Портфолио қалай жасалады?
Портфолионың бағыттарын немесе бөлімдерін белгілеп алыңыз. Мысалы, копирайтерде бұл: коммерциялық ұсыныстар, сайттарға арналған мәтіндер, нейминг, слогандар. Фотографта: репортаждық түсірілімдер, портреттер, той түсірілімдері және т.б.,2. Әр бағыт бойынша ең жақсы жұмыстарыңыз бен орташа сапалы жобаларыңызды таңдап алыңыз. Портфолиоға әр бағыт бойынша 10-20 жұмыс қосу оптималды болады. Осының өзі сіздің кәсіби деңгейіңізді клиентке жеткілікті дәрежеде көрсетеді.3. Портфолионы жақсылап сәндеуді ойластырыңыз. Жұмыстарыңыздыыңғайлы ретпен және көрнекі түрде орналастырыңыз.4. Портфолионы Интернеттегі жеке сайтыңызға орналастырыңыз.Қосымша компьютеріңіз бен флешкаға да сақтап қойған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |