Меню командаларымен байланыспаған арнайы пернелер комбинациясы:
Ctrl+Y |
Жолды жою
|
Ctrl+N
|
Жол қою
|
Ctrl+Home
|
Экран басына өту
|
Ctrl+End
|
Экран соңына өту
|
Ctrl+PgUp
|
Файл басына өту
|
Ctrl+PgDn
|
Файл сонына өту
|
Shift+ клавиши управления курсором
|
Блокты ерекшелеу
|
2. File менюінің кейбір командалары
New |
Жаңа программа құру
|
Open (F3)
|
Программаның файлын ашу
|
Save (F2)
|
Редактордың екпінді терезесінде орналасқан файлды сақтау
|
Save as…
|
Редактордың екпінді терезесінде орналасқан файлды жаңа атпен сақтау
|
Change dir…
|
Ағымдағы каталогты өзгерту
|
Exit (Alt+X)
|
TP ортасынан шығу
|
3. Window менюінің кейбір командалары
List (Alt+0)
|
Ашылған терезелердің тізімін көрсету
|
Close (Alt+F3)
|
Екпінді терезені жабу
|
Previous (Shift+F6)
|
Алдыңғы ашылған терезеге өту
|
Next (F6)
|
Келесі ашылған терезеге өту
|
Zoom (F5)
|
Екпінді терезені толық экран көлемінде ашу немесе қалпына келтіру
|
Тексеру сұрақтары 2 апта
Программалау тілі деген не?
Машиналық тіл деген не?
Төменгі деңгейдегі программалау тілі деген не? Мысал келтіріңіз.
Жоғары деңгейдегі программалау тілі деген не? Мысал келтіріңіз.
Программа деген не?
Трансляция деген не?
Транслятор деген не?
Компилятор деген не?
Интерпретатор деген не?
Қандай файлдар ИСП TP үшін негізгі болып табылады?
ИСП TP – да файлдармен қандай негізгі операциялар орындау қажет: жаңа файл құру, сақтау, ашу?
ИСП TP – да файлдармен қандай негізгі операциялар орындау қажет: жабу, орын ауыстыру, екпінді терезені ауыстыру, көлемін өзгерту?
Қалай программаны орындауға жібереміз, нәтижені қарау?
3 апта
Какие символы входят в алфавит языка TP?
Что такое идентификатор? Какие существуют правила формирования идентификаторов?
Айнымалылар дегеніміз не?
Тұрақтылар дегеніміз не?
Деректер типі деген не?
TP тілінде қандай стандартты типтері бар?
Әдебиет: (1) бет. 29-56
Тақырып 3. Программалау тілінің операторлары және сызықты құрылым алгоритмдерін программалау
Дәріс сұрақтары:
Өрнек және операциялар орындалу реті.
Операциялар және қарапайым скаляр типтерге өрнек.
Арифметикалық операциялар, логикалық операциялар, қатынас операциялары, логикалық деректерге жасалатын операциялар.
Стандарттық функциялар.
Программа құрылымы.
IV. Стандартты айнымалыларды суреттеу
4.1 Мәндердің стандартты типтері
Бүтін типтегі мәндер. Мәндердің барлық типтерін жай және күрделі деп екіге бөлуге болады.
Жай типтер дегеніміз – мәндерінің стандартты және айнымалы типтері. Стандартты мәндер типтеріне жататындар: бүтін integer, нақты real, логикалық boolean, символдық char.
Күрделі тип – бұл жай типтердің әр түрлі комбинацияларынан құралады.
Бүтін типтегі тұрақты дегеніміз – нүктесіз жазылған кез келген ондық сан. Бүтін тұрақты санды нақты түрле береді. Өзінің мәні ретінде бүтін типтегі тұрақтыны қабылдайтын айнымалы да бүтін типке жатады.
Нақты типтегі мәндер мен тұрақтылар. Нақты тұрақтылар нүктені пайдаланып жазылады. Паскаль тілінде бұлар екі түрде берілуі мүмкін: тиянақты және жылжымалы нүктелі түрде.
Тиянақты нүктемен берілген тұрақтылар, бөлшек бөлігімен ондық сан түрінде берілуі мүмкін. Осы сияқты Паскаль тілінде де санды ондық ретпен жазуға болады. Оның жалпы жазылу түрі mEp. Мұндағы m-мантисса, E-санды ретпен жазу белгісі, p-санның реті.
Жылжымалы нүктелі сандарға мысал:
6*10-5 6Е-5
0,65*106 0.65Е+6
-6,41*1012 -6.41Е12
Нақты типтегі айнымалылар (real). Өзінің мәні ретінде тиянақты нүктелі санды қабылдайтын айнымалы нақты типке жатады. Бүтін және нақты типтегі мәндер арифметикалық мәндер деп аталады.
Логикалық типті мәндер. Логикалық типті мәндерді кей жағдайда математикалық логиканы құрушы ағылшын математигі Д.Бульдың есімімен булевтік деп те атайды. Паскаль тілінде екі логикалық тұрақты бар: true (ақиқат) және false (жалған). Логикалық айнымалы осы екі тұрақтының бірін қабылдап, boolean типіне тиісті болады. Логикалық мәндер шамаларды салыстыру және қандай да бір шартты тексеру кезінде көптеп қолданылады. Мәндерді салыстыруға мынадай ара қатынас операциялары пайдаланылады: <; <=; =; <>; >=; >.
Логикалық мәндерге төмендегі операцияларды қолдануға болады: or – логикалық қосу; and – логикалық көбейту; not – логикалық терістеу. Логикалық типте False
Символдық типті мәндер. Символдық типтегі мәндер программада мәтіндер жазуға және сол мәтінде бірнеше өңдеу операцияларын жүргізуге мүмкіндік жасайды.
Символдық немесе литерлік тұрақты дегеніміз дәйекшеге алынған тілдің кез келген символы.
Символдық айнымалы дегеніміз қабылдайтын шамасы символдық тұрақты болатын айнымалы шама.
Паскаль тілінің символдары реттелген болғандықтан символдық мәндерге салыстыру операцияларын қолдануға болады, мысалы ‘A’>’W’. Жекелеме символдық тұрақтылардан сөз құрау үшін массив ұғымы қолданылады.
4.2 Өрнек
Стандартты функциялар. Стандартты функцияларды жазу ережесі:
Функция атауы латын алфавитінің бас әрпімен жазылады.
Функция аргументі атауынан кейін дөңгелек жақша ішіне жазылады.
Функция аргументі тұрақты, айнымалы немесе арифметикалық өрнек бола алады.
Бірнеше стандартты функцияларды қарастырайық:
sqrt(x) – аргументінің квадрат түбірін есептейді;
sqr(x) – аргументінің квадратын есептейді;
sin(x) – синусын есептейді;
abs(x) – х аргументінің абсолют шамасын есептейді;
ord(x) – х символының кодын береді;
chr(x) – х кодына сәйкес символды береді:
pred(x) – х символының алдындағы символды береді;
succ(x) – х символынан кейінгі символда береді.
Мысалы:
(1+х3)/3 математикалық түрдегі жазылуын Паскаль тіліндегі жазылуда жазыңыз: (1+х*х*х)/3;
Арифметикалық өрнек. Арифметикалық өрнек – арифметикалық тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан және оларға қолданылатын операциялардан тұрады. Өрнекті құрастыруда мына ережелерге сүйену керек:
Өрнектің барлық құрамды бөліктерін бір жолға жазу. Өрнекте жоғарғы немесе төменгі индекстер жазуға болмайды.
Өрнекті Паскаль тілінде жазу барысында тек қана дөңгелек жақша қолданылады.
Арифметикалық операцияларда екі амал таңбасын қатар жазуға болмайды.
Есептеу жұмысы операциялардың өздерінің үстемділігіне байланысты солдан оңға қарай орындалатынын есте ұстау керек. Егер функция аргументі өрнек болса, онда алдымен өрнек мәні есептелінеді.
Мысалы:
(А+ВТ1)/(Т2-2,3х) - математикалық түрде жазылуы
(А+В*Т1)/(Т2-2.3*sqrt(х)) – Паскаль тілінде жазылуы
Логикалық өрнек. Логикалық өрнек логикалық мәндерден, логикалық операциялардан және қатынас операцияларынан құралады. Қатынас операцияларында арифметикалық және логикалық өрнектер, сол сияқты символдық мәндер болуы мүмкін.
Логикалық өрнекте операциялар мынадай ретпен орындалады:
not;
* (көбейту), / (бөлу), div, mod, and;
+ (қосу), - (азайту), or;
4. <; <=; =; <>; >=; >.
Логикалық өрнекте дөңгелек жақшаны ғана қолдануға рұқсат етіледі.
And және or логикалық операцияларының оң және сол жақтарында тұрған өрнектер дөңгелек жақшаға алынады.
Мысал:
A=2, B=8, C=5 болғандағы төмендегі логикалық өрнектің нәтижесін анықта:
(A>3) and (B=A+6) or not (c=4)
операцияларының орындалу реті:
а) бірінші жақшадағы A>3 салыстыру операциясы 2>3 болғандықтан операция нәтижесі false;
ә) екінші жақшада А+6 операциясы орындалып, қосынды В-мен салыстырылады, нәтиже true, себебі 8=8;
б) үшінші жақшадағы С=4 салыстыру операциясының нәтижесі false, себебі 5=4;
в) not(C=4) операциясы, яғни not (false), нәтиже true;
г) бірінші және екінші жақша арасындағы and операциясының нәтижесі false;
д) or операциясының (false or true) нәтижесі true.
Сонымен логикалық өрнектің ең соңғы шығатын нәтижесі true.
Паскаль тілінде дәрежелеу операциясы жоқ екеніне назар аударыңыз. Егер дәрежелеу қажет болса стандартты функцияларды қолданамыз. Мысалы: ах өрнегін – Паскаль тілінде былайша жазамыз: exp(x*ln(a)), мұндағы exp (экспонента) және ln (натурал логарифм) стандартты функциялар.
Кесте 1. Арифметикалық операциялар
Операция
|
Амалдар
|
Мысал
|
+
|
Белгіні сақтау
|
+A
|
-
|
Белгіні өзгерту
|
-A
|
+
|
Қосу
|
А+В
|
-
|
Алу
|
А-В
|
*
|
Көбейту
|
А*В
|
/
|
Бөлу
|
А/В
|
div
|
Бүтінсанды бөлу
|
A div В
3 div 2=1
|
mod
|
Бүтін санды бөлгендегі қалдық
|
A mod В
5 mod 3=2
|
Кесте 2. Логикалық операциялар
Операция
|
Амалдар
|
Мысал
|
not
|
Керіге шығару
|
not A
|
and
|
Логикалық "ЖӘНЕ"
|
A and В
|
or
|
Логикалық "НЕМЕСЕ"
|
A or В
|
xor
|
Бөлектеу "НЕМЕСЕ"
|
А хоr В
|
Кесте 3. Қатынас операциялары
Операция
|
Амалдар
|
Мысал
|
=
|
Тең
|
А=В
|
<>
|
Тең емес
|
А<>В
|
<
|
Кіші
|
А<В
|
>
|
Үлкен
|
А>В
|
<=
|
Кіші немесе тең
|
А<=В
|
>=
|
Үлкен немесе тең
|
А>=В
|
Кесте 4. Стандартты функциялар
Функция
|
Қызметі
|
Abs(X)
|
Вычисление абсолютного значения X
|
Sqr(X)
|
Вычисление квадрата X (Х*Х)
|
Sin(X)
|
Вычисление синуса Х
|
Cos(X)
|
Вычисление косинуса Х
|
Arctan(X)
|
Вычисление арктангенса Х
|
Ехр(Х)
|
Вычисление экспоненты Х
|
Ln(X)
|
Вычисление натурального логарифма Х
|
Sqrt(X)
|
Вычисление квадратного корня из Х
|
Tranc(X)
|
Вычисление целой части Х
|
Round(X)
|
Округление Х в сторону ближайшего целого
|
Odd(X)
|
Определяет нечетность числа. Принимает значение True, если Х - нечетное, False, если Х – четное
|
2. Программаның құрылымы
program имя;
|
Аты
|
uses список_используемых_модулей;
|
|
label
|
Метка бөлімі
|
const
|
Константа бөлімі
|
type
|
Типтік бөлімі
|
var
|
Айнымалылар бөлімі
|
procedure, function
|
Процедуралар және функцилар бөлімі
|
begin
оператор_1;
оператор_2;
…
оператор_N;
end.
