәтіндік файл командасын беріп, жазылған мәліметті файл түрінде сақтап қою.
Файл – Жіберу командасы арқылы поштаны жіберу. Егер файл түрінде сақталған мәліметті жіберу керек болса, Кірістіру – Мәтіндік файл командасын беріп, қажетті файл файл атауын шерту керек. Оны бірден жіберу үшін Мәлімет – Поштаны жіберу командасы арқылы орындалады.
Қабылдау режиміндегі жұмыс:
ЭП терезесін эранға шығару;
Оның «Бумалар» тізімнен «Кірістірілгендер» бумасын таңдау. Қабылданған мәлімет атауы терезеге шығады.
Атауды таңдау. Таңдалған файл мазмұны терезенің төменгі блогында көрінеді.
Одан әрі Түзету – Оқылған ретінде белгілеу командасын беріп, мәліметтін қабылданғанын белгілеп қойған жөн.
Пошта программасы Internet Explorer терезесінен қосуға да болады. Ол үшін аспаптар панелінің Пошта түймесін шертіп, көрінген мәзір пунктінен «Поштаны оқу» жолын таңдау.
Outlook Express – пен жұмыс істеу тәсілі де ІМ – мен жұмыс істеуге шамалас.
Inernet желісінде жұмыс істеу
Inernet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Мұндай жағдайда миллиардтаған web – беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық – іздеу порталдары көмекке келеді.
Ақпараттық – іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфугурациялар кездесетін қор көздерінің мекен-жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпартты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, волюта бағандарын, сілтемелерді және т.б. таба аламыз.
Inernet – те алуан түрлі ақпараттық – іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары Google (www.google.com www. Google.kz) Yandex (www.uandex.ru) Rambler (www. rambler.ru).
Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы, Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады.
Әдетте ақпараттық – іздеу порталдарының бәрі ұқсас сұлба бойынша жұмыс істейді. Енгізу өрісіне кілттік сөздерді жазып, Іздеу батырмасын басамыз. Осыдан кейін сайттар тізімі іріктеліп, бейне бетке шығарылады.
Енгізу өрісінің астыңғы жағында беттерді іздеу нәтижесі көрінеді. Ол бейне бетке бөлшектеп шығарылады. Одан әрі қарай өту үшін Келесі батырмасын басамыз.
Табылған беттер ішінен таңдау жасау үшін «Табылған ішінен» деген құсбелгі көзін орнатамыз.
Осылайша іздеу аясын мейлінше шектей аламыз.
Интернет тек дүниежүзілік желі емес, оның жұмысы информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990-жылдардан бастап шыға бастаған «Дүниежүзілік өрмек» World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды. Веб – тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электорндық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гиппермәтіндік белгілеу тілі). Яғни Веб – беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML –дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацтарды белгілеу, гиппермәтінге арнайы белгілер орнату.
Веб-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтннің бір бөлігі. Әдетте үлкен бөлімді құжатбірнеше блоктарға бөлініп Web
Достарыңызбен бөлісу: |