ПОСОБИЕ ПО ПОЛУЧЕНИЮ ВОЗМЕЩЕНИЯ УЩЕРБА
ДЛЯ ЖЕРТВ ПЫТОК
Алматы қ., 2016ж.
Генералдар кейде жоспарлар мен арсеналдар құруға өте баяу кіріседі.
Және олар кейде қоғамның психологиясы мен түсінігі өткен соғыстағыдай болады деп болжайды».
Роберт Шиллер – экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты, Йель университетінің экономика ғылымының профессоры, Джордж Акерлофпен бірге –"Ақымақтарға арналған фишинг: Айла-амал және алдау экономикасы" кітабының бірлескен авторы
Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказдағы кәсіби және қоғамдық заңгерлік топтармен жұмыс істеу мен үшін зор құрмет болды: судьялар, адвокаттар мен құқық қорғаушылар – адам құқықтарының адвокаттары. Бұл адамдардың мақсаты – соттарда әділдікті қалпына келтіру, әр мұқтаж болған адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жазасыздықпен күресу.
Айрықша құқықтық қорғауға мұқтаж ерекше адамдар тобы бар, бұлар азаптар құрбандары және олардың туған-туыстары. Олар адамның ар-намысына қарсы қылмыс қасіретіне ұшырап қана қоймай, сондай-ақ үндемеуме ге тап болады. Ұлттық соттардың азаптар мен қатыгез іс-әрекеттер бойынша істерде өте сирек немесе еш уақытта әділетті шешім қабылдамайтындығы туралы қоғамның үндемеуі. Бұл қоғам ішінде азаптау туралы ешбір мәліметтің болмауын білдірмейді.
Азаптар туралы ақпарат бар деп айтар едім. Және де азаптарды тоқтату үшін немесе ең болмаса олардың қолданылуын мейлінше азайту үшін, кінәлілерді жазалап, жәбірленушілерге келтірілген азаптың орнын толтыру үшін ақпарат әбден жеткілікті. Алайда, азап құрбандары мен олардың туған-туыстары іс жүзінде ешқашан теңбе-тең және әділетті сот шешіміне қол жеткізбеуі туралы шындық өте аз айтылады. Кейде тіпті болмашы қол жеткізген әрекетінің орындалуын жылдар бойы күтеді. Олардың қатыгез іс-әрекеттермен бұрын да аяққа тапталған адамгершілігі, тағы да әділетсіз шешіммен немесе сот шешімінің орындалмауымен, сондай-ақ азап көрсеткендерді және азаптауды одан әрі жалғастырушыларды жазаламаумен аяққа тапталады.
Азаппен күрес – бітпейтін соғыс тәріздес. Тіпті соғыстар да бір күні аяқталады ғой, бейбіт келісімдерге қол қойылады, ал жауынгерлер үйлеріне оралады және өмір бейбіт қалыпқа түседі. Алайда, бұл азаптарға қатысты емес. Олар жалғаса береді. Біз «...жоспарлар мен арсеналдар құруға өте баяу кірісетін» генералдарға ұқсаймыз.
Адамның ар-намысы үшін азаптаумен күрес туралы менің идеям барлығымызға «... қоғамның психологиясы және түсініктері өткен соғыстағыдай болады» деген ойды санамызға кіргізбеу болып табылады.
Азаптаумен соғыс біз адамның психологиясы туралы өзімізді алдамайтындай және құқық пен әділеттілік, және де оларды сақтап қалу мүмкіндігі туралы ескірген түсініктерді қолданбайтындай кәсіби, серпінді және жоспарланған болу керек.
Жиырма жылдан аса сарапшылық тәжірибемде мен азап шеккен адамдармен, олардың тағдырларымен – жас және кемелденген, табысты және өмірден қол үзген әйелдер мен ерлердің, сондай-ақ олардың туған туыстарымен, қорғаушыларымен, істерді тыңдаған және шешімдер шығарған судьялармен, әртүрлі елдерде заң қабылдаған заң шығарушылармен, мақалалар жазған журналистермен, блогерлермен, дәрігерлермен, зерттеушілермен таныстым... Мен үшін, бәріміз үшін азаптар жойылмайды деген ойды ақыл-санамыздан «алып тастау» қиынға соғып отырғандай көрінді. Келешекте жетістікке жетуге үміт етусіз күресуге болмайды.
Менің ұсынысым азаптауды жеңуге болатынға берік сену және ешқашан да сол сенімділікті жоғалтпау болып табылады. Тек сонда ғана біз бұл құбылыстың – азаптау мен қатыгез іс-әрекеттің – жалпы қоғаммен, соның ішінде заңгерлік ортада – орын алуы мүмкін оқиға ретінде қабылданбауына қол жеткізе аламыз.
Ең әуелі, өзіміздің әдісімізді, онымен қоса – өзіміздің сөзімізді өзгертуіміз қажет.
«…сөз белгілі бір нәрсеге қол жеткізу үшін қолданылатын өмір сүру қабілеттілігінің тұжырымы ретінде анықталуы тиіс, яғни коммуникацияның сөйлеу үдерісі арқылы адам қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін өз әрекеттерін реттейді»1.
Адвокат, сот алдында сөз сөйлей отыра, соттағы өзінің азаптау туралы сөзін – «...шамамен осындай шынайылықты құрастырған кез келген біреумен» диалогы деп ойлайды2.
Алайда, бұл [адвокат және судьяның ойындағы осындай/ұқсас шынайылық] өте күрделі мәселе болып табылады.
«Сөздің ешбір ақпаратты бермейтіндігі, тек біздің басқа адамның айтқанын түсінуге мүмкіндік беретін түсіну үдерісінің өзін іске қосатындығы туралы күрделі мәселе болып отыр»3. Адвокаттың соттағы сөзі судьяның мүлде басқаша түсінуіне алып келуі мүмкін, оның себебі адвокат өз сөзінде айтқысы келген мағынаны судьяның түсінуіне кедергі келтіретін өзінде белгілі бір мағыналық кедергілер болуы.
Іс жүзінде, адвокат судьяға орын алған азаптар туралы дәлелдер ұсынған кезде, ол «мәселені» ұсынады (бірінші деңгейдегі түсіну кибернетикасы), және осы оның кәсіби міндеті болып табылады.
Бұл «жалпы азаптау және соның ішінде, әділетті және тиісті өтемақы төлеуді қажет ететін осы істің жағдайын» түсіну мәселесі адвокат мен судьяда «ұқсас» болу керек. Және де жалпы және тұтас алғанда, халықаралық және ұлттық құқықта әлдеқашан пайдаланылған стандарттар туралы ұғымдарға сәйкес келу керек. Сондай-ақ, бұл стандарттардың мағынасын түсіну – соның ішінде оларды тәжірибеде қолдану да ұқсас болу керек. Сол кезде біз судьядан азап құрбанына өтемақы төлеу туралы істе әділ шешім қабылдауын күте аламыз.
Бірінші реттегі кибернетика
|
Екінші реттегі кибернетика
|
Маманның «затпен» жұмыс істеуі (мысалы, мәселемен)
|
Маман «зат» туралы адамның ой-пікірімен жұмыс істейді (мысалы, мәселе туралы)
|
Жеке өзгерістер сырттан реттелуі мүмкін және сондықтан да болжамды болады
|
Жеке өзгерістер кенеттен іштен орын алады, және бұның не екенін, қандай екенін немесе қашан болатынын ешқашан біле алмайсын
|
Кестедегі тізім Том Андерсен бойынша берілген4 (үзінді)
Алайда, біз әр елде бақылаған сот процестерінде, мүлде басқа көріністі көреміз. Судьялардың әділетті шешім шығаруы үшін адвокат, іс жүзінде судьяның «мәселені қалай түсінетіндігімен» жұмыс істеуге мәжбүр (екінші деңгейдегі түсіну кибернетикасы). Оған қоса, адвокат, мысалға, азаптау құрбандарын тексеру бойынша істе қажетті құзыреті жоқ медициналық сарапшының және/ немесе мемлекеттік жүйеге тәуелді сарапшының «мәселені қалай түсінетіндігімен» жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал, ол мәселені шынымен түсінбейді не болмаса саналы түрде халықаралық стандартта көрсететіндей «түсінбейді», міне сондықтан шындыққа сай келмейтін қорытындыларды береді және оларды сотқа ұсынады.
Алайда, заң жүйесінде стандарт туралы «пікірдің салыстырмалылығы» болмау керек, стандарт туралы түсініктер «сол бір жүйенің басқа бақылаушысы үшін басқаша» болуы мүмкін емес. Оған қоса, судьялар, полиция қызметкерлері, прокурорлар, адвокаттар және сарапшылар қарапайым бақылаушылар болып табылмайды. Олар – процессуалдық мәртебесі бар және келтірілген зиянның өтемақысын төлеу туралы сот шешімдеріне әсер ететін адамдар. Сондықтан адам құқықтарын қорғау стандарты және тиісті де әділетті өтемақы төлеу әдісі білімсіздік кесірінен туындаған ақыл кемістігіне де, судьяның ойлау қабілетінің оралымсыздығына да, мемлекеттік бюджеттің5 тапшылығына да, азаптау зардаптарына тиісті медициналық және психологиялық диагностика жасау үшін мемлекеттік сарапшылардың біліктіліктерін арттыру мүмкіндіктерінің болмауына да сүйенбейді/ көрсетпейді.
Сонымен, азаптаудан бостандық құқықтарын қорғау бойынша сот процесі қатысушыларының мінез-құлығындағы жеке өзгерістер сырттан реттелуі мүмкін (заңды тетік, стандарт, процедура, іс бойынша дәлелдер) міне «сондықтан болжамды» болып табылады:
- адвокат дәлелдерді жинап, оларды сотқа ұсына алады (тәуелсіз, білімді және іс жүзінде тәжірибесі жеткілікті, этика тұрғысынан хабардар),
- судья процессуалды тұрғыда дұрыс ұсынылған дәлелдерді қарастыра алады, және оларды азаптаудан бостандық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес талдап, бағалай алады, мемлекеттік мүдделерге «қызмет етуіне» қарамастан, тек әділ және дұрыс сот үдерісіндегі құқыққа сәйкес әділетті шешім шығара алады (тәуелсіз, білімді және іс жүзінде тәжірибесі жеткілікті, этика тұрғысынан хабардар),
- мемлекеттік құқық қорғау құрылымдары тиімді тергеу жүргізуге, азаптауда кінәлілерді тауып, жазалауға, азаптаудың қайталанбауын кепіл ету үшін барлық қажетті әрекеттерді орындауға қабілетті.
Азаптауға қарсы істер жөніндегі сот процесі қатысушыларының мінез-құлығында осындай жеке өзгерістер болу мүмкіндігін анықтау үшін уақыт шкаласы мен құжаттың мазмұнына көз жүргірте қарап шығайық:
1984 жыл – «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция» қабылданды
http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/torture.shtml
1987 жыл – Конвенция күшіне енді
1999 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына Стамбұл хаттамасы ұсынылды: азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тиімді тексеру және құжаттау жөніндегі нұсқаулық http://www.lawtrend.org/library/stambulskij-protokol-rukovodstvo-po-effektivnomu-rassledovaniyu-i-dokumentirovaniyu-pytok-i-drugih-zhestokih-beschelovechnyh-ili-unizhayushhih-dostoinstvo-vidov-obrashheniya-i-nakazaniya
2012 жыл – БҰҰ Азаптауға қарсы комитеті тәжірибені талдап, №3 САТ/С/GC/3 Жалпы реттегі ескертулерді жариялады
2016 жыл – Конвенцияға 158 ел қатысты, БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің жеке шағымдарды қарастыру құзыретін 64 ел мойындап отыр, 379 шағым қарастырылды, 47-де мемлекет тарапынан бұзушылық белгіленді.
Уақыт шкаласындағы бұл күндер ЖОО-да білім алған және өздерінің заңгерлік тәжірибелерін 2000-шы жылдан кейін бастаған/жалғастырған заңгерлердің қорында қатал және жеңіл құқық, азаптаудан қорғау стандарттары және бұзылған құқықты қалпына келтіру тәсілдері туралы барлық қажетті құжаттар бар болуын білдіреді.
Осылайша, бізде мазмұнды алғышарттар болады және азаптаулармен тиімді күресуге арналған құқықтық механизмдердің болуын белгілейміз.
Ең алдымен, БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің ауқымды әдісін белгілейік
1. Ауқымды әдіс – толық қамтитын тұжырымдама
"Орнын толтыру" термині (БҰҰ Азаптауларға қарсы комитеті, №3 (2012) Жалпы реттегі ескертулер)
2 т. «Комитет (Азаптауларға қарсы конвенцияның) 14 баптағы «орнын толтыру» термині «тиімді құқықтық қорғау құралы» және «өтеу» ұғымдарын қамтиды деп есептейді. Сәйкесінше, толық қамтитын орнын толтыру тұжырымдамасы келесілерге алып келеді:
-
реституция,
өтемақы,
қалпына келтіру,
қанағаттандыру және
қайталанбау кепілі
|
және Конвенцияға сәйкес бұзушылық жағдайында қамтамасыз етуге қажетті барлық шаралар жиынтығына қатысты болады
|
Бұдан кейін келесі мәселеге/ мәселелерге берілейік: неліктен азаптау құрбандары көбінесе, тиімді құқықтық қорғау мен орнын толтыру құралдарын қамтитын қажетті өтемақыларды алмайды?
Мұндай жағдайлардың ықтимал себептерін атап, теңгерімін тауып көрейік.
Төменде көрсетілген сызба мүмкіндігінше ықшамдалған, өйткені құрбан өтемақыны тек сот процесі қатысушыларының білмегендігі және жазасыздықпен күресу жүйесінің болмауы себебінен алмайтынын қарастырады.
Мұндай жағдайда теңгерімді қалпына келтіру оңай: мамандарға, адвокаттарға, судьяларға нормалар туралы білімді беріп, оларға оны қолдану дағдыларын үйрету керек. Жазасыздықпен күресу жүйесін құру аздап қиынға соғады, бірақ бұл да мүмкін. Неліктен азаптаулар әлі де біздің елімізде қолданылуда?
Сызбаны күрделі етейік, сөйтіп БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің Конвенцияның қатысушы-елдеріне берілген ескертулерінде көрсетілген мәселені көрейік.
Мұны ресми құжаттардағы үзінділермен көрсетейік: «Комитетті [азаптауға қарсы] сондай-ақ, ресми дереккөздерден алынған және сот талқылаулары [Қазақстандағы] мемлекетке келіп түскен азаптау шағымдарының тек 2% ғана жүргізілгенін көрсететін мәліметтер алаңдатады (12 және 13 баптарпо)»6.
«Комитетті бұрынғыша прокурорлардың әрекетінің сот тарапынан бақыланбауы, және де судьялардың прокурорлардың атқарушы биліктен жеткіліксіз тәуелсіз болуынан оларға артық құрметпен қарайтыны туралы хабарламалар мазалайды (2 және 10 баптар)»7.
«Адвокаттарға сот талқылауының басынан бастап айғақтарды жинауға және ұсынуға және қорғаушы тарапынан куәгерлерді шақыруға рұқсат беру қажет, сонымен қатар оларға сот қудалауын жүзеге асыратын органдар жинайтын барлық куәгерлік жауаптардың тиісті, тиімді де әділ түрде қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек»8.
«…сот жүйесі [Қырғызстан] қылмыстық іс бойынша айыпталушылар және олардың адвокаттары сотта таққан азап қолдану айыбын әрекетті түрде тергемейді. Судьялардың, әдетте азап қолданылу туралы ақпаратты, соның ішінде тәуелсіз медициналық тексеру туралы есептерді назарға алмайтыны туралы хабарламалар әртүрлі дереккөздерден келіп түседі»9.
«Құрбандардың оңалту және өтемақы алу құқықтары елдің заңнамасында кепіл етілгенін белгілей отырып [Қырғызстан] (CAT/C/KGZ/2, 219 тармақ және келесі тармақтар), Комитетті қатысушы-елдің азаптау мен қатыгез әрекет қолданылған құрбандарға зиянның орнын толтыру, соның ішінде өтемақы төлеу мен оңалту шарасын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі алаңдатады»10.
Құрбандарға зиянның орнын толтыру мәселелері бойынша мемлекеттерге берілген ұсыныстар
Қатысушы-елдің [Қазақстанның] орындауы тиіс әрекеттер:
а) өз заңнамасына азаптау және қатыгез іс-әрекет құрбандарының орнын толтыру, соның ішінде әділетті және тиісті өтемақы алу және оңалтуға құқығы туралы нақты ережелерді қосу мақсатында Конвенцияның 14 бабына сәйкес оған өзгерістер енгізу. Мемлекет барлық азаптау мен қатыгез іс-әрекет құрбандарына тәжірибе жүзінде зиянның орнын толтыруы керек, соның ішінде оларға әділетті де тиісті өтемақы және толығырақ оңалтуды қамтамасыз етуі тиіс, және де оңалту бағдарламаларын тиімді жүргізу үшін қажетті қаржы бөлуі тиіс;
b) одан кейінгі шаралары жиынтығын қабылдауды қамтамасыз ету және Біріккен Ұлттар Ұйымының шартты органдары жеке хабарламалар бойынша сол ел қатысушысы болып табылатын шарттарға сәйкес қабылдаған шешімдердің орындалуын институционалдық бекіту. Комитет қатысушы-елдің назарын өзінің жалпы реттегі № 3 ескертуіне аудартады, онда қатысушы-елдің азаптау құрбандарына зиянның орнын толық толтыру бойынша міндеттемелерінің мазмұны және қамту аясы жан-жақты сипатталған» (Азаптауға қарсы комитеттегі мерзімді баяндама (Қазақстан, 2014)
«Комитет қатысушы-елді [Тәжікстанды] қамауда орын алған барлық өлім жағдайларын жедел, әділ және тиімді тергеуге, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың ықтималды жауапкершілік деңгейін бағалауға, кінәлілерді жазалауға және құрбандардың отбасыларына өтемақыны қамтамасыз етуге табанды түрде шақырады. Комитет қатысушы-елден тұтқында алынған кезде орын алған барлық белгілі өлім оқиғалары туралы, соның ішінде қаза тапқан орны, себебі және осындай өлімдерді тергеу жұмыстарының нәтижелері туралы, сондай-ақ кінәлілерді жазалау және құрбандардың туыстарына өтемақы беруді толық қамтитын ақпаратты қамтамасыз етуін сұрайды»11.
«Қатысушы-ел [Тәжікстан] құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, судьялар, медицина қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері және түрме қызметкерлеріне арналған Конвенция талаптарына қатысты даярлық бағдарламалардың тиімділігін арттырғаны жөн және осындай даярлық бағдарламаларының әсерін жан-жақты бағалауы тиіс»12.
«Қатысушы-ел [Тәжікстан] өзінің ұлттық заңнамасына азаптау құрбандарға азап көрсетілу нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыру, соның ішінде әділетті және тиісті өтемақы алу және оңалту құқықтары туралы анық ережелерді енгізуі тиіс. Ол ел барлық азаптау және қатыгез әрекет құрбандарына, соның ішінде адам саудасы құрбандарына, 1995-1999 жылдар арасындағы азаптау және/немесе қатыгез әрекет құрбандарына, сондай-ақ тұтқында отырғанда өлген жағдайында олардың отбасы мүшелеріне тиісті орнын толтыру, соның ішінде әділетті және сәйкес өтемақы төлеу және мүмкіндігінше толық оңалтуды, мұндай әрекетте кінәлілердің жауапқа тартылуына қарамастан тәжірибе жүзінде қамтамасыз етуі тиіс.
Комитет қатысушы-елдің назарын Конвенцияның 14 бабына сәйкес жақын арада қабылданған жалпы реттегі № 3 ескертуге (2012) аудартады, онда қатысушы-елдердің азаптау құрбандарына зиянның орнын толық өтеу бойынша міндеттемелерінің мазмұны және қамту аясы түсіндірілген».13
«Комитет қатысушы-елге [Тәжікстанға] Конвенцияның ұлттық деңгейде орындалуын бақылауға қатысты статистикалық деректерді, соның ішінде азаптау және қатыгез әрекеттер, адам саудасы және тұрмыстық және сексуалды зорлық-зомбылық жағдайларына байланысты шағымдар, жүргізілген тергеулер, қозғалған істер және айыптау үкімдері туралы, және де зиянның орнын толтыру әдістері, соның ішінде құрбандарға қамтамасыз етілген өтемақы мен оңалту туралы мәліметерді жинауды ұсынады»14.
«Қатысушы-ел [Қырғызстан] Конвенцияның іс жүзіндегі ережелерінің өзінің ішкі құқықтық жүйесінде, әсіресе Конвенцияның ережелері бойынша сот қызметкерлері мен құқық қорғау қызметкерлерін даярлауда қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануы тиіс»15.
«Қатысушы-елдердің 14 бапты орындауы туралы Комитет қабылдаған жалпы реттегі № 3 ескертуді (2012) ескере отырып, қатысушы-ел [Қырғызстан] барлық азаптау және қатыгез әрекет құрбандарына зиянды уақтылы және тиімді өтеу тетіктеріне ресми және іс жүзінде қолжетімділікті төмендегідей жолмен қамтамасыз етуі тиіс:
а) азаптау және қатыгез іс-әрекет құрбандарына зиянды өтеу және өтемақы алу құқықтарын қамтамасыз етуді тікелей көздейтін заңнаманы және саясатты қабылдау және сақтау;
b) ешбір кемсітушіліксіз және сот қорғауын қолдануына қарамастан барлық құрбандарға қолжетімді болатын мемлекетте тиімді оңалту қызметтері мен бағдарламаларын құруды қамтамасыз ету;
с) өтемақы алу немесе оңалту қызметтері бойынша өтінішпен келген құрбандарға және олардың отбасыларына қауіпсіздікті және жеке басқа қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдану;
d) Адам құқықтары жөніндегі комитеттің азаптау құрбандарының зиянды өтеу құқықтарына қатысты ой-пікірлерін орындау»16.
«Қатысушы-ел [Қырғызстан] Конвенцияны ұлттық деңгейде орындауды бақылау туралы, соның ішінде, осындай бақылауды жүзеге асыратын органдардың түрі туралы, әсіресе, жынысы, этникалық тобы, жасы, қылмыс сипаты және географиялық аудандары бойынша топтастырып, және де азап және қатыгез әрекет қолдануға, бас бостандығынан айыру орындарындағы өлім жағдайлары, адам саудасы, отбасы ішіндегі және сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты істер бойынша шағымдар, тергеулер, сот қудалауы және айыптау үкімдері туралы ақпаратты, және де барлық осындай шағымдарды және істерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты, және құрбандарға қамтамасыз етілген өтемақы мен оңалту шаралары туралы мәліметтерді қоса алғанда статистикалық деректер құрғаны және ұсынғаны жөн»17.
Адвокат Ким Снежанна Викторовна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл
«Әңгіме тек моральдық зиянның сомасын өтеу туралы болғанда БҰҰ Комитетінің шешімдері бойынша жұмыс істеу оңайырақ. БҰҰ Комитетінің шешімісіз, айыптау үкімісіз, өтемақыға қол жеткізу әлі іске аспауда».
Әмбебап мерзімді шолу
Қазақстан (жұмыс тобының баяндамасы)
«124.12 айыптаушы және қорғаушы жақ арасында өкілеттікті әділетті түрде бөлу үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі);
124.13 адвокаттардың рөлін нығайту үшін және қылмыс процесінде тергеу судьялардың өкілеттіктерін арттыру үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау (Чехия Республикасы);
124.41 барлық болжалды азап қолдану жағдайларына тәуелсіз тергеу жүргізуге және азаптау актілерін қолдануда кінәлі тұлғаларды Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін көрсететін тиісті жазаларға тартуға рұқсат ету (Швейцария);
125.68 әділетті және тәуелсіз сот жүйесін құру үшін барлық қажетті шараларды қолдану, ол жүйе шегінде қорғаушының құқықтары құрметтелуі тиіс (Франция).
Қырғызстан (жұмыс тобының баяндамасы)
117.30 АҚК және оған (?) Факультативтік хаттаманы орындау бойынша жұмыстарды айқынырақ іс-шаралар негізінде жалғастыру (Индонезия);
117.44 Қырғызстанның АҚК бойынша халықаралық міндеттемелерді қатал түрде орындауына және тұтқында ұстау жағдайында азаптау және қатыгез іс-әрекет туралы барлық пайымдауларды тергеуге қол жеткізу (Литва);
117.89 судьялардың толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және әр адамға қатысты әділетті сот талқылауын кепіл ету бойынша реформаларды жалғастыру (Коста-Рика);
117.90 сот жүйесінің толық тәуелсіздігін, соның ішінде судьяларды қызметке алу және босатудың әділ критерияларын енгізу және барлық адамдар үшін әділетті сот талқылауы қағидасын құрметтеуді кепіл ету арқылы қамтамасыз ету (Эстония).
Достарыңызбен бөлісу: |