|
Операторлар бөлімі
|
Тексеру сұрақтары
Өрнек деген не?
Арифметикалық өрнек деген не?
Логикалық өрнек деген не?
Бүтінсанды, заттық, символдық, логикалық типтегі берілгендермен жасалатын операциялар?
Стандарттық функциялар түрлері?
Өрнектегі есептеулар қандай ретпен орындалады?
Программаның құрылымы қандай?
Программаның бөліктері неге арналған?
Әдебиет: (1) бет. 29-56
Тақырып 4. Меншіктеу операторы. Енгізі – шығару процедуралары
Дәріс жоспары
Программалау тілінің операторлары.
Комментариилар.
айнымалыларға мәндер меншіктеу операторы.
Енгізу – шығару процедуралары.
Берілгендерді шаблон бойынша шығару.
І. Сипаттау
Программаның сипаттау бөлігі
Программаның тақырыбынан кейін сипаттау бөлігі жазылып, онда көрсетілген ретіне қарай белгілер, тұрақтылар, типтер, айнымалылар сипатталады, одан кейін процедуралар, функциялар келтіріліп, ең соңында операторлар бөлігі тұрады.
Белгілерді сипаттау. Программадағы белгі оның қатарларының тізбектеле орындала бермей, бір жағдайларға байланысты кейде алға не артқа оралу керек екендігінің айғағы болып есептеледі. Сондай басқа бір жолдардан сілтеуі бар қатарларда ғана белгілер орналасады. Белгілердің сипаттамасы label (белгі, таңбалау) сөзінен басталады да, одан соң программада қолданылатын белгілер жазылады. Белгі ретінде таңбасыз бүтін сандар және идентификаторлар пайдаланылады.
Мысалы:
label 10, 20, st, belgi;
Операторлар бөлігіндегі бір қатарға қойылған белгі келесі сөз тіркестерінен қос нүкте арқылы бөлініп жазылады. Егер программада белгі жоқ болса, олардың сипатталмайтыны да өз-өзінен түсінікті.
Тұрақтыларды анықтау. Тұрақтыларды анықтау const түйінді сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң, нүктелі үтір қойылады. Біз қарастырып отырған Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады.
Мысалы:
Const
amin=0; amax=100; amax=2*amax;
s=’B’; n=ord(‘R’)-ord(‘A’)+2;
Тұрақтының типі автоматты түрде сәйкес мәннің типімен анықталады. Сәтті таңдап алынған атау программаның мағынасын түсінуді жеңілдетеді. Егер программада тұрақтының мәнін өзгерту қажет болса, оның сипаттау бөлігіндегі мәнін ғана өзгерту жеткілікті, өйткені программаның басқа бөліктерінде тұрақтының тек идентификаторы ғана жазылады. Программада тұрақтылар болмаған жағдайда оларды сипаттау бөлімі де келтірілмейді.
Айнымалыларды сипаттау. Айнымалыларды сипаттау var түйінді сөзінен басталады, одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы келтіріледі.
Мысалы:
Var a, alfa, bl, y: real;
i, k, in: integer;
p, d: char; bol, men: boolean;
мұндағы қос нүктеге дейінгі атаулар – сипатталатын айнымалылар идентификаторлары, соңғы сөз олардың стандартты типтері. Массивтерді мына түрде сипаттауға болады:
Var v: array [0..15] og T;
g: array [1..100] of real;
mas: array [N..M] of char;
m1: array [1..100] of integer;
Достарыңызбен бөлісу: |