«Программа и методические рекомендации к комплексному вступительному экзамену по специальности 6М042100 «Дизайн» магистратура



жүктеу 230 Kb.
бет1/3
Дата28.01.2020
өлшемі230 Kb.
#27553
түріПрограмма
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітемін

Оқу – әдістемелік

жұмысы жөніндегі

проректор

_______ Ғ.Х.Жүсіпқалиева



«___» ______________ 2017 ж.

«Мәдениет және өнер» факультеті

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

6М042100 « ДИЗАЙН» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ КЕШЕНДІ ЕМТИХАНЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Орал, 2017

УДК378


ББК74.58

В75
Рецензенты: Погодин С.М.-к.иск.н.

Пащенко Н.Н.- к.п.н.

Шепелева И. В.-директор архитектурно-конструкторской мастерской,

архитектор

Автор:

Ворожейкина О.И., к.п.н., доц. ВАК РК, академический профессор ЗКГУ

Тлеуханов Н.С., к.филос.наук, доцент ЗКГУ

«Программа и методические рекомендации к комплексному вступительному экзамену по специальности 6М042100 «Дизайн» магистратура» предназначена для подготовки к сдаче комплексного вступительного экзамена Программа составлена в соответствии с Государственным образовательным стандартом высшего и послевузовского образования РК и с учетом осуществляемой в вузе специализаций студентов. Включает требования к подготовке соискателя в магистратуру6М042100 «Дизайн», которые проверяются на экзамене, задания предъявляемые на экзамене и критерии их оценки.

Приведены методические указания по подготовке к комплексному вступительному экзамену, составлению портфолио, к творческой работе; критерии оценки знаний и творческой работы; список литературы для подготовки к экзамена.


Рассмотрено и утверждено на заседании кафедры «Изобразительное искусство и дизайн» протокол № 8 от «14» апреля 2016 г. Зав.каф. ______________________Каинбаева Ж.С.
Утверждено на заседании Ученым Советом факультета культуры и искусства ЗКГУ им.М.Утемисова протокол № 8 «15»апреля 2015 г
«СОГЛАСОВАНО»:

Работодатель - директор ИП «Рапид» (архитектурно-конструкторская мастерская) Шепелева И. В.

Работодатель – директор ЧП «АРТ ДЕКО» (рекламное агентство) Бабиева Т..С.

Руководитель отдела магистратуры ЗКГУ им.М.Утемисова Тастаева Ж.К.


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Аталған бағдарлама 6М042100 «Дизайн» мамандығы бойынша ізденушілер үшін кешенді түсу емтиханына, портфолио дайындауға және шығармашылық тапсырмаларға дайындалу ерекшеліктерін қарастырады, негізгі ережелерді, емтихан бағдарламасын, сұрақтарды, портфолио дайындауға арналған ұсыныстарды қамтиды, бағалау әдістемесінің талаптары 6М042100 «Дизайн» мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға негізделеді.

Ереже магистратураға түсуші ізденушілерге, магистранттардың ғылыми жетекшілеріне, кафедра меңгерушілеріне, декандарға арналған.

Сондай-ақ мыналар пайдаланылды:


  • Академиялық сарапшылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері;

  • Жұмыс берушілермен жүргізілген сауалнама нәтижелері.


Магистратураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар
Магистратураның білім беру бағдарламасын игеруге ниет білдіруші тұлғалардың бұрынғы білім деңгейлері – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Азаматтарды магистратураға қабылдау тәртібі «Жоғары оқу орнынан кейінгі І кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру ұйымына қабылдаудың типтік ережелерімен» реттеледі.

Оқуға түсуші міндетті:

  • жалпы мәдениет туралы білуге, экономика, ғылым және мәдениеттің бірлігіндегі сәулет өнерінің алатын орнын түсінуге;

  • гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы негізгі түсініктермен таныс болуға, әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен үдерістерге ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуге қабілетті болуға, кәсіптік және әлеуметтік қызметтің сан алуан түрлерінде осы екі ғылымның түрлі әдістерін пайдалана білуге;

  • адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қатынасын реттеуші этикалық және құқықтық нормаларды білуге, экологиялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда оларды ескере білуге;

  • жанды және жансыз табиғатта орын алатын түрлі үдерістер мен құбылыстар туралы жалпы ұғымының болуы, қазіргі ғылыми әдістердің мүмкіндіктерін түсінуге және жаратылыстану ғылымы бойынша және кәсіби қызметті атқаруда орын алатын мәселелерді шешуге қажетті деңгейде оларды қолдана білуге;

  • ойлау мәдениетінің болуы, оның жалпы заңдылықтарын білуге, оның нәтижелерін жазбаша және ауызша дұрыс (логикалық тұрғыдан) жеткізе білуге қабілетті болуға;

  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуге, кәсіби қызметінде қолданылатын ақпараттарды жинақтау, сақтау және өңдеуде (редакциялау) компьютерлік әдістерді білуге.


ӨТКІЗУ ТҮРІ

6М042100 «ДИЗАЙН» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханы кешенді емтихан түрінде өткізіледі.

Кешенді емтихан мыналардан тұрады:

- Билеттер және шығармашылық тапсырмалар. Емтихан билеттері әр пән бойынша үш сұрақтан тұрады. Максималды - 30 балл - 100%, екі сұрақ магистратураға түсушінің теориялық білім деңгейін анықтауға бағытталса, бір сұрақ шығармашылық қабілетін және композииция және түсті тани білу саласындағы практикалық білік-дағдыларын тануға бағытталады. Емтиханның шығармашылық бөлімінде композиция бойынша шығармашылық практикалық тапсырма орындалады. Максималды - 30 балл - 100%.

- Авторлық портфолионы таныстыру - Максималды- 40 балл - 100%


Жоғары білімі бар бакалаврлар үшін

6М042100 «Дизайн» мамандығы бойынша

магистратураға түсу емтиханының пәндер тізімі
Кешенді оқуға түсу емтиханының барлық пәндері мен тапсырмалары алдыңғы білім деңгейінде қалыптасқан құзіреттіліктерге негізделеді. Құзіреттіліктер мына пәндер арқылы қатар қалыптасады:




р/н

Пәннің атауы

Кредит саны

БП/МК- міндетті компонент

1

Композиция

3

2

Түстану

3

3

Материалдық мәдениет және дизайн тарихы

3

Оқуға түсу емтиханына таңдап алынған «Композиция» пәнінің өзектілігі оның дизайнер-студент білуге тиіс үлкен көлемді ақпараттың алғашқы баспалдағы болып табылатындығында. Бұл пән кәсіби дайындауда ерекше орын алады, өйткені ол «Дизайн» бағытындағы көркемдік-жобалық пәндерді байланыстырудың негізі болып табылады.

Оқытылатын пәннің ерекшелігі сол, форманың эмоционалды бағасын оның бұл форманың құрастырушы элементтерін біртұтас тұрақты жүйеге біріктіруші объективті формасы мен заңдылығына тәуелді меңгеруге мүмкіндік жасайды, бұл өте маңызды форма тудырушы факторларды басқару дағдысын меңгертеді. Пән барлық кәсіптік курстармен тығыз байланысты.
«Түстану» пәні – өнер, рухани мәдениет және дизайн тарихын практикада біріктіруші болып табылады. «Түстану» пәнін енгізудің қажеттілігі адамды қоршап тұрған табиғи және жасанды ортаның маңызды компоненті ретінде колоритті білудің қажеттілігімен түсіндіріледі. Аталған пән композиция, өнер тарихы, дизайн тарихы, орта дизайнындағы жобалау сияқты пәндермен тығыз байланысты. Магистранттардың осы пәнді оқу барысында алған білімі мен дағдысы, олардың бойында түске байланысты «терең» ойлауын дамыту үшін, сондай-ақ әркімнің жеке, шығармашылық мүмкіндіктері үшін қажет. Пән барлық кәсіптік курстармен тығыз байланысты.
«Материалдық мәдениет және дизайн тарихы» пәні енгізілді, өйткені кез келген жобалау дизайнерлік, яғни ерекше әдістерімен, эстетикалық нәтижелерімен, оңтайлы және эргономикалық шешімімен ерекшеленетіндей болуы тиіс. Құбылысты түсінудің ең жақсы тәсілі – оның тарихын зерттеу, негізгі үрдістерін айқындау және осы негізде болашағына болжам жасау. «Материалдық мәдениет және дизайн тарихы» пәні болашақ мамандарды дизайнның күрделі үйлестіруші рөлін тани білуге үйретуге, дизайнерлік практиканың жекелеген фактілерін дүниетану мен шынайылықты қабылдаудың бір формасы ретінде дизайн дамуының тұтас картинасына жинақтауға және реттеуге бағытталған. Дизайнер дизайн дамуының хронологиясымен және негізгі кезеңдерімен таныс екендігін көрсетуі керек; негізгі ағымдар және бағыттармен, ең атақты дизайнер-шеберлердің және сәулетшілердің шығармашылығымен және олардың шығармашылық концепциялары мазмұнымен танысу; дизайнның болашақ даму перспективалары мен бағыттарын түсіну. «Материалдық мәдениет және дизайн тарихы» пәні «Әлемдік көркемдік мәдениет», «Жобалау», «Құрастыру», «Дизайн теориясы» курстарымен тығыз байланысты.
«Композиция» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Композиция құрастыру үдерісі дегеніміз не?

Композициядағы тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға байланысты?

Композициядағы салмақтылық немесе салмақ басымдығы принциптерінің айырмашылықтарын сипаттаңыз.

Композицияның айқындығы неге байланысты?

Композицияның құрылымдық жобасы дегеніміз не?

Нәрсенің формасы композициялық форматтың тепе-теңдігіне қалайша әсер етеді?

Композициядағы тепе-теңдік түрлерін атаңыз.

Композицияда жазықтықты бөлшектерге бөлу қандай мақсатта қолданылады?

Композициядағы динамизмге қалайша қол жеткізеді?

Композициядағы доминанттың рөлі қандай?

Композициялық орталық ұйымдастырудың тәсілдерін атап беріңіз.

Оверлеппинг дегеніміз не және оның декоративті композицияда алатын рөлі қандай?

Кеңістікті қабылдаудың көру бірізділігі қандай?

Перспективаның белгілі жүйесіне стипаттама беріңіз.

Декоративті композициядағы көлемдік денені бейнелеу ерекшеліктерін түсіндіріп беріңіз.

Декоративтік және станоктық композициядағы кеңістікті ұйымдастырудың айырмашылықтары неде?

Кеңістікті бейнелеудегі түстің рөлі қандай?

Қандай әдістерді қолдану композицияға декоративтілік белгілерін береді?

Оверлеппинг құбылысы және оның декоративті композициядағы рөлі.

Шығарманы қабылдау неге байланысты?

Композицияда көркемдік образ қалай көрініс табуы мүмкін?

Қозғалыссыз, тұрақты композицияны көрсетудің ерекшеліктері қандай?

Композицияның ашық типі қалай бейнеленеді?

Композициялық схеманың маңызы қандай?

Композициядағы қозғалыс қалай беріледі?

Композициядағы шаршы (квадрат) форма нені білдіреді?

Композициядағы үшбұрышты форма нені білдіреді?

Композициядағы дөңгелек форма нені білдіреді?

Композициядағы эскиздің маңызы

Композициялық ойдағы форматтың рөлі

Композициядағы көкжиек сызығы

Композициядағы құрылымдық жоба дегеніміз не?

Қандай композициялық құралдар арқылы картинада ұзақ уақытқа созылған оқиғаны бейнелеуге болады?

Композицияда қанша орталық болады?

Композициялық орталық жасауда қандай әдістер қолданылады?

Кеңістікті көзбен көру арқылы қабылдаудың бірізділігі қандай?

Қандай перспективалық жүйелер бар?

Қандай түсініктер түсті сипаттайды?

Отандық және шетелдік ғалымдардың қандай теориялық еңбектері түс үйлесімін зерттеуге арналған?

Композицияда жазықтықты бөлшектерге бөлу қандай мақсатта қолданылады?

Композициядағы модуль түсінігі.

Декоративтік (сәндік) композиция ерекшеліктері.

Қарапайымға қарағанда стилизацияланған, декоративті композициямен жұмыс жасау несімен ерекшеленеді?

Композициядағы орнамен (ою-өрнек) не береді?

Композициядағы айқындылық неге байланысты?

Қандай құралдар, әдістер арқылы қол жеткізуге болады: композициядағы кішірейту (қысу), кеңейту, арттыру, азайту, жақындату, жою және т.б.

Жарнамадағы салқын және жылы түстер қалай бөлінеді?

Қандай құралдар арқылы композициядағы динамизмге қол жеткізуге болады?

Дизайндағы формальды композиция түсінігі?
«Түстану» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Түс дегеніміз не? Оның адам өміріндегі рөлін анықтаңыз.

Түстердің нышаны туралы айтып беріңіз.

Жақын-контрасты түстердің гармониялық үйлесімі. Диада құрастыру.

Түстердің негізгі сипаттамаларын атаңыз. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Түс өңі, ашықтығы және түстің қанықтығы туралы баяндаңыз.

Контраст типтерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.

В.Кандинский локальды түстерге қандай анықтама береді?

Сатылы бірізді контраст (үйлесім). Ол қандай жағдайда пайда болады. Мысалдар келтіріңіз. Түстің кеңістіктегі әрекеті неге байланысты. Түс комбинацияларындағы тереңдік әсерінің мүмкіндігін талдаңыз.

Түстің форма тудырушы қасиеті туралы айтыңыз.

Түстер үйлесімі. Симультанды контраст.

Симультанды контрастың пайда болу және бейтарап шарттары.

Спектрде қанша түс бар. Спектрдегі түстердің бірін көмескілесе не болады? Неліктен? И. Ньютон ашқан жаңалықтың маңызын түсіндіріңіз.

Контрасты және қосымша түстердің гармониялық үйлесімі. Екі қосымша түстің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып беріңіз.

Түстің адамға әсер ету психологиясы туралы айтып беріңіз.

Бір түсті гармониялық үйлесім. Ахроматиялық композиция құрастырудың үш шарты.
Түстің түрлі ассоциациямен байланысты субъективті сипаттамалары туралы айтыңыз.

Хроматикалық шеңбер. Пайда болу тәртібі. Алғашқы, екінші түстер.

Үш түсті ахроматиялық композиция құрастыру.

Түс шеңбері бойынша жақын-контрасты түстердің гармониялық үйлесімі. Триада құрастыру. Оны құрастыруға қандай түстер қатысады?

Түс шеңбері бойынша жақын-контрасты түстердің гармониялық үйлесімі. Түс шеңберінің 4 компонентінен гармониялық үйлесім құрастыру.

Көздің құрылысы мен жұмысын түсіндіріңіз. Неліктен көз толқынның белгілі бір диапазонын қабылдайды?

Көздің қабылдауына әсер етуші факторларды атап беріңіз.

Бұрынғы суретшілердің түстер үйлесімі туралы көзқарастарын айтыңыз.

Адамның өміріндегі жарықтың рөлі қандай? Қандай жарық көздерін білесіз?

Түс жасауда қандай оптикалық әдістер бар?

В.Оствальдтың түстерді жүйелеуі (қос пирамида). Отто Рунгенің түс шары туралы айтып беріңіз.

Не үшін дизайнерге түстің психологиялық қасиеттері туралы білген жөн?

Композициядағы көлеңке қатарының гармониялық үйлесімі туралы баяндаңыз.

И.Иттеннің түс жұлдызы. Құрастыру принциптері.

Колорит туралы айтқанда гармонияның қай түрі туралы айтылады?

И.Иттеннің түс жұлдызы бойынша түс гармониясын құрастыру. Гармония құрастыруға қандай фигуралар қатысады?

Оптикалық қоспада қандай түстер ахроматиялық тон береді. Олардың қасиеттері туралы айтыңыз. Көздің құрылысы. Аккомодация. Көру әсерінің пайда болуы.

Көру анализаторларының негізгі принциптері.

Көркемдік жұмыстағы эмоцияның рөлі. Адам эмоциясының табиғаты. Көркемдік эмоция ерекшеліктері. Түстің эмоциялық әсері. Эмоцияны түс арқылы беру. Көркемдік қызметтегі образ. Образдық құбылыстардың негізгі түрлері. Көркем туындылар табиғаты. Образды түс арқылы қалыптастыру.

Көру арқылы қабылдау заңдылықтары.

Көру образы және оны қалыптастыру тетіктері.

«Материалдық мәдениет және дизайн тарихы»

пәні бойынша емтихан сұрақтары
Блок: Материалдық мәдениет және дизайн тарихы

Дүниежүзі тарихы мен өнер тарихының өзара байланысы. Өнер әлемді образды қабылдау ретінде. Өнер адам өмірінде. Түрлі елдер мен аймақтар мәдениетінің тарихи даму жолдары.

Мәдениет жүйесіндегі өнер. Өнер түрлері және оларды топтастыру. Кеңістіктік немесе пластикалық өнер түрлері, уақытша өнер түрлері, кеңістіктік-уақытша немесе синтетикалық өнер түрлері. Өнердің қазіргі классификациясындағы дзайнның алар орны. Өнер категориялары: стиль, жанр, бағыт, ағым, көркемдік образ.

Алғашқы қоғамдағы мәдениет мен өнер.

Ежелгі Мысыр (Египет) әлеміндегі өнер және мәдениет.

Ежелгі Греция мәдениеті мен өнерінің тарихы және әлемдік маңызы. Архитектуралық және мүсіндік ескерткіштер. Вазопись.

Ежелгі Рим мәдениеті және өнері. Негізгі даму кезеңдері: Этрусс мәдениеті, патшалық кезең, республика кезеңі, империя кезеңі. Ежелгі рим мәдениетінің синтетикалық сипаттамасы. Ежелгі Римнің архитектуралық ескерткіштері. Скульптуралық портреттің өркендеуі.

Ежелгі және қазіргі Үндістан мәдениеті мен өнерінің тарихы және дамудағы өзіндік ерекшелігі. Ежелгі және ортағасырлық Қытай мәдениеті мен өнері.

Жапонияның дәстүрлі мәдениеті және өнері.

Орта ғасырлардағы батысеуропалық өнер: архитектура, станокты және сәндік-қолданбалы өнер. Романдық және готикалық өнер.

Батыс Еуропадағы Қайта өрлеу кезеңі. Биік Қайта өрлеу кезеңінің шеберлері және олардың шығармашылығы (Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело Буонарроти).

Көрнекті еуропалық шеберлердің шығармашылығындағы стиль синтезі (Караваджо, Веласкес, Рембрандт).

Жаңа кезеңдегі Батыс Еуропа мәдениеті. Көркем мәдениеттің полистилистикалық сипаты: барокколық және ренесанстық әлемді сезінудің бірігуі. Архитектурадағы Барокко (Л. Бернини). Живописьтегі барокконың дамуы

(П.Рубенс, Я.Йорданс және басқалары.).

Еуропалық архитектура мен живописьтегі рококо стилі.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Әлемдік өнер және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар.

Дизайнерлік қызметті ұйымдастырудың қазіргі формалары.

Атақты дизайнерлер.

Қалалық орта дизайны.

Архитектуралық объектінің заттық-кеңістіктік кешені.

Ортаны кешенді дизайндық жабдықтаудың элементтері мен детальдары.

Дизайндық стильдер, бағыттар, мектептер.

СҚӨ бұйымдары мен дизайн объектілерін жобалаудағы халықтық өнер және орнамент шығармашылық көзі ретінде.

Композицияның барлық құралдарының дизайндағы идеялық мағынаға бағыну заңдылықтарының маңызы мен негізгі белгілерін ашу.

СҚӨ және дизайн объектілеріндегі композиция орталығының рөлі.

СҚӨ және дизайн объектілерін визуалды қабылдау заңдылықтары.

СҚӨ және дизайндағы стилизация

СҚӨ және дизайн объектілеріндегі статикалық композиция және динамикалық композиция

СҚӨ және дизайн объектілеріндегі ырғақты (ритмикалық) және метрикалық қатар түсінігі

Тұйық (замкнутый) композицияның ерекшеліктері

Дизайндағы ашық композиция (мамандық бойынша объектілер дизайны негізінде)

Масштаб және дизайндағы масштаб өлшемдері. Модулор.

СҚӨ-дегі образды қабылдау ерекшеліктері. Түстің психикалық әсері. СҚӨ-де образ жасау.
Блок: Дизайн тарихы және теориясы

Өнеркәсіптік төңкеріс және оның ХІХ ғасырдың екінші жартысында жобалық қызметтің жаңа түрі ретінде дизайнды қалыптастырудағы рөлі. Дизайндағы Викториандық стиль (Ұлыбритания, Еуропа, АҚШ, Ресей). 

Өнеркәсіптік бұйымдар дизайны мен баспа графикасына алғашқы теориялық және практикалық жаңа концептуалдық тәсілдер іздеу. Ұлыбритания мен АҚШ-тағы өнер мен қолөнер қоғалысы. Ресейдегі Абрамдық көркем үйірме қызметі.

Модерн интерьер, тұрмыстық бұйымдар, графикалық дизайндағы жаңа синтетикалық стиль ретінде. Оның Франция, Германия, Австрия, Ресей және Испаниядағы көрінісінің ұлттық ерекшеліктері.

ХХ ғасыр басындағы өнердегі графикалық/архитектуралық/өнеркәсіптік дизайнның дамуына авангардтық ағымдардың ықпалы. Итальяндық және орыс футуризмі. Немістік экспрессионизм және Дадаизм.

Германия мен Ұлыбританияның плакаттық графикасындағы ерте модернизм идеялары. Неопластицизм және Де Стиль тобы.

Орыс конструктивизмі мектебі. Эль Лисицкий, В.Татлин, А.Родченко, В.Маяковский, Л.Попова, В.Степанова, ағайынды Стенбергтер. Кеңестік Ресейдегі көркемдік білім беру реформасы: ВХУТЕМАС – ВХУТЕИН. Баухауз және оның әлемдік дизайнның дамуына қосқан үлесі. Мектептің қалыптасу тарихындағы үш кезең, негізгі оқытушылар және олардың идеялары.

Жаңа буржуазияның ар-деко – декоративтік өнері және оның Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс аралығы дизайнындағы стиль қалыптастырушы принциптерге әсері.

Өнеркәсіптік және графикалық дизайндағы стримлайн.

1940 жылдардағы дизайн. Агитациялық плакат. Инфографиканың дамуы (Изотайп жүйесі, Форчун журналы). Ғасыр ортасындағы модернизм (Алвин Люстиг, Герберт Мэттер). Соғыстан кейінгі жылдардағы өнеркәсіптік дизайндағы функционализм принциптері. Графикалық дизайндағы Швейцариялық интернационалдық стиль (1950-ші жылдар - 1960-жылдардың басы). ХХ ғасырдың екінші жартысындағы модернизмнің ең көрнекті өкілдері: Вим Краувель, Массимо Виньелли, Пол Рэнд. 1960 жылдар дизайнындағы поп-арт, оп-арт және психоделия.

1970 жылдардағы концептуалды иллюстрация. Пуш-пин студиясы (Милтон Гластер жәнеСеймур Хваст). Герб Любалин және 1970-жылдардағы шрифтілік дизайн.

өнеркәсіптік дизайндағы жаңа тенденциялар: антифункционализм, хай-тек. 1970 жылдардағы Ұлыбритания мен Швейцария графикалық дизайнындағы панк стилі: ерекшеліктері мен өзгешеліктері.

1980 жылдардағы дизайндағы постмодернизм деконструкция түсінігі. Мэмфис, Эприл Грейман, Вилли Кунц.тобы. 

Жаңа толқынның графикалық дизайны және 1980 жылдардың екінші жартысы мен 1990 жылдардың басындағы сандық революция. Невил Броуди, Девид Карсон, Зузанa Личко. 

ХХ ғасыр дизайнындағы жарнамалық графика дамуының кезеңдері және даму перспективалары. Жарнамадағы көркемдік тәжірибе және жеке шығармашылық әдістер.

ХХ ғасырдағы фирмалық стиль қалыптастырудағы концептуалды тәсілдер эволюциясы.

ХХ ғасырдағы өнеркәсіптік дизайнның негізгі даму кезеңдері. Ғылым мен техника даму деңгейінің форма қалыптастыру үдерісіне ықпалы.

ХХ ғасыр өнеріндегі негізгі стильдік ағымдар мен бағыттардың графикалық/архитектуралық/өнеркәсіптік дизайнға әсері.

Комикстік мәдениеттің дамуы және оның графикалық дизайнға түпкілікті интеграциясы.

Жобалық мәдениет тарихындағы графикалық/архитектуралық/өнеркәсіптік дизайнның қалыптасуы және негізгі даму кезеңдері. графикалық/архитектуралық/өнеркәсіптік дизайндағы маңызды бағыттар, мектептер, есімдер және үрдістер. Мамандық эволюциясы және графикалық/архитектуралық/өнеркәсіптік дизайн объектілерінің типологиясы.

Посткеңестік дизайн: шығармашылық бағыттар, аймақтық мектептер, шеберлер.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КОМПОЗИЦИЯ


жүктеу 230 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау