“Лисаков қаласы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение «Отдел жилищно-
коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Лисаковска»
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ 2011 жылғы 22 ақпандағы № 13/1 № 13/1 от 22 февраля 2011 г.
Лисаков қаласы город Лисаковск
«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламенті туралы
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоса берілген жұмыс регламенті бекітілсін.
ММ бастығы Т.Соколова
«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының
2011 жылғы «_22_» __ақпандағы_
№ _13/1__ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
|
«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының
РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) қалалық мемлекеттік басқарма органдарының құрылымына кіреді.
2. Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
3. Іс жүргізу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, бөлімге арналған хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және бөлу, соның ішінде әр түрлі канал байланысы және деректерді беру бойынша келіп түсетін хабарларды осы Регламентпен алдын ала көзделген тәртіпте іс жүргізу қызметі бойынша бас маманмен жүзеге асырылады.
4. Бөлімнің бастығы барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді.
5. Бөлімнің бастығы мен мамандары лауазымдық міндеттерінің бөлінуіне сәйкес қызметтерді орындайды. Бастықтың ұзақ болмауы немесе оған өз міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, оның өкілеттігін міндеттердің бөлінуіне сәйкес бас маман жүзеге асырады.
2. Жұмысты жоспарлау
6. Бөлім өз жұмысын негізгі іс-шаралардың жылдық, тоқсандық және айлық жоспары бойынша жасайды.
7. Жылдық, тоқсандық және айлық жұмыс жоспарлары Бөлім бастығымен бекітіледі.
8. Жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды Бөлім бастығы жүзеге асырады.
3. «Бақылау сағатын», отырыстарды, кеңестерді дайындау және өткізу
9. «Бақылау сағаты», кеңестер, отырыстар және Бөлімнің басқа да жаппай іс-шаралары күнтізбелік айға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.
10. «Бақылау сағатына», кеңестерге, отырыстарға арналған материалдарды даярлауды Бөлімнің бастығы, бас мамандары жүзеге асырады.
11. Бөлім бастығымен дайындалған әкімдік қаулысының жобасы, қала әкімінің шешімдері (өкімдері), құжатты қабылдау негізі баяндалған анықтамамен және талқылау үшін шақырылғандар тізімімен, бастықпен қол қойылған ілеспе хатпен бірге әкім аппаратының тиісті бөліміне ұсынылады. Әкімдік қаулысының жобасы әкімдіктің отырысында талқыланады және хаттамамен ресімделеді.
12. Жобалар бірінші басшымен немесе оны алмастыратын тұлғалар қол қойған мүдделі органдармен келісіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
13. Жобалар әзірлемесін уақыттылы, сапалы және белгіленген мерзімінде әкімдікке ұсыну үшін, сондай-ақ жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дұрыс жазылуына Бөлім бастығы жеке жауап береді.
4. Бұйрықтарды дайындау
14. Қызмет мәселелерінің жедел шешілуі үшін Бөлім бастығы бұйрықтар шығарады. Бастықтың тапсырмасымен мамандар бұйрықтың жобасын дайындайды. Бұйрықтың жобасы Бөлім бастығына бекітуге кіргізіледі.
15. Бұйрықтың бірінші данасы бұйрықтар кітабында сақталады.
5. Кіріс хат-хабарды қарау және шығыс хат-хабарды жөнелту
16. Бөлімге аталған хат-хабарлар, оның ішінде хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оларға қайтарылған жауаптар кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу журналдарында тіркеледі, және Бөлім бастығына қарауға және нақты тапсырмаларды (бұрыштамаларды) анықтау үшін орындаушылар мен орындалу мерзімі көрсетіліп беріледі.
17. Орындалуына жауапкер Бөлім жұмысшылары хаттарды, өтініштерді және басқада құжаттарды қарайды және ережелерге және басқа нормативтік құқылық актілерге сәйкес, олардың құзыретіне кіретін барлық сұрақтарға шешімдерді қабылдайды.
18. Ең көбірек қажет және тұрлаулы құжаттар Бөлім бастығымен қаралады.
19. Егер жауапты атқарушы құжатты өзінше орындауды қамтамасыз ете алмаса, онда ол нақты ұсыныстарымен бірге Бөлім бастығына беріледі.
20. Құжаттардың сақталуы үшін жауапкершілік бұрыштамаға сәйкес атқарушыларға жүктеледі.
21. Бөлім атынан құжаттар Бөлім бастығымен, оның жоқ кезінде міндеттердің бөлінуіне сәйкес бас маманмен қол қойылады.
22. Бөлімнің барлық хат-хабарларын жөнелту Бөлімнің іс жүргізу қызметі бойынша бас маманымен жүзеге асырылады. Шығыс хат-хабар тіркеуден өткен күні жөнелтіледі.
6. Бақылауды ұйымдастыру және орындауды тексерулер
23. Орындау үшін нақты шараларды талап ететін, бөлім бастығының бұрыштамасымен келген кіріс құжаттар атқарушыға түседі. Кіріс құжаттарды тіркейтін журналға бөлім маманымен тиісті жазба енгізіледі.
24. Бақылауға алынған құжаттар белгіленген мерзімінде орындалады.
25. Құжаттар құжаттың өзіндегі немесе оның орындалғандығы жөніндегі ақпарат-анықтамадағы Бөлім бастығының бұрыштамасымен бақылаудан алынады, сондай-ақ :
- оны іске асыру жөніндегі жаңа құжаттың негізінде өз күшін жоғалтқанда немесе алдын қабылданғаны дамығанда;
- оларда белгіленген қолданылу мерзімі біткенде;
- қойылған сауалдар толық шешілгеннен және құжатты шығарған мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға бұл туралы хабарлағаннан кейін.
26. Құжатты бақылаудан алғаннан кейін атқарушы сол күні-ақ бұл жөнінде тиісті ұйымдарға хабарлайды.
27. Егер құжат мерзімінде орындауға мүмкін болмаса, онда орындаушы басқарушыға кешігу себептері туралы жазбаша хабарлауы және кейінге қалдыру туралы өтінішін дәлелдеуі керек. Орындау мерзімі тапсырманы берген жетекшімен ғана ұзартылуы мүмкін.
7. Өтініштермен жұмыс істеу және азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
28. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу жеке және заңды тұлғаларды есепке алу Ережелері, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанындағы статистикалық есеп беруді салыстыру бойынша Нұсқаулар негізінде жүргізіледі. Азаматтардың ұсыныстарымен, арыздарымен және шағымдарымен дұрыс жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін Бөлім бастығы мен мамандары жауапкершілікте болады.
29. Бөлімге түскен азаматтардың хаттарын, олар түскен күні, Бөлімнің іс жүргізу үшін жауапты маманы тіркеуден өткізеді.
30. Азаматтардың өтініштері өтініштің мазмұнына қарай және Бөлімнің мамандарына лауазымдық міндеттерінің бөлінуіне сәйкес қарауға және шешуге беріледі.
31. Егер өтініште қойылған сұрақтар қаралса, ол бойынша қажет болған шаралар қолданылса және жауаптар берілсе, онда ол шешілді деп есептеледі.
32. Азаматтардың хаттары түскен күнінен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеуді талап етпейтіндері-кідірместен, бірақ 15 күннен көп емес мерзімде шешіледі.
Хаттарды шешу үшін арнайы тексеру қажет болған жағдайда хаттардың шешу мерзімі Бөлім бастығымен, ерекшелік ретінде, бірақ бір айдан көп емес мерзімге ұзартылуы мүмкін, өтініш берушіні бұл жөнінде жазбаша немесе ауызша түрде хабардар етеді.
33. Азаматтардың хаттарында болған мәселелерді өз уақытында шешу үшін үнемі бақылау Бөлімнің орындаушы-мамандарымен жүзеге асырылады.
34. Бөлімде азаматтарды қабылдау айдың үшінші сейсенбісі күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бастықпен өткізіледі, түскі тамақ үшін үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
8. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.
35. Бөлім жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бола тұрып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурстардың ұйымдастырушысы болып есептеледі (әрі қарай-Ұйымдастырушы).
36. Конкурсты ұйымдастырушы әр конкурсқа құрылатын конкурстық комиссияны құрады.
Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелері кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы және үш адамнан кем болмауы керек. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
37. Конкурс өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссия конкурсты Ұйымдастырушымен дайындалған, бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуы керек.
Конкурстық құжаттама мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен анықталған үлгілік конкурстық құжаттама негізінде мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптары ескеріле отырып, түзіледі.
38. Конкурстық құжаттаманы конкурсты Ұйымдастырушы бекітеді.
39. Конкурсты Ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы газетке хабарландыру береді. Хабарландыру конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күнінің аяқталуына отыз күнтізбелік күн қалғаннан кеш қалмай мерзімді баспасөзде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы керек.
40. Конкурсты өтпеді деп тапқан жағдайда, мерзімді баспасөзде осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күнінің аяқталуына он бес күнтізбелік күн қалғаннан кеш қалмай қайта ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялануы керек.
41. Конкурсты Ұйымдастырушы барлық әлеуетті өнім берушілерге ішінде барлық қажетті ақпарат бар конкурстық құжаттаманы беруге міндетті:
конкурстық өтінімдерді және оған қосылып берілетін құжаттарды ресімдеу бойынша;
конкурстық құжаттаманы алу және конкурстық өтінімді конкурсты Ұйымдастырушыға беру мүмкіндіктерін;
конкурсты ұйымдастыру және өткізу шарттарына.
42. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конвертті мерзімінде, уақытында және конкурстық құжаттамада көрсетілген жерде ашады. Конкурстық өтінімді берген әлеуетті өнім беруші, немесе оның уәкілетті өкілі конкурстық өтінімдер салынған конвертті ашу кезінде қатынасуға құқылы.
43. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және тұрар жайын хабарлайды, олармен ұсынылған бағаларды, пікірін және конкурстық өтінімдердің өзгерістерін, егер олар құжатпен көрсетілген болса, конкурстық өтінімдерді құратын құжаттардың бары немесе жоғы туралы ақпаратты, және конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасын түзеді.
44. Конкурстық комиссияның мүшелерімен және хатшысымен қол қойылған конкурстық өтінімдерді ашу протоколының көшірмесі ашу рәсімінде қатысушы әлеуетті өнім берушілерге беріледі, ал жоқтарына-олардан сауал алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кеш қалмаған мерзімде жіберіледі.
45. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалайды және салыстырады, және конкурстық құжаттамада көрсетілген белгіні еске ала отырып, ең төмен баға негізінде ұтқан конкурстық өтінімді анықтайды.
46. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқасы алдын ала көзделмеген болса, конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конвертті ашқан күннен бастап он күнтізбелік күннен көп емес мерзімде конкурстың қорытындысын шығарады.
47. Конкурстың қорытындысы отырыста қатынасқан мүшелерімен және конкурстық комиссияның хатшысымен қол қойылған протокол түрінде ресімделеді.
48. Конкурсты Ұйымдастырушы конкурстың қорытындысын шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін тапсырады.
49. Конкурсты Ұйымдастырушы конкурстың қорытындысын шығарған күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде конкурстың нәтижелерін, оның атауын көрсете отырып, жеңімпазды және оның мекенжайын, конкурстың жеңімпазымен ұсынылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бағасының бірлігін және атауын мерзімді басылымда жариялау арқылы барлық қатысқан әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
50. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үлгілік шарт негізінде түзілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге - конкурс жеңімпазына қол қойып, хабарландыру хатпен жібереді.
51. Конкурс жеңімпазы оның конкурстық өтінімін ұтты деп тапқан мойындау туралы хабарландыру хатты және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бұл шартқа қол қоюы тиіс немесе Ұйымдастырушыны бар келіспеушіліктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартуы жөнінде хабардар етеді.
52. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу мерзімі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жіберген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен көп болмауы тиіс.
9. Кадрлармен жұмыс.
53. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кадрлармен жұмыс мәселелері бойынша міндеттер жүктелген Бөлімнің бас маманы кадрлармен жұмысты қамтамасыз етеді:
бастықпен белгіленген және уәкілетті органмен келісілген Бөлім қызметшілерінің лауазымдық санаттарын есепке алуды жүргізеді;
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін ресімдейді, еңбек кітапшаларына, олардың атқарған қызметтерінің тізіміне қажет жазбаларды енгізеді;
мемлекеттік қызметшілерді тиісті лауазымдарына тағайындауға немесе лауазымдарынан босатуға бұйрықтар жобасын дайындайды;
уәкілетті органға Бөлім бастығының жаңадан тағайындалған жұмысшыларға ұсыныс жобаларын дайындайды.
мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды.
мемлекеттік қызметтің бос қызмет орындарына уақытша отыруға конкурстар өткізуді, аттестация, ант қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет лауазымдарының орнына уақытша отырған кезде сынаудан өтуін қамтамасыз етеді.
10. Бухгалтерлік есеп жүргізу.
54. Бөлімде бухгалтерлік есепті жүргізу бухгалтерге - Бөлімнің бас маманына жүктелген.
55. Бухгалтер бөлінген бюджеттік қаржыларды жұмсау бойынша есеп жүргізеді, олардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды, бюджеттік қаржылардың пайдаланылғанын растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуі үшін бақылауды жүзеге асырады.
11. Бөлімде жұмыс уақытының регламенті
56. Бөлімде жұмыс уақыты сағат 9-00-де басталады және сағат 18-00-ге дейін жалғасады. Түскі тамақ үшін үзіліс сағат 13-00-ден 14-00 дейін.
57. Бөлім жұмысшыларының функционалдық міндеттерінің көлемі лауазымдық міндеттерімен анықталады.
58. Бөлімнің жұмысшыларына еңбек демалысы Бөлім бастығымен бекітілген, бастықтың рұқсатымен ғана өзгертуге мүмкін болатын кестеге сәйкес беріледі.
________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |