|
ПоәК 042-18-38-57/03-2014 №1 басылым
|
бет | 3/70 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 7,58 Mb. | | #33367 |
| 3d97b076-453c-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ЖБТФАтомның векторлық моделі – Атомдағы электрондардың бұрыштық моменттерінің (орбиталық және спиндік) векторлық қосылуын қарастыруға негізделген атом моделі.
Бас кванттық сан – Атомдағы электронның энергетикалық деігейлерін анықтайтын бүтін сан n.
Бор постулаттары – Атомдардың орнықтылығын және бұлардың сызықтық спектрлерін түсіндіру үшін Резерфордтың классикалық (планетарлық) моделіне Бордың енгізген екі постулаты (ұйғарымы).
Бордың бірінші постулаты (стационар күйлер постулаты) – Атомда стационарлық күйлер болады, бұларда ол энергия шығармайды. Атомның стационар күйлеріне электронның стационар орбиталары сәйкес келеді. Электронның стационар орбиталар бойынша қозғалысы кезінде электромагниттік толқын шығарылмайды.
Бордың екінші постулаты (жиіліктер ережесі) – Электрон бір стационар орбитадан басқасына ауысқанда энергиясы бұларға сәйкес стационар күйлердің энергиялары айырмасына тең hv = En – Em бір фотон шығарылады (жұтылады).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|