а-қабатты жану қабаты;б-қайнау қабаты;
в- құйынды қабат;г-жалынды(факелді) қабат.
Сурет 1 - Қатты отынды жағу тәсілдерінің сызбанұсқасы
Өздік бақылау сұрақтары
Жану процесінің калориметриялық температурасын қалай анықталады?
Отынның жану процесін түсіндіріңіз.
Оттықтар түрлері қандай?
Отынның жануы күрделі физикалық-химиялық процесс екенін айтып беріңіз.
Қатты отынды жағу тәсілдерінің сызбанұсқасын сызып,түсіндіріп беріңіз.
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. « Теплотехника».М.,Металлургия, 1969, 294-307 б.
Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 99-121.
Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. «Котельные установки промышленных предприятий» - М. Энергоатомиздат., 1988. - б.78-181.
Дәріс 14
(1 сағат)
Тақырып. Отынның негізгі жану фазалары
Дәріс сабақтың мазмұны
Отынның негізгі жану фазалары туралы.
Әртүрлі отынның тұтану температурасы.
Отын тұтануы.
Отынның жану процесінің бірінші фазасы - бұл отынның қыздырылуы. Ол фаза отынның оттыққа келіп түсуінен, оның тұтануына дейінгі аралық.
Бірінші фазаның басында отынды 105С дейін қыздыру кезінде, оның ылғалы буланады. Отынды 300400 С дейін қыздыру кезінде, отыннан газ және жанғыш ұшпалар бөлінеді.
Екінші фаза кезінде отын тұтанады. Ол үшін, отынды тұтану температурасына шейін қыздырады. Әртүрлі отынның тұтану температурасы мынадай:
-
ағаш, шымтезек, қоңыр көмір
|
250С
|
тас көмір
|
300350С
|
антрацит, кокс
|
650800С
|
қарамай
|
600С
|
Бірінші кезекте жанғыш ұшпалар, содан кейін отынның қатты бөлігі тұтанады.
Үшінші, негізгі жану фазасына жанғыш ұшпалардың толық бөлініп жануы және отынның қатты бөлігінің (кокстың) жануы жатады. Үшінші фазада жылу қарқынды түрде бөлініп, температура ең үлкен шамасына жетеді.
Төртінші фаза, соңғы фаза – бұнда жанғыш ұшпалар жанып бітеді және күл мен қатты қалдық(шлак) бөлінеді.
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». М.; Металлургия, 1969. 275-277 б.
Лариков Н.Н. «Теплотехника». М., Стройиздат, 1985, 160-163 б.
Дәріс 15
(1 сағат)
Тақырып. Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау. Оттықтағы жылу алмасуды есептеу
Дәріс сабақтың мазмұны
Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау.
Оттықтағы жылу алмасуды есептеудің түрлері.
Оттықтағы жалын биіктігі.
Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау.
«Қабатты» оттық камерасының керекті көлем шамасын және бетінің активті шамасын /активті-белсенді- R деп белгілейміз/ анықтайды, ал камералық оттықтар үшін оттық камерасының көлемінің аз шамасын және жану бетін мына формуламен анықтайды:
м3,
|
(1)
|
Оттық камерасын есептеу көлемі VT бүйір /фронтавой және оттықтың артқы қабырғаларымен қазанның бірінші қатар құбырлары /түтікшелері/ немесе фестондармен, ал төменде отынның беттік қабатымен /қабаттық оттықтар үшін/ көлденең бетпен, варонканың ортасымен өтетін /шаңғыштқыш-пылеугольный/ көмір оттықтары үшін /немесе оттықтар түбімен/ газмуттық оттықтар үшін/ шектеледі. Отынның қабатының орта биіктігі тас көмірлер және антрацит үшін 150-200 мм, ал қоныр көмір үшін 300мм, түйірлі тофтар үшін 500мм. Оттықтың негізгі өлшемдерін тапқаннан кейін оттық құрылысының эскизі жасалынады, оттықтың ақырғы барлық габаритті өлшемдері оған экрандарды орналастырғаннан кейін анықталады.
Оттықтағы жылу алмасуды есептеу
Жылу алмасудың оттықтағы есептеуі жобалаушы және тексеруші есептерге бөлінеді, жобалаушы есептердің негізгі мақсаты жылу бетінің сәуле қабылдағыш шамасын анықтаудан /нл/ оттық газдың шығар ауыздағы қабылданған температураға дейін суыту мүмкіншілігін /Нл/ береді.
Сәуле қабылдағыш беттің /Нл/ шамасы бойынша тексеруші есептеуде газдың оттық камерасынан шығар кездегі температурасын (tr) анықтайды.
Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы деп фестон түтікшелерінің алдындағы немесе бірінші қазан пупоктарының алдындағы оттық камерасынан шығар ауыздағы температурасын айтады. ДКВр- бу генераторының оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы үшін жанып біту камерасы бар оттықтағы газдың температурасын жанып біту камерасынан кейінгі температураны алады. Қатты отынды жаққандағы оттықты есептегенде оттық камерасының фестон және қыздырудың конвективті беттерінің қалдықсыз жұмыс тәртібін қамтамасыз етуі, оттықтың шығарардағы газдың температурасын таңдауға негізгі фактор болады. Сондықтан оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы жанған отындағы күлдің жұмсару температурасынан (tr) төмен болу керек. - деп қабылдайды. Біздің елдегі қатты отындар үшін оттықтың ақырғы кезіндегі (соңындағы) газ температурасын 1000-1150 оС, ал торф пен сланецтер үшін 900-950 аралығында қабылдайды. Жанар газбен мазутты жаққанда оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы 950-1100 аралығында қабылданады. Оттық камерасынан шығатын газдың қабылданған температурасы бойынша қыздырудың сәуле қабылдау беті мына формуламен есептеледі /жобалаушы есептеу/
Достарыңызбен бөлісу: |