Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»


-бөлім. Салалардың басым бағыттары



жүктеу 1,21 Mb.
бет4/7
Дата18.12.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5044
1   2   3   4   5   6   7



3-бөлім. Салалардың басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамалық негіздері Қазақстанды 2050 жылға дейін дамыту стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жоспарында айқындалған.

2017 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылатын көптілді білім беру бағдарламасы енгізілетін болады.

Білім беру жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінде мектепалды даярлау жүйесі мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тиімді түрлерін әзірлеу және енгізуге жаңа тәсілдердің қажеттілігі пайда болды. Бұдан басқа 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету бойынша мәселе өзекті болып қалып отыр.

Шаралар:

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

  • инфрақұрылымдарды дамыту мен мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық қорын жақсарту;

  • республикадағы демографиялық ахуалды ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;

  • мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

  • мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педқызметкерлер мамандығының беделін көтеру.

2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру.

Орта білім білім беру жүйесінің базалық деңгейі болып табылады. Тегін білім алу құқығы еліміздің Конституциясымен кепілдендірілген.

Республиканың негізгі стратегиялық құжаттарына сәйкес орта білімнің негізгі мақсаты алған білімінің негізінде, кәсіби дағдыларына сүйене отырып, әлемнің барынша тез өзгеріп отыратын жағдайында еркін бағдар алып, өзін-өзі ұйымдастыра алатын және әр уақытта дамытып отыратын, өздігінен дұрыс адами шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының шеңберінде мемлекет Басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта білім беретін мектептерге тарату бойынша белгілі міндеттер қойып отыр. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерулері керек. Білім берудегі түпкі нәтиже - оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу дағдыларының қалыптасуы, өз бетінше ақпарат жинау және оған терең сараптама жасау.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) құру жұмыстары жалғастырылады. Сонымен қатар кеңжолақты интернет желісіне қосу арқылы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету және Итернетке қол жеткізілмеген, шалғайда орналасқан мектептерге жеткізу мақсатында электрондық контентті әзірлеу мәселелері пысықталатын болады.

Арнайы білім берумен қатар инклюзивті білім беру енгізілуде.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM- элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

Білім беру процесі қосымша білім беру арқылы іске асатын тәрбиелік компонентімен тығыз байланысты.

Сонымен бірге қазіргі кездегі орта білім беру саласының инфрақұрылымы сапалы білім беру қызметін толық көлемде бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ете алмайды.

Осыған байланысты шағын топталған және апатты жағдайдағы, үш мезгіл оқытатын мектептер мәселелерін шешу және қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту қажет.



Шаралар:

  • 12 жылдық білім беру моделіне ауысу, жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту (НИМ Интегралды білім беру бағдарламасы негізінде негізгі және жоғары мектеп стандарттарын әзірлеу және бекіту)

  • орта білім беру жүйесінде жан басылық қаржыландыруды енгізу;

  • мектептерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету;

  • орта білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту және инклюзивті әдістерді ескере отырып, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту;

  • жаңа білім беру мазмұнына көшуді әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету;

  • функционалдық сауаттылықты дамыту;

  • арнайы және инклюзивті білімді дамыту;

  • оқушылардың салауатты өмір салтының рухани-өнегелік құндылықтары мен дәстүрін дамыту бойынша кешенді шараларды іске асыру;

  • педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, педагог мамандығының беделін және педагогикалық қызметкерлердің құрамдық сапасын арттыру.

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білімді заманауи жаңғырту техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын сапалы даярлаудың қажеттілігімен байланысты, ол өз кезегінде Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының басымдықтарына негізделген.

Еңбек нарығының біліктілік талаптарына сәйкес болу білім беру бағдарламаларының және мамандықтар бойынша кіріктірілген білім бағдарламаларының икемділігі, модульділігі, сондай-ақ білім алушылардың бойында базалық арнайы және кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейтін жұмыс берушілердің, халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген және енгізілген техникалық және кәсіптік мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары есебінен қол жеткізіледі.

Тиімділігі жоғары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығының негізгі факторларының, жастарды тұрақты түрде жұмыспен қамту тетігінің бірі болып табылады.

Шаралар:

- елдің индустриалдық-инновациялық даму сұранысын ескере отырып ТжКБ мазмұнын жаңарту;

- дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізу;

- жұмыс берушілермен бірлесіп техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау;

- техникалық және кәсіптік білім беру құрылымдарын жаңғырту (ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының құрылымдарын дамыту), оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту және қайта жабдықтау;

- еңбек нарығына қажетті мамандықтар үшін кәсіптік стандарттар әзірлеу;

- ТжКБ ұйымдарына мамандар даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;

- бітірушілерді белгіленген және жоғары деңгейде жұмысшы біліктілігін бере отырып, егер білім алушы оны алғашқы рет алса кепілдендірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен қамтамасыз ету;

- азаматтылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімді нығайту, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды дамыту жөнінде шараларды іске асыру;

- инженер-педагог кадрлардың және ТжКБ жүйесінің беделін арттыру.

4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім

Адам ресурстарын дамыту елді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясының жоғары басымдығы ретінде белгіленеді.



Педагогикалық білімді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсудің жаңа талаптарын енгізудің тетігі әзірленетін болады, атап айтқанда, ЖОО-ның педагогикалық мамандығына түсетін кезде педагогикалық қызметке бейімділік деңгейін анықтайтын арнайы емтихан енгізіледі.

ЖОО академиялық, басқарушылық және қаржы дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту арқылы корпоративтік басқару принциптері енгізілетін, сондай-ақ жоғары оқу орындарының эндаумент-қорын қалыптастыру тетігі әзірленетін болады.

Педагогикалық білім беруді жаңарту жобасына сәйкес педагогтың кәсіби стандарты әзірленеді, соған сәйкес педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылады және педагогикалық кадрлар даярлауды іске асыратын 15 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады. Бұл педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның 47 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуді көздейді.

Еңбек рыногының сұраныстарын, елдің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін, жеке тұлғаның даму міндеттерін қанағаттандыратын және білім саласындағы әлемдік озық тәжірибеге сай келетін жоғары білім сапасының биік деңгейіне жету.

Шаралар:

жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар дарялау;

елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сай келетін жоғары және жоо кейінгі білімді мамандар даярлау;

ғылыми зерттеулер мен технологиялардың нәтижелерін коммерцияландыруға жағдай жасау;

жоо-ң материалдық-техникалық базасын нығайту;

жоғары және жоо кейінгі білім жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету;

жоғары және жоо кейінгі білім мазмұнын әлемдік беталыстар ауқымында жаңғырту;

азаматтықты тәрбиелеу және партиотизм сезімін нығайту, СӨС мәдениетін дамытуға арналған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.



5-стратегиялық бағыт Ғылымды дамыту

Ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуына жағдай жасау ғылыми ұйымдар мен оның ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігін ұлттық және халықаралық деңгейде арттыруға септігін тигізеді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басымдықтарын мақұлдайды. Қазіргі таңда 2015-2017 жылдарға арналған ғылымның келесі басымдықтары мақұлданды: энергетика және машина жасау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; тіршілік туралы ғылымдар; елдің зияткерлік әлеуеті.

Шаралар:



  • нақты ашылу және инновациялар, технологиялар трансфертін ынталандыратын ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен өсіру және шетелдік инвестицияларды тарту;

  • ғылымның дамуына жекеменшік құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы тарту;

  • ғылыми ұйымдардың ғылыми инфрақұрымдарын жаңғырту және материалдық-техникалық жабықтауды нығайту;

  • ғылыми әлеуетті нығайту;

  • ғалымның мәртебесін көтеру;

  • ғылымның экономиканың нақты секторымен өзара байланысын нығайту.

Жастар саясаты

2015 жылғы ақпан айында жастар еліміздегі барлық саяси және әлеуметтік-экономикалық субъектісі болып табылатын мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бүгінгі күні мемлекет жастардың ойдағыдай дамуына, әлеуметтенуіне және олардың әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына бағыттауға қажетті жағдай жасауда.

Шаралар:



  • жастарда белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көш бастаушылық қасиетті қалыптастру бойынша іс-шаралар өткізу;

  • жастар ұйымдарының бастамаларын және жастардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыруды қолдау;

  • жастарды әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді шешуге бағытталған еңбек және экономикалық қызметке тарту нысанының түрі мен нысанын дамыту.




4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы


"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты,

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама

Мемлекеттік органдардың құрылымы алда тұрған міндеттерді шешуге сәйкес болуы және Стратегия – 2050 мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу.

Білім беру саласында 2030 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейін сапалы біліммен және тәрбиемен толық қамтылатын болады.

Қазақстан балаларды ерте дамытудың заманауи және тиімді жүйесін қалыптастырады. Осы мақсаттарда ата-аналарды білім беру процесіне тарта отырып, баланың кешенді (табиғи, әлеуметтік, мәдени және когнитивтік) дамуын көздейтін, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің толыққанды жүйесі құрылатын болады.

Мектепке дейінгі білім беруге және тәрбиелеуге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, балабақшалар, жеке және шағын орталықтар салу арқылы инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасатын болады.

Аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік субсидиялау тетіктері енгізілмек.

Орта мерзімді перспективада 3 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту бағдарламасы қабылданатын болады.

Қажетті инфрақұрылым құрумен қатар, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің және тәрбиешілердің біліктілігін жоғарылатудың стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады.


Практикалық дағдыларды оқыту және практикалық біліктілікті алу бойынша бағдарламаларды қоса отырып, орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыты мен екпінін өзгерту.

Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек.

Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

PISA, TIMSS сияқты немесе соларға ұқсас мектепте білім беру сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан рейтингтері өте жоғары 30 елдің қатарына кіреді.

Назарбаев зияткерлік мектептері жұмысының табысты тәжірибесі орта мерзімді перспективада Қазақстанның барлық мектептеріне енгізілетін болады.

2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады.

Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, жас буынды сындарлы әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.

Орта мерзімді перспективада екпінді инфрақұрылымды кеңейтуден білім беру бағдарламаларының және оқыту технологияларының жаңа сапасына қол жеткізуге, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаны дамытуға аудару қамтамасыз етіледі.

Орта білім берудің сапасын арттыру оқу бағдарламаларына әлемдік озық білім беру жүйелерінің деңгейіне сәйкестігі тұрғысынан мониторинг және бағалау жүйесін енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Педагогикалық шеберліктің және білім беру технологиясының үздік әлемдік практикалары енгізілетін болады, сондай-ақ үздік шетелдік профессорлар мен мамандар тартылатын болады.

Оқытушыларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. Олардың жұмысқа орналасу мен мансаптық өсуінің тетіктері жетілдірілетін болады.

Білім берудің барлық деңгейлерінде «E-learning»-ті қоса алғанда, АКТ, жаңа білім беру технологияларын белсенді пайдалануды көздейтін жаңа педагогикалық тәсілдері енгізілетін болады.

Жас ұрпақтың болашақ кәсіп таңдаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай туғызатын әртүрлі мамандандырылған оқу бағдарламаларын ұсынатын факультативтік білім беру жүйесі қалыптастырылатын болады.

Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.

Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.


Халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету

Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.



Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесінің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде қосарлы білім беру қағидаттары енгізілетін болады, оқыту процесіне нақты секторда жұмыс істейтін өндірістік оқыту шеберлерін тарту қамтамасыз етіледі.

Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі кем дегенде екі колледж құрылатын болады.

2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.

Мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді біріктіретін үшжақты комиссияларға және кәсіптік білім беру саласындағы салалық кеңестерге кәсіптік стандарттарды және біліктіліктерді тану рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, біліктіліктер мен бүкіл өмір бойы оқытудың ұлттық жүйесін реттеу үшін жауапкершілік беріледі.

Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.

Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.

Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру .

Ол үшін қажетті шаралар:


     Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.
     Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу;

Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.

Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру;

Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет;

Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек.

Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.

Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.

Жоғары білім беру жүйесінің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Жоғары білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Жоғары білімнің ғылымды қажетсінетін экономика қажеттіліктеріне бейімделуін арттыру құрылатын зияткерлік-инновациялық кластерлері бар университеттер мен кәсіптік-техникалық мектептерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін барлық базалық курстардың бағдарламаларына инновациялар және кәсіпкерлік, сондай-ақ қаржы менеджменті бойынша оқу модульдері енгізілетін болады. Университеттерде білімді басқару жүйесі енгізілмек.

2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.

Елдің басты университеттері әлемнің жүз жетекші ЖОО қатарына кіреді.

Қызметкерлердің ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру арқылы жүзеге асатын еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар мен біліктіліктердің қолданыстағы тізбесін оларды ірілендіру және қысқарту жолымен оңтайландыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Студенттердің кәсіпкерлік тәжірибе жинақтауда, өзінің оқуы шеңберінде, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың нақты өндірістік және басқа мәселелерін шешуіне ықпал ететін жобаларды іске асыруға, мүмкіндік алуы үшін университеттерде кәсіпкерлік қызмет практикасы ынталандырылады.

Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары едәуір кеңейтілетін болады.

Халықаралық университеттермен әріптестікті кеңейтуге назар аудара отырып, ЖОО мен бизнес мектептерінде іскерлік білім беру сапасын шындап жақсарту міндеті тұр, мұның өзі сапалы бағдарламаларды жылдам құруға және оқытушылар арасында машықты дамытуға ықпал ететін болады.

Өнертапқыштарды ынталандыруға, олардың шығармашылық үлесін мойындауға, оларға өзінің өнертабысынан материалдық пайда алу мүмкіндігін беруге бағытталатын болады.

Металлургия және өңдеу өнеркәсібінің кадр әлеуетін дамыту бойынша, оның ішінде әлемнің ең үздік тау-кен ісі ЖОО-ларында мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту арқылы одан әрі шаралар қабылданады.

Әлемдік деңгейдегі тау-кен ісі университетін қалыптастыру дағдыны дамытудағы маңызды құрауыш болып табылады. Ол үшін тау-кен ісі бойынша әлемдегі жетекші мамандармен әріптестік бағдарламалары, бірлескен зерттеу бағдарламалары, сондай-ақ сала кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастықта үздіксіз білім беру бағдарламалары әзірленіп, технологияларды дамыту үшін арнайы орталықтар құрылмақ.

Білім беру, кәсіптік көрсетілетін қызметтерді қамтитын, көрсетілетін қызметтердің өнімділігін арттырып, олардың экспортын әртараптандыру, жаңғырту және кеңейту межеленген нәтиже болып табылады.

Университтерге мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүргізілген зерттеулерді коммерциялық пайдалануға лицензияны тапсыру құқығы берілетін болады.

Астана, Алматы және Шымкент агломерацияларының университеттерінде инновациялық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Университеттерде инновациялық қызметті қаржыландыру қосылған құн тізбегінің барлық деңгейін – инновациялық әлеуетті және зерттеулерді дамытуды, технологияларды коммерцияландыруды, стартаптарды қолдауды қамтитын болады.

Орта мерзімді перспективада тұңғыш зияткерлік-инновациялық кластер Назарбаев Университетінде қалыптасатын болады.

Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылмақ.



Экономиканың жаңа жоғарытехнологиялық салалардың құру ТЖӨ-дан 3 кем емес деңгейге дейін қаржыландырудың өсуін қажет етеді.

Технологиялық парктердің жұмысын белсендіру қажет, әсіресе ірі қалалық агломерацияларында ең біріншіден Астана және Алматы қалаларында.  

Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл үдеріске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.

Елде инновациялық белсенділік өседі және ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне жұмсалатын шығыстар ұлғаяды. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы 0,2%-дан 3%-ға дейін өседі, бұл Қазақстанды ғылымды қажетсінетін экономикасы бар елдердің даму деңгейіне жақындатады.

Өндірістің жоғары технологиялық салаларын дамытуды қолдау мақсатында «жасыл дәліз» рәсімі енгізілетін болады.

Ғылыми зерттеулерді жандандыру. Жаңа технологияларды игеру Қазақстанға орта мерзімді перспективада құрғақ және шөлейт өңірлердегі бұрын игерілмеген жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосуға, сондай-ақ сала өнімділігінің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешенді замануи тиімді әзірлемелермен қамтамасыз ету үшін мемлекет зерттеушілердің біліктілігін әлемнің озық ғылыми орталықтарында арттыруға бағытталған халықаралық ғылыми бағдарламаларды іске асыратын болады.

Өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамытудың нәтижесінде ғылымды қажетсінетін экономикаға көшуді жүзеге асыру үшін технологиялық база қалыптастырылатын болады.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру ғылымның, білім берудің және өнеркәсіптің тығыз ынтмақтастығы арқылы жүргізілетін болады.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру ғылымның, білім берудің және өнеркәсіптің тығыз ынтмақтастығы арқылы жүргізілетін болады. Робот жасау, мобильді технологиялар, «бұлтты» және Grid-есептеу, жасанды интеллект, өнімділігі жоғары есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, сондай-ақ мультимедиалық технологиялар салаларында инновациялық шешімдер әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу орталықтары құрылады.

Қазақстанның жаңа агломерациялары ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің, инновацияны және кәсіпкерлікті дамытудың орталықтарына айналмақ.

Мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара іс-қимылын күшейту мақсатында нысаналы технологиялық бағдарламалар іске асырылады.

Ғылыми ұйымдар коммерциялық мүмкіндіктерді анықтау, кәсіпорындармен инновациялық өнім әзірлеуге шарт жасау үшін кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру мақсатында зияткерлік қызметтің бюджеттік қаржыландыру есебінен алынған нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері беріледі.

Бұл үшін венчурлік қаржыландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесі пысықталады, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулерді және инновацияларды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнама жетілдіріледі.

Университтерге, зерттеу институттарына және шағын бизнеске мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүргізілген зерттеулерді коммерциялық пайдалануға лицензияны тапсыру құқығы берілетін болады.

Зияткерлік-инновациялық кластерлер іргелі және қолданбалы білім алуға және алмасуға, экономиканың басым секторларында инновациялар үшін мүмкіндіктерді жасауға және пайдалануға бағытталатын болады. Ғылыми ұйымдар коммерциялық мүмкіндіктерді анықтау, кәсіпорындармен инновациялық өнім әзірлеуге шарт жасау үшін кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.

Таза энергетика, робот техникасы, нанотехнологиялар, аэроғарыштық өнеркәсіп, гендік инженерия және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер, сондай ақ басқа да жоғары технологиялық бағыттар зияткерлік-инновациялық кластерлердің басым бағыттары болады.

Зияткерлік-инновациялық кластерлер желісіне мынадай құрылымдар кіретін болады:

1) жоғары технологиялық компанияларға арналған арнайы экономикалық аймақ;

2) жоғары технологиялық өндірістер, ұлттық компаниялардың салалық институттары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың зерттеу орталықтары орналасатын индустриялық алаң;

3) өнеркәсіптің тікелей тапсырыстары бойынша ең жаңа технологияларды әзірлеу, бейімдеу және енгізудің Инжиниринг орталығы;

4) инновациялық инфрақұрылым элементтері: технопарк, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру және технологиялар трансферті орталығы, инновациялық венчурлік қор.

Өз кезегінде, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы университеттерді, ірі компанияларды ғана емес, сондай-ақ шағын, орта бизнесті, инноваторлар мен өнертапқыштарды қызықтыратын инновациялық кластерге айналады. Бұл практика перспективада басқа қалаларға да таратылатын болады. Кластерлерде ғылыми әзірлемелер және академиялық кәсіпкерлік дамытылады.



Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдері арқылы жастар үшін

қолжетімді білім беруді кеңейту, ауылдық жерлерден келген және аз қамтылған отбасылардың жастарына жол жүру және өмір сүруді қаражаттандыру, жатақханалардың желісін дамыту керек;

Мемлекеттік жастар саясаты институттардың қызмет стандарттарын енгізу;

Жастар ұйымдары сабағаттық-кеңесші және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметтеріне белсенді ат салысу қажет.

















Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қалалық, сондай-ақ ауылдық жерлерде толық қамту үшін мемлекетте мүмкіндіктер қамтамасыз етілген.


Жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететін академиялық білім беріп, дағдыларды ұсынады;
қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді;
Ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;
Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды.

Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді;
Қазақстанның кемінде екі ЖОО әлемдік үздік университеттер рейтингіне енгізілді;
отандық жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болды;
әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді;

Әлемдік рейтингті ғылыми журналдардағы Қазақстан ғалымдары жарияланымдарының саны жылына кемінде 2000 құрайтын болады;
жалпы ішкі өнімнің ғылымға арналған шығыстарының үлесі кемінде 2 %-ға жетеді;

2017 жылға қарай Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы;


әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді;
ғылыми зерттеулер көлемінде ғылыми-техникалық әзірлемелер үлесі 35-40%-ды құрайтын болады.

Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, олар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға белсенді қатысады. Жас ұрпақпен өзара іс-қимыл жасаудың отансүйгіштік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстаным мен саламатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған тиімді моделі әзірленетін болады.















Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


2. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау

3. Техникалық және кәсіптік білім беру

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

5. Ғылымды дамыту



6. Жастар саясаты









Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары

Цель 1.1.

Балаларды  ерте дамыту  және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету



Цель 2.1.

Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету


Цель 3.1.

Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету




Цель 4.1.

Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету

Цель 5.1.

Экономиканы әртараптадыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру

Цель 6.1.

Жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін жағдай жасау























Бюджеттік бағдарламалар




098 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жетімділікті қамтамасыз ету»

221 Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

099 «Сапалы мектептік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету»

222 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

060 «Назарбаев Зияткерлік мектеп» ДБҰ мақсатты үлес»

019 «Сауықтыру, оңалту және балалардың демалысын ұйымдастыру»

203 «Техникалық және кәсіптік білім берумен кадрларды қамтамасыз ету»

223 Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау


204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берумен кадрларды қамтамасыз ету»

092 «Назарбаев Университеті» ДБҰ мақсатты үлес»

224 Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау


217 «Ғылымды дамыту »

130 «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметінің субъектілерін қаржыландыру»

219 «Ғылыми-тарихи құндылықтарына, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікке қамтамасыз ету»

024 «Сейсмологиялық ақпараттың мониторингі»

040 «Жастар саясаты және азаматтардың патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру»




001 «Білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру»













жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау