ПоәК 042-18-3 01-2014 Басылым №4



жүктеу 2,98 Mb.
бет1/18
Дата21.01.2018
өлшемі2,98 Mb.
#7805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ПОӘК 042-18-3-1.01-2014

Басылым № 4 _________


-бет 65 беттен




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

СМЖ құжаты 3 деңгей

ПОӘК

ПОӘК 042-18-3-1.01-2014



«Статистика» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №4______





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«СТАТИСТИКА» ПӘНІНЕН

5В050600 «ЭКОНОМИКА», 5В050900 «ҚАРЖЫ», 5В051000 «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» МАМАНДЫҚТАРЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2014




МАЗМҰНЫ



1

Глоссарий

3

2

Дәріс материалдары

4

3

Тәжірибелік сабақтар

54

4

Студенттердің өздік жұмыстары

64


1. ГЛОССАРИЙ
Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы.

Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.

Статистикалық жинақтау - бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу

Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі

Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.

Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-бірінен ажырату үшін топтарға бөлу.
Қайта топтау - алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі.
Статистикалық таратпалы қатарлар - қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.
Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.
Статистикалық нақты шамалар - қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.

Қатысты шамалар - қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер.
Әлеуметтік- экономикалық статистика - әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді.

Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшері, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.

Мода - статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.
Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі.
Статистикалық өзгерме - жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс.

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – мемлекеттің жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер.


2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ

1- МОДУЛЬ: СТАТИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ
Бірінші тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері.

Дәріс сұрақтары:

  1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

  2. Статистика пәні, міндеттері және оның зерттеу объектісі.

  3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.


1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты.

XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.



  1. Статистика пәні, міндеттері және оның зерттеу объектісі.


Статистика – бұл қоғамдық ғылымның саласы, оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар. Статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта қай жерде болғанын зерттейтін ғылым Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды. Статистика органы халық шаруашылығы саласының есебін жүргізу, мекеме ретінде жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың маңызды құралының бірі болып табылады. Сондықтан да статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы сандық және сапалық тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады .Статистиканың сандық жағы-зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету.Сандық жағын оқып үйренудің келесідей түрлері бар:

  1. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді.

  2. Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді.

  3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа - әрбір сандық көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар:сандық және сапалық.Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).

Статистиканың міндеттері:

1.Мемлекет, коммерциялық, акционерлік және басқа да органдарды сенімді, қажетті, нақтылы ақпараттармен және мәліметтермен қамтамасыз ету.

2.Іс жүзінде оперативтік перспективалық жұмыстардың артынан статистикалық бақылау жасау.

3.Статистикалық мәліметтерді талдау.




  1. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

Қоғамдық ғылым ретінде республикада болып жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

1.Статистикалық бақылау, яғни алғашқы мәліметтерді жинау сатысы. Мұнда құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Бақылаудың негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсер ететін фактілерді өздеріне тән белгілеріне қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.

2.Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтер өздеріне тән жеке белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Бұл кезеңде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері іріленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.

3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Бұл сатыда жинақталған, топталған, өңделген көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Сонымен қатар олардың өзара байланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге талдау жасау-жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Осы айтылған зерттеулердің үш сатысы арасында айырмашылық болғанмен де оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға болмайды.

Статистикада стаистикалық бақылау, жалпы қорытынды жасау, топтастыру, нақты және қатысты шамалар, орташа шамалар өзгерме көрсеткіштері экономикалық құбылыстардың арасындағы байланысты статистикалық зерттеу, өсіңкілік қатарлар, индекстер, іріктеп бақылау, статистикалық кестелер, графиктік әдістер және т. б. көрсетеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?

2.Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?

3.Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?

4.Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.

5.Статистикалық жиынтық дегеніміз не?

6.Статистиканың қандай міндеттері бар?


Әдебиеттер: (1) 5-9 бет, (4) 8-21 бет, (5) 5-16 бет, (6) 7-40 бет

Екінші тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және

оның міндеттері
Дәріс сұрақтары:

1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика

2. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.

3. Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері

1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және шаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жтнақталады, өңделеді және оған талдау жасалады.

Оперативті жедел немесе оперативті- техникалық есеп. Оның мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және басқа да операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданылады.

Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.

Бухгалтерлік есеп. Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтар мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдаланылуын, еңбек ақы мөлшерін, кіріс пен шығыс және т.б. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілген көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде біріңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жинайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің негізгі әдістеріне бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау жатады. Ең бастысы, құжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.

Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өміріне болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасайды. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік және оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат бойынша жинақталады.

Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.

Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бір- бірімен тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай қайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш есеп жүйесі халық шаруашылық салаларын жан- жақты зерттейтін біртұтас есеп жүйесін, яғни халық шаруашылығы есебін құрайды.



2. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.
Қазақстан Республикасында статистика органы алғашқы рет 1919 жылы «Далалық өлке» статистикасы басқармасы ретінде құрылып, оның міндеттері мен қызметтері туралы ереже бекітілді.Одан кейін статистика органы ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды:


  1. 1930 жылы Статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен бірікті және ол халық шаруашылығындағы Есеп басқармасы болып саналды.

  2. 1931 жылы Жоспарлау комитетінің жанындағы Орталық Халық Шаруашылық Есеп басқармасы болып қайта құрылды.

  3. 1941 жылы қайтадан Статистика басқармасы комитеті болып өзгертілді.

  4. 1948 жылы ҚР министрлер советі жанындағы Орталық Статистика басқармасы болып қайтадан ашылды.

  5. 1987 жылы Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет болып өзгертілді.

  6. 1995 жылы Статистика мекмесіне талдау қосылады. Сонымен ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып құрылды.

  7. 1996 жылы ол комитет ҚР Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. Ұлттық статистика агенттігі статистикалық мәліметтерді жинау, талдау, өңдеу жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама және әдістеме бойынша қабылданған ережеге сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады.


3. Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18- қаңтардағы қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі туралы Ереже бекітілген. Ережеге сәйкес статистика органдарының жұмыстарының ұйымдастырылуы, оның негізгі міндеттері мен қызметтері көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері:

- статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау, статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

- халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

- мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі түрде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат алмасып отыру.

Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай шараларды жүзеге асырады: статистикалық заңдар мен нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды; санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылау ұйымдастырады; елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді және т.б.

Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған міндеті мен жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің құқықтары мынадай: қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдарқұқықтық нысанына қарамастан, ел аумағында жұмыс імтейтін заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден, жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуға; халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға; қажет болған жағдайда статистикалық деректердің дұрыстығын тексеруге және т.б. құқықтары бар.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Оперативті жедел есеп деген не?

2.Бухгалтерлік есеп деген не?

3.Біртұтас есеп жүйесі туралы не айтасыз.

4. Ұлттық статистика агенттігінің қандай құқықтары бар?

5. Ұлттық статистика агенттігінің міндеттерін айтыңыз.

6. Ұлттық статистика агенттігі қандай қызметтер атқарады?

7.Қазақстан Республикасында статистиканың ұйымдастырылуы туралы не білесіз?
Әдебиеттер: (1) 12-22бет, (4) 23-28бет

Үшінші тақырып. Статистикалық бақылау

Дәріс сұрақтары:


  1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.

  2. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.

  3. Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.

  4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

  5. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.

1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.


Статистикалық бақылау - қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты-зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында келесідей талаптар орындалуы керек:

а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты-ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

б) жалпы жиынтыққа әсер ететін себептер анықталуы керек және құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өндірісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету.

в) бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты көрсетуі үшін оның сапалылығы тексерілуі керек.

г) Статистикалық бақылау ғылыми негізде және алдын-ала жасалған бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған түрде жүргізілуі керек және одан алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен қатар статистикалық бақылау кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.




  1. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.

Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны ұйымдастыру жоспары жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері мен тәсілдері, орнын анықтау сұрақтары қарастырылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды.



Статистикалық бақылаудың объектісі-зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың объектісі бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады.

Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.

Статистикалық жиынтық бірлік-жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.

Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық органдардағы есеп беру формасы арқылы жинақталған көрсеткіштерге байланысты болады, өйткені әрбір өнеркәсіп орындарының, мекеменің, ұжымның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсетілген көрсеткіштердің өзі бақылау бағдарламасы болып саналады.Бақылау бағдарламасын жасау кезінде бельгия ғалымы Кетленің ұсынған келесідей ережелерін ескеру керек:

  1. Бағдарламаға қажетсіз сұрақтар енгізілмеуі керек және онда көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтау керек.

  2. Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтар енгізілуі керек.

  3. Бағдпрламаға енгізілген сұрақтар жауап берушілерге кері әсер етпейтіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілетін сияқты күдік туғызбауы керек.


3. Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.
Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған бет-қағаз. Статистикалық бланктің жекедара және тізімдік түрлері болады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.

Статистика органдары алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымның негізгі екі жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау.



Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жұмшарлар мен кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің қызметтері туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың негізгі көзі болып саналады.

Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді: жалпы мемлекеттік, яғни барлық шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар өзінің жұмыстары туралы керекті мәліметтерді жоғарғы органдарға міндетті түрде тапсырып отырады.Ішкі ведомствалық есеп беру мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бірүлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылықтарындағы салаларда бірүлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ немесе бірдей болады.

Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру келесідей түрлерге бөлінеді: шұғыл, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне қарай: почталық, телеграфтық, телефакстік болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі.

Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын жиынтық бірліктер толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде зерттелген жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады.

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді. Егер жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктер негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, оны ішінара бақылау деп атайды.

Жеке ауқымды бақылау дегеніміз статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай қоғамдық құбылыстардың, объектілердің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетттін бақылау.

Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктер болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөледі.

Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы. Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау дегеніміз болған фактілердің пайда болуына қарай тұрақты жүйелі түрде белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау мерзіміне қарай мерзімдік немесе кезеңдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер зерттеу жұмыстарын бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда ол кезеңдік бақылау деп аталады. Егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілген болса, ол бір жолғы бақылау деп аталады. Бақылау жүргізу кезінде оның шектік уақыт кезеңін анықтау ең негізгі болып саналады. Шекті уақыт кезеңі дегеніміз зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн және уақыт мерзімі.
4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады.

Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады.

Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады.

Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшілік тәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.
5.Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
Статистикалық қате дегеніміз нақты факты зерттеу нәтижесі көрсеткіштер арасындағы сәйкессіздік айырмашылықтарды дұрыс санамау, түрлі себептерге байланысты бұрмалаушылықтар. Бақылау мәліметтерінде жіберілген қателер екі түрге бөлінеді: репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате.

Тіркеу кезіндегі қате әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы нәтижесінде пайда болатын қате. Ол дұрыс жазбағандықтан, тіркеулерді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады.

Бұл қателердің өзі фактілердің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып есептелінеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілетін болып бөлінеді.



Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате әдейі жасалмайды, ал қасақана немесе әдейі жіберілетін қате алдын-ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалған қателер. Тексеру қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз статистикалық бағдарламаларда көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланысын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.

Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық көрсеткіштердегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзету енгізіледі. Статистика органдары осы тексерулерден басқа жоспарлы түрде әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, кешенді және жаппай болып үшке бөлінеді.

Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе оның көрсеткіші алынады. Кешендік тексеруде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорынның белгілі бір есептеу формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?

2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?

3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?

4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?

5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?

6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?


Әдебиеттер: (1) 23-43бет, (4) 39-53бет, (5) 26-48бет, (6) 43-64бет, (2) 14-19бет

Төртінші тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау,

топтау және кесте құру.
Дәріс сұрақтары:

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

  2. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.

  3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.

  4. Қайта топтау.

  5. Статистикалық таратпалы қатарлар.

  6. Статистикалық кестелер.


1.Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.
Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.





  1. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.


Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Топтаудың мақсаты-жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.

Статистикалық топтау келесідей түрлкрге бөлінеді: біртиптік, құрылымдық және талдаулық. Біртиптік топтаудың мақсаты-біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:

1.Алдын-ала пайда болған типтерді,сыныптарды өзіне тән сапалықбелгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою.

2.Топтау белгілеріне қарай анықтау.

3.Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Құрылымдық топтау мақсаты- біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді.

Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты-жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін,себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Талдаулық топтау келесідей:

1.Себептік белгілері бойынша құрылады және нәтижелік белгілердің орта шамасы табылады.

2.Әрбір топты сипаттайтын себептік және нәтижелік белгілердің орташа шамасын есептейді.

3.Себептік және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.

Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай топтау, ал екі немесе одан да көп белгілерге қарай топталса, күрделі топтау деп аталады.


3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.
Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса, онда топтың саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі.

Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек.

Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:

d =Хmax-Xmin/n , мұндағы,

d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;

Хmax, Xmin- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;

n- топтың саны.

Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.


4.Қайта топтау.
Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі әдіспен жүргізіледі:

1. Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.

2. Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру қажет болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Бұл әдістерді қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылым қандай шамамен берілсе де түрлі топтық өзгерістер кездеседі.


5. Статистикалық таратпалы қатарлар.
Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу. Олар белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар болып екі түрге бөлінеді.

Сандық таратпалы қатарлар көрсеткіштердің сан түрінде берілуі, ал сапалық таратпалы қатарлар дегеніміз- жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру. Сапалық таратпалық қатарларды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты және қатысты шама түрінде жеке келтіріледі. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріліп сипатталатын болса, онда мұндай бөлімді өзгермелі таратпалық қатарлар деп атаймыз. Мысалы, жұмысшының айлық табысына немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады.

Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді.

Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық белгілер бүтін санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер берілсе, ол деңгей аралықты деп аталады.

Таратпалы қатарлар екі бөліктен тұрады: варианттан және жиілік көрсеткіштерінен. Вариант бұл –топтау кезіндегі статистикалық таратпалық қатарлардың сандық және сапалық белгілері бойынша бөлінуі, яғни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын көрсеткіш. Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант жағымды, жағымсыз, нақты және қатысты шамалармен берілуі мүмкін.



Жиілік әрбір топтағы варианттық сандық көрсеткіштермен, яғни сол варианттық сандық көрсеткіштің өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада жиілік «f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік көрсеткіштері болуы мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше түрде беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек сан түрінде. Олар варианттың жиілігі болып табылады.

Сондықтан статистикалық таратпалы қатарлар қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрылымы мен құрамын зерттеуге үлкен әсерін тигізетін және топтаудың жиі қолданылатын негізі бір түрі болып саналады.




  1. Статистикалық кестелер.


Статистикалық кесте дегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш.

Бастауыш деп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі.

Бастауыштың құрамына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар:

1.Тізімдік

2. Территориялық (аймақтық)

3. Хронологиялық

Тізімдік жай кесте бастауышта зерттелген объектінің тізімін көрсетеді. Кесте бастауышында аймақтың тізімі берілетін болса, аймақтық деп аталады, ал бастауышында уақыт мерзімі, баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, ол хронологиялық жай кесте деп аталады. Кесте бастауышындағы топталған белгілер негізінде құрылса, ол топтық кесте деп аталады. Құрама кестеде бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан да көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы бір белгілері бойынша бөліктерге бөлінеді. Кестенің жоғарғы жағында нақты аты жазылуы керек және бастауыш пен баяндауыш дұрыс толтырылуы керек.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?

2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?

3.Қайта топтау деген не?

4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

5.Статистикалық кесте деген не?

6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?


Әдебиеттер: (1) 44-68бет, (4) 54-59бет, (5) 55-66бет, (6) 65-98бет

Бесінші тақырып. Статистикалық нақты және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс.

Дәріс сұрақтары:

1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері

2.Қатысты шамалар, олардың түрлері

3.Статистикадағы графиктік әдіс, оның қолданылуы.


1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері
Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары бағаланады.

Статистикалық нақты шамалар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы, топтағы студенттер саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.

Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.

Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы, бір жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады.

Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.

Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған зерзаттың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи, еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.

Табиғи өлшем бірлігі қарастырылатын заттың , нәрсенің өзіне тәлпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады.



Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.

Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын , еңбек ақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептеу, т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады.


2.Қатысты шамалар, олардың түрлері
Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау, олардың өзара байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады. Сондықтан статистикалық зерттеуде қатысты шамалар да қолданылады.

Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.

Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне-бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп , ал алымын салыстырмалы шама деп атайды. Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен салыстырсақ, онда салыстыру нәтижесінің өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі, яғни неше есеге артық неше есе кем екенін көрсетеді. Ал салыстыру негізін 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені көрсетіледі. Бір шама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін , сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.

Кейде қатысты шаманың есептелген көрсеткіштері ұсақталып, бөлшектеніп кетпеуі үшін промиль не продецимиль өлшем бірліктері қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, промильмен; ал 10000-ға тең болса продецимильмен өлшенеді.

Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін ,дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік.

Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын , яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:




жүктеу 2,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау