ПоәК 042-14 01/01-2013 Баспа. №1 от 03. 09. 2013


Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева



жүктеу 0,54 Mb.
бет3/3
Дата23.05.2018
өлшемі0,54 Mb.
#16719
1   2   3

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева

Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.



Шалва Александрович Амонашвили

Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.



В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы.

В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.



С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.

Тақырып 9. Педагогикалық технология туралы түсінік (3-сағ)

1.Педагогикалық технологиялардың қолданылу жодарын көрсету

2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы

3.Жаңа технологиялардың теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беру.

4.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі.

Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.

Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.

«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөзінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті- практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:

-технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;

-еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;

-еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);

-еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.

Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтап береді.

Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданылған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың лбъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамаға көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (В.С.Ильин), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау мен дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне, педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сәй кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.

Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздардың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.

Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтауымен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процес процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.

Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін- өзі дамытуға көмектеседі. Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементерін пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын және өзін- өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Жаңа технологияны енгізу арқылы оқу үрдісінің деңгейі көтеріліп, оқушының білім мен білігінің артуын интеллектуалды дайындығы мен танымдық қызығушылығын оятуға, денсаулығын сақтауға және жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасалады. Осыдан келіп, өзін- өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұлғадан дамыған, әлеуметтік жеке тұлға қалыптасады.


Тақырып 10. Қазіргі білім беру саласына оқытудың озық технологияларын енгізу (3-сағ)

1.Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі

2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

3.Деңгейлеп оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы



4.Сорос орталығының «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының «Ой қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы
Жаңа педагогикалық технология төмендегідей бағыттарға бөлінеді:



Бағыттары

Түрлері

І

Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі педагогикалық технология

  1. Педагогикалық қарым- қатынас технологиясы

  2. Ы.Алтынсариннің

педагогикалық технологиясы

  1. Ш. А. Амонашвилидің жеке тұлғалы ізгілік технологиясы.

  2. И. Ильин жүйесі.

ІІ

Оқушының іс- әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология

  1. Ойындар түріндегі технология.

  2. Проблемалық оқыту технологиясы.

  3. Басқа тілдегі мәдениетке коммуникативтік (жан- жақты) оқыту технологиясы. (Е.И. Пассов)

  4. Оқыту материалын тірек сызбалар, тірек конспектісі және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы. (В.Ф. Шаталов)

ІІІ

Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология

  1. Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

  2. С.И. Лысенкованың түсіндірмелі басқаруда тірек схемаларын пайдалана отырып, перспективті алдыға жылдамдата оқытудың технологиясы.

  3. Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.

  4. Деңгейлік дифференциялау технологиясы.

  5. Бағдарламалық оқыту технологиясы

  6. Ұжымдық оқыту технологиясы. (КСО, А.Г. Ривин, В.К. Дьяченко)

  7. Топтық оқыту технологиясы.

  8. Қомпьютерлік оқыту технологиясы.

  9. Модульдік оқыту технологиясы. (Жанпейісова М.М.)

ІҮ

Дидактикалық білім көтеру және материалды реконструкциялау негізіндегі педагогикалық технология

  1. «Экология және диалектика» (Л.В.Тарасов)

  2. «Мәдениет диалогы» (Б.С. Библер, С.Ю. Курганов)

  3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру. (П.М. Эрдниев)

Ақыл- ой іс- әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы. (МБ. Волович)

Ү

Жеке пәндік педагогикалық технология

  1. Сауаттылыққа ерте үйрету және дамыта оқыту технологиясы. (Н.А. Зайцев)

  2. Н. Оразақынованың сатылай талдап оқыту технологиясы.

  3. Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы. (Н.А.Зайцев)

  4. Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.

  5. Математикалық есептер шешу негізіндегі оқыту технологиясы (Р.Г.Касаткина)

  6. Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі оқыту технологиясы. (А.А. Окунев)

Физиканы сатылай оқыту жүйесі. (Н.Н.Палтышев)

ҮІ

Альтернативті педагогикалық технологиялар

  1. Вальдорф педагогикасы. (Р. Штайнер)

  2. Еркін еңбек технологиясы. (С. Ферт)

  3. Ықтималдық білім технологиясы. (А.М. Лобок)

  4. Шеберханалық технологиясы.

ҮІІ

Табиғи байқағыштық технологиясы

  1. Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу технологиясы. (А.М. Кушнир)

2. Өзіндік дамыту технологиясы. (М.Монтессори)

ҮІІІ

Дамыта оқыту технологиясы

  1. Дамыта оқыту жүйесі. (В.Занков)

  2. Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту технологиясы. (И.С. Якиманская)

  3. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.

  4. Өзіндік дамыта оқыту технологиясы. (Г.К. Семеко)

ІХ

Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы

  1. Педагогикалық бейімделу мектебі. (Е.Д. Ямбург)

Өзін анықтау мектебінің авторлық технологиясы. (А.Н. Тубельская)

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары



Педагогикалық процесінің компонеттері

Дәстүрлі сабақ (түсіндірме әдісі)

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлық, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс- әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалы

Проблемалық, баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін- өзі бақылау, өзін- өзі бағалау

3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені


Тақырып-1. Инновация ұғымы және педагогикалық жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. ( 2 -сағ)

Инновация ұғымы.

Педагогикалық инновацияларға, педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру. Жаңалық енгізудің деңгейілері.

Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:


Тақырып-2. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. ( 2-сағ)

Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері.

Инновациялық оқу мекемелері.

Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер.


Тақарып-3. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті (2 -сағ)

Инновациялық білім беру жолдары.

Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері.

Мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі міндеттері.

Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.

Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттері.

Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады.
Тақырып-4. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері. (2-сағ)

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

Жаңалық – озат тәжірибенің белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.


Тақырып-5. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. (2-сағ)

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары

Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау іс
Тақырып-6. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет. (2-сағ)

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Н.Нұрахметовтың инновацияны топтарға бөлуі.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Инновациялық процестің кезеңдері:


Тақырып-7. Ынтымақтастық педагогикасы. (2-сағ)

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.

Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуы.
Тақырып-8. Қазақстандық және шетелдік жаңашылдардың іс-тәжірибесі. (2-сағ)

Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері

Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева– Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

Шалва Александрович Амонашвили- Жаңашыл педагогтің қызметі.

В.Ф.Шаталов тәжірибесі.

С.Н.Лысенкова – Ресей педагогының әдістемесінің негізі.
Тақырып 9. Педагогикалық технология туралы түсінік (2-сағ)

1.Педагогикалық технологиялардың қолданылу жодарын көрсету

2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы

3.Жаңа технологиялардың теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беру.

4.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі.
Тақырып 10. Қазіргі білім беру саласына оқытудың озық технологияларын енгізу (2-сағ)

1.Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі

2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

3.Деңгейлеп оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы



4.Сорос орталығының «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының «Ой қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы
4.«Педагогикалық инновация» пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. Инновация анықтамасын анықтаңыз.

  2. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері

  3. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр.

  4. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану

  5. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар?

  6. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады?

  7. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады?

  8. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі?

  9. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады?

  10. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады?

  11. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады?

  12. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады?

  13. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

  14. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

  15. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

  16. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

  17. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті

  18. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады?

  19. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады?

  20. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі?

  21. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады?

  22. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады?

  23. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады?

  24. Ізгілік педагогикасы қалай анықталады?

  25. Гуманизм тұжырымдамасы қағидалары қалай анықталады?

  26. Гуманистік педагогика тұлғаны қалай анықтайды?

  27. Гуманистік педагогиканың айырмашылық белгілері неде?

  28. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады?

  29. Гимназияның оқу мекемесі ретіндегі ерекшеліктері қандай?

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау