ПоәК 042-05. 01. 20. 05/02-2010 №1 басылым «30» қыркүйек 2010 ж



жүктеу 170,5 Kb.
бет1/2
Дата16.04.2020
өлшемі170,5 Kb.
#29769
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

ПОӘК 042-05.01.20.05/02-2010

1 басылым «30» қыркүйек 2010 ж.


12 беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05.1.20.05/02-2010



Студенттерге арналған «Техникалық құралдар және жылуэнергетикадағы өлшемдер» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы

№1 басылым

«30» қыркүйек 2010 ж.



«ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАДАҒЫ ӨЛШЕМДЕР» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050717 – Жылуэнергетика мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей

2010

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

1.1Әзірлеген ____________ «31» тамыз 2010 ж.

Жумагажинов А.Т., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының отырысында

«31» тамыз 2010 жылы, № 1 хаттама


Кафедра меңгерушісі ___________ М.К. Мукушева
2.2 Инженерлік - технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«20» қыркүйек 2010 жылы, № 1 хаттама


Төрайым ______________ С. Толеубекова

2.3 Инженерлік - технологиялық факультеттің ғылыми кеңесінің отырысында

«22» қыркүйек 2010 жылы, № 2 хаттама
Төрайым ______________ А. Касенов
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

«30 » қыркүйек 2010 жыл, № 2 хаттама
ОӘК төрайым, бірінші проректор _____________ А. Молдажанова
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН


Мазмұны


1 ЖАЛПЫ ережелер 4

1.2 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме 4

1.3 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы 4

1.4 Курс мақсаты 4

1.6 Курсты оқытуға қойлатын талаптар 5

жылутехникалық объектілердің басқару ерекшеліктері. 5

1.7 Курс пререквизиттері 5

1.8 Курс постреквизиттері 5

1.9 Оқулықтар 6

1.9.1 Негізгі 6

1.9.2 Қосымша 6

6

2 Пәнді оқытудың әдістемелік кеңестері 6

3 курс саясаты мен Форматы 8

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ 9

6 ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ мазмұндары 11


1 ЖАЛПЫ ережелер



1.1 Оқытушы мен пән жөнінде жалпы мағлұмат
Жумагажинов Аскар Токишевич, аға оқытушы.

«Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасы

Байланыс ақпараттары – тел.: 35-46-02, № 9 оқу ғимараты, № 201 кабинет.

Сабақ өтетін орын – № ___ дәрісхана.

Осы пән бойынша кредит саны – 3.

1.2 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме 1–кестеде көрсетілген.


1–кесте – Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәр,

сағ.


СС,

сағ.


ЗС,

сағ.


ОСӨЖ,

сағ.


СӨЖ,

сағ.


Барлығы,

сағ.


Қортынды бақылау түрі

3

5

3

15

15

15

45

45

135

Емтихан

4 сырт.

7

3

6

6

6

-

117

135

Емтихан


1.3 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Оқу-әдістемелік кешені бойынша оқытушыға арналған тәртіп жұмыс бағдарламасы “Техникалық құралдар және жылуэнергетикадағы өлшемдер” тәртібі бойынша Жылуэнергетика – 050717 мамандығының студенттеріне арналған.


1.4 Курс мақсаты

Курсты оқыту мақсаты – жылутехникалық параметрлер өлшеулерінің әдістемесі облысында оқу және дағдыларын құру,меңгеру, Жаңа заманғы техникалық өлшеу құралдарымен меңгеру, онымен қоса, ЖЭС, АЭС және өнеркәсіп орындардың технологиялық процесстерін жүргізу үшін қолданылатын ақпараттық есептеуіш машиналар және микропроцессорлы құрылғылар.



1.5 Курс міндеттері


  • Негізгі жылутехникалық параметрлер өлшеу мен олардың ЖЭС, АЭС және өнеркәсіп орындарында шартты өлшеу айырмашылықтарының принциптерін меңгеру.

  • Жылутехникалық мөлшерлердің өлшеулерін тәжірибелік дағдыларын және өлшеу аппараттарының жұмыс дағдылары.


1.6 Курсты оқытуға қойлатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студент мыналарды:



білуі керек:

  • қателіктерді бағалаудың негізгі принциптері,оларды қоршаудың ережелері

  • Өлшеу құралдарының метрологиялық мінездемелерінің нормалаулары,дәл класстары және оларды белгілеу;

  • Температураны дәл өлшеуінің нәтижесінің қателік бағасын алу

Орындай білу:

  • бөлек құрастырушы қателіктердің бағалау нәтижесіндегі тура,сызықты және сызықты емес өлшеулердің есептеуіш әдістерін қолдану;

  • температураны өлшеу кезінде жүйелік қателіктерді табу және жоюды қабылдауды қолдану.

Есте сақтау:

  • метерология есптерінің көпшілігі, өдшеу ғылымы ретінде;

  • өлшеу нәтижесіндегі дұрыс есептелінбеген қателіктердің болуының зардаптары;

  • нақты,дұрыс методтар және өлшеу нәтижелері;

  • температураны өлшеу құралдарын, қысым, сұйық және газдың шығыны, деңгейлері;

жылутехникалық объектілердің басқару ерекшеліктері.




1.7 Курс пререквизиттері

-Химия;


-Физика;

-Математика;

-Гидрогазодинамика;

-Техникалық термодинамика;

-Жылумассаалмасу.

1.8 Курс постреквизиттері

-жылу және атомдық электростанциялардың турбиналары

-жұмыс режимі және ЖЭС эксплуатациясы

-электростанцияны автоматты басқару жүйесі.



1.9 Оқулықтар




1.9.1 Негізгі



1.9.1.1 Иванова Г.М.. Кузнецов Н.Д.. Чистяков B.C. Теплотехнические измерения и приборы: Учебник для ВУЗов. - М.: Энергоатомиздат. 1984. - 232 с.

1.9.1.2 Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы. - М.: Энер­гия. 1978.-703 с.

1.9.1.3 Кузнецов Н.Д., Чистяков B.C. Сборник задач и вопросов по теплотехниче­ским измерениям и приборам. - М.: Энергия. 1973. - 216 с.

1.9.1.4 Брянский Л.Н., Дойников А.С., Крупин Б.Н. Метрология. М. Изд-во ВНИИФТРИ, 2004 , 208 с.

1.9.2 Қосымша


1.9.2.1 ГОСТ 8.4172-91. Метрология. «Единицы физических величин».

1.9.2.2 Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. М. Издательство стандартов. 1972, 318 с.

1.9.2.3 Плетнев Г.П. Автоматизированное управление объектами тепловых станций. М., Энергоиздат, 1981, 368 с.

1.9.2.4 Крамарухин Ю.Е. Приборы для измерения температуры. М., Машиностроение, 1990. – 208 с.

1.9.2.5 Геращенко О.А., Федоров В.Г. Тепловые и температурные измерения. Киев, Наукова думка. 1965. – 296 с.

2 Пәнді оқытудың әдістемелік кеңестері

Студенттің берілген пәнді оқып үйренуін қамтамасыз ететін кеңестер мен түсіндірмелер жиынтығы болып саналады. Кеңесті жасаған кезде курстың бір бөлігі дәріс алушының өздік оқып үйренуі мен жүретінің ескеру керек. Әдістемелік кеңестің мазмұны:

а) Пәнді оқып үйренуге қажетті уақытты жоспарлауға және оны ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.

Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының 60-70%-і бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 % қана, ал қалған 70-85 %-і дәріс оқытушымен студенттің өздік жұмысына (ОСӨЖ) және тек студент өзі ғана жасайтын СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) жұмсалатының ескерту керек.

Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық ақпараттың көлемі күннен күнге өскендіктен дәрістін мазмұнын кеңейтіп және оған қойылатын талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің дәріс алушының пәнді оқып үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп. Бірақ діәріс алушы дәріске иек артып алмауы шарт. Дәріс өздік жұмысты алмастыра алмайды. Сондықтан Студент дәріске өз бетімен дайындалуы керек. Ол оқулықтан немесе басып шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің мазмұнымен танысып, оны ар қарай дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде 20-40 минуттан кем болмауы қажет. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сарамандық сабаққа және зертханалық жұмысқа дайындық пәнді оқып үйренуде дәріс алушының білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.

Екі сағаттық сараман сабағына кемінде бір сағат дайындалу керек. Сараман сабағна дайындықты тексеру әр сабақ тың басында болатының Студент білуі керек. Сараман сабағында көрсетілген өздік жұмыстың творчествалық элементі ескерусіз қалмайтының Студент білуі керек. Сараман сабағында есепті әр Студент оқытушының қадағалауымен өзі жеке шығарады. Дәріс алушының жұмысы аралық үлгерімді тексеру арқылы жүреді, сондықтан Студент әрбір жіберілген (босатылған) сабақтың оған тигізер залалы үлкен екенін естен шығармауы керек. Егер Студент белгілі бір себеппен жұмысты дер кезінде тапсыра алмаса онда бұл оның сынақ немесе емтиханды тапсыруына үлкен әсер ететінің білуі керек. Сынақ пен емтиханға дайындықтың нәтижесіне ұзақ уақыт бойы жасалған өздік жұмыстың арқасында жетеді.

б) Дәріс алушының іс-әрекетінің жүру барысын сипаттау.

«Ядролық зерттеу реакторлары» пәнін оқып үйренуді тақырыптарды бірінен соң бірін оқу арқылы жүргізуі керек: алдымен берілген тақырыптың мазмұнымен және оған арналған әдістемелік нұсқаумен жақсылап танысып,содан кейін осы тақырыпқа қатысты материалды оқулықтан оқуы керек. Материалды оқып үйрену кезінде сұрақтың түпкі мәнін ашып алуы ,тек содан кейін ғана оның нақтылы ерекшеліктерін талдауға кірісу керек.Оқып үйренетін құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін анық көзге елестету қажет.

Формуланы дәлелдеп шығаруда оныңфизикалық немесе техникалық мәніне аса көп көңіл аудару керек. Пәндегі пайдаланылатын математикалық амалдар физикалық және техникалық есептерді шешуге қолданылады. Теориялық материалдарды оқып зерттегенде, әсіресе есептерді шығарғанда шамалардың өлшем бірліктерінекөңіл аудару қажет, себебі ол шаманың физикалық мәнін көрсетеді.

Әр тақыраптың материалын қарап шығып сол бойынша конспект құру қажет.

в) Оқу әдістемелік комплекстің (ОӘК) материалдарын пайдалануға арналған кеңес.

Студент оқу материалдарымен бірінші рет таныса отырып, оның берген жаңалықтарын, ерекшелік нысандарын қабылдап, сол арқылы пәннің негізгі жағдайын түсінуі керек.

Оқу процесіндегі негізгі рольге оқытушының материалдарды түсіндіруі және пайдаланылатын көрнекті құралы жатады. Ары қарай жаңадан алынған ақпарат бұрынғы алынған білімдермен араласып, олардың арасында пайдалы байланыс құралына айналады. Сонда барып дәріс алушыда оқытылатын пән бойынша белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.

Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу материалдарын жалпы түрде меңгеріп оны күнделікті жұмыста, өмірде пайдалануға дайын тұрады.

г) Оқулықтар мен қосымша оқу құралдарымен жұмыс істеуге арналған кеңес.

Егер Студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз түрде берілген деп есептесе немесе онда берілген материалды оқып зерттеу қиын екенін білсе, онда ол берілген басқа оқулықтардағы немесе қосымша құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты дұрыс таңдаудың алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Егер негізгі оқулықтарда берілген мтериал жеткіліксіз болса, онда қосымша оқулықтарды пайдаланғаны жөн.

Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.

Берілген тақырып бойынша оқулықтарды және басқа ғылыми көпшілікке арналған материалдарды оқұыған соң, конспект құру керек. Онда пайдаланылған оқулықтардын реттік нөмірі, беті, кестелері және т.б. берілгендері көрсетілуі шарт.

Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер

Әртүрлі фактлерді еске сақтауды, процестердің принципін көрсететің заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз сөзімен жеткізу сұрақ тарына жауап бере алуды үйрену және жалпы принциптерді жаңа жағдайда қолдана алуды үйрену. Студент объекті оның құрамдас бөліктеріне жіктей және керісінше құрамдас бөліктерін бүтіндей объектіге айналдыра білуі керек. Бұл процестер ерекше ойлау процестерін (жопарлау, байланысты, заңдарды құру) тлап етеді. Идеалардың, жұмыстардың құндылығын дайын немесе жаңадан жасалған критерилер мен стандарттар көмегімен қарастыра білу және басқалардың алдында өзінің көз қарасынқорғай білу дәріс алушыға емтиханды, сынаты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.




жүктеу 170,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау