Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Академик Е.А. Букетов ат.
ҚарМУ ректоры
з.ғ.д., профессор
___________ Е.Қ. Кубеев
«___»__________ 2015 ж.
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт (Келісім) пен Меморандум жасау туралы Ережелері
Қарағанды, 2015
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт пен Меморандум жасау туралы Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісімдер мен Меморандумдар туралы Ережелер (әрі қарай – Ережелер) Қазақстан Республикасы 27 маусым 2007 жылғы № 319-III (14.01.2014 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қ.а. 27 желтоқсан 2007 жылғы № 661бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы Ережелеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19 қараша 2008 жылғы №613 бұйрығымен (30.12.2011 ж. өзгертулерімен) бекітілген шетелге оқуға жіберу туралы, оның ішінде академиялық ұтқырлық аясындағы Ережелеріне сәйкес құрастырылды.
2. Ережелер халықаралық ынтымақтастық туралы Келісімдер мен Меморандумдар жасау, өзгерту, тоқтату ретін анықтайды (әрі қарай – Келісім-шарт).
3. Ережелерде төмендегідей анықтамалар қолданылады:
1) Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт (Келісім) - бұл екі немесе бірнеше тараптың нормативті бекітілген қызмет аясында белгілі құқықтар мен міндеттерді заңдастыру, өзгерту және тоқтату туралы келісімі;
2) Халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандум – екі тарапты қызықтыратын мәселе толық баяндалған, кейбір ережелердің талдауы берілген, келісуші тарап құзырын негіздеуші басқа мемлекет өкіліне берілетін құжат (ЖОО, ұйым, компания, корпорация және т.б.);
3) Келісім-шарт жасау – тараптардың Келісім-шарт міндеттілігіне келісуі туралы жазбаша келісімі.
4. Шетелдік ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт жасау және оны орындауды Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ ректорының жазбаша келісімімен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасы үйлестіреді.
5. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт қатысушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады. Тараптардың келісімі бойынша басқа тілдерде де жасалуы мүмкін. Халықаралық Келісімдерге өзгертулер мен торлықтырулар енгізу шарт жасалған тілде жүргізіледі.
2. Негізгі ережелер
6. Академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, халықаралық қорлармен, басқа да шетелдік заңды тұлғалармен тікелей қарым-қатынас жасайды, Қазақстан Республикасының әрекеттегі Заңдарына, Қазақстан Республикасындағы халықаралық Келісімдер, Шарттар, Конвенцияларға және университет Уставына сәйкес білім беру және ғылым саласында халықаралық ынтымақтастық туралы екі және көпжақты Келісімдер жасайды.
7. Білім беру мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық жүргізу ретін білім беру саласындағы уәкілетті орган заңдастырады.
8. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық ынтымақтастық туралы Кеілісім-шарт аясындағы негізгі міндеттері:
1) білім және ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалық жоспарын дайындау;
2) білім мен ғылымның негізгі әлемдік даму үрдісі туралы ақпарат жинау, оны зерттеу және талдау материалдарын дайындау;
3) шетелдік серіктестермен білім және ғылым саласында ынтымақтастық туралы келісім-шарт құрастыру, оны жүзеге асыру;
4) шетелде жоғары сұранысқа ие мамандықтардың жылдық реестрін жасауға ұсыныс дайындау;
5) университет бітірушілердің шет тілдерін еркін меңгеруі үшін жағдай жасау;
6) шетелдегі қазақ диаспоралары өкілдері мен оралмандарға академик Е.А.Букетов ат. ҚарМУ-да білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;
7) қосымша қаржылық және материалдық құралдарды тарту үшін білім беру қызметін экспорттауды кеңейту және білім берудің жаңа технологиялары мен тәжірибесін тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;
8) шетелдік мамандарды дайындау сапасын бақылау үшін мемлекеттік есеп пен бақылауды дамыту және жетілдіру;
9) осы бағытта тиімді қызмет ететін оқу мекемелерінің тәжірибесін тарату және қолдау арқылы шетелдік білім алушылармен жұмыс істеу сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз ету (рейтинг анықтау, жария ету, реестр енгізу т.с.с.);
10) оқу мекемелеріне шетелдік азаматтарды қабылдау, оқыту және бітіруді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы аймағына кіру, шығу және болуын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны дамыту және жетілдіру;
11) шетелдік азаматтардың оқу, жұмыс істеу және ғылыми зерттеу жүргізу мерзімінде әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету;
12) шетелдік азаматтарға білім беру қызметін көрсету барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін жағдай жасау.
9. Жасалған келісімдер аясында университет бөлімшелерінің қызмет ерекшеліктеріне сәйкес құқықтары:
- бірлескен ғылыми ұйымдар арқылы келісілген тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғалымдармен алмасу, кафедралар, зертханалар және басқа ғылыми бөлімшелер арасында байланысты дамыту;
- шетелдік серіктестермен ақпарат алмасу, басылымдар мен басқа ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдармен алмасу, бір-бірін университетте өтетін ғылыми іс-шаралар туралы хабардар ету және шетелдік өкілдерді іс-шараларға қатысуға шақыру;
- ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мерзімді және ғылыми басылымдарда жариялау;
- бірлескен білімдік және мәдени бағдарламалар, семинарлар, тренингтер, байқаулар мен конкурстар өткізу;
- (академиялық мерзім ішінде) магистрлік және/немесе докторлық бағдарламаны толық және жартылай игеру мүмкіндігін беру, білім алушының академиялық көрсеткіштері берілген транскрипт (сертификат) беру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін қорғау және академиялық атақ алу мүмкіндігін беру;
- біліктілікті жоғарылату курстары, магистратура, докторантура арқылы профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
- оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушыларға ғылыми және/немесе кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігін беру;
- профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми және әдістемелік жұмыстарына өзара сын-пікір беруді жүзеге асыру;
- ұлттық заңдарға сәйкес ғалымдардың диссертациялық кеңестер жұмысына қатысуына жағдай жасау;
- бір-бірін монография, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми жинақ шығару жоспарымен таныстыру;
- оқытудың жаңа әдістері мен сынақ бірліктерін енгізу жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу;
- студенттер, магистранттар және докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысу, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (ассоциациялар) кіру.
10. Халықаралық ынтымақтастық аясында Келісімге қатысы бар жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасы мен құрылымдық бөлімшелер келесі қызметтерді атқарады:
1) оқыту, педагог және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, бірлескен оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу бағдарламалары, баспадан шығару саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
2) шетелдік серіктестермен бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша келісім жасау үшін ұсыныс жасау, мәтіндерді дайындау және келістіру;
3) жасалған келісімдерді жүзеге асыру мақсатындағы шаралар ұйымдастыру;
4) ішкі құрылымдық бөлімшелер дайындаған шетелге іссапар жоспарын бекіту, шетелге іссапарға жіберуге ұсынылған кандидаттардың (оқу, жұмыс істеу немесе ғылыми зерттеу жүргізу үшін) тілдік және елтану дайындығын ұйымдастыру;
5) шетелдік іссапар нәтижелері туралы толық есеп беруді бақылау, оқу үдерісіне әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шетелдік іссапар нәтижелерінің енгізілуін бақылау;
6) жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында шетелге іссапараға жіберу үшін білім алушылар, педагог және ғылыми қызметкерлер резервін жасақтау;
7) шетелден оқу, жұмыс істеу және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жаңадан келген азаматтарды қабылдау және орналастыру;
8) шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы әрекеттегі заңдарын, университеттің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру;
9) шетелдік азаматтардың ем алуын және профилактикалық медициналық қараудан өтуін ұйымдастыруға көмектесу;
10) кезекті оқу жылындағы халықаралық ынтымақтастық нәтижелерін қорытындылау және талдау, білім беру саласындағы уәкілетті органға халықаралық ынтымақтастық нәтижелері туралы жалпы мәлімет дайындау және уақытында тапсыру;
11) шетелдік азаматтың академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-да болуы туралы мәселе бойынша шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілеттілігі мен ұлттық-мәдени орталықтарымен байланыс жасау және оны жүзеге асыру;
12) университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға байланысты осы Ережелерде көрсетілген міндеттер мен басқа да қызметтерді орындау.
3. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт жасау, өзгерту және тоқтату реті
11. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт жасау келісім жасаған тараптардың құқығы болып табылады және келісім жасаған тараптардың келіссөз жүргізу, келісім талаптарын талқылау, қол қою сияқты әрекеттерін жүзеге асыруды қамтиды.
12. Келісім-шартты талқылау мерзімін, сондай-ақ келіссөз жүргізілу ретін келісім жасаған тараптар анықтайды.
13. Келісім-шарт қол қойылған уақыттан бастап жасалған болып есептеледі және күшіне енеді.
14. Келісім-шарт мазмұнына ынтымақтастық мақсаты мен формасы туралы ережелер, тараптар жауапкершілігі, әрекет ету мерзімі, қаржы және басқа да тараптар ұсынған талаптар енгізіледі.
15. Тараптар Келісім-шарт мазмұнын өзгертуге немесе талаптарын толықтыруға құқылы. Келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар тараптардың келісуі бойынша Келісім-шарт жасау реті мен формасына сай енгізіледі.
16. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шартты тиімді жүзеге асыру үшін Келісім пәніне қатысты қызмет түрін, оны ұйымдастыру талаптарын, орындалуына жауаптыны және мерзімін анықтайтын жұмыс бағдарламасы құрастырылады. Жұмыс бағдарламасына бірінші проректор, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасы бастығы, қатысушы факультеттердің декандары қол қояды.
17. Академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ қатысуға ниет білдірген Келісім-шарттар бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері сараптама өткізеді (құқықтық, лингвистикалық, қаржылық және т.б.).
18. Сараптаманың мақсаты:
1) Академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ қатысуға ниет білдірген Келісім-шарттың сапасын, негіздемесін, уақыт талаптарына сәйкестігін және заңдылығын бағалау;
2) Халықаралық Келісім-шарт жасаудың кері зардаптарын анықтау;
3) Академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ қатысуға ниет білдірген Келісім-шарттың Қазақстан Республикасы заңдары мен университет Уставына сәйкестігін бағалау.
19. Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасауға ниет білдірген университеттің құрылымдық бөлімшелері жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасына Келісім-шарт жасау туралы ұсыныс жасайды.
20. Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шартты жасайтын құрылымдық бөлімшенің ұсынысында:
1) қабылдау, бекіту және қол қою немесе оларға қосылудың пайдасы туралы негіздеме болуы керек;
2) халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт жасаудың академиялық, ғылыми, әкімшілік, мәдени, қаржылық-экономикалық және басқа да нәтижелеріне (салдары) баға берілу керек;
3) жасалған халықаралық келісім-шарт бойынша қызмет түрлерін үйлестіретін жауапты тұлғалар көрсетілуі тиіс;
4) халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт жасалатын шетелдік ұйымдар туралы ақпарат болуы керек;
5) халықаралық Келісім-шартты жүзеге асыру бойынша жұмыс бағдарламасы болуы керек;
6) халықаралық Келісім-шарттың қазақ және/немесе орыс тіліне ресми бекітіліген аудармасы болуы керек, аталған тілдер келісім жасалған тіл болмаған жағдайда;
7) сараптамашының бағасы;
8) халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт, Келісім және Меморандумға анықтама (1 қосымша).
21. Келісім-шарт жасауға (оған қосылуға) ниет білдіруші академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ немесе оның құрылымдық бөлімшесі болған жағдайда Келісім-шарт мәтіні Ғылыми Кеңестің отырысында Келісім-шарт резолюциясы мен оның талаптарын мақұлдауға дауыс беру арқылы қабылданады.
22. Ғылыми Кеңесте бекітілген Келісім-шарт мәтініне ректор немесе сенімхат негізінде проректор қол қояды.
23. Халықаралық Келісім-шарттың мерзімі уақыты біткенде аяқталады. Халықаралық Келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтату оған қатысушы тараптардың келісімі негізінде мүмкін болады.
3. Халықаралық Келісім-шартты есепке алу және сақтау Ережелері
24. Халықаралық Келісім-шартты есепке алу оның актуальдылығын сақтау мақсатында халықаралық келісімдер туралы университет реестріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді білдіреді.
25. Әрекеттегі Келісім-шарт аясында қол қойылған Келісім-шарттың, жұмыс бағдарламасының және басқа құжаттардың түпнұсқасы жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасында тіркеліп, сақталады.
4. Халықаралық Келісім-шарттарды жүзеге асыру мониторингі
26. Әрбір әрекеттегі халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт Тараптар үшін міндетті және саналы түрде орындалуы тиіс.
27. Халықаралық Келісім-шарттардың орындалуын қадағалау мониторингісін әр тоқсан сайын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасы іске асырады.
Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісім-шарт, Меморандум жасау Ережелеріне 1 қосымша
Халықаралық ынтымақтастық туралы Келісімге анықтама
р/с №
|
Мәліметтер тізбесі
|
Құрастырушылар
ақпараты
|
|
Халықаралық Келісім-шарттың атауы
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарт жасалған күн
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарт жасалған орын
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарт жасасқан Тараптар (мемлекеттің, ұйымның, халықаралық рейтинг ұйымының атауы)
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарттың пәні
|
|
|
Халықаралық Келісім-шартқа қол қоюды бастаушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қызметі
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарттың орындалуына ҚарМУ атынан жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қызметі
|
|
|
Халықаралық Келісім-шарттың орындалуына шетелдік ұйым атынан жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қызметі
|
|
Факультет деканы __________/ __________________
_______________
күні
Авторлық ұжым:
Омаров Х.Б.
|
-
|
т.ғ.д., профессор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.
|
Карстина С.Г.
|
-
|
ф.-м.ғ.д., доцент, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар Басқармасының бастығы;
|
Ильясова Г.А.
|
-
|
з.ғ.к., заң факультеті азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының доценті
|
Прудникова М.Ю.
|
-
|
заң факультеті азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы
|
Рапишева Ж.Д.
|
-
|
ф.ғ.к., филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті
|
Харитонова Л.М.
|
-
|
ф.ғ.к., филология факультеті классикалық және орыс филологиясы кафедрасының доценті.
|
© Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2015
Достарыңызбен бөлісу: |