Атомдық спектрлер – Еркін немесе өзара бірімен-бірі әлсіз әсерлесетін атомдардың электрондық энергия деңгейлері арасында кванттық асысулар кезінде пайда болатын шығару және жұтылу спектрлері: а.с.- сызықтық, яғни жеке сызықтардан тұрады.
Аса нәзік әсерлесу – Атом ядросы мен электрон арасындағы кулондық әсерлесуден басқа ядроның спині болуымен байланысты әсерлесу.
Аса нәзік түзіліс – Атом ядросы магниттік моментінің (спиндік) атомның электрондары туғызатын магнит өрісмен әсерлесуі себепші болатын атомдағы, молекуладағы электрондардың энергия деңгейлерінің жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |