ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ 030701, Қандыағаш қаласы, 030701, г.Кандыагаш,
ул. Интернациональная,16 ул. Интернациональная,16
факс:(871333)3-40-99,3-55-15 факс:(871333) 3-40-99,3-55-15
E-mail mugalzhar-akimat @nur.kz E-mail mugalzhar- akimat.@nur.kz
20__ жылғы“___” ________ № _______ от “___”__________________20__года
Мұғалжар ауданы бойынша
мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып
тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі
КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны:
елуден жүз адамға дейін - екі пайыз мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - үш пайыз мөлшерінде;
екі жүз елу бір адамнан жоғары - төрт пайыз мөлшерінде жұмыс орындары санынан белгіленсін.
2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ғ.Қобландинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі Е.Данағұлов
Мұғалжар ауданы әкімдігінің қаулысына
КЕЛІСІМ ПАРАҚ
Қаулы атауы: Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қаулыға қол қойылған күні, айы, жылы және нөмірі:
____________________________________________________________
Жоба енгізуші:
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
басшысы К. Құрманалина
Жоба келісілді:
Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Б. Құлмағамбетов
Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д. Сағыров
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
аппарат басшысы Т. Өтемұратов
«Мұғалжар
аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
басшысы Ғ. Асқаров
«Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» ММ
басшысы Ж.Тасмағамбетова
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
құжаттамалық және қаржы-шаруашылық
жұмысы бөлімшесінің басшысы Н. Шамишева
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
ұйымдастыру және құқықтық жұмысы
бөлімшесінің басшысы С. Емжарова
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
ұйымдастыру және құқықтық бөлімшесінің
бас маманы Ж. Ділмағамбетов
Мұғалжар ауданы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1
|
Мұғалжар ауданы әкімдігінің қаулы (әкім шешімі) жобасының атауы
|
Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
|
2
|
Әзірлеуші-мемлекеттік орган
|
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
3
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес
|
4
|
Жоба қабылданған жағдайда жобаланып отырған қаулының әлеуметтік – экономикалық /немесе құқықтық/ салдарлары
|
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкелмейді
|
5
|
Жобаны жүзеге асыруға байланысты жобаланып отырған қаржылық шығындар
|
Қаржыны қажет етпейді
|
6
|
Жоба қабылданған жағдайда күтіліп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі
|
Ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтарын жұмысқа орналастыруға ықпал етіледі
|
7
|
Жобада көрсетілген мәселелер бойынша құзіретті болып табылатын мемлекеттік орган басшысы рұқсатының болмау себептері
|
Жоқ
|
2
8
|
Жобада қарастырылып отырған мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудан әкімінің қандай нормативтік-құқықтық актілері қабылданғаны және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
9
|
Заңнаманы жобаға сәйкестікке келтіру қажеттілігі
|
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес
|
10
|
Басқа мәліметтер
|
Жүргізілген жоқ
|
«Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
басшысы К. Құрманалина
Мұғалжар ауданы әкімдігі отырысының
ХАТТАМАСЫ
(үзінді)
Қандыағаш қаласы «___» ____ 2018 жыл
Төрағалық етуші
Е. Данағұлов Мұғалжар ауданының әкімі
Қатысушылар
Б. Құлмағамбетов Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары,
әкімдік мүшесі;
Д. Сағыров Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары,
әкімдік мүшесі;
Т. Өтемұратов «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
аппарат басшысы, әкімдік мүшесі;
Ғ. Асқаров «Мұғалжар аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
басшысы, әкімдік мүшесі;
Ж.Тасмағамбетова «Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» ММ
басшысы, әкімдік мүшесі
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:
Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
(К. Құрманалина)
Мұғалжар ауданы әкімдігінің отырысы аудан әкімі Е.Данағұловтың төрағалығымен өткізілді және оған барлық әкімдік мүшелері қатысып, күн тәртібіндегі ұсынылған мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Төраға Е. Данағұлов