Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Студенттер мен тыңдаушыларды ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны ерекше. Қазіргі таңда елімізде заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізігі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті – ойы ұшқыр, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |