ПоәК 042- 18-10 20/03-2015 11. 09. 2015ж №1 басылым


Ұсынылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 3,03 Mb.
бет12/20
Дата02.02.2020
өлшемі3,03 Mb.
#28052
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1 Негізгі әдебиет

1. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. I бөлім: Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. -504 б.

2. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. II бөлім: Құрылымды өзгертіп өңдеу процестері. -344 б.

3. Бишімбаева Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы: Бастау, 2007.-242 с

4. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы: оқұлық: 3-томдық – Атырау мұнайй және газ институты. – 2005

5. Надиров Н.К. Высоковызкие нефти и природные битумы. Т. 1-5. – Алматы.: Гылым, 2001.

6. Туманян Б.П. Практические работы по технологии нефти. – М.: «Техника» ТУМА ГРУПП, 2006. – 106с.

7. Умергалин Т.Г. Методы расчетов основного оборудования нефтепереработки и нефтехимии. – Уфа.: Нефтегазовое дело. 2007-236 .

8. Дауренбек Н.М., Еркебаева Г.Ш., Калдыгозов Е.К. Мұнай мен газ технологиясы және мұнай химиясы бойынша мысалдар мен есептер Оқу құралы Шымкент: М. Әуезов атындағы ӨҚМУ, 2009. – 142б.

9. Капустин В.М. Технология переработки нефти. – М.: КолосС. – 2008.-334с.

10. Савельянов В.П. Общая химическая технология полимер. М.: Академкнига, 2007 – 336с.

11. Крыжановский В.К., Кербер М.М., Бурлов В.В., Паниматченко Н.Д.: Производство изделий из полимерных материалов. Санкт-Петербург.: Профессия.2004.-460с.

12. Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен лабораториялық жұмыстардды ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.-Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-88б.

7.1.13 Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау ( 050721-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін) - Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-56б.

2 Қосымша әдебиет

1. Рудин М.Г., Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика.-Л.: Химия, 1980. -327с.

2. Вержичинская С.В. , Дигуров Н.Г., Синицие С.А. Химия и технология нефти и газа. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2009.-400с.

3. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа.- Уфа.: Гилем, 2002. -672с.

4. Рябов В.Д. Химия нефти и газа. – М.: ТГУ НиГ им. И.М. Губкина, 2004. -288с.

5. Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Гылым, 2001. -276с.

1-бөлім.Көмірсутек шикізатын алғашқы өңдеу технологиясы.

1.2.Көмірсутек шикізатын алғашқы өңдеу және бөлудің негізгі әдістері

10. Мұнайды алғашқы өңдеуден алынған отынның классификациясы жіне тауарлық мінездемесі.Тауарлық мұнай өнімдерін алу.

МӨЗ өнеркәсіптік кәсіпорны мұнай өңдеу процесін қамтамасыз етеді.Мұнай өңделетін процестер өте күрделі.Негізгі өнімдері бензин,жанармай,дизельды отын,асфальт база, пеш отыны,керосин және мұнай газы.

Мұнай өңдеу, мұнай өңдеу технологияларының негіздері

Мұнай өңдеу мақсаты- мұнай өнімдерін,әсіресе түрлі отындарды шығару:

-автомобиль отыны,

-әуе отыны,пештерге арналған отын,

-келесі химиялық өңдеуге арналған шикізат

Автомобиль отыны.

Автомобильдерге арналған отынның негізгі түрлері-мұнай өңдеу өнімдері-бензин және жанармай. Ол эксплуатациялық қасиетін жақсартуға арналған көмірсутек қоспасы мен қоспалар.Бензин құрамына 35-тен 200 С температурасында қайнайтын көмірсутектер кіреді, ал жанармай құрамына 180...360 С шамасында қайнайтын көмірсутектер кіреді.

Бензин өзінің фзикалық-химиялық қасиеттеріне қарай мәжбүрлеп тұтатылатын двигательдерде қолданылады.Күрделі жанармайлар қысу арқылы тұтатылатын двигательдерде қолданылады.

Әуе отыны-ұшу аппараттарының жанғыш двигатель камерасына ауамен бірге енетін жанғыш зат.Екі түрге бөлінеді- әуе бензині және реактивті жанғыш зат.Біріншілері, әдетте, поршенді двигательдерде қолданылады, екіншілері-турбореактивті және турбовинтті двигательдерде қолданылады.Сонымен қатар дизельді әуе моторларының құрылымы белгілі,олар көгілдір отынды қолданды, қазіргі таңда-керосинді қолданады.

Пештік отын-бұл көп мөлшердегі отын, электр станцияларының агрегаттарына,технологиялық пештерге арналған,кемеге арналған отындар.

Пештік отын мұнай өідеудің қалдықтары негізінде көп компонентті отын ретінде шығарылады.

Пештік отын компоненттері мыналар:

-мазут


- крекинг-термокрекинг және висбрекинг қалдықтары

- каталитикалық крекинг,термокрекинг күрделі газойлдері

-майлы өнім қалдықтары

-кез-келген екінші процестің жеңіл газойлдері

Пештік отындардың түрлері:

жанғыш мазуттар,

пештік,

технологиялық экспортты отын



Жанғыш мазуттар ГОСТ 1058-75 бойынша шығарылады.Олар

-жеңіл Ф-5 және Ф-12 маркалар

-орташа маркалар М-40

-ауыр маркалар М-100


Пештік отындар ГОСт 14298 МП,МП-1 және МПВА бойынша маркалар

Экспортты технлогиялық отындар Э-2,Э-3,Э-4 және Э-5 маркалары

Үлкен құбырлары бар мұнай өндіруші зауыттар,үлкен өнеркәсіп кешендері жеке өнеркәсіптер арасында,химиялық өңдеу зауыттары арасында көп мөлшерде сұйықтықты қолданады.Мұнай өнімдерін және олардың компоненттерін алу үшін мұнай құрамдық бөліктерге бөлінеді.Мұнай өңдеу-мұнай өндіруші зауыттың алғашқы процесі,ол мұнайды қыздыру кезінде бу фазасы пайда болатынына негізделеді.Мұнай өңдеу нәтижесінде пайда болған фракциялар көмірсутек қоспаларын береді.Мұнай фракцияларын бірнеше рет өңдеу нәтижесінде жеке көмірсутектер пайда болады.Ол бір рет булану немесе баяу булану әдістерімен,ректификациямен және онсыз,қатты қыздырылған су буының қатысуымен, атмоссфералық қысыммен жүзеге асады.
Май жасау заводтарында шикізат ретінде шикі мұнайды өңдейді.

Мұнайды біріншілік айдауда қайнау температуралары, көмірсутктердің химиялық құрамыжәне басқа да қасиеттермен ажыратылатын фракциялар мен мұнай өнімдерінің кең құрамын алады.

Мұнай өнімін фракция деп атайды, егер оның эталон нормасына сипаттамасы сәйкес келсе онда тауарлық өнімге техникалық шарт бойынша қосымша өзгертулер талап етілмейді.

Көмірсутекті газ – көп бөлігі пропан мен бутаннан тұрады, олар еріген түрде мұнай өңдіруге түседі. Мұнайды біріншілік айдау технологиясына байланысты пропан-бутандық фракцияны сұйылтылған немесе газ тәріздес түрде алады. Оны газо-фракциялық қондырғыларда жеке көмірсутектерді өндіру мақсатында, тұрмыстық отын, авто бензин компаненті ретінде қолданады.

Бензин фракциясы 28—180 °С көп дәрежеде екіншілік айдауға ( тура ректификацияда) тар фракцияларды (28—62, 62—85, 85—105, 105—140, 85—140, 85— 180 °С) изомеризация, жеке ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол, килол) каталитикалық риформинг арқылы алу шикізаты ретінде, авто және авиациялық бензиннің жоғарыоктан компоненті; этилен алудағы пиролиздің шикізаты ретінде, сирек жағдайда тауарлық бензин компоненті ретінде қолданылады.

Керосин фракциясы 120—230 (240) °С – реактивті қозғалтқыштар отыны ретінде қолданылады, қажетті жағдайда демеркатанизацияға, гидротазалауға ұыратылады; 150—280 фракцияны немесе 150—315 СС аз күкіртті мұнайдан алынатын фракцияны жарықтандырғыш керосиндер, 140—200 °С фракцияны бояғыштар өндірісінде еріткіш (уайт-спирит) ретінде пайдаланылады.

Дизель фракциясы 140—320 (340) °С қыстық дизель отыны, 180—360 (380) °С фракция жаздық дизель отыны ретінде қолданылады. Күкіртті және жоғары күкіртті мұнайлардан фракциялар алу үшін алдын-ала күкіртсіздендіру жүргізіледі. 200—320 °С және 200—340 °С депарафинизация көмегімен сулы парафиндер шикізаты ретінде жоғары және парафинді мұнайлардан бөлінетін фракциялар.

Мазут – атмосфералық айдаудың қалдығы – қазандық отыны, оның компоненті немесе вакуумдық айдау құрылғысының шикізаты, сонымен қатар жылу, каталитикалық крекинг, гидрокрекингте қолданылады.

Кең май фракциясы 350—500 және 350—540 (580) °С – вакуумдық газойль – каталитикалық крекинг және гидрокрекинг шикізаты ретінде қолданылады.

Тар май фракциялар 320 (350)—400, 350—420, 400—450, 420—490, 450—500 °С әртүрлі минералды майлар өндірісінің құрылғыларына арналған және қатты парафиндер шикізат ретінде қолданылады.


Гудрон – мазуттың вакуумдық айдаудың қалдығы — деасфальтизацияға, мұнайды өңдеді тереңдету мақсатындағы кокстеуге ұшыратады , битумдар, қалдық базисті майлар өндірісінде қолданады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1 Негізгі әдебиет

1. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. I бөлім: Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. -504 б.

2. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. II бөлім: Құрылымды өзгертіп өңдеу процестері. -344 б.

3. Бишімбаева Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы: Бастау, 2007.-242 с

4. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы: оқұлық: 3-томдық – Атырау мұнайй және газ институты. – 2005

5. Надиров Н.К. Высоковызкие нефти и природные битумы. Т. 1-5. – Алматы.: Гылым, 2001.

6. Туманян Б.П. Практические работы по технологии нефти. – М.: «Техника» ТУМА ГРУПП, 2006. – 106с.

7. Умергалин Т.Г. Методы расчетов основного оборудования нефтепереработки и нефтехимии. – Уфа.: Нефтегазовое дело. 2007-236 .

8. Дауренбек Н.М., Еркебаева Г.Ш., Калдыгозов Е.К. Мұнай мен газ технологиясы және мұнай химиясы бойынша мысалдар мен есептер Оқу құралы Шымкент: М. Әуезов атындағы ӨҚМУ, 2009. – 142б.

9. Капустин В.М. Технология переработки нефти. – М.: КолосС. – 2008.-334с.

10. Савельянов В.П. Общая химическая технология полимер. М.: Академкнига, 2007 – 336с.

11. Крыжановский В.К., Кербер М.М., Бурлов В.В., Паниматченко Н.Д.: Производство изделий из полимерных материалов. Санкт-Петербург.: Профессия.2004.-460с.

12. Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен лабораториялық жұмыстардды ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.-Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-88б.

7.1.13 Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау ( 050721-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін) - Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-56б.

2 Қосымша әдебиет

1. Рудин М.Г., Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика.-Л.: Химия, 1980. -327с.

2. Вержичинская С.В. , Дигуров Н.Г., Синицие С.А. Химия и технология нефти и газа. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2009.-400с.

3. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа.- Уфа.: Гилем, 2002. -672с.

4. Рябов В.Д. Химия нефти и газа. – М.: ТГУ НиГ им. И.М. Губкина, 2004. -288с.

5. Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Гылым, 2001. -276с.

Зертханалық сабақтар
Зертханалық жұмыс № 1. Мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтау

Жұмыс мақсаты: Мұнайдағы минералды қоспалардың мөлшерін анықтау

Мұнай мен мұнай өнімдерінің минералды қоспалары су, тұздар, механикалық қоспалар, күл, сонымен қатар, минералды қышқылдар мен сілтілер жатады.

Минералды қоспалардың көптеген бөлігі шикі мұнайларда болады және өңдеу барысында мұнай өнімдеріне өтеді.

Минералды қоспалардың болуы мұнай өңдеу процесін қиындатады және мұнай өнімдерінің тасымалдануы барысында зиянды әсерін тигізеді. Минералды қышқылдар мен сіілтілердің қоспалары машиналардың металды бөліктерінде, қошғалұыштары мен құбырларында коррозияны тудырады, әсіресе жоғарғы температурада. Бұда минералды н басқа бұл қоспалардың болуы мұнай өнімдерініңтотығуға беріктігін төмендетеді, сондықтан мұнай майларында, мотор мен қазандық отындарында қышқылдармен сілтілердің мүлдем аз мөлшерінің болуының өзі қолдануға жарамсыз етеді.



I.Мұнайдағы су мөлшерін анықтау

Жұмыс мақсаты: Мұнайдағы ерігіш судың мөлшерін анықтау

Теориялық бөлім

Мұнайдағы судың мөлшері 10-60% дейін және одан да көп мөлшерде болады. Өңдеуге түскен мұнайда судың және тұздардың болуы мұнай өңдеу зауытының жұмысына кері әсерін тигізеді.

Судың өп мөлшерде болуы мұнайды айдау аппаратындағы қысымды арттырады, оның өнімділігін төмендетеді. Суды қыздыру мен буландыруға артық жылу шығындайды. Сулы мұнайды тасымалдау барысында қосымша шығынды талап етеді. Сондықтан ұнғылардың немесе табылған орында мұнайды дайындау қондырғыларын қолданады (УПН), ол жерлерде газсыздандыру, сусыздандыру және шикі мұнайды тұзсыздандыру және тауарлық мұнай алады.

Мұнайда су 3 формада болады: еріген, дисперсирленген және бос. Еріген судың болуы негізінен мұнайдың химиялық құрамына байланысты.

Мұнай өнімдерінің температурасының артуымен барлық көмірсутектердің ерігіштігі артады.

Суға қатысты көбірек ерігіштік қасиетке ароматты көмірсутектер ие.

Мұнайда ароматты көмірсутектер көп болса, соғұрлым ондағы судың ерігіштігі жоғары.

Эксплуатация барысында мұнайда судың болуы эмульсия түзілуіне әкеліп соғады. Мұнай эмульсиялары ашық сарыдан қою қоңырға дейінгі түске ие.

Көптеген жағдайларда олар дисперсиялық ортасы мұнай, ал дисперсиялық фазасы -су болып табылатын мұнайдағы су эмульсиясы түріне жатады. Эмульсиялардың түзілуі беттік әсерлерге байланысты. Сұйықтықтың ауамен және басқа сұйықтықпен шектесетін беттік қабаты , беттік керілу күшімен сипатталады.

Мұнай және мұнай өнімдерінің беттік керілу күші 0,02-0,05Н/м аралығында жақын майлардағы судың болуы олардың тотығуға бейімделулігін арттырады және металдың беттердің коррозиясын жылдамдатады, мотор отындарындағы судың болуы төмен температураның әсерінен тығындардың отындық берілуінің тоқтауына әкеп соғады.

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі су мөлшерін анықтау әдістері 2 топқа бөленеді: сапалық, сандық

Сапалық әдістер мұнайдағы эмульсиялар мен ерігіш судың бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.Бұл әдіске мөлдірлігіне шағылғыштығыны, реактивтік қағазға сынамалар алу жатады.Бұл әдістердің алғашқы екеуі мөлдір мұнай өнімдеріндегі суды анықтау үшін қолданылады. Суды анықтаудағы сапалық әдістердің жиі қолданылатыны болып шағылуына сынама алу жатады.

Сандық әдістер мұнайдағы су мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларды тура және жанама болып бөледі:

Тура- Дин және Старк әдісі, Фишер реактивімен титрлеу және т.б.

Жанама- колориметриялық, концуптометриялық, УҚ- спектрометрлі және т.б.

Дин және Страк әдісі бойынша су мөлшерін анықтау.

Бұл мұнайдағы,сулық мұнай өнімдеріндегі, пластикалық жақпалардағы, парафиндердегі, церезиндердегі, гудрондар мен битумдардағы су мөлшерін анықтаудың ең кең тараған және дәлдігі жоғары әдісі.

Әдістің мәні сынаманы суда ерімейтін еріткіште мұнайдың қайнау температурасына дейін қыздыруда және конденсирленген судың мөлшерін өлшеу, оның көлемін %-пен есептейді.

Аппараттар, құрал-жабдықтар мен реактивтер.

Колба қыздырғыш немесе электропеш, МЕСТ 1594-69 бойынша қабылдағыш – тұзақ, кері тоңазытқыш, Сыйымдылығы 500 см3 домалақ колба, өлшеуіш цилиндр 100см3 сусыз көмірсутек еріткіші (кесте),қыздырғыштар пемза, глазурлы фаянс, фарфор немесе 1 жағы бекітілген(запалный) шыны капиллярлар.

Кесте


Сусыз көмірсутекті еріткіштер

Еріткіштер

Мұнай өнімі

Техникалық тауар

Техникалық ксилол



Битумдар, асфальтенді мұнайлар, ауыр қалдықты қазандық отындар

Қайнау шегі 100-200С дейінгі мұнай дистилляттары

Мұнай, сұйық битум, мазут, жақпа майлар, мұнай өнімдері.

Қайнау шегі 100-200С дейінгі мұнай дистилляттары

Пластикалық жақпалар

Сынақ жүргізуге дайындық.

Сыналатын мұнайдың сынамасын сыйымдылығы ¾ бөлігіне толтырылған шыныда 5 минут шайқап отырып араластырады тұтқыр және парафинді мұнай өнімдерін алдын ала 40-50С температураға дейін қыздырады.

Шыны колба 1-де алдын ала таза және құрғақтай өлшенген (сурет-1). Содан кейін 100мл еріткіш құйып араластырады. Егер мұнайда 10% артық су болатын болса, онда өлшемесі одан 10мл артық емес су айдалатындай қылып есептейді.

Араластырылған мұнай сынамасынан 100г өлшеуге алады.

Тұтқырлығы аз мұнайларды колбаның толық көлеміндей етіп алады. Бұл жағдайда өлшегіш цилиндрмен зерттелетін мұнай өнімінен 100мл өлшеп алып, колбаға бірге құяды. Мұнайдың өлшемесі бұл- грамм бойынша оның көлемінің көбейтіндісіне тең болады. Біркелкі қайнау үшін колбаға қыздырғыштар салады. Колбаны шлифтің көмегімен қабылдағыш тұзақтың су жіберетін тубкасына жалғайды, ал қабылдағыш тұзақты жоғарғы бөлігіне илифке тоңазытқышты жалғайды. Қабылдағыш тұзақ және тоңазытқыш таза және құрғақ болуы керек. Ауадан су буларының конденсациясын болдырмау үшін тоңазытқыштың жоғарғы бөлігін міндетті түрдемақтамен жабу керек.

Сурет 1 Дин және Старк құралы.

Талдау жүргізу.

Колбаны ішіндегі затымен бірге колбақыздырғыштың көмегімен электр плитасында қыздырады. Айдауды тоңазытқыштың трубкасында қабылдағышқа 1 секунтына 2-ден – 5-ке дейін тамшы құлататындай етіп жүргізеді.

Егер дистиляция процесінде тамшылардың түзілуі тұрақсыз болса, онда дистиляция жылдамдығын арттырады немесе тоңазытқышқа келетін салқындатқыш судың ағынын бірнеше минутқа тоқтатады. Егер айдаудың соңына таман су тамшылары тоңазытқыштың трубкасында тоқтап қалса, онда оларды еріткішпен шаяды. Шаю барысында белгілі бір уақытка қайнаудың интенсивтілігін арттырады.Қабылдағыш тұзақтағы су мөлшері көбеймеген кезде және еріткіштің жоғары бөлігі толықтай мөлдір болғанда біртіндеп айдауды тоқтатады. Айдау уақыты 30 минуттан кемемес 60 минуттан көп болмуы керек.

Егер тоңазытқыштың трубкасын қабырғасында су тамшылары болса, оларды шыны таяқшамен қабылдағыш тұзаққа итереді. Зерттелетін затты бөлме температурасына дейін салқындатқаннан кейін құралды жинайды. Егер қабылдағыш тұзақты судың аздаған (0,3м3) мөлшері жиналса немесе еріткіш лай болса, қабылдағыш тоңазытқышты жарықтандыру (осветления) үшін 20-30минут ыстық суға орналастырады, содан кейін қабылдағыш тұзаққа жиналған судың көлемін қабылдағыш тұзақтың су алып тұрған бөлігінің бір жоғарғы бөлігіндей етіп дәлдігінен жазады. Өлшеуді мениск жоғарғы бөлігі бойынша жүргізіледі.

Нәтижелерді өңдеу.

Судың массалық үлесін (х) процентпен мына формула бойынша

х = 100V0/m есептейді.

Мұнда


V0 – қабылдағыш тұзақтағы судың мөлшері см3;

m - сынаманың массасы, г;

Қабылдағыш тұзақтағы судың мөлшері 0,03 см3 және одан аз болса болып саналады қабылдағыш тұзақтың төменгі бөлігінде су тамшылары көрінбесе сыналатын мұнай өніміндегі судың жоғын есептейді.

Бір атқарушының жасауымен алынған екі параллель анықтаулардың нәтижелерінің арасындағы айырмашылық олардың арасындағы айырмашылық су көлемі- 0,1см3 аз немесе 1,0 см3 тең.

Көлемнің орташа мәнінің 2%- ын су көлемінің 1,0 см3 аспаған жағдайында дәл деп есертеледі.

Анықтау нәтижелірінің безендіру үлгісі кестеде көрсетілген.

Кесте


Күні

Сынама нөмірі

Колба №

Бос колбаның массасы (г)

Өлшемесі бар колбаның массасы (г)

Мұнай өлшемінің массасы (г)





















Сұрақтар

  1. Мұнайдағы және мұнай өнімдеріндегі су мөлшерін не үшін білу қажет

  2. Су мұнайға су қалай түседі

  3. Мұнайды алу әдістері

  4. Мұнайдағы және мұнай өнімдеріндегі суды анықтау әдістері

  5. Дин Старк әдісі (ГОСТ 2477-65)

1. әдістің мәні

2. Аппараттар реактивтер және материалдар

3. Сынақ жүргізуге дайындау

4. анализді жүргізу

5. нәтижелерді өңдеу

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. - Уфа: «Гилем», 2002. 672 с.

2.Белянин Б.В., Эрих В.Н., Корсаков В.Г. Технический анализ нефтепродуктов и газа.//Л.: Химия, 1986. – 184 с.

3. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экономический аспекты. – М.: «Техника», 2001. – 384 с.

4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа: Учебное пособие для вузов. – М.: Химия, 2001. – 568 с.

5. Чуракаев А.М. Газоперерабатывающие заводы и установки. – М.: Недра, 1994. – 334 с.

6. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика. / Под редакцией М.Г. Рудина. – М.: ЦНИИТЭнефтехим, 2004. – 339 с.

7. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. - М.: Химия, 1973. - 272 с.

8. Справочник нефтепереработчика: Справочник / Под ред. Ластовкина Г. А., Радченко Е.Д., Рудина М.Г. – Л.: Химия, 1986. – 648 с.
Зертханалық жұмыс № 1. Мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтау


  1. Мұнайдағы тұздың мөлшерін анықтау

Жұмыс мақсаты: Мұнайдағы тұздың мөлшерін анықтау

Реактивтер: Толуол; 0,2 н азот қышқылының ерітіндісі; 0,01н сынап нитратының ерітіндісі; спирттегі дифенилкарбазидтің 1% - тік ерітіндісі.

Теориялық бөлім

Өңдеуге түсетін мұнайдың құрамындағы тұздардың болуы мұнайөңдейтін зауыттың жұмысына кері әсерін тигізеді. Тұздар (әсіресе хлоридтер) жылуалмастырғыштар мен пештердің трубаларында тұрып қалады, нәтижесінде трубаларды жиі тазалау қажет болады, жылуберудің коэффициентін төмендетеді. Кальций мен магнидің хлоридтері тұз қышқылын түзе отырып гидролизденеді, осының салдарынан технологиялық қондырғылардың аппараттарының металдары коррозияға ұшырайды. Сонымен қатар тұздар түзілетін мұнай өнімдерінің сапасын төмендетеді. Сондықтан, мұнайды өңдеуге жіберместен бұрын тұздарынан айырады.

Тұздарды анықтау әдісі мұнайдан тұздарды сумен экстрагирлеуге және хлоридтердің сулымен сорып алу арқылы сынап нитратымен мына реакция бойынша:



Hg(N03)2 + 2NaCl HgCI2 + NaN03 титірлейді.

Жұмысты орындау тәртібі

Зерттелетін мұнайды тиянақты түрде 10 мин бойы араластырады. Содан кейін көлемі 25 мл цилиндрге құяды, шамамен тұз мөлшері 200мг/л деп есптесек онда көлемі 10 мл цилиндр қажет. Алынған мұнай үлгісін бөлгіш воронкаға құяды. Цилиндрді әр рет 5 мл артық емес көлемді толуолмен шаяды. Толуолдың барлық осы көлемін зерттелетін мұнай ерітіндісі бар воронкаға құяды. Мұнайдың толуолды ерітіндісін 2 мин жақсылап араластырған соң, бөлгіш воронкаға 100 мл ыстық дистилденген су құяды. Бөлгіш воронкадағы қоспаны тағы да 10 мин араластырады. Сосын воронканы штативтің сақиналарына орналастырады. Тұнба түзілген соң сулы қабатты қағаз фильтрі бар воронкаға бөліп алады және фильтратты стақанға жинап алады.

Бұдан кейін 30-40 мл ыстық сумен экстракцияны қайталайды. Сулы қабатты да қағазы бар фильтрат арқылы сол стақанға жинайды. Фильтратты 10 мл ыстық сумен шаяды. Шайғыш суы бар стаканды плиткаға орналастырады және күкіртсутегісі кеткенге дейін (қорғасынды қағазбен тексере отырып) қайнатады. Салқындағаннан кейін стакандағыны көлемі 500 мл өлшегіш колбаға құяды. Стаканда бірнеше рет 10-15 мл дистилденген сумен, қайтадан сол колбаға құя отырып, шаяды сосын көлемін белгіміне дейін жеткізеді. Өлшегіш колбадан пипеткамен 50 мл ерітінді алады. Егер мұнайдағы тұздардың мөлшері 5000 мг/л асса онда 10 мл алады. Сынаманы конустық колбаға құяды, үстіне 50 мл дистилденген су, 2-3 мл 0,2 н азот қышқылының ерітіндісін, 10 тамшы дифенилкарбазидтің 1% -тік ерітіндісін қосады және 0,01 н сынап нитраты ерітіндісімен әлсіз ашық қызыл (розовый) түс пайда болғанға дейін титрлейді. Қатарласа отырып, дистилденген сумен ашық қызыл түс пайда болғанға дейін бақылаулық сынама жүргізеді.

Хлоридтердің толық кеткендігін тексеру үшін қалған зерттелетін мұнай ерітіндісі бар бөлгіш воронкаға 100 мл ыстық су құяды және анализді қайталайды.

Тұздардың NaCl есептегендегі мөлшерін мына формула бойынша есептейді.

X=((V1-V2)·0,5846·1000A)/V

мұнда V1 – зерттелетін затты титрлеуге кеткен 0,01 н сынап нитратының көлемі, мл; V2 – бақылаулық титрлеуге кеткен 0,01 н сынап нитратының көлемі, мл; 0,5846 – 1 мл 0,01 н сынап ерітіндісініне эквивалентті натрий хлоридінің көлемі мг; А- өлшегіш колба мен пипетканың көлемдерінің қатынасы; V- зерттелетін мұнайдың көлемі, мл.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұнайда қандай тұздар болады?

  2. Мұнайды өңдеу және алынған мұнай өнімдерінде тұздардың болуы қалай әсер етеді?

  3. Мұнайдағы тұздарды анықтау әдісінің мәні неде?


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. - Уфа: «Гилем», 2002. 672 с.

2.Белянин Б.В., Эрих В.Н., Корсаков В.Г. Технический анализ нефтепродуктов и газа.//Л.: Химия, 1986. – 184 с.

3. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экономический аспекты. – М.: «Техника», 2001. – 384 с.

4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа: Учебное пособие для вузов. – М.: Химия, 2001. – 568 с.

5. Чуракаев А.М. Газоперерабатывающие заводы и установки. – М.: Недра, 1994. – 334 с.

6. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика. / Под редакцией М.Г. Рудина. – М.: ЦНИИТЭнефтехим, 2004. – 339 с.

7. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. - М.: Химия, 1973. - 272 с.

8. Справочник нефтепереработчика: Справочник / Под ред. Ластовкина Г. А., Радченко Е.Д., Рудина М.Г. – Л.: Химия, 1986. – 648 с.
Зертханалық жұмыс № 1. Мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтау


  1. Мұнайдағы механикалық қоспаларды анықтау

Жұмыс мақсаты: Мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық үлесін анықтау

Құралдар мен реактивтер: қағаз фильтр, бюкс, химиялық стакандар, су моншасы, тоңазытқыш (обратный) воронка, конустық колба, бензин Б-70, мұнай, бензол, толуол.
Теориялық бөлім

Мұнайдағы механикалық қоспалар негізінен құмнан, саздан, темірдің ұсақ бөліктерінен және минералды тұздардан тұрады. Дайын тазаланған мұнай өнімдерінде механикалық қоспалар адсорбент бөлігі (ақ саз), темір жанқалары, минералды тұздар мен т.б заттардан тұрады. Ашық тұтқырлығы аз мұнай өнімдерінде тез тұнбаға түсіп кететіндіктен механикалық қоспалар болмайды. Жақпа майларда қатты механикалық қоспалардың (құм және т.б) болуы өте зиян, себебі олар беттік бөліктерді сырып тастайды.

Әр түрлі жерлердегі мұнайларда механикалық қоспалар құм, глинозем, окисьтер, әр түрлі элементтер түрінде болатын коррозия өнімдері қоспасы түрінде боады.

Зерттелетін сусызданған мұнай өлшемесін бензинде ерітеді. Ерітіндіні, кептіруге және өлшеуге болатын фильтр қағазы арқылы фильтрлейді. Фильтрді өлшеу арқылы механикалық қоспалардың массасын есептейді.

Жұмысты орындау тәртібі

Күлсіз фильтр қағазын бюкске салып кептіргіш шкафта 105-110°С температурада алдымен 1 сағ. содан кейін 30 мин бірнеше рет тұрақты массаға дейін кептіреді. Құрғақ фильтрді воронкаға орналастырып, оны бензинмен дымқылдандырады.

Зерттелетін мұнай мен оны ерітетін бензинді МЕСТ ке сәйкес алады. Б-70 бензиннің кратность мұнайдың 2-4 өлшемесіне қатысты. Зерттелетін мұнайды стаканға өлшеп және оның тұтқырлығын азайту үшін Б-70 ыстық бензинінде ерітеді. Бензинді кері тоңазытқышы колбаға құйып су моншасында қыздырады.

Ыстық ерітіндіні арнайы дайындалға, фильтр қағазымен фильтрлейді. Фильтрдегі қалған тұнбаны фильтрат түссіз және мөлдір болғанша ыстық бензинмен шаяды. Тұнбасы толықтай шайылған фильтрді таза фильтр кептірілген бюкске ауыстырып, қақпағы ашық күйінде 105 – 110°С температурада тұрақты массаға дейін кептіреді. Бюксті өлшемес бұрын қақпағын жауып эксикаторда 30 мин салқындатады.

Механикалық қоспалардың массалық үлесін X (%) мына формула бойынша есептейді:

X=(G1-G2)/G*1000

мұнда, G1 - -механикалық қоспасы жана фильтрі бар бюкстің масасы, г.



G2- фильтрі бар бюкстің массасы, г.

G – зертелетін мұнай өлшемесі.


Жұмыстың ерекшеліктері:

  • егер мұнай өнімінде су болса, онда оны алдын ала азеотропты айдау әдісімен сусыздандырады;

  • Егер мұнай өнімі бензинде нашар ерісе, онда оны бензолмен немесе тоуолмен алмастырады;

  • фильтрлеуді жылдамдату үшін суағатын насосы бар Бюхнер воронкасын қолданады;

  • бензол, толуолмен жұмыс істеу барысында фильтрлеуді тартпа шкафта жасайды.


Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай және мұнай өнімдерінің механикалық қоспаларына не жатады?

2. Механикалық қоспаларды анықтау әдісінің мәні неде?

3. Механикалық қоспаларды анықтаудың методикасы?


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. - Уфа: «Гилем», 2002. 672 с.

2.Белянин Б.В., Эрих В.Н., Корсаков В.Г. Технический анализ нефтепродуктов и газа.//Л.: Химия, 1986. – 184 с.

3. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экономический аспекты. – М.: «Техника», 2001. – 384 с.

4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа: Учебное пособие для вузов. – М.: Химия, 2001. – 568 с.

5. Чуракаев А.М. Газоперерабатывающие заводы и установки. – М.: Недра, 1994. – 334 с.

6. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика. / Под редакцией М.Г. Рудина. – М.: ЦНИИТЭнефтехим, 2004. – 339 с.

7. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. - М.: Химия, 1973. - 272 с.

8. Справочник нефтепереработчика: Справочник / Под ред. Ластовкина Г. А., Радченко Е.Д., Рудина М.Г. – Л.: Химия, 1986. – 648 с.
Зертханалық жұмыс № 1. Мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтау
IV. Бензиннің құрамындағы активті күкірттік қосылыстарға сапалық сынама.

Жұмыс мақсаты: Бензиннің құрамындағы активті күкіртті қосылыстарды сапалық анықтауды жүргізу.

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: размері 40x10x2 мм электролиттік мыстан жасалған шлифсіздендірілген пластинка; су моншасы; пробирка; термометр; фарфор шыны; фильтр қағазы; спирт; ацетон; бензин сынамасы.

Теориялық бөлім

Күкіртті қосылыстар мұнай өнімдеріндегі зиянды қоспалар, олар мұнайөнімдерінің сапасын төмендетеді және металдарды коррозиясын тудырады. Қауіптілігі жоғары қосылыстарға активті күкіртті қосылыстар (күкіртсутек, төменгі меркаптандар, бос күкірт) жатады. Олар металдарды қатты бүлдіреді, әсіресе түсті металдарды. Сондықтан бұл заттрдың мұнай өнімдерінде болуы қажет емес.



Жұмысты орындау тәртібі

Пластинкаларды спиртпен шаяды және фильтр қағазында кептіреді. Дайындалған плстинкаларды қолмен ұстауға болмайды! Фильтрленбеген зерттелетін мұнай өнімін биіктігі 140-150мм және диаметрі 15-20мм пробиркаға шамамен, биіктігінің жартысындай етіп құяды және оған шипцмен ұстап дайындалған мыс пластинкаларын салады. Пробирканы қабық тығынмен жабады және 5 СРС қа дейің қыздырылған су моншасына орналастырады. Моншадағы судың мөлшері пробиркадағы отынның мөлшерінен жоғары болуы керек. 3 сағаттан соң пластиканы алып шығады және фарфор шынысында қыздырылған ацетонмен немесе спиртті-бензин қоспасымен шаяды. Мұнай өнімінің әрбір үлгісі үшін екі жанама сынақ жүргізеді. Егер сынақтан кейін тым болмаса екі сынаманың біреуіндегі мыс пластинкасы қара, қою-қоңыр немесе күкірт-болатты қақпен және дақ жабылса, онда мұнай өнімі сынақтан өтпеген және жарамыз болып табылады.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1 Негізгі әдебиет

1. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. I бөлім: Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. -504 б.

2. Омарәлиев Т.Мұнай мен газды өңдеудің химиясы және технологиясы: - Астана: Фолиант. – 2011. II бөлім: Құрылымды өзгертіп өңдеу процестері. -344 б.

3. Бишімбаева Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы: Бастау, 2007.-242 с

4. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы: оқұлық: 3-томдық – Атырау мұнайй және газ институты. – 2005

5. Надиров Н.К. Высоковызкие нефти и природные битумы. Т. 1-5. – Алматы.: Гылым, 2001.

6. Туманян Б.П. Практические работы по технологии нефти. – М.: «Техника» ТУМА ГРУПП, 2006. – 106с.

7. Умергалин Т.Г. Методы расчетов основного оборудования нефтепереработки и нефтехимии. – Уфа.: Нефтегазовое дело. 2007-236 .

8. Дауренбек Н.М., Еркебаева Г.Ш., Калдыгозов Е.К. Мұнай мен газ технологиясы және мұнай химиясы бойынша мысалдар мен есептер Оқу құралы Шымкент: М. Әуезов атындағы ӨҚМУ, 2009. – 142б.

9. Капустин В.М. Технология переработки нефти. – М.: КолосС. – 2008.-334с.

10. Савельянов В.П. Общая химическая технология полимер. М.: Академкнига, 2007 – 336с.

11. Крыжановский В.К., Кербер М.М., Бурлов В.В., Паниматченко Н.Д.: Производство изделий из полимерных материалов. Санкт-Петербург.: Профессия.2004.-460с.

12. Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен лабораториялық жұмыстардды ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.-Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-88б.

7.1.13 Тасанбаева Н.Е., Абдулхаликова И.Р., Сақыбаева С.А., Бимбетова Г.Ж. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау ( 050721-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін) - Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.-56б.

2 Қосымша әдебиет

1. Рудин М.Г., Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика.-Л.: Химия, 1980. -327с.

2. Вержичинская С.В. , Дигуров Н.Г., Синицие С.А. Химия и технология нефти и газа. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2009.-400с.

3. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа.- Уфа.: Гилем, 2002. -672с.

4. Рябов В.Д. Химия нефти и газа. – М.: ТГУ НиГ им. И.М. Губкина, 2004. -288с.

5. Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Гылым, 2001. -276с.
Зертханалық жұмыс № 1. Мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі қасиеттерін анықтау

V. Түсті мұнай өнімдерінің қышқылдығын анықтау

Жұмыс мақсаты: Бензиннің қышқылдығын анықтау.

Реактивтер: этил спирті, 85%-тік сулы ерітінді;0,05 н калий гидроксиді спирттік ерітіндісі; нитрозинді қызыл индикатор (дельта), 0,5%-тік сулы ерітіндісі.

Теориялық бөлім

Мұнайда болатын органикалық қышқылдар өңдеу барысында бензинге және дизель отынына ауысады.

Мұнай өнімдерінде органикалық қышқылдардың болуы мүлдем қажет емес. Әсіресе, жоғары коррозиялық белсендікке ие май қатарының қышқылдарының болуы.

Мұнай өнімдеріндегі органикалық қышқылдар қышқылдық санмен анықталады. Ол 100 мл отындағы органикалық қышқыдлды бейтараптандыруға кеткен калий гидроксидінің KOH мөлшерімен анықталады, мг өлшенеді. Бензиндер үшін қышқылдық сан 100 мл отынның 3мг мөлшері КОH, дизель отындары үшін – 100 мл отынның 5 мг мөлшеріненартық емес.

Түсті мұнай өнімерінің қышқылдығын анықтау әдісінің мәні: этил спиртінде қайнаған зерттелетін мұнай өнімінің белгілі көлемінен органикалық қышқылдарды күйдіргіш калийдің спиртті ерітіндісімен тура титрлеу арқылы бейтраптандырады (нейтрализуют).

Жұмысты орындау тәртібі

КЕрі тоңазытқышы бар көлемі 250 мл конустық колбаға 85%-тік этил спиртінен 50 мл құяды. Оны жабық типті плитаға қояды және спирттен көмірқышқыл газын жоғалту үшін 5 мин бойы қайнатады. Ыстық ерітіндіге нитразинді қызыл (дельта) индикаторынан 5 тамшы құяды және калий гидроксидінің 0,05н ерітіндісімен индикатор түсінің сарыдан жасылға айналғанына дейін бейтараптандырады.

Нейтралданған ыстық спирті бар колбаға 50 мл зерттелетін бензиннен құяды және кері тоңазытқышпен көмірқішқіл газын жоғалту үшін 5 мин бойы қыздырады. Ыстық ерітіндіге тағыда нитразинді қызыл (дельта) индикаторынан 5 тамшы құяды жәнем0,05н калий гидроксидінің спиртегі ерітіндісімен индикатор түсінің сарыдан жасылға өзгеруіне дейін титрлейді.

Егер индикаторды қосқанда түс көк немесе көкшіл жасыл болса, бұл нөлдік қышқылдықты көрсетіп тұрғандықатан титрлеуді жүргізбейді.

Зерттелетін бензиннің қышқылдығын x(в мг КОH/ЗК мл) мына формула бойынша есептейді:

X=(V1·T·100)/V

Мұнда, V1 – сынаманы титрлеуге кеткен 0,05 н. КОH спиртті ерітіндісінің көлемі;

Т-0,05 н КОH ерітіндісінің титр мг/мл

V- зерттелетін мұнай өнімінің көлемі.

Бақылау сұрақтары


    1. Мқнай өнімдеріндегі органикалық қышқылдар қандай көрсеткішпен анықталады?

    2. Қышқылдық сан деген не?

    3. Неге органикалық қышқылдардың мөлшері қатаң стандартпен нормаланады?

    4. Бензин және дизель отыны үшін қандай қышқылдық сан рұқсат етіледі?

    5. Түсті мұнай өнімдерінің қышқылдығын анықтаудың мәні неде?

6. Түсті мұнай өнімдерінің қышқылдығын анықта әдістемесі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. - Уфа: «Гилем», 2002. 672 с.


2.Белянин Б.В., Эрих В.Н., Корсаков В.Г. Технический анализ нефтепродуктов и газа.//Л.: Химия, 1986. – 184 с.

3. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экономический аспекты. – М.: «Техника», 2001. – 384 с.

4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа: Учебное пособие для вузов. – М.: Химия, 2001. – 568 с.

5. Чуракаев А.М. Газоперерабатывающие заводы и установки. – М.: Недра, 1994. – 334 с.

6. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика. / Под редакцией М.Г. Рудина. – М.: ЦНИИТЭнефтехим, 2004. – 339 с.

7. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. - М.: Химия, 1973. - 272 с.

8. Справочник нефтепереработчика: Справочник / Под ред. Ластовкина Г. А., Радченко Е.Д., Рудина М.Г. – Л.: Химия, 1986. – 648 с.
Зертханалық жұмыс №2. Мұнайдың тұтқырлығын анықтау

Теориялық бөлім

Тұтқырлық – сұйық және газ тәрізді денелердің олардың ,сұйықтың бір қабатының екіншісіне қатысты ішкі күштердің әсерінен, ағуына- жылжуына кедергі келтіруі.

Кез келген сұйықтықта ішкі күштердің әсерінен молекулалардың бір біріне қатысты ауысуы жүреді. Молекулардың осы кезде пайда болатын үйкелісі яғни, осы ауысуға көрсетілетін ішкі қарсылықты, ішкі үйкеліс немесе тұтқырлық деп атайды.

Тұтқырлық мұнайдың негізгі физикалық параметрлерінің бірі. Мұнайдың қозғалуына қатысты қолданылатын кез -келген гидродинамикалық есептер құрамына кіреді.

Динамикалық (), кинематикалық () және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.



Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температурасында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық – бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.

Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді. Мұнай өңдеуде сан түрінде мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең =/ кинематикалық тұтқырлық кеңінен қолданылады. Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – Пуаз (П) немесе СИ - Пас, мұндағы с – секунд түріндегі уақыт, Па – Паскаль (Па = н/м2, мұндағы н – Ньютон, м2 – прибор капиллярының қимасы). Олардың арасындағы қатынас: 1 П = 10-1 Пас. Кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – стокс (Ст) немесе СИ жүйесінде – м2/с. Олардың арасындағы қатынас: 1 Ст = 10-4 м2/с.

Шартты (ВУ) және кинематикалық тұтқырлық () шамалары арасында келесі эмпирикалық тәуелділік бар:



Кинематикалық тұтқырлық 1 ден 120 сСт болатындар үшін:

17,24ВУ1 -

ал кинематикалық тұтқырлық 120 сСт дан жоғары болатындар үшін:

17,24ВУ немесе ВУ10,1351

мұндағы t – мұнай өнімдерін сынау температурасы, 0С; 1 – мұнай өнімдерін сынау температурасындағы кинематикалық тұтқырлық, сСт (1 сСт  10-2 Ст).



Күрделі қоспалар болып келетін мұнай және мұнай өнімдері үшін тұтқырлық олардың химиялық құрамының, молекулалық массасының функциясы болып табылады, және молекулааралық әрекеттесу күшімен анықталады. Мұнай фракцияларының қайнау температуралары неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым тұтқырлығы жоғары болады. Бензиндер үшін кинематикалық тұтқырлық 200С температурада 0,6 сСт құрайды, ауыр майлар үшін 300-400 сСт арасында болады. Әртүрлі кен орындарынан алынған мұнайлар кинематикалық тұтқырлықтары 2 ден 300 сСт дейінгі аралықта болады, және көпшілік мұнайлар үшін 40-60 сСт аспайды.

Мұнай майларының тұтқырлықты-температуралық қасиеттерін бағалау үшін тұтқырлық индексі ұсынылған: 500 және 1000С температуралардағы тұтқырлық қатынасы () және т.б. Тұтқырлық индексі (ТИ) – шартты көрсеткіш, ол сыналушы май және эталондық май салыстырмалы сипаттамасы болып табылады. Тұтқырлық индексі мәні майлар 50 және 100 мәндері негізінде құрастырылған арнайы кесте бойынша есептеледі. Температура өзгерген сайын тұтқырлық мәні аз өзгеретін болса, солғұрлым оның ТИ жоғары болады. Тұтқырлық индексі майдың химиялық құрамына және көмірсутектердің құрылымына байланысты екендігі анықталған.

Тұтқырлық аддитивті емес қасиет және мұнай дистиляттары қоспасы немесе майлар үшін экспериментальды немесе арнайы номограммалар бойынша анықталады.



жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау