ПоәК «Салықтық менеджмент» пәні бойынша


Семинар сабақтарының жоспары



жүктеу 1,11 Mb.
бет5/7
Дата14.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#20250
1   2   3   4   5   6   7
7. Семинар сабақтарының жоспары

1-Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік салықтық менеджмент

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік салықтық менеджмент

2. Салық менеджментінің пәні.

3. Басқарудың классикалық принципі және олардың салық менеджментінде қолданылуы. 4. Салық менеджментінің көп нұсқалылығы.

5.Салық менеджментіндегі шешім қабылдау үлгілері мен әдістері.

Тапсыру уақыты: 1-апта
2. Тақырып. Салықтық жоспарлау және болжамдау салық механизмінің элементі ретінде

1. Салық механизмі: экономикалық мазмұны және мәні.

2. Салық механизмінің элементі.

3. Салықтық реттеу. Салықтық жоспарлау және болжамдау.

4. Салықтық бақылау. Салықтық жоспарлау мен болжамдаудың табиғаты мен функциялары.

5. Салықты жоспарлаудың қолданылу тәжірибесі. Салықты ағымды жоспарлау.

Тапсыру уақыты: 2-апта
3. Тақырып. Мемлекеттік- бюджеттік салықтық жоспарлау

1. Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлаудың қажеттілігі.

2.Салықтық тактика.

3. Мемлекеттің бюджет саясатында тактикалық және стратегиялық салықтық жоспарлаудың рөлі.

4. Салықтық жоспарлауды жүзеге асыру механизмі.

5. Қоршаған ортаны стратегиялық және әдістемелік бақылау. Бюджеттік-салықтық қатынастар аумағында тактикалық және стратегиялық бақылау.



Тапсыру уақыты: 3-апта
4. Тақырып. Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері

1. Бюджетке салықтар мен төлемдерді болжамдау мен талдау әдістемесі.

2. ҚР Қаржы Министрлігі Салық Департаментінің талдау және болжамдау басқармасы: функциялары, мақсаты, міндеттері.

3. Мемлекеттік түсімдерді талдау әдістері.

4. Табыстық түсімдерді құрылымдық талдау.

5. Факторлық талдау: тұрақты және ауыспалы факторлар.

Тапсыру уақыты: 4-апта
5. Тақырып. Корпоративтік салық менеджменті

1. Кәсіпорында корпоративтік салық менеджментінің қажеттілігі.

2. Салықтық басқару. Корпоративтік салық менеджментінің мақсаты.

3. Салық салу мен салықтық жоспарлауды оңтайландыру.

4. Корпоративтік салықтық менеджменті басқару қызметінің түрі ретінде.

5. Корпоративтік салықтық менеджментін ұйымдастыру.

Тапсыру уақыты: 5-апта

6. Тақырып. Корпоративтік салықтық жоспарлау

1. Корпоративтік салықтық жоспарлау.

2. Шаруашылық субъектілерінде салықты жоспарлаудың қажеттілігі.

3. Шаруашылық субъектілерінде қаржылық-шаурашылық жоспарлаудың стратегиялық әдістемелері.

4. Салықты жоспарлаудың қатысушылары.

5. Шаруашылық субъектілерінде қаржылық-салықтық топтардың қызметі.

6. Ішкі салықтық жоспарлау.



Тапсыру уақыты: 6-апта
7. Тақырып. Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті

1. Кәсіпорында салықтық бюджеттендіру түсінігі және қажеттілігі.

2. Салықтық бюджеттендірудің мақсаты.

3. Корпоративтік салықтық бюджеттендірудің нәтижелері.

4. Ұйымның салықтық бюджеті. Талдамалық салықтық бюджет.

5. Корпоративтік салықтық бюджетін қалыптастыру.

6. Корпоративтік салықтық бюджетін қалыптастырупроцесі және мерзімі

Тапсыру уақыты: 7-апта
8. Тақырып. Кәсіпорындағы ішкі және сыртқы салықтық жоспарлау

1. Салықтық міндеттеменің форсмажорлық жағдайларды қосып алғандағы болжамын жасау.

2. Қаржылық, құжаттық және тауарлы-материалдық жүйе ағынының варианттары.

3. Салық төлеушінің салықтық, қаржылық және коммерциялық міндеттемелерінің тізбелік атқару кестесін құру.

4. Заңды тұлғаладың қызмет нақты қорытындысының есепті көрсеткіштерден ауытқуы және оның себептерін айқындаудың мүмкін жолдары.

5. Салықты стратегиялық жоспарлау.



Тапсыру уақыты: 8-апта
9 Тақырып. Салықтық оңтайландыру және компаниядағы салықтық оңтайландыру принциптері

1.Салықтық оңтайландырудың тиімділігі.

2. Компания қызметіндегі салықтық оңтайландырудың тиімділігінің ролі мен маңызы. Салық салуды оңтайландыру.

3.Салық салуды оңтайландыру кестесі.

4. Компанияда салық салуды оңтайландыру принциптері.

Тапсыру уақыты: 9-апта
10 Тақырып. Шаруашылық субъектілердің салық ауыртпалығын жоспарлау құралдары

1. Салық ауыртпалығы және оның кәсіпорынның шаруашылық белсенділігін ықпалы. 2. Салықтық жоспарлау бойынша шараларды дифференциациясы.

3.Салық ауыртпалығы түсінігінің мазмұны және оған ықпал етуші факторлар. 4. Кәсіпорында төленетін салықтардың құрылымы.

5.Кәсіпорындағы салық ауыртпалығын анықтау әдістемесі.



Тапсыру уақыты: 10-апта
11 Тақырып. Ұйымның есеп саясаты және салықтық жоспарлау

1. Компанияның тиімді есеп саясатын жасаудың мақсаты мен міндеттері.

2.Ұйымның бухгалтерлік және салықтық есебі мақсаты үшін есеп саясатын салықтық есеп саясатын бекіту.

3. Компанияның есеп саясатының салық салу мен қаржы жағдайына байланысы.

4. Салықтық оңтайландыру мақсатында есеп саясатының көрсеткіштері

Тапсыру уақыты: 11-апта
12 Тақырып. Халықаралық салықтық жоспарлау

1 Әлемдік тәжірибедегі салықтық жоспарлаудың қажеттілігі.

2.Әлемдік тәжірибедегі салықтық жоспарлау сыртқы экономика қызметтері субъектілерінің салықтық ауыртпалығын төмендету тәсілі ретінде.

3. Корпоративтік халықаралық салықты жоспарлау.

4. Жеке халықаралық салықтық жоспарлау.

5. Халықаралық салықты жоспарлаудың субъектілері.

6. Салық төлеушілердің резиденттілігін анықтау. .

Тапсыру уақыты: 12-апта
13 Тақырып. Халықаралық салықтық жоспарлау

1. Біріккен ұлттық компаниялар халықаралық салықты жоспарлаудың субъектілері ретінде.

2. Халықаралық салықты жоспарлаудың объектілері.

3. Корпоративті халықаралық салықты жоспарлаудың негізгі техникалық механизмдері.

4. Корпортавті халықаралық салықты жоспарлаудың негізгі техникалық механизмдері.

5. Халықаралық корпоративтік салықты жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері.



Тапсыру уақыты: 13-апта
14 Тақырып. Халықаралық салықтық келісімдер және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

1. Біріккен ұлттық компаниялардың қызметімен байланысты негізгі салықты минимизациялау.

2. Ішкіфималық құрылымдардың қызметтері.

3. Резиденттік принциптері. Аумақтылық принциптері.

4. Халықаралық салықтық жоспарлаудың қажеттігі

Тапсыру уақыты: 14-апта
15 Тақырып. Халықаралық салықтық келісімдер және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

1. Халықаралық салықтық келісім шарттардың құрылымы және мазмұны.

2.Қазақстан Республикасы халықаралық салықтық жоспарлаудың қатысушысы ретінде.

Тапсыру уақыты: 15-апта


8. ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

5В050900 – Қаржы мамандығының «Салықтық менеджмент» пәнінің негізгі мақсаты:Салықтық менеджменттің теориясы мен тәжірибесін, қолданыстағы салықтық және кедендік заңдылық жағдайында оны қолданудың ерекшеліктерін оқып үйрену; нақты салық түрлерін тәжірибе жүзінде есептеу, сондай-ақ оларды оңтайландыру дағдысын меңгеру; салықтық ықпал етудің түрлі құралдарын зерделеу, салықтық, кедендік, азаматтық заңдылықтарды, сондай-ақ халықаралық салықтық келісімшарттарды оқып үйрену.

Ағымдағы бақылау оқу семестріндегі әрқайсысы баллдық жүйемен бағаланатын, студенттердің түрлі тапсырмаларды орындаудан тұрады. СӨЖ түрлері және тапсырылу мерзімі мен көлемі келесі кестеде көрсетілген:



Тапсырма түрлері:


тапсырма түрлері

Тапсыру мерзімі

Тапсырма көлемі

1.Эссе (тақырып 1)

1-апта

Жазбаша; А4 1бет.

2.Аннотация (тақырып 2)

2-апта

Жазбаша; А4 1бет

3.Презентация (шағын топтарда жұмыс, тақырып 3-4)

3-4 апталар

Жазбаша; А4 3 беттен кем емес. Ауызша -5 минут.

4.Ситуациялық есептер шығару және құрастыру (шағын топтардағы жұмыс)

5-10 апталарда

А 4 1-1,5 бет. Жазбаша.

5.Блок – сызба (тақырып 5-10)

11-12 апталар

Жазбаша, А4 2 беттен кем емес.

6.Экономикалық талдау жасау (әр салық түрлерінен)

13-14 апталар

Жазбаша. А 4 2-4 бет.

7.Шолу және аннотация (тақырып 14-15)

15 - апта

Жазбаша, А4 2-3 бет.




  1. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі

2. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

  1. Шағын топтардағы жұмыс. Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

4. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір салықтың түрі бойынша (бар ставка мен жеңілдіктердің түрлері пайдалана отырып) белгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

  1. Блок – сызба құрастыру – нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

  1. Экономикалық талдау жасау – Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

Жазбаша жұмыстарды бағалау критерийлері

А:

  • Тақырып жан – жақты аргумент келтіріле отырып, ашылған;

  • Жұмыс студенттің материалды өте жақсы білетіндігін көрсетіп, мақсатты түрде жан – жақты талданса және тұжырымдар келтіріліп, жалпыланса;

  • Баяндаудың логикалық жағынан үйлесімділігі, құрылымының дұрыс болуы;

  • Жұмыс әдеби тілмен жазылып және оның мазмұны стилдік жағынан сәйкес келуі қажет;

В:

  • Тақырып мейілінше толық ашылуы қажет;

  • Жұмыс, тақырып бойынша материалды жақсы білетіндігін және алыну көздерін өзінің ойларын негіздеуге дұрыс қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

  • Баяндама логикалық жағынан үйлесімді болуы шарт;

  • Жұмыс литературалық дұрыс тілмен жазылуы керек;

С:

  • Тақырыптың тек басты мәселелері ғана ашылуы;

  • Жалпы алғанда дұрыс, біржақты немесе тақырып бойынша толық жауап берілмеген және одан аз да болса ауытқушылық бар болса;.

  • Ойды жеткізген кезде үйлесімділік бұзылса;

  • Жұмыс жәй сөздермен жеткізілсе;

Д:

  • Тақырып үстіртін ғана ашылса;

  • Жалпы тақырып бойынша жеткіліксіз жауап берілсе, тақырыптан ауытқушылық айтарлықтай болса.

  • Ойды толық жеткізе алмау, баяндаманың логикалық жағынан үйлесімсіз болуы;



9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар

1 -Тақырып ҚР мемлекеттік салықтық менеджмент



Тапсырма:

Глоссарий және кроссворд дайындау

Тақырып 1. ҚР мемлекеттік салықтық менеджмент

 1. Салық менеджментінің теориялық аспектілері.

2. Мемлекеттік салық менеджментінің қалыптасуы мен дамуының теоретикалық негізделуі.

3. ҚР мемлекеттік салық менеджментін ұйымдастыру.

4. Стратегиялық перспективада Қазақстанда салық менеджментін дамытудың негізгі бағыттары.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 2,3,4
2 - Тақырып Салықтық жоспарлау және болжамдау салық механизмінің элементі ретінде

Тапсырма: Әңгімелесу өткізу және тақырыпқа шолу

Тақырып 1. Салықтық жоспарлау және болжамдау салық механизмінің элементі ретінде

1. Салық механизмінің экономикалық мазмұны.

2. Салық механизмінің мәні мен құрылымы.

3. Салықтық жоспарлау мен болжамдау салық механизмінің элементі ретінде.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 10,3,4
3- Тақырып «Бюджеттік салықтық жоспарлау» тақырыбында презентация дайындау

Реферат дайындау және қорғау (тақырып тізімі силлабуста берілген).

1. Орта мерзімді перспективаға салықтық болжам жасау.

2. Тиісті салық кезеңіне салықтар бойынша нақты тапсырмаларды дайындау кезінде шаралар кешені.

3. Бюджеттегі салық түсімдерінің көлеміне статистикалық зерттеу жүргізу кезіндегі сандық әдістер.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 5,3,4
4 - Тақырып Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері

1 Тапсырма: Нормативті-құқықтық актілерді зерделеу, статистикалық мәліметтерді талдау, реферат дайындау және қорғау

Тақырып: Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері

1. Бюджетке салықтар мен төлемдерді болжамдау және талдау әдістемесі.

2. Мемлекеттік түсімдерді талдау әдістері.

3. Бюджетке түсімдерді болжамдау кезіндегі тәсілдер

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 2,3,4
5 - Тақырып. Корпоративтік салықтық менеджмент

1 Тапсырма: Жазбаша жұмысты дайындау және қорғау, презентация

Тақырып: Корпоративтік салықтық менеджмент.

1. Кәсіпорында корпоративтік салық менеджментінің қажеттілігі.

2. Корпоративтік салық менеджменті басқару қызметінің бір түрі ретінде

3. Салықтарды төлеуден жалтару.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 10,3,4
Тақырып 6. Корпоративтік салықтық жоспарлау

1 Тапсырма: Реферат, слайдтар құрастыру, кроссвордтар, сканвордтар

Тақырып: Корпоративтік салықтық жоспарлау.

1. Корпоративтік салықтық жоспарлаудың түрлері мен нысандары.

2. Корпоративтік салықтық жоспарлаудың элементтері.

3. Кәсіпорында салықтық жоспарлау тәсілдері.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 5,3,4
Тақырып 7. Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті

1 Тапсырма: Тақырыптың презентациясы, реферат

Тақырып: Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті

1. Кәсіпорында салықтық бюджеттендіру түсінігі және қажеттігі.

2. Корпоративтік салықтық бюджетті қалыптастыру.

3. Корпоративтік салықтық бюджеттендірудің салықтарды, салықтық төлемдерді және салықтық қарыздарды бюджеттендірумен өзара байланысы.
Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 2,3,4

Тақырып 8. Кәсіпорындағы сыртқы және ішкі салықтық жоспарлау

1 Тапсырма: әңгімелесу және жазбаша жұмыстарды дайындау және қорғау

Тақырып: Кәсіпорындағы сыртқы және ішкі салықтық жоспарлау

1. Кәсіпорындағы сыртқы салықтық жоспарлау: қажеттілігі мен әдістері.

2. Ішкі салықтық жоспарлау: жалпы және арнаулы әдістер.

3. Салықтарды минимизациялау мақсатында жіктеу.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 10,3,4
Тақырып 9. Салықтық оңтайландыру және компаниядағы салықтық оңтайландыру принциптері

Тапсырма: Реферат, слайдтар құрастыру, кроссвордтар, сканвордтар

Тақырып: Салықтық оңтайландыру және компаниядағы салықтық оңтайландыру принциптері

1. Салықтық оңтайландырудың тиімділігі.

2. Компанияда салық салуды оңтайландыру принциптері.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 5,3,4

Тақырып 10. Шаруашылық субъектілердің салық ауыртпалығын жоспарлау құралдары

Тапсырма: Реферат, слайдтар құрастыру, кроссвордтар, сканвордтар

Тақырып: Шаруашылық субъектілердің салық ауыртпалығын жоспарлау құралдары

1. Салық ауыртпалығы және кәсіпорында салықтық жоспарлау бойынша шараларды дифференциациялау.

2. Кәсіпорындарда салық ауыртпалығының көлемін бағалау және талдау.

3. Кәсіпорында салық ауыртпалығын анықтау әдістемесі.3. Салықтық оңтайландыру мақсатындағы есеп саясатының көрсеткіштері.)

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 2,3,4
Тақырып 11. Ұйымның есеп саясаты және салықтық жоспарлау

1 Тапсырма: реферат дайындау және қорғау, презентация

Тақырып: Ұйымның есеп саясаты және салықтық жоспарлау

1. Компанияның тиімді есеп саясатын жасаудың мақсаты мен міндеттері.

2. Есеп саясатының салық салу мен компанияның қаржылық жағдайымен өзара байланысы.

3. Салықтық оңтайландыру мақсатындағы есеп саясатының көрсеткіштері

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 2,3,4
12-13 Тақырып Халықаралық салықтық жоспарлау

1 Тапсырма: Әңгімелесу өткізу және тақырыпқа шолу

Тақырып: Халықаралық салықтық жоспарлау



1. Салықтар және халықаралық сауда.

2. Халықаралық салық салу механизмін дайындау кезіндегі амалдар.

3. Мемлекеттің салықтық құқығын қорғау ережесі.

4. Халықаралық салықтық жоспарлаудың кезеңдері.)

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 25,29,32
Тақырып 14-15 Халықаралық салықтық келісімшарттар және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

1 Тапсырма: Әңгімелесу өткізу және тақырыпқа шолу

Тақырып: Халықаралық салықтық келісімшарттар және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

1. Қосарлы салық салуды болдырмаудың қазіргі проблемалары.

2. Қосарлы салық салуды болдырмау жөніндегі Конвенцияның типтік үлгілері.

3. Қазақстан Республикасында төлем көзінде алынған резидент еместердің табыстарының кейбір түрлеріне салық салуға қатысты халықаралық келісім шартты қолдарудың тәртібі.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 25,29,32
10.Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау материалдары


жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау