Программа бұл компьютерді басқаруға қажетті командалардың логикалық реттелген тізбегі



жүктеу 0,88 Mb.
бет5/8
Дата06.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#28436
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

6 апта



Тақырып 7. Циклдік операторлар

Дәріс жоспары

  1. Циклдік алгоритм.

  2. Шарты алдын ала берілген циклдік оператор.

  3. Шарты соңынан берілген циклдік оператор.

  4. Параметрлі цикл операторы.

  5. continue операторы.


Дәрістің қысқаша конспектісі

Си тілінде циклді ұйымдастырудың үш түрі бар:



  1. while… - шарты алдын ала берілген циклдік оператор

  2. do… - шарты соңынан берілген циклдік оператор

  3. for… - параметрлі цикл операторы

Әр операторды жеке қарастырайық.






1. Шарты алдын ала берілген оператор

Жазылу форматы:
while (өрнек_шарты)

цикл_денесі;



Өрнек_шарты ретінде көбінесе қатынас немесе логикалық өрнек қолданылады.

Цикл денесі циклде орындалатын операторлардан тұрады. Цикл денесі – не құрама, не жеке оператор, яғни, операторлық жақшаға алынған операторлардың кезектілігі. Цикл денесі бос оператор болуы да мүмкін, яғни, тек ";" түрінде ғана бейнеленеді.

Бұл оператор келесідей жұмыс атқарады:

Ең бірінші өрнек_шарты есептеледі. Егер ол ақиқат болса(яғни, 0-ге тең болмаса),онда цикл денесі орындалады, одан кейін өрнек_шарты жалған болғанға дейін қайта- қайта тексеріледі. Егер өрнек_шарты бірінші тексерілуден кейін жалған болып шықса, онда цикл денесі бір де бір рет орындалмайды. Егер өрнек_шарты тек ақиқат мәнді ғана қабылдаса, онда цикл денесі шексіз орындала береді.



Өрнек_шарты арифметикалық өрнек болуы да мүмкін.Бұндай жағдайда цикл денесі өрнек_шарты 0-ге тең болғанға дейін орындалады.

Ескерту: Циклде орындалатын операторлар циклдің денесі болып табылады.
2.Шарты соңынан берілген циклдік операторлар

Жазылу форматы:
do

цикл_денесі

while(өрнек_шарты);
Өрнек_шарты while цикліндегі сияқты логикалық немесе арифметикалық болып табылады.
Бұл оператор келесідей жұмыс істейді:

Ең бірінші цикл денесі орындалады, содан соң өрнек_шартының мәні есептеледі. Өрнек_шартының мәні ақиқат болғанша(яғни, 0-ге тең болмаса), процесс тексеріледі. Бұл мән жалған болысымен (яғни, 0-ге тең болса) циклдің орындалуы тоқтатылады. Егер өрнек_шартының мәні әрқашан ақиқат болса, онда цикл шексіз орындалады .


Ескерту: while операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің басында орындалатына мән беріңіздер, ал repeat операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің соңында орындалады және цикл денесі кез келген жағдайда бір рет болсын орындалады.


  1. Параметрлі циклдік оператор



Жазылу форматы:
for (өрнек_1;өрнек_шарты;өрнек_3)

цикл_денесі;

for операторндағы бірінші және үшінші өрнектер үтірмен бөлінген бірнеше өрнектерден тұруы мүмкін.
Бұл оператор келесідей жұмыс істейді:

Өрнек_1 әрекетті циклдың басталуына дейін анықтайды, яғни, цикл үшін бастапқы шарттарды береді; көбінесе бұл меншіктеу операторы болып табылады.

Өрнек_шарты – әдетте логикалық немесе арифметикалық болады.Ол циклдің аяқталуын немесе жалғасуын анықтайды. Егер ол ақиқат болса(0-ге тең емес), онда цикл денесі орындалады, одан кейін өрнек_3 есептеледі.

Өрнек_3 әдетте циклдің келесі орындалуына қажеттілерді параметрлерді өзгерту немесе цикл денесінің кез келген айнымалыларын береді.

Сөйтіп, өрнек_1 бір рет ғана орындалады, ал өрнек_шарты және өрнек_3 цикл денесінің әр орындалуынан кейін есептеледі.Цикл өрнек_шарты жалған болғанға дейін жалғасады.

for операторында кез келген 3-еудің, кез келген 2-дің немесе барлық үш өрнек те жоқ болуы мүмкін, бірақ оларды бөлетін ";" символы міндетті түрде болуы керек. Егер өрнек_шарты жоқ болса, онда ол ақиқат және циклден шығу үшін арнайы құрал керек.

Continue операторы

continue операторы , break операторы сияқты, цикл операторының ішінде ғана қолданылады, бірақ, оның орындалуынан айырмашылығы программаның орындалуы тоқтатылған оператордан кейінгі оператордан жалғаспайды, тоқтатылған оператордың басынан басталады. Оператор форматы келесідей: continue;



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Циклдік алгоритм деген не?

  2. Шарты алдын ала берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты алдын ала берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?

  3. Шарты соңынан берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты соңынан берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?

  4. Параметрлік цикл операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Параметрлік цикл операторының жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?


8.1. Негізгі әдебиеттер

1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995

2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999

3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005

8.2. Қосымша әдебиеттер

1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000

2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау