-Наркотикалық
- Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)
Наркотикалық анальгетиктер - кез-келген ауырсынуды басатын морфин және морфин тәріздес (синтетикалық) препараттар тобы. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (езін жақсы сезіну), үйренгіштік және дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық), қүмартушылық және нашақорлық тудырады. Препаратты доғарғанда абстиненциялық синдром байқалады (теріс эмоция, қорқыныш, үйқысыздық, елестеулер), вегетативті жүйенің бүзылуы (тахикардия, артериялық қан қысымының өзгеруі, қүсу, диарея, гипертермия) соңында өлімге алып келуі де мүмкін. Әсер ету механизмі: наркотикалық анальгетиктер энкефалиндер мен эндофинді эндогендердің нейропептидтерінің белсенділігін (нейрогуморальды антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін арттырады) күшейтеді. Содан анальгетикалық әсер байқапады.
Достарыңызбен бөлісу: |