3. Пара-аминофенол туындысы: парацетамол (панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол, цефекон Д (супп.)) - анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеті бар, ал қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ. Жанама әсері: Нефро- және гепатотоксикалық әсер, қан жүйесінің бүзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады. Салицилаттарды, әсіресе парацетамолды үзақ уақыт қабылдаған (көп мөлшерде) балаларда Рейе синдромы: улы энцефалопатия, бауыр, ми және бүйрек дистрофиясы байқалып, өлімге алып келуі мүмкін.
Парацетамол (Б); 0,2 және 0,5 таб; 0,25 және 0,5 супп. шығарылады. Келесі препараттардың құрамына кіреді: “Солпадеин” таб. (парацетамол + кодеин + кофеин); “Дарвал” таб; “Панадол-экстра” (парацетамол+кофеин); “Цитрамон П” (аспирин+ парацетамол+кофеин) “Колдрекс”, “Фервекс”, “Тера-Флю”, “Ибуклин”, “Ринза”, “Но-шпалгин” (парацетамол + но-шпа + кодеин) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |