ПоәК 042-14-3-04. 145-2009 №1 басылым 30. 09. 2009ж


Тақырып 11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым



жүктеу 0,74 Mb.
бет4/4
Дата21.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#5372
1   2   3   4

Тақырып 11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым

Нарық мынандай функцияларды жүзеге асырады:



  • ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушыларды тиісті сапа

мен көлемдегі өнімдермен қамтамасыз ету. Алайда, аграрлық секторда экономикалық қатынастарды реттеуде мемлекеттің саясаты босаңсудан барып отандық өндірушілер өздерінің өндірістік және еңбек ресурстарымен шығарған барлық өнімдерін өткізе алмайтын жағдай тууда. Нарықтың үлкен сегменті шығарған бағасы мен сапасы төмен импорттық өндірістің тауарларға толып кетуде.

  • ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру.

Қалыпты материалдық техникалық жағдайлармен қамтамссыз етілу жағдайында (ең алдымен энергоресурстармен және көлікпен) берілген функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында өнімдердің рентабелділілігі мен жұртшылықтың төлем қабілеті сұранымын қамтамасыз ететін дұрыс бағаларды қою болып табылады;

  • ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз

ету. Бұл функция ресурстарды үнемдеу заңының жалғасы болып табылады және заңдылық базаларының жағдайына, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне және басқадай сыртқы жағдайларға байланысты емес. Бұл функциялардың жеке жағдайларынан мыналар туындайды:

  • өндірістік шығындарды төмендету;

  • өнімдердің сапасын көтеру;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің пайда табуларына

жетісу;

  • ғылыми – техникалық прогресті дамыту.

  • шаруашылық аралық байланыстарды дамытуды және жетілдіруді

қамтамасыз ету. Берілген функцияның әрекеті ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруге бағытталған. Бұл функцияның сферасы тұтас агроөнеркәсіп кешенін қамтыйды (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және өткеру) сондай – ақ қоғамдық тамақтандыру, машина жасау, көлік қатынасы, байланыс ж.т.б.

  • ауылдың әлеуметтік инфрақұрлымын дамытуды қамтамсыз

ету және әлеуметтік проблемаларды шешу. Бұл функция ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығын қамтамасыз ету функциясы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік проблемаларды шешу өздерін өздері жараққатандыру процесінің бір жағы «жұмысшы күшінде» қалыптастыру.

Қазақстанда нарық функцияларының еркін көрінуі шектеулі, ол мына факторларға да байланысты:



  • ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі тұтынушылар –

жұртшылықтың көпшілік бөлігінің табыстарының төмен болуы. Бұл фактордың әсері қалыпты нарықтық жағдайдағыдан өнімдерді неғұрлым

төмен бағамен босатуды қажет етеді.



  • қуатты инвесторлар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің

тартымдылығы жоғары емес. Бұл фактор ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуды елеулі түрде бәсеңдетуде және ауыл шаруашылығындық дақылдарды, жоғары өнімді мал тұқымдарын өсіруді және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді де тежеуде.

  • ауыл шаруашылығы рыноктарын мемлекеттік реттеу. Ауыл

шаруашылығы өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу мен белгілі бір өнімдерді шығару мөлшерін ынталандыру әр аймақта ауыл шаруашылығы өндірісінің әртүрлі болуы табыстың да әртүрлі болуына себепші болуда, бұл ауылдағы кәсікерлердің жаңа жолдарды, табыс табудың әдістерін іздестірулерін тежейді.

  • шетелдік өндірушілердің экспансиясы. Шетелдік тауар

өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін артық шығарудан проблемалар туындатып, жаңа өткізу рыноктарын басқыншылықпен іздеуде, бұрынғыларын кеңейтуде.

Республика жағдайында мұндай тауар өндірушілерімен бәсекеге түсу мүмкін болмай барады.

Сөйтіп осы айтылғандардың негізінде мынандай қорытынды жасауға болады Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында нарықтық реформа елеулі қиындықпен өтеді.

Нарықтық инфрақұрылым деп рынокта тауарлардың қозғалысы мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің жүйесін айтады.

Нарықтық инфрақұрылымның құрамынан мына буындарды бөліп көрсету ұйғарылған:


  • ұйымдық база - дайындаушы - қоймалаушы, жабдықтаушы –

өткеруші, комиссиондық және басқадай делдал ұйымдар, тауар биржалары. Ауыл шаруашылығында нарықтық инфрақұрылымның осы буынына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың бір бөлігі агрроөнеркәсіп кешенінің құрамында болады. Бұл буынның ұтымды дамығаны – капиталдың дивесификациясы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының осы буынның құрамына кіретін кәсіпорындармен горизонтальді интеграциясы:

  • материалдық қамтуға тасымал құралдары, қоймалық және

ыдыстар шаруашылығы, ақпараттық жүйе жатады. Ауыл шаруашылығында қамтудың бұл түрлері агрөнеркәсіп кешенінің құрамына кіреді және АӨК – нің аясында жақсы дамыды.

  • Несие – есептеулерді қамтамасыз ету – несиеге қаржы беретін

ұйымдар, олар қарыз береді, есептеу – касса қызметін көрсетеді және ақша қаражатының қозғалысы мен тиімді жұмсалуын қадағалайды. Есептеу – касса қызметін көрсету кәсіпкерлі қызметіндегі баяғыдан келе жатқан консервативті тәсіл.

Мұндағы өзара қатынастың жүйесі ежелден қалыптасқан және келешекте елеулі өзгерістер еңгізу болжаусыз. Қарызгерлік қатынастар банктердің жоғарғы ставкаларын ұстайды, ауыл шаруашылығына қарыз берудің жолдарын реттеу өз дәрежесінде болмады, ауыл шаруашылығы ұйымдары өз өндірістерін ұлғайтуға дәрменсіз болды.


Бақылау сұрақтар:

  1. Рынокқа анықтама беріңіз

  2. Нарықтық механизм деген не?

  3. Рыноктар қандай белгілер бойынша классификацияланады?

  4. Агроөнеркәсіп кешенінде рыноктың қандай түрлері бар?

  5. Нарықтық инфрақұрылым деген не?


Тақырып 12. Саладағы нарықтық саясат

Шаруашылығы салаларында нарықтық саясат мемлекет пен айқындалады және бұл агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастырудың кейбір мәсерлерін мемлекеттік реттеуді қажет етеді .

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қызметін мемлекеттік

реттеуде көптеген мәселелер иерархияның барлық деңгейіндегі үкімет органдарының назарында қашанда болып келді және бола береді де.

Қазіргі кезде бұл процесс Қазақстан Республикасының 1998 жылы

31.03 – тегі «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы», Қазақстан Республикасының 1.07.2003 жылғы азаматтық кодексімен, 21.01.1997 жыл «Банкроттық туралы», Қазақстан Республикасының 13.05.2003 жыл «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 24.06.2002 жыл. «Кешенді кәсіпкерлік лицензиялар (фрайгайзингер) туралы», Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жыл. «Иновациондық қызметі туралы», Қазақстан Республикасының 8.01.2003 ж. «Инвестициялар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1.04.2003 ж. жағдай бойынша «Жер туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 5.07.2000 жылғы. «Қаржылық лизинг туралы», Қазақстан Республикасының 1.06.2002 ж. жағдай бойынша, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «2003 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік агроөнеркәсіп бағдарламасы туралы» жарлығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 27.04.1998 ж. «Азаматтар мен заңды тұлғалардың еркін кәсіпкерлік қызметімен жөніндегі құқықтары туралы» жарлығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 7.05.2001ж. «Қазақстан Республикасында 2001 – 2002 жылдары шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 20.06.2003 ж. Жер кодекстерімен және т.б. құжаттармен реттеледі.

Бұл заңдылық құжаттарда, актілерде мемлекетердің Қазақстанның

агроөнеркәсіп өндірісіне мемлекеттің экономикалық жағынан әсер, ықпал етуінің құқықтық негіздері көрсетілген. Негізгі мәселелер болып мына мәселелер көзделген:



  • агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамыту;

  • Қазақстан Республикасының азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету;

  • жұртшылықты азық – түлікпен қамтуды жақсарту;

  • ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары

арасындағы экономикалық паритетті қолдау;

деңгейлерін жақындату;

  • агроөнеркәсіп өндірісі сферасындағы отандық тауар

өндірушілерді қорғау.

Алайда күні бүгінге дейін республикада «Агроөнеркәсіп өндірісін

мемлекеттік реттеу туралы» арнайы заң жоқ. Мұндай заңды дайындаудың кезі келді, онда агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары көрсетілуі керек, ол бағыттар мыналар:


  • ауыл шаруашылығы өндірісінің, шикізат пен азық – түлік рыногын

құрып, қалыптастыру және жұмыс істеу;

  • қаржыландыру, несие беру, қауіпсіздендіру, салықты жеңілдетіп

салу;

  • агроөнеркәсіп өндірісі сферасында ғылымды дамыту және

ғылыми қызметті жүзеге асыру;

  • ауылдың әлеуметтік сферасын дамыту.

  • Агроөнеркәсіп өндірісіті мемлекеттік қолдау жөніндегі

шараларды қаржыландыру үшін барлық деңгейді және бюджеттен тыс көздер де пайдаланылуы мүмкін.

Заңда әртүрлі бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудың бағыттары айқындалған, атап айтқанда.



  • мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа техникалар мен

қондырғыларды, сортты тұқымдар мен асыл тұқымды мал алуды қоса алғандағы инвестиционалдық қызметті қолдау;

  • топырақтың құнарлылығын арттыру, мемлюративтік шараларды

жүзеге асыру, мемлекеттік меморативтік жүйені аяқтап, ұстау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күрес жұмыстарын жүргізу, малдың қауіпті жұқпалы ауруларын жою;

  • агроөнеркәсіп өңдірісі сферасына несие беру және оны

қауіпсіздендіру;

  • материалдық ресурстар мен энергия жеткізуге кеткен

шығындардың бір бөлігін жабу (компенсация төлеу), асыл тұқымды мал шаруашылығын, элитті тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының гибридті тұқымдарын өндіруде қолдауға дотация беру;

рыноктарын дамыту мен қолдау;

  • агроөнеркәсіп өндірісі салаларында мамандар даярлауды

ұйымдастыру;

  • нақты бағыттары мен қаржыландырудың Қазақстан

Республикасының үкіметі бекіте алатын дотациялар мен компенсациялардың басқа да түрлерін ойластыру.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктердің

рыноктарын тұрақтандыру үшін мемлекет сатып алудың және тауарларды реттеудің интервенциясын жүзеге асырады.

Сатып алу интервенциялары ауыл шаруашылығы өнімдеріне,

шикізатқа және азық – түлікке нарықтық бағалар ең аз деңгейден де төмен түскенде, немесе агроөнеркәсіп өндірісіндегі тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық – түліктерін сұранымның азаюынан өткізе алмауларынан барып жүзеге асырылады. Тауар интервенциялары рынокта ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізат пен азық – түлікке, сондай – ақ бағалардың рыноктағы ең жоғары деңгейлерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.



Тақырып 13. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері

Аграрлық сектордың жеке – жеке қарауды қажет ететін бірқатар өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарықтық экономикадағы елдерде артықшылықтары бар фермерлік шаруашылықтарды жүргізілетіндігіне, жеткілікті ірі кәсіпорын бола алатындықтарына қарамастан бұл секторды монополиялап алуға қабілетті емес. Басқаша сөзбен айтқанда, салыстырып қарағанда ұсақ ауылшаруашылықтық өндірушілер нарықтық бағаларға әсер ете алатын ірі фермерлерге қарағанда нарыққа әсер ететін нендей бір топты да ұйымдастыра алмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында сатушылар қашанда көп, олардың бірде біреуі бағаға әсер ететіндей өнім мөлшерін жеткізе алмайды.

Алайда, мемелекеттің қанша араласқанына қарамастан дамыған елдерде ауыл шаруашылығы рыноктарына кіру мен одан шығу жеткілікті еркін. Бұл жерде жақсы реттелген жер нарығы, оның кең таралған арендасы, ипотекалық несиесі бар. Осының бәрі ауыл шаруашылығын өндірісін бастамақ болған әркімнің негізгі ресурсы бар екенін көрсетеді. Және керісінше әр фермер өз шаруашылығының пайдасыздығына немесе жеткілікті пайда алмайтындығына көзін жеткізсе ешқандай заң жүзінде де, институциональдық немесе экономикалық шектеулерсіз ақ басқа сата алады.

Сөйтіп аграрлық секторда бәсекелестіктің негізгі екі шарты сақталады:


  • базарда сатушылардың көп мөлшерде болуы;

  • сатушылардың базарға кіру және оны тастау еркіндігі.

Осыдан мынандай қорытынды шығаруға болады, ауыл шаруашылығы – бұл бәсекелестік өрістейтін сала.

Екіншіден ауыл шаруашылығы емес салаларда жер кәсіпорындарын орналастыратын базис ретінде пайдаланылады. Жердің пайдалы қасиетіне ешқандай маңыз берілмейді.

Егіншілікте жердің жоғарғы қыртысы – құнарлы деп аталатын топырақ қабаты пайдаланылады.



Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі табиғи жағдайларға өте тәуелді. Ауыл шаруашылығында тиімді технология қолданатын, аграрлық мәдениеті дамыған елдердің өзінде аграрлық өндірістің нәтижесі бұрынғысынша болжауға болмайтын күйінше қалып келеді. Құрғақшылық, топан су қаптауы, зиянкестер, мал мен өсімдіктің аурулары аграрлық сектор сферасына капитал салудың тәуекелділігін азайтады.

Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін диверсификациялау (модификациялау санын кеңейту) өте шектеулі. Осы саладағы техникалық прогресс мәденилендірілетін өсімдіктер мен мал тұқымдарының неғұрлым жетілдірілген сорттарын енгізумен қатар жүргізіледі. Алайда селекциялық қызмет негізінен дақылдар мен малдың өндірістік қасиеттерін жетілдіруге; ауыруларға, зиянкестерге шалдығуды төмендетуге және қолайсыз ауа райына төзімді болуға, өнімділіктері мен технологияларға, оның ішінде механикаландырылған немесе тіпті автоматтандырылған технологияға және тағы басқаларға бейімділігіштігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісінің және азық түлік секторының ақырғы өнімдері – азық түлік болды. Алайда тағам өнімдеріне бағалық эластикалық сұраным төмен екендігі белгілі. Тұтынушылар азық түліктің негізгі түрлерін олардың бағаларының өсуіне немесе азаюына қарамастан өзгермейтін мөлшерде ала береді. Индустриальды елдерде ауыл шаруашылық өнімдердің эластикалық орташа коэффициенті 0,20 - 0,25 болды, яғни фермерлер өнімдерін өткізуді 10% арттыру үшін бағаларын 40 - 50% төмендетуі қажет.

Алтыншыдан ауыл шаруашылығындық және азық – түліктік тауарларға сұраным табыс табу жағынан да эластильді емес. Тұрмыстық жағдай төмен болғанда, жанұя табысының негізгі бөлегі тамақ алуға кетіп жатқанда жанұя қосымша тапқан әр теңгесін ең алдымен ішіп жемге жұмсайды. Тамақ алу жағы бірінші кезектегі проблема болып қалмағаннан кейін барып қосымша тапқан табыстарын басқа тауарлар мен қызметке жұмсайды. Сондықтан табыстың өсуіне қарай азық түлік өнімдеріне, соған орай ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным пропорционалды емес тұрғыдан өседі.

Жетіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның эластиктігі төмен болғандықтан ұзақ мерзімді фермерлік проблеманы туғызады. Сұраным эластикасының төмен болуы егер ұсыным жағы өспесе, немесе баяу өссе экономика секторына (өз өзінен) проблема бола алмайды. Айта кетелік соңғы ғасырда аграрлық секторда елеулі ғылми – техникалық прогресс болды:

  • атпен тасу механикаландырылумен ауыстырылды;

  • фермалар электрлендірілді;

  • өсімдіктерді минеральды және химиялық заттармен қорғау

егіннің түсімділігін едәуір арттырды;

  • мал және өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жұмыста

алға басу болды;

  • аграрлық еңбектің өнімділігі күрт көтерілді – егер өткен ғасырда

американ фермері 4 адамды асыраса, ал қазір 100 адамға дейін асырайтын болды.

Сегізінші ерекшелігі ауыл шаруашылығы бәсекелестік жоғары сала. Сондықтан да нарықтың заңдарына орай табыстарының құлдырауларына байланысты осы саладан фермерлердің неғұрлым пайдалы салаға кетулері керек қой. Алайда іс жүзінде бұлай болмауда. Неліктен?

  • экономиканың көптеген басқа салаларынан айырмашылығы ауыл

шаруашылығы өндіріс сферасы ғана емес өмір сүру де сферасы. әлемде аграрлық еңбекпен табыс табатын өндіріс сферасы яғни бизнеспен емес, өмірлік қалыптасудың нәтижесінде шұғылданатын адамдар көп. Осының салдарынан еңбекпен шұғылдану басқа салаларға қарағанда экономикалық конъюктураға көп ықпал ете қоймайды, яғни аграрлық еңбектің мобилділігі едәуір төмен. Бұл ауыл тұрғындары мен ауыл қызметкерлерінің ол жерлердегі өмір сүру мен еңбек етуге аса құмарлық танытпайтындықтарының, жұртшылықтың бұл бөлегінде ерекше консерватизм бар екенін көрсетеді.

  • Тіпті фермерлер өздерінің фермаларын тастаған кезде де олардың

жерлері ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылмайды, басқа фермерлердің қолдарына түседі.

Тоғызыншыдан, аграрлық өндірістің табиғи факторларға және бәсекелестікке өте тәуелді болатындығынан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның бағалық эластикті еместігі қысқамерзімді фермерлік проблема туғызады.

Расында да ауыл шаруашылығы ауа райына, малдар мен өсімдіктердің ауруларының кенеттен таралуына және тағы басқаға өте тәуелді.

Өндірілердің нақты көлемі ауыл шаруашылығы өндірісшілерінің болжауларына мүлде келмейді. Ел территориясында орналасқан миллиондаған ұсақ өндірушілер нарықтық конъюктураны реттеу мақсатында өндіріске бірлесіп бақылау жасауға келісе алмайды. Нәтижесінде аграрлық өндірістің жылдық ауытқулары болып тұрады. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалық эластиктері төмен. Бұл дегеніміз сұранымды аз өлшеудің арты бағаның едәуір өзгеруіне алып келеді.

Егер базарда ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным тұрақты болса, бағалары тіпті де тұрақты болмайды. Ұсыным көлемінің сәл өзгеруі бақыланылмайтын фермерлердің бағаны төмендететін немесе шарықтатып жіберулеріне алып келеді.


3. Практикалық сабақтар

Тақырып 1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

  1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық шарттар

  2. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті әлеуметтік шарттар

  3. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті құқықтық шарттар

  4. Нарықтың инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар


Тақырып 2. Нарықтық экономика және бизнес

    1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері.

    2. Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау

    3. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

    4. Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны

    5. Іскерлікті ұйымдастыру формалары

    6. Нарықтық экономика ұғымы

    7. Бизнестің ұйымдастыру формасы

    8. Кәсіпкерліктің түрлері

    9. Қазақстандағы ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер


Тақырып 3. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

  1. АӨК – і жөніндегі ұғым, оның құрамы мен құрылымы

  2. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

  3. Экономикадағы негізгі салааралық кешендер

  4. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі төрт түрлі сферасы


Тақырып 4. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

  1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

  2. Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары

  3. Ауылшаруашылығындағы әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері



Тақырып 5. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

  1. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

  2. Жеке салалар мен қосымша салалар


Тақырып 6. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

  1. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

  2. Өндірісті жандандыру

  3. Жай және кеңейтілген жандандыру


Тақырып 7. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау

      1. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау

      2. Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын нақты көрсеткіштер


Тақырып 8. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

  1. Ауылшаруашылығын мамандандыру

  2. Ауылшаруашылығын шоғырландыру



Тақырып 9. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

  1. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

  2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі негізгі үш факторы

  3. ҚР мемлекеттік саясатының аграрлық секторына байланысты негізгі кезеңдер



Тақырып 10. Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері

  1. Саладағы нарықтардың классификациясы

  2. Саладағы нарықтардың түрлері


Тақырып 11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым

  1. Нарықтың функциялары

  2. Нарықтық инфрақұрылым


Тақырып 12. Саладағы нарықтық саясат

  1. Саладағы нарықтық саясат

  2. ҚР ауылшаруашылығына байланысты заңнамалық құжаттар


Тақырып 13. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері

  1. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері



4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар.

2. Нарықтық экономика және бизнес

3. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

4. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

5. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

6. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

7. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау

8. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

9. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

10. Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері

11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым

12. Саладағы нарықтық саясат

13. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері


Емтихан билеттерінің сұрақтары


  1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық шарттар

  2. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті әлеуметтік шарттар

  3. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті құқықтық шарттар

  4. Нарықтың инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар

  5. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері.

  6. Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау

  7. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

  8. Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны

  9. Іскерлікті ұйымдастыру формалары

  10. Нарықтық экономика ұғымы

  11. Бизнестің ұйымдастыру формасы

  12. Кәсіпкерліктің түрлері

  13. Қазақстандағы ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер

  14. АӨК – і жөніндегі ұғым, оның құрамы мен құрылымы

  15. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

  16. Экономикадағы негізгі салааралық кешендер

  17. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі төрт түрлі сферасы

  18. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

  19. Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары

  20. Ауылшаруашылығындағы әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері

  21. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

  22. Жеке салалар мен қосымша салалар

  23. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

  24. Өндірісті жандандыру

  25. Жай және кеңейтілген жандандыру

  26. Халық шаруашылығы саласы деген не?

  27. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден

  28. туындады?

  29. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?

  30. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?

  31. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге асырумен жетісуге болады?

  32. Дифференциальды рента деген не?

  33. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары қалай көрінеді?

  34. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау

  35. Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын нақты көрсеткіштер

  36. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

  37. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

  38. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі негізгі үш факторы

  39. ҚР мемлекеттік саясатының аграрлық секторына байланысты негізгі кезеңдер

  40. Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері

  41. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым

  42. Нарықтың анықтамасы

  43. Нарықтық механизм деген не?

  44. Нарықтар қандай белгілер бойынша классификацияланады?

  45. Агроөнеркәсіп кешенінде нарықтың қандай түрлері бар?

  46. Нарықтық инфрақұрылым деген не?

  47. Саладағы нарықтық саясат

  48. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері

жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау