Программа бұл компьютерді басқаруға қажетті командалардың логикалық реттелген тізбегі



жүктеу 0,88 Mb.
бет4/8
Дата06.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#28436
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

5 апта



Тақырып 6. Өтудің шартты және шартсыз операторлары

Дәріс жоспары

  1. Тармақталу алгоритмі.

  2. Шартсыз өту операторы.

  3. Шартты өту операторы.

  4. Құрама операторы.

  5. Таңдау операторы.

  6. break операторы.


Дәрістің қысқаша конспектісі

1. goto шартсыз өту операторы

Жазылу форматы:

goto белгісі;



Белгі – бұл оператодың сол жағыда орналасатын және онымен қос нүкте арқылы бөлінетін идентификатор.

goto операторы көрсетілген белгі операторына жіберуді басқаруды орындайды.


2. ifelseшартты өту операторы

Шартты өту операторы екі түрде қолданылады:

1. Қысқаша түрі:
if (өрнек) оператор1;
Бұл түрде оператор жұмысы келесідей: егер өрнек ақиқат болса (яғни нөлдік емес мән болса), онда оператор1 орындалады, әйтпесе (яғни, логикалық өрнек жалған болса) – программадағы шартты өту операторынан кейінгі оператор орындалады.

өрнек ретінде қолданылуы мүмкін:

  1. Арифметикалық өрнек.

  2. Логикалық өрнек.


2. Толық түрі:
if (өрнек) оператор1;

else оператор2;

Толық түрде оператор жұмысы келесідей: егер өрнек ақиқат, онда оператор1 орындалады,әйтпесе (яғни, логикалық өрнек жалған болғанда) –оператор2 орындалады..
Оператор1, оператор2 – жай немесе құрама оператор.
Шартты өту операторы салынған болуы мүмкін.
Құрама оператор

Құрама оператор{ } фигуралық жақшамен шектелген ерікті операторлардың санынан тұратын топ.
3. switch операторы

switch операторы көптеген нұсқалар жиынынан таңдауды ұйымдастыруға арналған.Оператордың форматы келесідей:

switch (өрнек)

{

case тұрақты _1: операторлар_1]



case тұрақты_2: операторлар_2]



default: операторлар;

}

Дөңгелек жақшасының ішіндегі switch кілттік сөзінен кейінгі өрнек , Си тілінде рұқсат етілген мәні бүтін болатын кез келген өрнек бола алады. Бүтін типке келтіруге болатынын ескерейік, бірақ,шектеулер туралы да білу керек.



Бұл өрнектің мәні бірнеше нұсқалардың біреуін таңдау үшін кілттік болып табылады. switch операторының денесі тұрақтыдан кейінгі case кілттік сөзімен таңбаланған бірнеше оператордан тұрады. case кілттік сөзімен таңбаланған оператордан басқа default кілттік сөзімен таңбаланған бір фрагмент болуы мүмкін.

Операторлар тізімі бос болуы мүмкін немесе бір немесе бірнеше оператордан тұруы мүмкін. Сонымен қатар, switch операторында операторлар кезектілігін фигуралық жақшаға алу міндетті емес.



switch операторының орындалу сызбасы келесідей:

  1. Өрнек жақша ішінде орындалады;

  2. Есептелген мәндер case кілттік сөзінен кейінгі тұрақтылармен салыстырылады;

  3. Егер тұрақтылардың біреуі өрнекпен сәйкес келсе, онда басқару case кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі ;

  4. Егер тұрақтылардың біреуі де өрнекпен сәйкес келмесе, онда басқару default кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі, ал ол жоқ болған жағдайда басқару switch операторынан кейінгіге беріледі.

switch операторын қолданудың қызықры ерекшеліктерін атап өтейік: default сөзімен конструкция switch операторының денесінде ең соңғы болмауы мүмкін. switch операторының денесіндегі case және default кілттік сөздері switch операторының денесі орындалғанда бастапқы нүкте анықталатын бастапқы бақылау кезінде ғана маңызды . Егер қандай да бір оператор switch операторы денесінен басқаруды жібермесе, бастапқы оператор мен дене соңы арасындағы барлық операторлар кілттік сөздерге тәуелсіз орындалады.Сөйтіп, егер қажет болған жағдайда, case операторынан шығуды программист өзі ұйымдастыру керек. Көп жағдайда ол үшін break операторы қолданылады.

Өрнектің әр түрлі мәніне бір әрекетті қолдану үшін, бірнеше case кілттік сөзімен бір операторды бірнеше рет қолдануға болады.


Break операторы

break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while ең ішкі операторлардың орындалуын тоқтатуға арналған. Break операторы орындалғаннан кейін басқару тоқтатылған оператордан кейінгі операторға беріледі.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Тармақталған алгоритм деген?

  2. Белгі деген не?

  3. goto шартсыз өту алгоритмінің тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?

  4. if…шартты өту алгоритмінің тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?

  5. Қысқаша түрде жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?

  6. Толық түрде жазылған шартты өту операторы қалай жұмыс істейді?

  7. Қарапайым оператор деген не?

  8. Құрама оператор деген не?Ол не үшін қолданылады?

  9. Таңдау операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай?


8.1. Негізгі әдебиеттер

1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995

2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999

3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005

8.2. Қосымша әдебиеттер

1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000

2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау