Постановление Өскемен қаласы город Усть-Каменогорск



жүктеу 161,8 Kb.
Дата21.05.2018
өлшемі161,8 Kb.
#15411
түріПостановление




2017 жылғы 27 ақпан № 48

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ



ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ

АКИМАТ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Өскемен қаласы город Усть-Каменогорск




Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 4947 болып енгізілді


«Шығыс Қазақстан облысының

орта білім беру ұйымдарындағы

психологиялық қызметтің жұмыс істеу

қағидаларын бекіту туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 01 сәуірдегі № 81 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және


өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
6-бабы 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. «Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»
    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркелген нөмірі 3924, 2015 жылғы 25 мамырдағы № 58 (17147) «Дидар», 2015 жылғы 23 мамырда № 59 (19658) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу туралы қағидалары
осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік


он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д. Ахметов

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2017 жылғы « 27» ақпандағы

№ 48 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2015 жылғы 1 сәуірдегі

№ 81 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 4947 болып енгізілді
Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) ұйымдастыру және жұмыс істеуін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Психологиялық қызмет жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне қарай айқындалады.




  1. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

4. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету, білім беру ұйымында жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

5. Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) білім алушыларға жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;

3) әрбір білім алушымен оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жеке тіл табысуды қамтуға жәрдемдеу;

4) білім алушылардың психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) білім алушылардың психологиялық қиыншылықтары мен проблемаларын шешу жөнінде психикалық түзеу жұмысын жүзеге асыру;

6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтауда жәрдемдесу;

7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және


оқу-тәрбие жұмысының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтарға консультативтік көмек көрсету;

8) өзіне-өзі қол жұмсау және оған әрекет етудің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың


ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.

  1. Психологиялық қызмет жұмысының

негізгі бағыттары мен мазмұны

6. Психологиялық қызмет өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: психикалық-диагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзеу-дамыту.

7. Психикалық-диагностикалық бағыт:

1) психикалық дамуын анықтау мақсатында білім алушылардың психологиялық диагностикасын;

2) оларды бейімдеу, дамыту және әлеуметтендіру мақсатында білім алушыларды кешенді психологиялық тексеруді;

3) білім алушылардың қабілеттері, қызығушылықтары және бейімділіктерінің психологиялық диагностикасын;

4) психологиялық диагностика қорытындысы бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды дайындауды қамтиды.

8. Консультативтік бағыт:

1) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғалар) мен педагогтарға олардың сұраныстары бойынша консультация жүргізуді;

2) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғалар) мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау және айналасындағылармен өзара қарым-қатынастағы проблемалар бойынша жеке консультация жүргізуді;

3) түңілу, жанжал, қатты эмоционалдық күйзеліс жағдайында жүрген білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуді;

4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде татуластырушы жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.

9. Ағартушылық-профилактикалық бағыт:

1) білім алушылардың және педагогтардың кәсіптік өсуіне, өзін-өзі айқындауына жәрдемдесуді;

2) білім алушылардың мінезінің бейімсіздігінің алдын алуды;

3) әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңес және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмысына жәрдемдесуді;

4) педагог-психологтың функционалдық міндеттерінің, кәсіптік құзыреттілігінің шеңберінен шығатын және бір топ мамандардың қатысуын талап ететін проблемаларды шешу жөнінде сабақтас-кәсіби мамандармен (дәрігерлермен, дефектологтармен, логопедтермен, тифлопедагогтармен және басқалармен) өзара іс-қимылды жүзеге асыруды.

10. Түзету-дамытушылық бағыт:

1) психологиялық-педагогикалық тренингтерді өткізуді;

2) білім алушылардың, педагогтардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалдық-жігерлік, шығармашылық дамуын үйлестіру жөнінде психикалық түзеу және дамыту сабақтарын ұйымдастыруды;

3) тұлғааралық қарым-қатынастарды, мінез-құлықтық ауытқушылықтарды түзеуді қамтиды.

11. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган үйлестіреді.

12. Психологиялық қызметтің жұмысы педагог және медицина, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ата-аналар қауымымен өзара әрекеттестікте жүзеге асырылады.

13. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, кафедралармен және практикалық психологтар қауымдастықтарымен және білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара іс-қимыл жасайды.

14. Психологиялық қызметтің педагог-психологы өз қызметінде:

1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;

2) өзінің кәсіптік құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;

3) жалпы психология, педагогикалық психология мен жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, психикалық диагностика, психологиялық консультация беру және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшелік психологиясы саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерінен білімі болады;

4) диагностикалық, дамыту, әлеуметтік-психологиялық, психикалық түзеу және консультативтік-профилактикалық жұмыстың ғылыми негізделген әдістемелерін қолданады;

5) белсенді оқыту, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістерін, жеке және топтық консультация жүргізудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасымен түзеудің заманауи әдістерін қолданады;

6) оқытудың барлық кезеңінде білім алушылардың жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;

7) білім алушылар тұлғасының қалыптасуындағы және дамуындағы бұзылуды анықтайды;

8) білім алушыларға педагогтарға, ата-аналарға (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) тұлғалық, кәсіптік және басқа мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;

9) түңілу, жанжал, қатты эмоционалдық күйзеліс жағдайында жүрген педагогтарға, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;

10) білім алушылардың бейәлеуметтік іс-әрекеттерінің алдын алады және оларды уақтылы түзеуді жүзеге асырады;

11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;

12) білім беру ұйымының әлеуметтік саласын үйлестіруге мүмкіндік жасайды және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауын профилактикалау жөнінде алдын ала сақтандыру шараларын жүзеге асырады;

13) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық тұжырымдар жасайды;

14) дамыту және түзеу бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;

15) білім алушылардың, педагог қызметкерлермен ата-аналардың (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

16) білім алушылармен, ата-аналармен (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) және педагогтармен психикалық-диагностикалық, консультативтік, ағартушылық-профилактикалық, түзеу-дамыту және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстың түрлері мен әдістерін таңдайды;

17) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамамен, білім алушылардың, педагогтардың жеке істерімен танысады;

18) түзеу және дамыту бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдістемелерін жасауды талқылауға қатысады;

19) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және практикалық психологтар қауымдастықтарымен байланыс жасайды;

20) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша білім беру органдарына ұсыныстармен шығады;

21) педагогикалық және әдістемелік Кеңес, пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысына қатысады.

15. Психологиялық қызметтің педагог-психологы – тиісті мамандық бойынша жоғары білімі бар маман.

16. Психологиялық қызметтің педагог-психологы:

1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылатын диагностикалық және түзеу әдістерінің бара барлығын, ұсынымдармен тұжырымдардың негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;

2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамасының жүргізілуін және сақталуын;

3) кәсіби психологиялық этиканың сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Психологиялық қызметтің жұмыс істеу құжаттамасы

17. Психологиялық қызметте мынадай құжаттамалар болуы қажет:

1) осы қағидалар;

2) педагог-психологтың перспективалық жұмыс жоспары;

3) Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психикалық-диагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық) есепке алуды тіркеу журналы;

4) психологиялық диагностикалау бағдарламалары, психологиялық тренингтері, дамыту және түзету жұмыстары;

5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары, топтық психологиялық портреттері;

6) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және психологиялық жұмыстың басқа да нысандарының әдістемелік әзірлемелері;

7) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептері (жартыжылдыққа, оқу жылына);

8) психикалық-диагностикалық әдістеме тізбелері мен мәліметтер қоры;



9) психологиялық зерттеудің қорытындылары, нәтижелері.



  1. Қорытынды ереже


18. Психологиялық қызмет жұмысын орта білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді.
жүктеу 161,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау