Дәріс 2
(1 сағат)
Тақырып. Отынның түрлері
Дәріс сабақтың мазмұны
Отынның түрлері.
Ылғалдың отын құрамына әсері.
Отынның жану жылулығының әртүрлігі.
4 Шартты отын.
Ағаш –қатты отын.Ағаштың құрамындағы көміртегі мен сутегінің құрамы,ішкі балластты құрайтын оттегі мен азотқа қарағанда аз(1-2٪). Ағаштың сапасына әсер етуші басты балласт болып ылғал саналады.
Жаңа кескен ағашта 50٪ылғал бар. Ағаштың жану жылулығы оның ылғалдылығына байланысты мына аралықта (8.4-12.5 МДж/кг)өзгереді.
Кепкен бұтақтар,сабан,шөп сияқты қалдықтардағы құрғақ заттар, олардың салмағының 65-75٪ құрайды.Сондықтан олардың жану жылулығы 14-16.5 МДж/кг құрайды.
Шымтезек деп су астында айрылып түзелген шөп және ағаш қалдықтарын айтады.Кептірілмеген жаңа шымтезектің ылғалдылығы 90٪дейін жетеді.Сол себепті,олардың жану жылулығы 8.4-10.5 МДж/кг құрайды.
Көмірлердің құрамында ылғал аз болу себепті, олардың жану жылулығы 21-25 МДж/кг жетеді.
Қарамайда ылғал өте аз болғандықтан, олардың жану жылулығы 40 МДж/кг.
Газтәрізді отындарда ылғалдың болмауынан, олардың жану жылулығы 33 МДж/кг жетеді.
Шартты отын
Отынның жану жылулығы үлкен дипазонда өзгереді. Ағаш және шымтезек үшін Q =10 мДж/кг, ал қара май үшін – 40 кДж/ кг. Отынның күлділігі мен ылғалдылығына байланысты олардың жану жылулығы да әртүрлі болады. Отындардың әртүрлі шығындарын өзара салыстыру үшін, «шартты отын» ұғымы енгізілген. Бұл шартты отынның жылулық мөлшері 29,3 мДж/кг тең.
1кг нақты отынды «шартты отынға» ауыстыру үшін, мынадай коэффициент К қолданылады: К= /29,3;
Мұндағы, - отынның төменгі жану жылулығы, мДж/кг;
Нақты отын - қарамайды шартты отынға ауыстыру коэффициенті К = 1,43; шымтезектікі К=0.25÷0.5; донецк көмірінікі К = 0,93; ағаштыкі К = 0,3; подмосковье көмірінікі К = 0,330.43; ал костраныкі К = 0,40,5 тең.
Өздік бақылау сұрақтары
Отынның түрлері қандай болады?
Ылғалдың отын құрамына әсері барма?
Отынның жану жылулығының әртүрлігі немен түсіндіріледі?
Шартты отын анықтамасын айтыңыз.
Шартты отынды немен сипаттайды?
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. Теплотехника. - М.: Металлургиздат., 1969. – б. 250-262.
Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-33.
Ильин Е.И., Прянишников Н.С. «Теплотехническое оборудование заводов» - М.Легкая индустрия., 1967.- б. 72-75.
Достарыңызбен бөлісу: |