Дезинсекция шараларды атқарушылар: Буынаяқтыларға қарсы күресті негізінен дезинфекциялық станциялар жүйелері және санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың арнаулы бөлімдері жүргізеді. Қалалық дезинфекция станциясының алдын алу бөлімшесі өндіріс орындары мен мекемелермен жасалған шартқа сәйкес олардың қаражатын пайдаланып, дезинсекция жұмысын жүргізеді. Дезинфекциялық станциялар және сан-эпид. басқарманың дезинфекция бөлімдері балалар, емдеу-алдын алу мекемелерінде дезинсекцияны ұйымдастыруды және оларда санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |