Ішкі саясат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Сырдария ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында ауданда ҚР Экономика және сауда министрінің орынбасары, республикалық РАНТ жетекшісі Қ.Бишімбаев, облыстық қаржы басқармасының бастығы, ОАНТ мүшесі М.Ергешбаев, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, республикалық РАНТ жетекшісі Ғ.Телебаев, облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ОАНТ мүшесі Б.Жүсіпов Тереңөзек кентінде 3 кездесу, Н.Ілиясов, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінде 2 кездесу өткізді.Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап есепті мерзімге аудан тұрғындары арасында Жолдауды түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында ұжымдарда талқылау жиналыстары, дөңгелек столдар, т.б. барлығы 66 түрлі шаралар ұйымдастырылып,оған 6626 адам қамтылды. Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеуге байланысты аудандық медиа-жоспарға сәйкес аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің сандарында Жолдаудың толық мәтіні және «Жолдауға қолдау» атты арнайы айдар ашылып, онда аудандық бөлім басшыларының, ҮЕҰ мен саяси партия жетекшілерінің пікірлері, барлығы 49 материал жарияланды. Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Саяси партиялардың ішінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы белсенді жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылдың 10-қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық партия конференциясы болып өтті. Конференцияда партия төрағасы, аудан әкімі С.Тәуіпбаев партия филиалының соңғы екі жылда атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есеп берді. Конференция жұмысына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қ.Бисенов, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, делегаттар қатысып, партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасын талқылады.Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 сәуірдегі кезектен тыс сайлауы өз дәрежесінде өтті және халықтын белсенділігі жоғары болды. Аудан бойынша сайлаушылардың 90 пайыздан астамы ҚР Президенті, Елбасы Н.А. Назарбаевқа дауыс берді.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2011 жылғы 19 тамыздағы сайлауы да өз дәрежесінде өтіп, мәслихат депутаттарының белсенділігі жоғары болып Сенат депутаттығынан үміткер облыс әкімінің орынбасары М. Мұхамедовке дауыс берді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ауданда бекітілген іс-шараларға орай мерекелік және спорттық шаралар, түрлі тақырыптарда танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылуда. «Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтудің іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобасы аясында «ҚазЭлектроИнжинирингСервис» ЖШС құрылысшылары Тереңөзек кенті орталығында электр тарату станциясы ғимаратының іргетасын қалады. «Сырдария» ҮЕҰ орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ардагерлер арасында биллиардтан аудандық турнир, «Жалын» тынығу лагерінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Сырдария ұрпақтары» қоғамдық қоры мен аудандық емхана жанындағы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Сырдария ауданы бойынша бөлімшесінің мамандары «Нашақорлыққа қарсы күрес күніне» сәйкес «Есірткісіз әлем» атты демалушылар арасында акция ұйымдастырды.Сонымен қатар ауданда «Мирас жастар ұйымы», «ҚР ардагерлер ұйымы», «Сырдария ауданы әйелдері», «Сырдария ұрпақтары» қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік жастар саясатын жүргізу, жастарды Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізуде.
Үкіметтік емес ұйымдар мен жұмыс
Аудан көлемінде ресми жұмыс жасайтын 7-қоғамдық бірлестік, -4 қоғамдық қоры заңды тіркеуден өткен. Сонымен қатар 1 саяси партия филиалы, 21 кәсіподақ ұйымдары (негізінен білім, денсаулық, мәдениет салалары) жұмыс жасайды. Ауданда бюджеттен 2010 жылы ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларына 2064,0 мың теңге қаржы бөлінді. Үкіметтік емес сектордың белсенділігі артып, дамып келеді. «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі облыстан 2010 жылы 2 жоба, 2011 жылы 1 жоба, 2013 жылы 1 жоба ұтып алып, жұмыс жүргізді.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер арқылы жүргізу
Сырдария ауданы бойынша «Мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер арқылы жүргізу» бағдарламасының қаржыландырылуы бойынша 2011 жылға 6699,0 мың теңге, 2012 жылға 8983,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді және 2013 жылға 14,0 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.Аудан аумағында бір ғана бұқаралық ақпарат құралы - аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 2900 даналық таралыммен аптасына 2 реттен А-2 форматта шығады..Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 2004 жыл қорытындысымен облыстық «Аудан өмірінің айнасы», 2008 жыл қорытындысымен «Астана айшықтары» атты номинациясымен ең үздік аудандық басылым ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталса,2012 жылдың қорытындысымен аудандық «Тіршілік тынысы» газеті облыс бойынша ең үздік басылым номинациясы ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталды.
Аудан тұрғындары «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», «КТК», «Астана», «Қоғам ТВ» телеарналарының хабарларын көріп отыр. Ал облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы хабарларын ауданның 80 пайыз тұрғындары көре алмайды. Жалпы аудандағы 7306 отбасы түгел телевизия хабарларын көреді. 437- отбасы спутниктік антенна, 381 отбасы ID TV, 915 отбасы «Отау ТВ» спутниктік желісін пайдаланады.
Ауданда «Мемлекеттік ақпараттық саясатты телеарналар арқылы жүргізу» бағдарламасы бойынша алғаш рет 2011 жылы Республикалық телеарналарға 300,0 мың теңге қаржы 20 минут, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы 1800,0 мың теңге қаржы 150 минут, «Қоғам ТВ» арқылы 1700,0 мың теңге 200 минуттық ақпараттарға қаржы, барлығы 2011 жылға 3840,0 мың теңге, 2012 жылға 8753,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игепілді. 2013 жылғы 12979,0мың теңге қаржы қаралып отыр.
2010 жылдың басынан бастап Сырдария ауданы әкімдігінің www.syrdarya. kz веб-сайты жұмыс жасауда.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру
Ауданда «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» бағдарламасы аясында есепті кезеңде 2 жастар ұйымы жұмыс атқаруда.
Жалпы аудан бойынша барлық 14 мен 29 жас аралығындағы жастар саны 11 128 адам, яғни жалпы аудан тұрғындарының санына шаққанда 29 пайызын құрайды.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттен 2007 жылдан бастап қаржы бөлініп келеді. 2010 жылы 2260,0 мың теңге, 2011 жылы 2930,0 мың теңге, 2012 жылға 3135,0 мың теңге қаржы бөлініп егерілсе, 2013 жылға 6647,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Өзекті мәселелер;
Жастардың көп шаралар немқұрайлы қарауы.
2012 жылы Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйлері, 10 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2012 жылдың 12 айында 930 мәдени шара өткізіліп, оған 155000 көрермен қатысты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2012 жылдың 12 айы қорытындысымен 386780 дана кітап бар.
2012 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша аудандық мұражай қорына 149 экспонат қабылданып, 60-ы негізгі қорға тіркелді.
9.2. Білім беру.
Аудан бойынша қазіргі таңда 45 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1159 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 23-і жоғары, 531-і бірінші, 331-і екінші санатты мамандар.
Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі инновациялық ізденімпаздығы озық тәжірибелердің дүниеге келуіне, оқытудың жаңа түрлерінің кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде. Оқу үрдісінде жаңа инновациялық әдістерді қолдану, жетілдіру мақсатында семинар-конференциялар, семинар-кеңестер, білім сатысы курстары өткізілуде.
Ауданда 228 мүмкіндігі шектеулі және мүгедек, 55 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. 2012 жылы 10941,0 мың теңгеге мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы оқыту бағдарламалары бар компьютер алып беру жоспарланып, 4499,4 мың теңгеге 6 балаға компьютер алынды. Жазғы демалыста 39 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыстық, аудандық және мектеп жанындағы тынығу лагерлерінде демалды.
Аудан мектептерінде 7045 оқушы білім алуда. №36 мектеп-лицейге №8 теміржол бекеті маңайындағы малшы үйінен 6 оқушы, кент сыртындағы лагерден 1 оқушы, кенттегі мектептен алыс жерде тұратын 60 оқушы, №37 орта мектепке Шаған ауылының сыртындағы «Шешен ауылдан» 2 оқушы, Ақжарма ауылындағы «Шешен ауылдан» 1 оқушы барлығы 69 оқушыны тасымалдау кент, ауыл әкімлдіктері арқылы жүргізіледі. Жаңадан пайдалануға берілген №36 мектеп-лицейге кент ішінен 3 шақырым артық қашықтықтан 60 оқушы қатынайды. Мектеп автобусы оқушыларды тасымалдауда.
Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы 40970,0 мың теңге қаржы аудан бюджетінен бөлініп, оған 1228 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. 1 сынып оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Аудан мектеп оқушыларына жергілікті бюджет есебінен жыл сайын кезең-кезеңімен 100 пайыз қайта басып шығару кестесіне сәйкес сатып алу жолымен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету жолға қойылған.
2012 жылы Көкшетау қаласында өткен «Зерде» Республикалық балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобасында №132 орта мектептің 5 сынып оқушысы Мәжит Мағауия (мұғалімі Қ.Қараева) өз жұмысын белсене қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
2012 жылғы ҰБТ-ға мектеп бітіруші 554 оқушының 404-і сынама тестерге қатысты. ҰБТ-ы қорытындысымен аудан мектептерінен 1 оқушы «Алтын белгі», 3 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Орташа бал 65,3 құрады.
№37 орта мектептің 11 сынып оқушылары Нұрғали Айжан мен Әбдіғаппарова Айшабибі «Ғылым әлемін ашамыз» Халықаралық конференциясының жүлдегері ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды.
2012 жылы «Жалын» тынығу лагерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы үшін жазғы маусымда 1-маусымнан бастап 15 күннен 5 ауысымдық кезеңде 650 бала демалды. Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінген 5250,0 мың теңге қаржыға аудандағы «Жалын» тынығу лагеріне аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан 350 баланы демалдырды.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне жоспар бойынша міндетті оқу қорынан бөлінген 1204,0 мың теңге қаржыға 669 оқушы және 3144 оқушы ата-аналардың және демеушілердің, шаруашылықтардың есебінен, барлығы жазғы маусымда мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде 3600 оқушы демалды.
2012 жылы жастар мен жасөспірімдерді жазғы маусымда еңбекпен қамту бағытында 38 көркейту-көгалдандыру бригадасына 970 оқушы, 17 құрылыс бригадасына 400 оқушы, жалпы саны 1370 оқушы қамтылды. Көркейту-көгалдандыру бригадалары мектептердің тиісті аймақтарында бақтарды күтіп – баптауға, ал құрылыс бригадалары практика есебінен мектептерді әктеу, сырлау жұмыстарына атсалысты.
9.3. Спорт.
Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 2012 жылы 168 спорттық жарыс өткізіліп, оған 16350 спортшы тартылды. Оның 160-ы аудандық денгейдегі жарыс болса, 6-ы облыстық, 1-і республикалық, 1-і - халықаралық денгейдегі жарыстар. 2012 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 44,8 мың теңге қаражат бөлінді.
Жалпы аудан бойынша 8730 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 22,1 пайызды құрап отыр.
9.4. Денсаулық сақтау.
Аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында барлығы 755 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер. Дәрігерлер арасында жоғарғы санатты 4, бірінші санатты 26, екінші санатты 5 дәрігер қызмет атқарады.
Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2012 жыл қорытындысы бойынша 173180 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,0 пайызға ұлғайған.
Есепті кезеңде аудан бойынша 897 нәресте дүниеге келсе, 197 адам қайтыс болған.
Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2012 жылдың 12 айында 22908 адам тексеріліп, 28 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 4101 адам тексеріліп, 33 ауру анықталып, есепке алынды.
Есепте тұратын балаларды және мүгедек балаларды квота бойынша облыстық және республикалық емдеу мекемелерде сауықтырылады. 2012 жыл қорытындысы бойынша Ақсай Республикалық ауруханасына 14 бала, көз ауралардың ғылыми зерттеу институтына 1 бала, ана мен бала қорғау институтына 4 бала, РНЦПИДХ – 4 бала жіберілді.
Аудан халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 12 ай қорытындысымен 1105 әр түрлі іс – шара мен газетке мақалалар жарияланып 35687 материалдар таратылса, оған 33962 адам қатысты.
9.5. Ішкі саясат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында «Аудандық ақпараттық-насихаттық топтар туралы» 3 ақпараттық-насихаттық топ, құрамы 37 адам, АНТ-дың Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерге бөліну кестесі, АНТ-дың қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары» жасалып, аудан әкімінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 47-ө өкімімен бекітілді.
Бірінші айналым бойынша ақпан-наурыз айларында облыстық АНТ жетекшісі А.Мұхимов бастаған топ мүшелері мен аудандық АНТ мүшелері, жетекшілері аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Сәрсенбаев, Е.Әжікенов, Х.Бихожаев бастаған топ мүшелері 3 аймақ бойынша Тереңөзек кенті мен 14 ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е.Орынбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, РАНТ жетекшісі Г.Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, РАНТ мүшесі С.Ахметжанов, ҚР Қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, облыстық әділет департаментінің директоры, облыстық АНТ жетекшісі Б.Кесебаева бастаған топ Елбасы Жолдауына орай Тереңөзек кенті мен Н.Ілиясов, Шаған ауылдық округтерінде кездесулер өткізді. Кездесуге аудан әкімі Ғ.Әбілтай, мәслихат хатшысы Б.Маншарипов, ауыл округі әкімдері, мәслихат депутаттары, облыстық, аудандық БАҚ, ҮЕҰ өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап есепті мерзімге аудан тұрғындары арасында Жолдауды түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында ұжымдарда талқылау жиналыстары, дөңгелек столдар, т.б. барлығы 92 түрлі шаралар ұйымдастырылып, оған 8300 адам қамтылды.
Жолдаудың басым бағыттары бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастаруға сәйкес Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерде 60 билборд, 14 керме жасалып ілінді.
Елбасы Жолдауын насихаттау, негізгі басымдықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша баспа құралдарында және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашу, ақпараттық-насихаттық материалдар жариялауға байланысты барлығы 82 материал жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының 2012 жылғы 15 қаңтардағы сайлауына байланысты ауданда тиісті жұмыстар толығымен атқарылды.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал ағымдағы жыл қорытындысы бойынша тұрақты болды.
Ауданда «Мирас жастар ұйымы», «ҚР ардагерлер ұйымы», «Сырдария ауданы әйелдері», «Сырдария ұрпақтары» қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік жастар саясатын жүргізу, жастарды Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізуде.
9.1.Мәдениет. 2013 жылы Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйлері, 10 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2013 жылдың 12 айында 836 мәдени шара өткізіліп, оған 142570 көрермен қатысты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2013 жылдың 12 ай қорытындысымен 394750 дана кітап бар.
9.2. Білім беру.
Аудан бойынша 46 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1114 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 29-ы жоғары, 537-і бірінші, 360-ы екінші санатты мамандар.
Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі инновациялық ізденімпаздығы озық тәжірибелердің дүниеге келуіне, оқытудың жаңа түрлерінің кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде. Оқу үрдісінде жаңа инновациялық әдістерді қолдану, жетілдіру мақсатында семинар-конференциялар, семинар-кеңестер, білім сатысы курстары өткізілуде.
Республикалық «Мектепке жол» акция аясында аудандық бюджеттен «Жалпыға міндетті оқу қорына» бөлінген 61257,0 мың теңгенің 15600,0 мың теңгесіне 1560 оқушыға киім, аяқ киім алып берілді.
2013 жылы №36 мектеп-лицейде 6 сыныпта оқитын мүмкіндігі шектеулі екі оқушы мен шағын орталықтағы екі бала үшін инклюзивті оқыту ұйымдастырылды. №37 орта мектепте мүмкіндігі шектеулі 6 бала үшін инклюзивті оқытуды 2014 жылы ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Үйде білім алатын мүгедек балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен, жинақтарымен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Сырдария ауданы бойынша 43 мүгедек балалар үйден оқытылып, олардың 33-і компьютерлік техникамен қаматамасыз етілді.
Аудан мектептерінде 6908 оқушы білім алуда. Аудандық бюджет есебінен 1583,0 мың теңгеге 124 оқушыны мектептен 3 шақырымнан астам қашықтықтан тасымалдау шаралары ұйымдастырылған.
Аз қамтылған отбасының 1016 баласына және бірінші және екінші сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып берілуде. Барлығы 2575 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатта аудан бюджетінен «Жалпыға міндетті оқу қорынан» 38046,0 мың теңге, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін 40398,0 мың теңге, барлығы 78444,0 мың теңге қаржы бөлінген.
Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2012-2013 оқу жылында 502 оқушы бітірді. ҰБТ-ға 313 мектеп бітіруші қатысты, орташа балы 74,31 құрады.
9.3. Спорт. Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 2013 жылдың 12 айында 146 спорттық жарыс өткізіліп, оған 10533 спортшы тартылды. 2013 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.
Жалпы аудан бойынша 9208 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 23,0 пайызды құрап отыр.
9.4. Денсаулық сақтау.
Аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында барлығы 806 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер. Дәрігерлер арасында жоғарғы санатты 5, бірінші санатты 24, екінші санатты 3 дәрігер қызмет атқарады.
Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2013 жыл қорытындысы бойынша 152901 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,0 пайызға азайған.
Есепті кезеңде аудан бойынша 898 нәресте дүниеге келсе, 208 адам қайтыс болған.
Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2013 жылы 15904 адам тексеріліп, 21 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 2209 адам тексеріліп, 34 ауру анықталып, есепке алынды.
Есепте тұратын балаларды және мүгедек балаларды квота бойынша облыстық және республикалық емдеу мекемелерде сауықтырылады. 2013 жыл қорытындысы бойынша Ақсай Республикалық ауруханасына 14 бала, көз ауралардың ғылыми зерттеу институтына 1 бала, ана мен бала қорғау институтына 4 бала, РНЦПИДХ – 4 бала жіберілді.
9.5. Ішкі саясат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында «Аудандық ақпараттық-насихаттық топтар туралы» 3 ақпараттық-насихаттық топ, құрамы 37 адам, АНТ-дың Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерге бөліну кестесі, АНТ-дың қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары» жасалып, аудан әкімінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 341-ө өкімімен бекітілді.
2013 жылдың 19 желтоқсанында аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Елбасы Жолдауындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағыты бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің жауапты қызметкерлері, сала басшылары мен мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ-дар, БАҚ өкілдері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге барлығы 300 адам қатысты.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 11-12 күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.Ыдырысов, Г.Сейтмағанбетова және Г.Исембаева Елбасы Жолдауына байланысты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Іңкәрдария ауылдық округтерінде, барлығы 10 ауылда, 10 кездесу өткізді. Кездесу жиналыстарына ауыл активімен, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының жетекшілері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап есепті мерзімге аудан тұрғындары арасында Жолдауды түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында ұжымдарда талқылау жиналыстары, дөңгелек столдар, т.б. барлығы 25 түрлі шаралар ұйымдастырылып, оған 2000 адам қамтылды.
Жолдаудың басым бағыттары бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастаруға сәйкес Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерде 15 билборд, 14 керме жасалып ілінді.
Елбасы Жолдауын насихаттау, негізгі басымдықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша баспа құралдарында және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашу, ақпараттық-насихаттық материалдар жариялауға байланысты барлығы 30 материал жарық көрді.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.
Ауданда «Мирас жастар ұйымы», «ҚР ардагерлер ұйымы», «Сырдария ауданы әйелдері», «Сырдария ұрпақтары» қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік жастар саясатын жүргізу, жастарды Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізуде.
Мәдениет.
2014 жылы Сырдария ауданы бойынша барлығы 34 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, аудандық ауруханадағы кітапхана филиалы, 14 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2014 жылдың 9 айында 594 мәдени шара өткізіліп, оған 109000 көрермен қатысты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2014 жылдың 9 ай қорытындысымен 397309 дана кітап бар.
Аудандық тарихи-өлкетану музей қорында 8393 экспонат бар
Сырдария ауданы мәдениет саласы қызметі мен ағымдағы жағдайына талдау жүргізу нәтижесінде сала жұмысының басым және әлсіз жақтары анықталды.
Басым жақтары:
1. Мәдениет саласы қызметіне халық сұранысының ұлғаюы;
2. Аудан көлемінде республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің орналасуы.
3. Кітапханалар жүйесіндегі «Үлгілік» кітапхана атағына Асқар Тоқмағанбетов, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдық кітапханалары иеленді.
Әлсіз жақтары:
1. Заман талабына сай келмейтін, тозығы жеткен ауылдық клубтардың орнына типтік жобадағы ғимараттар құрылысын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігі жоқ болуы;
2. Ауданда типтік жобадағы кітапхана ғимаратының болмауы;
3. Ауылдық клубтардың 1/3 (үштен бірі) күрделі жөндеуді қажет етеді;
4. Ауылдық жердегі клубтар мен кітапханалардың материалдық-техникалық базаларының заманауи талаптарға сай келмеуі;
5. Ауданда жылжымалы мәдени демалыс кешендерінің тапшылығы;
6. Аудан клубтары мен кітапханаларында мәдениет қызметкерлері, техникалық қызметкерлер штаттарының жетіспеуі;
7. Мәдениет мекемелерінде РАБИС, т.б. ақпараттық жүйелер қызметін қамтамасыз ететін арнайы мамандардың (программист) болмауы;
8. Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер тарихы зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Мүмкіндіктер:
1. Сырдария ауданының тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау және жетілдіру;
2. Аудан халқына заман талабына сай мәдени қызмет көрсету.
Сырдария ауданы бойынша барлығы 32 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2013 жылдың 10 айында 657 мәдени шара өткізіліп, оған 122140 көрермен қатысты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2013 жылдың 10 ай қорытындысымен 392553 дана кітап бар.
Қауіп-қатерлер:
Мәдениет саласындағы ақылы қызмет жоспарының арту себебінен қызмет көрсету құнының өсуіне байланысты аудан халқының кейбір топтарына мәдени қызмет қолжетімсіз болуы мүмкін.
Дене шынықтыру және спорт
Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 108 спорттық нысандар жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 2014 жылдың 9 айында 111 спорттық жарыс өткізіліп, оған 5839 спортшы тартылды. 2014 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.
Жалпы аудан бойынша 9208 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 23,03 пайызды құрап отыр
Өзекті мәселелер.
1. Материалдық - техникалық базаның және спорттық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі. Аудан бойынша 19 спорт залдардың 17-сі жалпы білім беретін орындарында олар сабақ өткізуден босамайды. Халықтың тек 16,6℅ спортпен айналысады. Ауданда жүзу қауызы жоқ, орталық стадион қазіргі заман талабына сай келмейді. Ауылдарда спорт алаңдарының тозығы жеткен. 2. Балалар мен жасөспірімдер спортының жалпы даму деңгейі төмен.
2 Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер мектеп желісі аудандағы мектеп жасындағы балалардың 14,7℅ ғана қамтамасыз етіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс спорт секциялары жеткіліксіз. Жасөспірімдер спорт клубын дамыту желісі, спорт алаңдары және халықтың жалпы демалыс орындары жетіспейді. Әсіресе ауыл спортын дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Ішкі саясат. Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап есепті мерзімге аудан тұрғындары арасында Жолдауды түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында ұжымдарда талқылау жиналыстары, дөңгелек столдар, т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Жолдаудың басым бағыттары бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастаруға сәйкес Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерде 20 билборд орналастырылды.
Елбасы Жолдауын насихаттау, негізгі басымдықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша баспа құралдарында және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашу, ақпараттық-насихаттық материалдар жариялауға байланысты барлығы 30 материал жарық көрді.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.
Қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, қоғамдық ұйымдар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын зерттеуге, әртүрлі әлеуметтік топтардың қоғамдық бейімдеуге, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын насихаттау шараларына жұмыстар атқарып жүр. Бұл ұйымдар ауданымызда қоғамдық жұмыстарды белсенді, сапалы жүргізіп келеді.
Олар, «Сырдария ұрпақтары» ҚҚ, «Сырдария Нұрдария» ҚҚ, «Сырдария ауданының әйелдері» ҚБ, «Сырдария жастары» ҚБ, «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры, «Мирас» жастар ұйымы» ҚБ, «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық қоры, «Ардагерлер кеңесі» ҚБ тағы да басқа.
Сырдария ауданында жастар арасында белсенді қызмет жасап жүрген «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі, «Сырдария жастары» қоғамдық бірлестігі және «Сырдария ұрпақтары» қоғамдық қоры.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылып қазіргі таңда 2 (екі) маман жастармен жұмыс жасап жатыр.
Өзекті мәселелер;
Жастардың көп шаралар немқұрайлы қарауы.
Қоғамдық тәртіптің сақталуы.
2011 жылы аудан көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тіркелген қылмыстар саны 53,0 пайызға (132-ден 202-ге) ұлғайған. Криминалды полиция саласындағы қылмыстар 55,6 пайызға (117-ден 182-ге), мал ұрлығы 378,0 пайызға (14-тен 67-ге), кісі өлімі 50,0 пайызға (2-ден 3-ке) өсіп отыр, есірткі қылмыстары 63,6 пайызға (11-ден 4-ке), жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 66,7 пайызға (3-тен 1-ге) кеміген.
Іздестіру саласы бойынша тергеуден бой тасалған 4 қылмыскерге іздестіру ісі ашылып оның 4-і, із – түссіз жоғалған 10 азаматтың 2-і табылып, табу көрсеткіші 20,0 пайызды құрады.
2011 жылы аудан бойынша 10 жол оқығасы тіркеліп,соның салдарынан 3 адам қайтыс болсы, 12 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Жол жүру ережесін бұзғандар саны 1321 жүргізуші болып, барлығы 6,6 млн. теңге айыппұл салынды.
2011 жылы аудан көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Өзекті мәселелер;
Жол көлік оқиғаларының саны көбейуі.
Жастар арасында қылмыстың көбейуі.
Инфраструктуралық кешен.
Байланыс және коммуникация.
Байланыстың ең көп тараған түрі телефон байланысы. Ауданға қарасты елді мекендердің 100 пайызы телефон байланысымен қамтылған. Ауданды мобильдық байланыс қызметі кең тараған. Интернет желісі жұмыс істейді.
Өзекті мәселелер;
АТС-тердің желілер ескірген.
Қазіргі уақытқа сай жоғары жылдамдықтағы каналдардың жетіспеуі.
Халықтың телефон және интернет арқылы жаңа қызметтермен бейхабар болуы.
2012 жылы Есепті жылы аудан көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды.
2012 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша аудан көлемінде барлық сала бойынша 276 қылмыс тіркеліп 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 36,6 пайызға ұлғайып, ашылу пайызы 24,4 пайызды құрап отыр (2011 жылдың көрсеткіші 73,8 пайыз).
Криминалды полиция саласындағы қылмыстар кісі өлімі 66,7 пайызға, бұзақылық 16,7 пайызға (12-ден 10-ға), зорлау фактілері 100 пайызға төмендесе, қарақшылық 100 пайызға, 200 пайызға, алаяқтық 150 пайызға, пәтер ұрлығы 12,5 пайызға, мал ұрлығы 64,2 пайызға өсіп отыр.
Жыл қорытындысы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар 17-ге жетіп 112,5 пайызға өсім алып, ашылу көрсеткіші 63,2 пайызды құрады.
Есірткі қылмыстар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 200 пайызға өсім алған және есірткіге байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтың 5 дерегі анықталып, нәтижесінде 280 кг 261 грамм марихуана есірткі заты тәркіленген.
Аудан бойынша жыл көлемінде 16 жол – көлік оқығасы тіркеліп, қаза болғандар саны 10 адам, дене жарақатын алғандар саны 15 болды.
Іздестіру саласы бойынша тергеуден бой тасалаған 6 қылмыскерге іздеу жариаланып 5-і анықталып ашылу пайызы 83,3 пайызды құраса, хабар – ошарсыз кеткен 11 азаматқа іздеу жариаланып, 2-і анықталып ашылу көрсеткіші 22,2 пайызды құрап отыр.
2013 жылдың 12 айында аудан көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды.
2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша аудан көлемінде барлық сала бойынша 397 қылмыс тіркеліп 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,6 пайызға ұлғайып, ашылу пайызы 25,2 пайызды құрап (2012 жылдың көрсеткіші 24,4 пайыз), 0,8 пайызға өсім алған.
Криминалды полиция саласындағы қылмыстар қарақшылық 100 пайызға, мал ұрлығы 32,7 пайызға төмендеген, кісі өлімі 100 пайызға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 500 пайызға, зорлау фактілері 700 пайызға, бұзақылық 370 пайызға, ұрлық 4,7 пайызға, пәтер ұрлығы 44,4 пайызға, алаяқтық 60,0 пайызға, есірткі қылмыстары 350 пайызға, ұялы телефон ұрлығы 71,0 пайызға өскен.
2013 жылдың 12 айында хабар-ошарсыз кеткен 16 адамның 6-ы анықталып отыр.
2013 жылдың 12 айында ауыр және аса ауыр қылмыстар 33 болып 94,1 % өсім алып, ашылу көрсеткіші 63,9 % құраған. Оның ішінде ауыр қылмыстық істер 27 болып 92,9 % өсіп, ашылуы 53,3 % құраған.
Аса ауыр санаттағы қылмыстар 6 болып 100% өсім алып, ашылуы 116,7% құраған.
Жасөспірімдермен жасалған кылмыстар 9 болып 200% өсім алған, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен топтасып жасалған қылмыстар 6 болып 500% өсім алған.
Жол полиция бөлімшесімен 2013 жылдын 12 айында аудан көлемінде 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп 75,0 % өсіп, онда-11 адам қайғылы қазаға ұшырап 10,0 % өсім алып, ал онда дене жарақатын алғандар 36 болып 140,0 % өскен. Есепті мерзімде барлығы жолда жүру ережесін бұзған 2892 әкімгершілік құқық бұзушылықтар анықталып, оның 2020 жүргізушісіне 18,9 млн. теңге айыппұл салынып, 1703 жүргізушіден 15,6 теңге айыппұл өндіріліп, өндіру 82,1 % құрады.
2014 жылдың 9 айында аудан көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды.
2014 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша аудан көлемінде барлық сала бойынша 263 қылмыс тіркеліп 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,0 пайызға төмендеп, ашылу пайызы 17,4 пайызды құрап отыр (2013 жылдың көрсеткіші 24,5 пайыз).
Криминалды полиция саласындағы қылмыстар кісі өлімі 100 пайыз төмендеген, денсаулыққа қасақана зиян келтіру 50 пайызға төмендеген, зорлау фактілері 33,3 пайызға төмендеген, қарақшылық біркелкі (0/0) болған, тонау біркелкі болған, бұзақылық 30,6 пайызға төмендеген, ұрлық 3,0 пайызға төмендеген, бопсалау 100 пайыз төмендеген, пәтер ұрлығы 113,3 пайызға өскен, алаяқтық 114,3 пайызға өскен, есірткі қылмыстары 16,7 пайызға төмендеген. Мал ұрлығы 8,5 пайызға өскен.
Жыл қорытындысы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар ( 25/25) біркелкі болып, ашылу көрсеткіші 53,6 пайызды құрады.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар (8-ден 4-ке) 50 пайызға төмендеген, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен топтасып жасалған қылмыстар (4-тен 3-ке) 25,0 пайызға төмендеген.
Аудан бойынша 9 айда 14 жол – көлік оқиғасы тіркеліп, қаза болғандар саны 8 адам, дене жарақатын алғандар саны 39 болды.
Өзекті мәселелер;
Жол көлік оқиғаларының саны көбейуі.
Жастар арасында қылмыстың көбейуі.
Инфраструктуралық кешен.
Байланыс және коммуникация.
Байланыстың ең көп тараған түрі телефон байланысы. Ауданға қарасты елді мекендердің 100 пайызы телефон байланысымен қамтылған. Ауданды мобильдық байланыс қызметі кең тараған. Интернет желісі жұмыс істейді.
Өзекті мәселелер;
АТС-тердің желілер ескірген.
Қазіргі уақытқа сай жоғары жылдамдықтағы каналдардың жетіспеуі. Халықтың телефон және интернет арқылы жаңа қызметтермен бейхабар болуы.
Құрылыс.
2011 жылға Ауданда қазіргі кезеңде тұрғын үй салу халықтың өз күшімен жүзеге асырылуда, жыл басынан бастап 201,0 млн. теңгенің жұмысы атқарылып 7737,1 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2010 жылмен салыстырғанда 104,0 пайыз болып отыр.
Кент және ауылдық елді мекендерде нөмірі жоқ 60 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға нөмір берілді.
Тереңөзек кентіндегі Айтек каналының оңтүстік бетіне бас жоспарға қосымша түбегейлі жоспарлау жобасын дайындау жұмыстарына 2011 жылға жергілікті бюджеттен 4,0 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда жұмыстардың 100,0 пайызы орындалды.
Тереңөзек кентінде жаңадан салынып жатқан 1200 орындық мектепке баратын оқушылар үшін «Айтек» каналына салынатын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына қаралған 7,2 млн. теңге толығымен игеріліп, көпір пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджеттен 3 тұрғын үй құрылысына 21807,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталып,272,4 шаршы метр 3 тұрғын үй пайдаланыға берілді.
2011 жылы Шіркейлі ауылына биотермиялық шұңқыр құрылысына 4,5 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар аяқталды.
5.2. Ауыз су. 2011 жылы республикалық және облыстық бюджеттен Тереңөзек кентінің және А. Тоқмағанбетов ауылының ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстары жалғасын табуда. Тереңөзектегі нысан бойынша республикалық бюджеттен 450 млн. теңге, облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге, А. Тоқмағанбетов ауылы бойынша республикалық бюджеттен 188,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 20,9 млн. теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек ауыз суы бойынша 500,0 млн. теңге, А. Тоқмағанбетов ауыз суы бойынша 197,9 млн. теңге қаржы игеріліп, А. Тоқмағанбетов ауылы бойынша 18,321 шақырым ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.Аудандық бюджет есебінен Жетікөл елді мекенінің ауыз су жүйесіне орташа жөндеу жұмыстарына 3242,0 мың теңге, Тереңөзек кенті Б. Момышұлы көшесіне ауыз су жүйесін орнату жұмыстарына 3200,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.Сонымен қатар Тереңөзек кентінің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2240,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып отыр.«Ақбұлақ» ауыз су бағдарламасы шеңберінде Тереңөзек, А. Тоқмағанбетов, Ақжарма, Амангелді ауылдық округ ауыз су жүйелері жобалары республикаға өткізілді. Бағдарлама бойынша ауыз су әр үйге кіргізіліп, су есептеу құралдары орнатылуға тиіс. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Облыстық бюджеттен О. Мәлібаев ауылына 1,5 млн. теңге, Бесарық ауылына 2,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта бұл жұмыстар бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындалып, тиісті облыстық басқармаға өткізілді.5.3. Жол жөндеу жұмыстары бойынша. 2011 жылы облыстық бюджеттен жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 22911,0 мың теңге қаралып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Н. Ілиясов елді мекенінің ішкі көшелерін автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына 27527,0 мың теңге теңге бөлініп жұмыс аяқталды.Сырдария ауданына қарасты 5 елді мекендердің жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен 136,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.Тереңөзек кентіндегі «Айтек» каналы үстінен автожол көпірі құрылысына облыстық бюджеттен 60855,5 мың теңге қаралды.Республикалық бюджеттен бөлінген инфрақұрылымдық нысандар құрылысына 30,5 млн. теңгеге 1,15 шақырым жол салынып, пайдалануға берілді.
Электр энергиясы бойынша. 2011 жылғы аудандық бюджеттен Қоғалыкөл елді мекенін жарықтандыру жұмыстарына 8299,0 мың теңге, Шіркейлі елді мекенін жарықтандыруға 3790,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.Сондай – ақ Сырдария ауданына қарасты 11 елді мекендерді жарықтандыру жұмыстарына 11000,0 мың теңге және Тереңөзек кентін жарықтандыруға 5874,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
5.3. Спорт объектілерінің құрылысы. 2011 жылы облыстық бюджеттен Жетікөл, Н. Ілиясов, С. Сейфуллин, Шіркейлі және Амангелді ауылдарынан бір-бірден спорт аландарын салуға 25,0 млн. теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді. Тереңөзек кентіндегі орталық стадионның футбол аланына жасанды төсеніш жұмыстарына жергілікті бюджеттен 52,8 млн. теңге қаржы бөлінді
Тұрғын үй салуға аудандық бюджеттен жыл сайын қаржы қарастырылып келеді.
Тұрғын үй. 2012 жылы Ауданда халықтың өз күшімен 182,7 млн. теңге көлемінде 8878,8 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда 114,0 пайызға артып отыр.
Тұрғын үй салуға аудандық бюджеттен жыл сайын қаржы қарастырылып келеді.
2012 жылы аудандық бюджеттен Тереңөзек кентінде 3 тұрғын үй құрылысына 21,0 млн. теңге қаржы қаралып, қаржы толығымен игерілді. Сонымен қатар Тереңөзек кентінде салынатып 18 және 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалау сметалық құжаттар жасауға жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар Қалжан ахун ауыл әкімі аппаратының әкімшілік ғимараты құрылысына 17,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қаржы толығымен игерілді.
Ауыз су. Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің қатарына жатқызылған. Осыған орай мемлекетімізде «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданып, басты мақсаты - халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету болды.
Қазіргі таңда Сырдария ауданы халқының 93,0 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2020 жылы аудан халқының 100 пайызы түгел дерлік орталықтандырылған көзден су ішетін болады.
Осы бағдарлама шеңберінде Тереңөзек кентінің ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 270,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге, А.Тоқмағанбетов ауылының ауыз су жүйесін әр үйге жеткізу жұмыстары бойынша 90,0 млн теңге қаржы толығымен игеріліп, жұмыстар аяқталды.
2012 жылы Тереңөзек кентіндегі Сырдария, А. Тоқмағанбетов, Б. Момышұлы көшелерінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 5,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен орындалды.
Жол. 2012 жылы аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі Қазантаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарына 14,7 млн. теңге, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 24,5 млн. теңге, кентішілік және елді мекендердің ішкі көшелеріне «жол қауіпсіздігі» жол белгілерін орнату жұмыстарына 1,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар 100,0 пайызға орындалды.
Аманкелді ауылдық округінің 2,7 шақырым, Шіркейлі ауылдық округінің 2,9 шақырым, Қоғалыкөл ауылдық округінің 3,1, А. Тоқмағамбетов ауылдық округінің 2,86 шақырым ішкі көшелерін шақырым орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 140,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыс 100,0 пайызға аяқталды.
Сонымен қатар С. Сейфуллин ауылдық округінде 1 көшені орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 8,3 млн. теңге, Іңкәрдария ауылдық округінде 2 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 13,9 млн. теңге және Қалжан ахун ауылдық округінің 1 көшесін орташа жөндеуге 7,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар дайындау үшін «Қызылорда - Айдарлы - Тартоғай» автожолына (0-9 шақырым) 500,0 мың теңге, Тереңөзек кентінің 31 көшесіне 12608,0 мың теңге, С. Сейфуллин ауылының кіре беріс автомобиль жолына 600,0 мың теңге, Қалжан ахун ауылы «Қызылорда - Жалағаш» автожолына 900,0 мың және 323,0 мың теңге, Айдарлы ауылының 4 көшесіне 1 млн. теңге, Жетікөл ауылының 5 көшесіне 1 млн. теңге, Шаған ауылының 7 көшесіне 1190,0 мың теңге, Ақжарма ауылының 3 көшесіне 930,0 мың теңге, Іңкәрдария ауылының 3 көшесіне 1 млн. теңге, Н. Ілиясов ауылының 7 көшесіне 900,0 мың теңге, О. Мәлібаев ауылының 3 көшесіне 1245,0 мың теңге, барлығы 22,2 млн. теңге қаржы бөлінді.
Кентішілік, қала маңыздағы ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 3,0 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, қазіргі таңда аудан орталығында 2 бағытта 2 маршрут жүріп тұр. Қосымша жергілікті бюджеттен 4,7 млн. теңге бөлініп, 10 жерге аялдама салынды.
Тереңөзек кентінде жергілікті бюджеттен 8,2 млн. теңгеге 2 көше қиылысына бағдаршам, 1,2 млн. теңгеге жол белгілері орнатылды.
2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 көшені орташа жөндеуге 9,2 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде Шаған ауылындағы 2 көшені орташа жөндеуге 20,4 млн. теңге, Айдарлы ауылындағы 4 көшені жөндеуге 48,4 млн. теңге, Ақжарма ауылындағы 3 көшені жөндеуге 48,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар 2013 жылы аудандық бюджеттен 8 ауылдық округтердің көшелерін орташа жөндеуге Жобалық – сметалық құжаттарын жасатуға 7,1 млн. теңге қаржы қаралды.
Жарықтандыру. 2012 жылы Шаған және Ақжарма елді мекендерінің жарықтандыру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 16,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Сонымен қатар Шаған ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 11,9 млн. теңге, Ақжарма ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 9,7 млн. теңге қаржыға жұмыстар жүргізілді.
Көпір. Биылғы жылы Тереңөзек – Шаған автожолындағы Сырдария өзені арқылы өтетін республикалық бюджет есебінен салынатып көпір құрылысы жүргізіледі. Жалпы құны 2,6 млрд. теңге тұратын бұл құрылысқа 2012 жылы 550,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Көпір құрылысы 2013 жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
2012 жылы Тереңөзек кентінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына ЖСҚ жасауға 900,0 мың теңге, Шаған ауылы «Шіркейлі» каналына жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына ЖСҚ жасауға 1700,0 мың теңге бөлінді.
Абаттандыру. Тереңөзек кентінде демалыс саябағын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60,8 млн. теңге және Қонаев пен Амангелді көшелеріне бордюр орнатуға 32,3 млн. теңге, сонымен қатар «Сыр сұлуы» композициясын абаттандыру жұмыстарына 51,8 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.
Н. Ілиясов елді мекенінің Достық көшесін және мәдениет үйінің ауласын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,7 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды.
«100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы». Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бастамашылық еткен «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы бала бақша және шағын орталықтардың санын көбейту арқылы 82,7 пайызға дейін жеткізілді.
2012 жылы республикалық бюджеттен «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жалпы құны 1266,0 млн. теңге Шаған ауылында 900 орындық мектеп ғимаратының құрылысына 540,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 2013 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар республика бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі 300 орындық №210 орта мектеп құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық – сметалық құжаттары дайындалды және Шіркейлі ауылындағы 600 орындық мектеп ғимаратының құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген 4,5 млн. теңгеге жобалық – сметалық құжаттары дайындалды.
Спорт объектілерінің құрылысы. Елбасымыз өз Жолдауында қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін жүктеген болатын.
Осы мақсатта 2012 жылы аудандық бюджеттен Айдарлы, Бесарық, А. Тоқмағанбетов және Қоғалыкөл ауылдарына шағын спорт алаңдарының құрылыстарына 24,8 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда елді мекендердегі әмбебап ашық спорт алаңы құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2013 жылы Тұрғын үй. Ауданда халықтың өз күшімен 160,1 млн. теңге көлемінде 8626 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2012 жылдың көрсеткішіне қарағанда 152,9 пайызға орындалды.
Аудандық бюджет есебінен 2013 жылы Іңкәрдария ауылдық округінде 3 бөлмелі бір пәтерлі тұрғын үй құрылысына 8,3 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда нысан пайдалануға берілді.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 17,7 млн. теңгеге С. Сейфуллин ауылдық әкімдігі ғимаратының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Ауыз су. Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің қатарына жатқызылған. Осыған орай мемлекетімізде «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданып, басты мақсаты - халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету болды.
Қазіргі таңда Сырдария ауданы халқының 93,0 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2020 жылы аудан халқының 100 пайызы түгел дерлік орталықтандырылған көзден су ішетін болады.
2013 жылы аудандық бюджеттен Бесарық, Қалжан ахун елді мекендердің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 8769,0 теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Тереңөзек кентінің Б. Момышұлы, А. Тоқмағанбетов көшелерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 2179,0 мың қаржы бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. О. Мәлібаев,Калжан ахун,Қоғалыкөл, Жетікөл елді мекендердің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 620,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды.
Биылғы жылы Тереңөзек кентінің сумен қамту және су әкету жүйелерін қайта құрылымдау және кеңейту жұмыстарының 2-кезеңіне республикалық бюджеттен 192,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Тереңөзек қыстағындағы тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісін жеткізу құрылысына республикалық бюджеттен 154,1 млн. теңге қаржы бөлінсе, осы жобаны қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Тереңөзек қыстағындағы ауыз су жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 28,3 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілуде.
Іңкәрдария ауылындағы ауыз су жүйесін қайтадан жаңғырту және кеңейту жұмыстарына – 39,4 млн. теңге, Бесарық ауылындағы ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуге – 4 625,0 мың теңге бөлінді.
Жол. Сырдария ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 421,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 47,0 шақырым (Қызылорда-Жалағаш а/ж 16-63км), облыстық маңызы бар жол 18 шақырым (Шымкен-Самара-Тереңөзек а/ж 0-18км), аудандық маңызы бар жол 148,5 шақырым және кент пен ауылішілік автомобиль жолдар 206,46 шақырымды құрайды. 2013 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өткізуге республикалық, облыстық бюджеттен 180442,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық маңызы бар 148,5 шақырым жолдын «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай 0-50,5 км» автожолының (33,5-39,5 км аралығы) 6 шақырымына орташа жөндеу, «С. Сейфулин елді мекеніне кіре беріс 0-3 км» автомобиль жолына күрделі жөндеу, 139,5 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай 0-50,5км» автожолының (33,5-39,5 км аралығы) 6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары 100 пайызға (Мердігер мекеме «Сыржолдары» ЖШС-гі», «С. Сейфулин елді мекеніне кіре беріс 0-3км» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмысы 100 пайызға (Мердігер мекеме «Қыран»ЖШСгі) орындалды.
Сонымен қатар 9 елді мекендердің (Тереңөзек, Айдарлы, Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Мәлібаев, Н. Ілиясов, Амангельді, Шіркейлі) жалпы ұзындығы 27,31 шақырым құрайтын 39 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 178411,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 229098,0 мың тенге барлығы 407509,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Айдарлы елді мекенінің жалпы ұзындығы 3,2 шақырым құрайтын 4 көшесіне, Шаған елді мекенінің жалпы ұзындығы 1,3 шақырым құрайтын 2 көшесіне, Ақжарма елді мекенінің жалпы ұзындығы 3,2 шақырым құрайтын 3 көшесіне, Амангелді елді мекенінің жалпы ұзындығы 0,92 шақырым құрайтын 2, Н. Ілиясов елді мекенінің жалпы ұзындығы 0,46 шақырым құрайтын 1 көшесіне, Мәлібаев елді мекенінің жалпы ұзындығы 1 шақырым құрайтын 1 көшесіне, Тереңөзек кентінің жалпы ұзындығы 0,97 шақырым құрайтын 2 көшесіне жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен Тереңөзек кентінің жалпы ұзындығы 4,55 шақырымды құрайтын 8 көшесіне, Шаған елді мекенінің жалпы ұзындығы 2,83 шақырым құрайтын 4 көшесіне, Н.Ілиясов елді мекенінің жалпы ұзындығы 3,53 шақырым құрайтын 7 көшесіне, Іңкәрдария елді мекенінің жалпы ұзындығы 1,2 шақырым құрайтын 2 көшесіне, Мәлібаев елді мекенінің жалпы ұзындығы 1,2 шақырым құрайтын 1 көшесіне, Шіркейлі елді мекенінің жалпы ұзындығы 2,97 шақырым құрайтын 2 көшесіне жол жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалды.
Тереңөзек кентіне кіре беріс автомобиль жолы мен «Әйтек» каналына көпір құрылысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6700,0 мың теңге, «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының 0-10км, 33-39 км аралығына орташа жөндеу жұмысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 2486,0 мың теңге қаржы бөлінді. Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен Тереңөзек кентінің ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша 11107,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жарықтандыру.
Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылы елді мекенінің бойындағы «Қызылорда – Жалағаш автотрасасын жарықтандыру жұмыстарына 7539,7 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Шаған ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 11,9 млн. теңге, Ақжарма ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 9,7 млн. теңге қаржыға жұмыстар жүргізілді.
Сырдария ауданына қарасты саяжайды электрмен жабдықтау жұмыстарына 65128,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары төлығымен аяқталды.
Көпір. Биылғы жылы Тереңөзек – Шаған автожолындағы Сырдария өзені арқылы өтетін республикалық бюджет есебінен салынатып көпір құрылысы жүргізіледі. Жалпы құны 2,6 млрд. теңге тұратын бұл құрылысқа 2013 жылы 1 111,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Спорт объектілерінің құрылысы.
Елбасымыз өз Жолдауында қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін жүктеген болатын.
Осы мақсатта аудан орталығы және елді мекендерде ( Тереңөзек кенті (2 дана), Шаған, Ақжарма, Н.Ілиясов, Қоғалыкөл ауылдық округтер) 6 (алты) спорттық алаңдар құрылысына аудандық бюджеттен – 43 200,0 мың теңге қаралып тиісті жұмыстар атқарылып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі орталық стадион мінбесін қайта жаңғыртуға 51,8 млн. теңге, Шаған ауылында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына 125,8 млн. теңге қаржыға жұмыстар атқарылуда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауылдық округтарда (Ақжарма, Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин, Қоғалыкөл, А.Тоқмағанбетов, Шаған, Шіркейлі) балалар ойын алаңдарын салуға республикалық бюджеттен – 17,9 мың теңге қаралып, 9 ойын алаңы пайдалануға берілді. Шіркейлі ауылдық округындағы ойын алаңының құрылысы «Эверест-МД» ЖШС-гі келісім шарттағы талаптарды орындамауына байланысты аяқталмаған.
Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде Тереңөзек кентінің Н. Ілиясов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 9,0 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізіліп, толығымен аяқталды.
2014 жылы Мәдениет объектілерінің құрылысы. 150 орындық клуб құрылысына облыстық бюджеттен Іңкәрдария ауылына 179,6 млн. теңге және С. Сейфуллин ауылына 167,4 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы. Тереңөзек кентінде бір аусымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Шіркейлі елді мекенінде облыстық бюджет есебінен 76,1 млн. теңгеге дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.
2014 жылы Ақжарма ауылындағы және Қоғалыкөл ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жоба – сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 4756,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Спорт объектілерінің құрылысы.
Н. Ілиясов ауылында 2014 жылы облыстық бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы стадион құрылысын салуға қаралды. Сонымен қатар «Абзал и К» ТС-гі стадион құрылысына 120,0 млн. теңге бөліп, 2014 жылдың сәуір айынан бастап құрылыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ақжарма ауылына спорттық - сауықтыру кешенін салуға мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба – сметалық құжат әзірлеуге облыстық бюджеттен 4965,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Ақжарма ауылындағы шағын спорт алаңын салуға аудандық бюджеттен 11092,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Білім объектілерінің құрылысы.
Шаған ауылындағы №37 орта мектебіне 900 орындық жаңа мектеп құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, жобаның жалпы сметалық құны – 1265,9 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші бас мердігер «Сұңқар ССК» ЖШС-гі. 2014 жылы мектеп құрылысын толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 496,07 млн. теңге қаржы бөлінді.
Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектепке 600 орындық мектеп ғимаратын құрылысын салуға 2014 жылы республикалық бюджеттен 295,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 2015 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаның жалпы сметалық құны – 888,6 млн. теңге.
Қоғалыкөл ауылындағы кері қайтарылып алынған 140 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжат жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 4577,0 мың теңге, С.Сейфуллин ауылында 90 орындық балабақша ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжат жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3721,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Шаған ауылындағы жаңа мектеп құрылысы аяқталған кезінде, ескі мектеп ғимаратын қайта жаңғыртып, балабақша ашу жоспарлануда.
Айдарлы ауылындағы №139 орта мектептің шағын тәрбиелеу орталығын қайта жаңғыртуға 15,891 млн теңге игеріліп, №36 орта мектептің ескі ғимаратын қайта жаңғыртуға 74,04 млн теңге игеріліп, пайдалануға берілді. Н.Ілиясов ауылындағы «Балдырған» балабақшасының жылу қазандығы құрылысына 21082 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды. Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық және Шаған ауылындағы 90 орындық балабақшаны қайта жаңғыртуға, С. Сейфуллин ауылына салынатын 90 орындық балабақша құрылысына, мемлекеттік сараптамадан өткен жоба-сметалық құжат дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды..Электр энергиясы бойынша.
Аманкелді елді мекенінде 0,4 кв және 10 кв электр желісінің трансформатор поддстанциясымен құрылысына 22673,0 мың теңге, Бесарық, Ақжарма елді мекендері бойынша аудандық бюджет есебінен қаржыландыруға 13 636,0 мың теңге бөлінді.
2014 жылы Самара-Шымкент автотрассасының Шаған елді мекені тұсын жарықтандыруға аудандық бюджеттен 3849,0 мың теңге бөлініп. Қазіргі таңда «Қымбат и К» ЖШС-гі мекемесі арқылы 3182,0 мың теңгеге тиісті жұмыстар 100 пайыз аяқталды.
Ауыз су.
Сырдария ауданына 2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Бесарық, Аманкелді, Ақжарма, О.Мәлібаев елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау және кеңейту жобаларына республикалық бюджет есебінен 830,4 млн. теңге, аудандық бюджет есебінен 92,3 млн. теңге, барлығы 922,7 млн. теңге бөлінді.
Шаған, Шіркейлі, Н. Ілиясов, Қоғалыкөл, Айдарлы елді мекендеріндегі тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісін жеткізуге және Қалжан ахун елді мекенінің ауыз су жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмысына жобалық-сметалық құжаттар дайындауға аудандық бюджеттен 2014 жылға 30544,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобалар облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы өңірлік даму министрлігіне 2016 жылға іске асырылатын жобалар тізіміне ұсынылды.
Жол.
2014 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға, жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 27770,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Тереңөзек кентінің 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 191738,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдарға және кент(ауыл)ішілік жолдар мен көпірлерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлуге аудандық бюджеттен 30045,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен 2826,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар республикалық бюджеттен 942,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 235,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кентінде мүгетектер жиі жүретін орындардың жол өткелдеріне 2 дана синхронды дыбысы бар және жарықтық құрылысы бар арнаулы бағдаршам және Амангелді, Алиакбаров көшелеріне 14 дана жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
Тереңөзек, Амангелді, Бесарық, Қалжан Ахун, Іңкәрдария, Шаған елді мекендерінде жол қауіпсіздігің қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 6113,0 мың теңге қаржы қаралып,қазіргі таңда жол белгілері мен жасанды ойлы-қырылылықтарды орнату жұмыстары жүргізілді.
Жарықтандыру.
Аманкелді елді мекенінде 0,4 кв және 10 кв электр желісінің трансформатор поддстанциясымен құрылысына 22673,0 мың теңге, Бесарық, Ақжарма елді мекендері бойынша аудандық бюджет есебінен қаржыландыруға 13 636,0 мың теңге бөлінді.
2014 жылы Самара-Шымкент автотрассасының Шаған елді мекені тұсын жарықтандыруға аудандық бюджеттен 3849,0 мың теңге бөлініп. Қазіргі таңда «Қымбат и К» ЖШС-гі мекемесі арқылы 3182,0 мың теңгеге тиісті жұмыстар 100 пайыз аяқталдыАбаттандыру. Тереңөзек кентінде демалыс саябағын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60,8 млн. теңге және Қонаев пен Амангелді көшелеріне бордюр орнатуға 32,3 млн. теңге, сонымен қатар «Сыр сұлуы» композициясын абаттандыру жұмыстарына 51,8 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.
2.3 Сырдария ауданының орта мерзіміді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары,тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
Аумақтың жағдайын талдау.
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
1. Ауылшаруашылығы дамытуға қолайлы.
2. Облыс орталығына жақын орналасқан
3. Аудан аумағымен темір және автомобиль жолдары өтеді.
4. Ауылшаруашылық өнімдерінң өндірісі күшті дамыған.
5. Ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын мектеп-лицей орналасқан.
6. 1. Мәдениет саласы қызметіне халық сұранысының ұлғаюы;
7. Аудан көлемінде республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің орналасуы.
8. Кіші және орта бизнестің дамуы;
9. Инвестиция тартуға қолайлы.
10. Әлеуметтік жобалардың үнемі қаржылануы аудандық бюджетте.
11. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарда жастарға жәрдем беру жағдайы жасалған.
|
1. Денсаулық, білім беру салаларында кадр тапшылығы және денсаулық саласында құралдармен жұмыс істейтін мамандар жоқтығы.
2. Электроқуатының тапшылығы.
3. Су жүйесінің қанағатсыз жағдайы.
4. Ауданда әлеуметтік бағыттағы бала бақша тапшылығы.
5. Малдың көбісі жекелердің үлесінде.
6. Бизнеске инвестиция тарту.
7. Шағын бизнестің дамымауы.
8. Ауылшаруашылық саласында мамандар тапшылығы.
9. Туристік инфраструктура дамымаған.
10. Облыстық және жергілікті жолдардың, ішкілік көшелердің жағдайы сын көтермейді..
11. Жастардың белсенділігінің төмендігі.
12.Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер тарихы зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
|
Мүмкіндіктер.
|
Қауіптер.
|
1.Экологиялық проблемаларды шешуде жаңа технологияны пайдалану.
2. Бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін шығару.
3. Өнеркәсіп, құрылыс саласында шағын және орта бизнесті дамыту.
4. Мемлекеттік мекемелермен байланыста болу.
5. Жастарды әлеуметтік жағынан қорғау.
12. Жастардың белсенділігін көтеру.
13,Аудан халқына заман талабына сай мәдени қызмет көрсету.
|
1. Сауда орындарында шетелдік тауарларының көбеюі.
2. Электр қуаты тапшылығы.
3. Жастардың немқұрайлығы.
4. Мәдениет саласындағы ақылы қызмет жоспарының арту себебінен қызмет көрсету құнының өсуіне байланысты аудан халқының кейбір топтарына мәдени қызмет қолжетімсіз болуы мүмкін.
|
2.4 Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданылыстағы саясатын талдау
Қазіргі кезеңде ауданның дамуы « Ақбулақ ». «Балапан», «Салауатты Қазақстан», тағы да басқа бағдарламалар шеңберінде орындалып келеді. Осы бағдарламалар аясында әліде шешімін таппай келе жатқан проблемалар бар. Ол проблемалар осы бағдарлама арқылы шешімін табатын болады.
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ.
Әлеуметтік-экономикалық талдау бойынша Сырдария ауданының соңғы жылдары инвестиция тарту қарқыны өте көлемді екенін көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш жаңа жұмыс орындар ашуға ықпалын тигізіп жергілікті бюджетке қосымша салықтар түсуіне себеп болып отыр.
Өзекті индикаторлар;
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 2015 жылы 101,0% құрайды..
Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2015 жылы 132,6% құрайды.
Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі, 2015 жылы 132,2% құрайды Халықтың медициналық қызмет кқрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылы 90,0% құрайды
;Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,7% құрайды
Аудан тұтынушыларының мәдениет саласы қызметі сапасына қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылы 50% құрайды
Азаматтық қоғам институттары қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі 2015 жылы 50% құрайды
Мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 2015 жылы 100 % құрайды
Сспортпен шұғылданатын адамдар саны 2015 жылы 25℅ құрайды
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2015 жылы 112 ℅ құрайды
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 70 ℅ құрайды
Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылы 70% құрайды
Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту 2015 жылы бірлікті құрайды
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЫ ЖӘНЕ
НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ
ҚОЛЖЕТКІЗУЖОЛДАРЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |