ПОӘК 042-18.30.1.33/02-2014
|
Баспа . № 1 03.09.2014
|
13 беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18.30.1.33/02-2014
|
ПОӘК «Педагогикалық диагностика» пәнінің студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы
|
№ 2-басылым 03.09.2014
|
«Педагогикалық диагностика» пәні
5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ 2004
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 03.09.2014
аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1. 03.09.2014ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама №1. 05.09.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1. 11.09.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
Мазмұны
1. Жалпы ережелер
2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
4. Курс форматы
5. Курс саясаты
6. Баға қою саясаты
7. Әдебиеттер
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна.
Байланыс ақпараты – тел. 30-43-33, Таңірбергенов 2 ғимарат,
Сабақ өткізу орны – №2
Пән аты – «Педагогикалық диагностика»
Кредит саны - 3
1.2 Курстың қысқаша мазмұны:
«Педагогикалық диагностика» курсы студенттерге мектеп жасындағы оқушыны және оқушылар ұжымын комплексті зерттеудің диагностикалық әдістемелерін меңгеруге көмектесу, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық - педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізуге бағытталған.
1.3 Курстың мақсаты:
Курстың мақсаттары:
-Студенттерді теориялық тұрғыда түбегейлі білім беру және студенттер бойына психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық және практикалық ғылым саласы ретіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады;
-Тұлғаның ғылыми-теориялық психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздерін тереңдетіп меңгеруі;
-Психологиялық көмек көрсету кезіндегі жұмыстарында мамандардың практикалық дағдыларды меңгеріп жетілдіру үшін дайындау;
-Ғылымдар жүйесіндегі кәсіби психологтардың психологиялық-педагогикалық диагностиканың алатын орнын анықтау;
-Студенттерді психологиялық- педагогикалық диагностиканы қалыптастырудағы психометрикалық негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету;
-Психометриканың теориялық негіздерін практикада қолдана алуға баулу;
1.4 Курстың міндеттері:
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін жақсы білу үшін психологиялық-педагогикалық диагностиканың ең тиімді әдістерін қолдануды меңгеру;
Студенттердің лекцияда алған білімдерін кеңейту және жан-жақты дамыту, тереңдету, білімге деген құштарлығын арттыру;
Педагогикалық диагностика пәнінен алған білімдерін практика жүзінде тиімді қолдана білу қажет;
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың қазіргі таңдағы белгілі бір білім беру технологияларымен таныстыру;
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес, студент тер жоғары білімді меңгеруге міндетті;
Баланың білімін тексеруде ұсынылған талаптарды, психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, білімдерді меңгеру;
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін анықтау және қолдана білу, тест жүргізуді үйрену;
«Педагогикалық диагностика» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше қолдана алу.
1.5. Оқу нәтижесі:
Пәнді оқу барысында білім алушы білу керек:
-Білу керек
- педагогикалық диагностика әдістердің ұғымдары және әдіснамалық негіздерін;
- Балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын;
- Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздерін, көпшілікке танымал әдістерді және олардың түрлері, сонымен қатар сапаларын бағалау талаптарын;
-Меңгеру керек:
- педагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарды;
- Оқытатын пәндердің теориялық негіздерін;
- Оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері;
-Игеру керек:
- педагогика жаңалықтарын қолдану барысында балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуын;
- психологиялық-педагогикалық диагностиканың зерттеу әдістерін;
-Қолдана білу керек:
- педагогикалық диагностикада жаңашыл технологияны пайдалану;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта диагностикалық әдістерді балалардың оқу танымдық мотивациясының негізін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында қолдану;
-Түсіну керек:
- Баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін;
-Қазіргі қолданыстағы білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын;
- Білім болу керек:
- педагогика әдістерін қолдануда педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу;
- психологиялық жағдайларға талдау жасай білу;
- диагностиканы оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білу;
педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық және т.б.;
- қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық;
-Қалыптастыруы тиіс:
дағдысы:
- компьютерлік және коммуникативті сауаттылық;
- психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістер түрлері, оларды қолдана алу;
- психологиялық-педагогикалық диагностиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіну;
- психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.
құзыреттілігі:
- балалардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру;
- балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасау;
1.6 Курстың пререквизиттері: педагогикагогикалық мамандыққа кіріспе, адам дамуы және психология, этнопедагогика, педагогика.
1.7 Пәннің постреквизиттері: педагогикалық практика.
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ
№
|
Тақырып мазмұны
|
Сағат саны
|
Әде-биет-тер
|
|
|
Д/С
|
П/С
|
ЛБ
|
БӨЖ
|
БОӨЖ
|
|
1.
|
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
1.Педагогикалық диагностиканың оқыту пәні.
2.Педагогикалық диагностиканың мақсаты мен міндеттері.
3.Педагогикалық диагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары.
|
2
|
1
|
|
|
|
3
|
2.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздері
1. Психодиагностиканың әдістемелік негіздері.
2.Компьютерлік психодиагностика.
|
2
|
1
|
|
|
|
3
|
3.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың пайда болу тарихы
1.Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
2.Психодиагностиканың ғылым ретіндегі қайнар көздері.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
2,5,9
|
4.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы
1. 19- ғасырдың бірінші жартысындағы психодиагностика.
2. Психодиагностиканың қазіргі замандағы әдістерінің қалыптасуы.
|
2
|
1
|
|
|
|
2,5,9
|
5.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
1.Психодиагностиканың жағдайы (мәселелері) және олардың шешілуі.
2.Психологиялық қызметті құру туралы қаулының маңыздылығы.
3.Ресей мен Қазақстандағы психодиагностиканың жағдайы.
|
2
|
1
|
|
|
|
1
|
6.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістері
Педагогикалық диагностика әдістердің жалпы сипаттамасы. Әдіс, әдістеме, әдістемелік негіз.Қатаң ережелі және қатаң ережесіз әдістер. Педагогикалық диагностика әдістерге қойылатын талаптар. Жарамдылық, сенімділік, объективтілік.Тест – Педагогикалық диагностиканың негізгі құралы ретінде. Тесттердің түрлері, оларды топтастыру негіздері. Проективті әдістерге сипаттама.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
2,1,2,4,5
|
7.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелеріне қойылатын талаптар
1.Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.
2. Тесттің түрлері.
|
2
|
1
|
|
|
|
2,1,2,4,5
|
8.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың құралдардың топтастырылуы
1. Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.
2.Психодиагностика әдістері және оларды жіктеу.
|
2
|
1
|
|
|
|
2,1,2,4,5
|
9.
|
Кіші мектеп жасындағы балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау ерекшеліктері
1.Кіші мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.
2. Практикалық психологтардың жұмысындағы графикалық әдістерді қолдануы.
|
2
|
1
|
|
|
|
1,6,7,8
|
10.
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары
1. Этикалық кодекстің негізгі принциптері.
2.Моральдық-этикалық нормалар.
|
2
|
1
|
|
|
|
11,12
|
11
|
Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы
1.Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.
2.Мектепке дейінгі балалардың қызығушылық процесінің психодиагностикасының әдістемелері.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
2,1,2,4,5
|
12
|
Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтау әдістері және оның таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.
1. Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау.
2.Таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.
|
2
|
1
|
|
|
|
1,6,7,8
|
13
|
Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
1.Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.
2. Құндылықтың түрлері.
3.Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде.
|
2
|
1
|
|
|
|
11,12
|
14
|
Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
1.Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.
2.Тест өткізудің ережесі, оның нәтижесінің өңделуі және интерпретациясы.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
2,1,2,4,5
|
15
|
Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.
1.Психодиагностиканың жағдайы (мәселелері) және олардың шешілуі.
2.Психологиялық қызметті құру туралы қаулының маңыздылығы.
3.Ресей мен Қазақстандағы психодиагностиканың жағдайы.
|
2
|
1
|
|
|
|
1,6,7,8
|
3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.
Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.
Реферат жазуға әдістемелік нұсқау
Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.
Реферат жазуда не ескеріледі?
1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.
2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.
4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.
5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.
6. Реферат аудиторияда талқыланады.
Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Рефератмазмұны:
- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;
- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;
- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;
- мазмұнның стилі және сауаттылығы;
- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі
Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Фактілі дәлелдер (аргументтер);
Теоретикалық негіздеме;
Цитаталарды келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылыққа мән беру.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:
1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;
2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;
4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
5. Безендірілу сипатына;
6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
4 КУРС ФОРМАТЫ
Аудиториялық сабақтар келесi түрлерден: дәрiстер (Д), практикалық (Пр) сабақтардан, БӨЖ тұрады.
Тақырыптардың барлығы дәрістік, практикалық сабақтарда берілген, қалғаны өздiгiнен орындалады.
Дәрiстiк, практикалық сабақтарды орындау мiндеттi.
Аралық аттестация қортындылары студенттiң сабаққа қатысуын, өздiк жұмыстарын өз уақытында орындауын, сабақ үстiнде жауап беруiн, аралық бақылау нәтижелерiн ескере отырып қойылады.
Олар мiндеттi түрде айтылған уақытында тапсырылуы тиiс. Өз уақытынан кеш тапсырылған бақылау жұмыстарына автоматты түрде төмен баға қойылады.
Студенттердiң бiр-бiрiнен көшiргенi немесе плагиат (дайын тапсырманы көшiру) үшiн оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.
5 КУРС САЯСАТЫ
Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, әрбір тақырыпқа конспект жазу. Оқулық материалдары бойынша өз бетімен практикалық үй жұмыстарын көрсетілген уақытта орындау. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.
Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.
Бақылау жұмыстары: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап аудиторядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «F» бағасын қоюмен қамтылады.
Ұялық телефон: Сабақ кезінде ұялық телефондар өшірілуі керек.
Емтихан: Қорытынды емтихан оған босатылған барлық студенттер үшін компьютерлық тест жүйе негізінде жүргізіледі. Емтиханның қорытынды бағасы қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеледі.
6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Педагогикалық диагностика» пәнін оқытуда екі рет аттестация қойылады. Әр аттестацияны есептеу үшін келесідей критерийлер қарастырылады:
сабаққа қатысу төмендегідей бағаланады:
дәріс сабағы – 30 баллға тең.
Тәжірибелік сабақтың жауабы –100 баллмен бағаланады.
СӨЖ-де бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады – 80 балл
Аралық бақылау бірінші және екінші аттестацияда болады – 90 балл
« Педагогикалық диагностика» пәні бойынша ұпай бөлінісі
Апта
|
Тапсырма мазмұны
|
Ұпай саны
|
Қосымша
(Формасы)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Аудиториялық сабақ үшін (дәріс) 1-7 апта бойынша
|
30
|
|
1 апта
|
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
|
|
|
2 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздері
|
50
|
|
3 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың пайда болу тарихы
|
|
|
БӨЖ
Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың пайда болу тарихы
мазмұны: Психологиялық-педагогикалық диагностика пәні бойынша картотека құрастыру (20-30 әдебиеттің атаулары)
|
40
|
сызба құру
|
4 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы
|
|
|
5 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
|
|
|
6 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістері
|
50
|
|
БӨЖ
Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы
мазмұны: тақырып бойынша презентация дайындау (15-20 бет)
|
40
|
Microsoft Power Point презентация дайындау
|
7 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелеріне қойылатын талаптар
|
|
|
|
90
|
|
1 аттестациялық аптада
|
300
|
|
|
Аудиториялық сабақ үшін (дәріс)8-15 апта бойынша
|
30
|
|
8 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың құралдардың топтастырылуы
|
|
|
9 апта
|
Кіші мектеп жасындағы балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау ерекшеліктері
|
|
|
10 апта
|
Психологиялық – педагогикалық диагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары
|
|
|
11 апта
|
Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы
|
50
|
|
|
БӨЖ. Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың қазіргі жағдайы
мазмұны: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың ҚР қазіргі жағдайы туралы қысқаша тоқталу (конспект жазу)
Бір ғалымның көзқарасына сипаттама беру
|
40
|
конспект жазу
|
12 апта
|
Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтау әдістері және оның таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.
|
|
|
13 апта
|
Тесттердің сәйкестілігі (валидтығы) мен сенімділігі.
|
|
|
14 апта
|
Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
|
50
|
|
|
БӨЖ
Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістері
мазмұны: әдістерге қысқаша тоқталу, салыстыру, кесте құру («Әдіс», «Сипаты», «Кемшіліктері», «Артықшылығы»)
мазмұны: Тест – психодиагностиканың негізгі құралы ретінде. Тесттердің түрлері, оларды топтастыру негіздері. Реферат жазу (15-20 бет, А4)
|
40
|
кесте құру.
Реферат жазу
|
15 апта
|
Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.
|
|
|
Межелік бақылау
|
90
|
|
2 аттестациялық аптада
|
300
|
|
7 ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
Куребаева Г.А. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық- педагогикалық диагностикасы. Семей. 2004
Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
Непомнящая Н.И. психодиагностика личности. М. 2001.
Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.
Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
Из истории психологических тестов //Общая психодиагностика под.ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина -2009. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Қосымша әдебиеттер:
Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
Жалпы педагогика /Бабаев, С.Б. - 2006
Педагогика /Ахметова, Г.К. - 2006
Педагогика :қысқаша дәрістер курсы /Дүйсембекова, Ш. - 2005
Педагогика/ Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова / - 2004
Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері :монография / - 2011
Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка. М. 1996.
Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
Мерзімді басылым:
Л.Смагулова «Оқушы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық диагностикасы» // «Оқушы тәрбиесі», №8, 2013, 26-29бб.
М.Көшкентаева «Педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары, әдістері» // «Мектеп директоры», №5, 2004, 9-18бб.
П.Маханова «Педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері» // «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы», №1(28), 2009, 40-45бб.
Достарыңызбен бөлісу: |