ПоәК «Салықтық менеджмент» пәні бойынша



жүктеу 1,11 Mb.
бет1/7
Дата14.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#20250
  1   2   3   4   5   6   7

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ







ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«Салықтық менеджмент» пәні бойынша

«5В050900 - Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған

қаулы №1 «25» тамыз 2012 ж.


Кафедра меңгерушісі __________________Бертаева К.Ж. э.ғ.д., профессор

АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ 1 « 27 » тамыз 2012 ж.
ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры

___________________________ профессор Р.К.Машанова.



Мазмұны








Бет











Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

4



Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

15



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

16



Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

19



Дәрістер кешені

22



Семинар сабақтарының жоспары

44



Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

47



Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

49



Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

53



Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі

61



Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету

-


Алматы экономика және статистика академиясы
« Қаржы » кафедрасы


ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
« Салықтық менеджмент» пәні бойынша

«5В050900 - Қаржы» мамандығы



Оқыту нысаны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

ОБ

КжТБ

ОБ

Барлығы кредит

3

2

3

Курс

4

1

4

Семестр

7

2

8

Емтихан (семестр)

7

2

8

Барлығы,

оның ішінде:



135

90

135

Лекция (сағ)

30

15

9

Практикалық (семинар) сабақтары (сағ)

15

15

6

СОӨЖ ( сағ)

45

30

-

СӨЖ (сағ)

45

30

120

Алматы, 2012 ж.




  1. Оқытушы туралы мәліметтер:

  • Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы

  • «Қаржы» кафедрасы

  • Тел: 3095815

  • Уақыты: бекітілген сабақ кестесіне сәйкес

2. Пәннің пререквизиті - Бұл пәнді оқып үйрену үшін студенттерге келесі пәндерді меңгеруі қажет:

  • қаржы (теория және ұйымдастыру);

  • салықтық есеп;

  • қаржылық құқық;

- салық және салық салу.

3. Пәннің постреквизиті - Салық және салық салу, Корпоративтік қаржы, Қаржылық менеджмент.

4. Пәннің сипаттамасы - Шаруашылықтанудың нарықтық негізі салық салудың тиімді жүйесін құруды қажет етеді. Салықтар арқылы мемлекет бюджет табысын құрып қоймай, сонымен қатар экономиканы реттеуді іске асырады.Салықтық реттеу өзге де экономикалық құралдармен ұштастырылуы Қазақстанның нарықтық қатынастар жағдайында және оның ойдағыдай қызмет атқаруындағы ұлттық экономиканы басқаруындағы ең тиімді нысаны болуы керек. «Салықтықтық менеджмент» арнайы курсы жан-жақты сипатқа ие және болашақтағы мемлекеттік салық қызметі мамандарының кәсіби, практикалық білімдерін күшейтуге бағытталған.

5.Пәнді оқыту мақсаты- Салықтық менеджменттің теориясы мен тәжірибесін, қолданыстағы салықтық және кедендік заңдылық жағдайында оны қолданудың ерекшеліктерін оқып үйрену; нақты салық түрлерін тәжірибе жүзінде есептеу, сондай-ақ оларды оңтайландыру дағдысын меңгеру; салықтық ықпал етудің түрлі құралдарын зерделеу, салықтық, кедендік, азаматтық заңдылықтарды, сондай-ақ халықара6. Пәнді оқыту міндеттері салықты жоспарлаудың механизмі капиталдың оффшорлық баспанасын құру, тиімді салық маршруттары арқылы капитал мен табыстарды аудару, трансферттік бағаларды фирма ішілік жабдықтаулар мен жеткізілімдерді қолдану жолдарын үйрету.

  • шетелде оффшорлық маманданған компаниялар құру арқылы салықтық заң бұзушылық жолдарымен таныстыру.

  • бірқатар шет мемлекеттердің салық ісі жүйесімен студенттерді неғұрлым тереңірек таныстыру.

7. Пәннің мазмұны - Қазіргі кездегі салық саясатындағы әлеуметтік- экономикалық ілімнің жетістіктерінен құралды. Нарықтық қатынастарды салықтық реттеуге байланысты жазылған алыс – жақын шет елдердің және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері пайдаланылды, сонымен бірге, салық жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені және ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің ресми мәліметтері қолданылды.

7.1 Тараудың атауы



    1. « Салықтық менеджмент» пәнінің мазмұны



      Тақырып атаулары

      Тақырыптың мазмұны



      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік салықтық менеджмент

      Салық менеджментінің пәні. Салық менеджменті басқа ғылымдармен байланысты ғылыми білім саласы ретінде, сондай-ақ тәжірибелік қызмет түрі ретінде. Басқарудың классикалық принципі және олардың салық менеджментінде қолданылуы. Салық менеджментінің көп нұсқалылығы. Салық менджментінде шешім қабылдау критериі. Баламаларды талдау. Салық менеджментіндегі шешім қабылдау үлгілері мен әдістері.



      Салықтық жоспарлау және болжамдау салық механизмінің элементі ретінде

      Салық механизмі: экономикалық мазмұны және мәні. Салық механизмінің элементі. Салықтық реттеу. Салықтық жоспарлау және болжамдау. Салықтық бақылау. Салықтық жоспарлау мен болжамдаудың табиғаты мен функциялары. Салық тактикасы. Салықтық жоспарлау мен болжамдаудың басқа салық механизмі элементтері – салықтық реттеу мен салықтық бақылаумен өзара байланысы. Салықты жоспарлаудың қолданылу тәжірибесі. Салықты ағымды жоспарлау. Салықты стратегиялық жоспарлау. Салықты жоспарлаудың сатылары және оларға қысқаша сипаттама. Сыртқы салықтық жоспарлау. Салықтың түрлері және оларды салықты жоспарлау мақсатында жіктеу.



      Мемлекеттік- бюджеттік салықтық жоспарлау

      Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлаудың қажеттілігі. Салықтық тактика. Мемлекеттің бюджет саясатында тактикалық және стратегиялық салықтық жоспарлаудың рөлі. Салықтық жоспарлауды жүзеге асыру механизмі. Қоршаған ортаны стратегиялық және әдістемелік бақылау. Бюджеттік-салықтық қатынастар аумағында тактикалық және стратегиялық бақылау.

      Салықтық болжамды орта мерзімді кезеңде құру сатылары. Айқынды салық кезеңіне сәйкес тапсырманы орындаудағы нақты шаралар кешені. Бюджетке салықтық түсімдердің түсу көлеміне статистикалық зерттеу жүргізудің сандық әдістері. Салықты жоспарлаудың тәуекел деңгейі.





      Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері

      Бюджетке салықтар мен төлемдерді болжамдау мен талдау әдістемесі. ҚР Қаржы Министрлігі Салық Департаментінің талдау және болжамдау басқармасы: функциялары, мақсаты, міндеттері.

      Мемлекеттік түсімдерді талдау әдістері. Табыстық түсімдерді құрылымдық талдау. Факторлық талдау: тұрақты және ауыспалы факторлар. Математикалық талдау. Статистикалық талдау. Мониторинг. Мониторингті ұйымдастыру алгоритмі.





      Корпоративтік салық менеджменті

      Кәсіпорында корпоративтік салық менеджментінің қажеттілігі. Салықтық басқару. Корпоративтік салық менеджментінің мақсаты.

      Салық салу мен салықтық жоспарлауды оңтайландыру. Корпоративтік салықтық менеджменті басқару қызметінің түрі ретінде. Корпоративтік салықтық менеджментін ұйымдастыру.

      Салық өлеуден жалтару. Салық төлеуші өзінің салық міндеттемесін төмендетуге итермелейтін салдарлар. Салық төлеушілермен салық заңдылығын бұзумен байланысты салық төлемдерін минимизациялау жолдары.

      Салық төлеушілердің қасақана заңсыз іс-әрекеті.






      Корпоративтік салықтық жоспарлау

      Корпоративтік салықтық жоспарлау. Шаруашылық субъектілерінде салықты жоспарлаудың қажеттілігі. Шаруашылық субъектілерінде салықты жоспарлаудың қажеттілігі. Шаруашылық субъектілерінде қаржылық-шаурашылық жоспарлаудың стратегиялық әдістемелері. Салықты жоспарлаудың қатысушылары. Шаруашылық субъектілерінде қаржылық-салықтық топтардың қызметі. Салықтан жалтарудың заңды және заңсыз жолдары. Салық төлеушінің тіркелген орнына, ұйымдық құрылымына, шаруашылық-қаржылық жағдайына, қызмет ету бағыттарына байланысты салық режимін таңдауы. Салық кодексінде қарастырылған салық түрлеріне байланысты жеңілдіктер. Құқықтық-нормалық база және қоғамдық ақпарат құралдарында жарияланған салық тақырыбы аумағындағы мамандардың пікірлеріне шолу.

      Салық міндеттемесі орындау болжамын құру. Заңды тұлғалардың нақты қызмет қорытындысы мен жоспарланған орташа статистикалық көрсеткіштердің алшақтығы, оның себептерін айқындаудың зерттемесі мен болжамы. Ішкі салықтық жоспарлау.





      Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті

      Кәсіпорында салықтық бюджеттендіру түсінігі және қажеттілігі. Салықтық бюджеттендірудің мақсаты. Корпоративтік салықтық бюджеттендірудің нәтижелері. Ұйымның салықтық бюджеті. Талдамалық салықтық бюджет.

      Корпоративтік салықтық бюджетін қалыптастыру. Корпоративтік салықтық бюджетін қалыптастырупроцесі және мерзімі.





      Кәсіпорындағы ішкі және сыртқы салықтық жоспарлау

      Іскерлік айналым және соттық тәжірибенің, құқықтық-нормалық базаны және оның өзгерістері аумағын болжау және оларға шолу. Салықтық міндеттеменің форсмажорлық жағдайларды қосып алғандағы болжамын жасау. Қаржылық, құжаттық және тауарлы-материалдық жүйе ағынының варианттары. Салық төлеушінің салықтық, қаржылық және коммерциялық міндеттемелерінің тізбелік атқару кестесін құру. Заңды тұлғаладың қызмет нақты қорытындысының есепті көрсеткіштерден ауытқуы және оның себептерін айқындаудың мүмкін жолдары. Әртүрлі тәуекел бағдарламалардың бағалануы, қолдануы шараларының тиімділігін болжау. Салықты стратегиялық жоспарлау. Шаруашылық субъектілерінде салықтық төлемдерді ұтымды жоспарлау.



      Салықтық оңтайландыру және компаниядағы салықтық оңтайландыру принциптері

      Салықтық оңтайландырудың тиімділігі. Компания қызметіндегі салықтық оңтайландырудың тиімділігінің ролі мен маңызы. Салық салуды оңтайландыру. Салық салуды оңтайландыру кестесі.

      Компанияда салық салуды оңтайландыру принциптері.





      Шаруашылық субъектілердің салық ауыртпалығын жоспарлау құралдары

      Салық ауыртпалығы және оның кәсіпорынның шаруашылық белсенділігін ықпалы. Салықтық жоспарлау бойынша шараларды дифференциациясы. Салық ауыртпалығы түсінігінің мазмұны және оған ықпал етуші факторлар. Кәсіпорында төленетін салықтардың құрылымы. Кәсіпорындағы салық ауыртпалығын анықтау әдістемесі.



      Ұйымның есеп саясаты және салықтық жоспарлау

      Компанияның тиімді есеп саясатын жасаудың мақсаты мен міндеттері. Ұйымның бухгалтерлік және салықтық есебі мақсаты үшін есеп саясатын салықтық есеп саясатын бекіту.

      Компанияның есеп саясатының салық салу мен қаржы жағдайына байланысы.

      Салықтық оңтайландыру мақсатында есеп саясатының көрсеткіштері




      Халықаралық салықтық жоспарлау

      Әлемдік тәжірибедегі салықтық жоспарлаудың қажеттілігі. Әлемдік тәжірибедегі салықтық жоспарлау сыртқы экономика қызметтері субъектілерінің салықтық ауыртпалығын төмендету тәсілі ретінде. Корпоративтік халықаралық салықты жоспарлау. Жеке халықаралық салықтық жоспарлау. Халықаралық салықты жоспарлаудың субъектілері. Салық төлеушілердің резиденттілігін анықтау. Жеке тұлғалардың табыс салығын минимизациялау. Траст ұғымы. Трасттық компаниялардың қызметтері мақсат-міндеттері.

      Біріккен ұлттық компаниялар халықаралық салықты жоспарлаудың субъектілері ретінде. Халықаралық салықты жоспарлаудың объектілері. Корпоративті халықаралық салықты жоспарлаудың негізгі техникалық механизмдері. Корпортавті халықаралық салықты жоспарлаудың негізгі техникалық механизмдері. Халықаралық корпоративтік салықты жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері. Біріккен ұлттық компаниялардың қызметімен байланысты негізгі салықты минимизациялау. Ішкіфималық құрылымдардың қызметтері.





      Халықаралық салықтық келісімдер және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

      Резиденттік принциптері. Аумақтылық принциптері. Халықаралық салықтық жоспарлаудың қажеттігі. Халықаралық салықтық келісім шарттардың құрылымы және мазмұны. Қазақстан Республикасы халықаралық салықтық жоспарлаудың қатысушысы ретінде.




      Барлыгы




      жүктеу 1,11 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау