ПОӘК 042 -18-2.1.009/03-2014
|
Басылым № 1
11.09.2014ж
|
Бет 2- 61
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042 -18-2.1.009/03-2014
|
«Муниципалды менеджмент» пәнінің оқу-әдістемелік материалы
|
Басылым № 1
11.09.2014ж
|
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттері үшін «Муниципалды менеджмент» пәнінен
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей 2014
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Курстық жұмыс орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Аванс – белгілі борыш, немесе болашақ төлем есебінен алдын ала берілетін ақшалай зат.
Кәсіпті аванстау – бизнес –жобаларды, бизнес –операцияларды, келісімдерді іске асыру жағдайында кәсіпкер немесе компаниямен ақшалай қаражаттарды алу.
Администратор – басқарушы, басшы, менеджер.
Акциздер – кейбір көпшілік қолды тауарларға, қызметтерге салынатын жанама салық.
Акциялар - өнеркәсіптің пайдасына ортақ болу үшін акционерлік қоғамның пайына сай төлейтін бағалы қағаздар.
Амортизация –негізгі қорлардың ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.
Аренда –уақытша пайдалану үшін белгілі жал ақысын төлеу арқылы берілетін мүліктік жалдау.
Ассоциация –заңдық және жеке тұлғалардың өз ерігімен бірігетін қауымдастық.
Банкроттік актісі –банкроттықты мойындайтын құқықтық әрекеттер. Қарызын төлеуге дәрмені болмай қалған кезде қолданылатын жағдай.
Баланс – мекеменің белгілі мерзімге қаражат жайы туралы есебі.
Банк –уақытша бос ақшаларды (салымдарды) үйлестіретін, оларды уақытша біреулерге несие ретінде ұсынатын, кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке адамдар арасында төлемдерін және есептерін айырысуна қатысатын және елдегі ақшалай айналымды реттейтін қаржылық кәсіпорын.
Моральдық ескіру –жетілдірілген конструкциялы машина шығуына байланысты бұрынғы қондырғылардың тозуы.
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы
Модуль 1 Жергілікті басқарудың теориялық – әдістемелік негіздері
Тақырып 1. Басқару мәні
Ұйым басқару мәнінің себептері. Ұйымның анықтамасы. Басқару процессінің анықтамасы басқару қызметін жүзеге асыру ретінде. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, басқару шешімін қабылдау процесстері. Ұйым стратегиясын жасау. Басқапу кадрларымен жұмыс істеу.
Біз өмір сүріп жатқан уақыт - өзгерістер заманы. Біздің қоғамымыз өте қиын, көп жағдайда қарама қайшы, бірақ тарихи болмай қалмайтын әрі қажетті қайта құруды жүзеге асыруда. Әлеуметтік-саяси өмірде - бұл тоталитарлық жүйеден демократияға, экономикада - әкімшілік-командалық жүйеден нарыққа, әрбір адамның өмірінде - оның "бұрандадан" шаруашылық қызметінің дербес субъектісіне айналуы дер едік. Сонымен қоғамда, экономикада және адамдардың жеке өмірінде болып жатқан осындай өзгерістер, біздің мінез, ойлау қабілетімізді өзіміздің өзгеруімізді талап етеді. Осыған байланысты бізге жаңа біліммен қаруланып, оны практика жүзінде пайдаланудың маңызы зор. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей осындай білімнің маңызды бөлігінің бірі - менеджмент ғылымы мен өнерін меңгеру болып табылады.
Менеджмент - бұл алдағы қойған мақсаттарды басқа адамдарды құлықтандыру, зиялығын, еңбегін пайдалану арқылы жету. Ағылшын тілінен аударғанда «басқару - адамдарға басшылық жасаудың түрі, қызметі деген мағынаны білдіреді. Менеджмент осы қызметті жүзеге асыруға бағытталған адамзат білімінің бір бөлігі іспеттес.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылымда "менеджмент" ұғымы нарықтық экономиканың міндеттеріне жауап беретін тиімді басқарудың түрі ретінде қарастырылады.
Муниципалды менеджмент - басқару жүйесіндегі ғылыми пән, аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруды зерттейтін экономикалық білім.
Кез келген ұйымдастыру компониялар жүйе ретінде алуан түрлі затарды сыртқы экономикалық ортаға шығарды және одан кез келген өнімді немесе қызмет алуға сөйтіп, сыртқы экономикалық ұғымын белсенді қатысып орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элеметтеріне жататыны: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
- жұмысшы күші. Қойылған мақсаттқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету.
- баға деңгейі. Мәселен, инфляция (ақшаның құнсыздығы) коммерсиялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді.
- жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады.
- үкметтің қаржы және салық саясаты экономикалық ортаның маңызды элементі.
- сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта біру үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және нені алғысы келетіндігін біліп отыру тиіс.
Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсендік пен технология арасында тығыз байланс бар. Аумалы – төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүру үшін технологияның соңғы жетістіктерінен хабардарт болуы тиіс, өйткені оның өзі таур немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де, сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Жүздеген жылдар бойы америкалық әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенім қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмады. Бұлардың ең бастылары мыналар:
Сенімділіктің болатын себебі сол, жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
Бизнеске сену және кәсіпорын басшысын құрметтеу.
Тұрмыстың барлық саласында, әсіресе, іскерлік қыметте бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.
Жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына қарамаста құрметтеу.
Өз меншікіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік білімін саясй орынын құрметтеу.
Білімге сені және оны құрсеттеу.
Қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену.
Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына жәнеде бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланста болады. әдетте әлеуметтік қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесіне қабылданады.
Саяси орта, әдетте, саяси және үкмет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсендеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.
Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады.
Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байлансты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатындабасқару ықпалынжүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.
Бақарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жйынтығы.
Басқарушы жүйе – бұл «нені» немесе «кім» басқарады, ел басқарылатыны – «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар – «басқару субъектісі» мен «басқару объектісі».
Басқаратын және басқарушы жүйелер субъектіден объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен байлансты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Муниципалды менеджмент - жергілікті меншікті басқарудың формасы ретінде жергілікті басқару деген ұғымды білдіреді.
К.Р Конституциясында "Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың өзі шешуі үшін жергілікті басқару енгізілген. ТМД мүшелері-елдерінің жергілікті басқару модельды заңына сәйкес "муниципалдық құрылым" - бұл жалпы территориялық аумақта біріккен қалалық және ауылдық елді мекенде муниципалды басқару, муниципалды меншік, жергілікті бюджеттің болуы және сайланатын жергілікті басқару органдарының қалыптасуы.
Муниципалды құрылымдардың шекаралары халықтың тарихи замандардан қалыптасқан шекараларын есептеп отырып мемлекеттік үкімет органдарымен белгіленеді.Қазір ешкімнен де құпия емес, Муниципалды менеджмент - басқарудың жаңа типі ретінде өзінің қалыптасуының алғашқы кезеңінде көптеген қиындықтар көруде, ол экономикалық дағдарыс.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Біз өмір сүретін уақыттың ерекшелігі неде?
Менеджмент дегеніміз не?
Муниципалды қызмет, муниципалды меншік ұғымдарын түсіндіріндер.
Муниципалды менеджменттің кіріспесіне нені жатқызады?
Нормативтік әдісті сипаттаңыз.
Баланстық әдісті сипаттаңыз.
Экономикалық-математикалық әдісті сипаттаңыз.
Жүйелік талдау әдісіне сипаттама беріңіз.
Статистикалықәдісті сипаттаңыз.
Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты неде жатыр?
Аймақтық дамудың негізгі міндеттері неде білінеді?
Жергілікті өзін өзі басқару қалыптасуының тарихы жөнінде не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2011
Тақырып2.Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
Пәннің мәні және міндеттері. Муниципалды құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжағанда, қолданылатын әдістермен нормативтер.
Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі. ҚР аймақтық басқарудың реформасы
Муниципалдық өзін өзі басқарудың Жарғысы
ҚР Конституциясына сәйкес әрбір муниципалдық құрылым жарғы қабылдау керек. Онда төмендегідей жағдайлар қарастырылады:
Аталуы, құрамы, муниципалдық құрылым аумағының шекаралары, шартты белгілерінің болуы /герб, эмблема т.б./;
Муниципалдық құрылым қарауына жататын жергіліктік маңызы бар мәселелер;
Жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей халықтың қатысуымен шешудің түрлері, тәртібі мен кепілдіктері;
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының құрылымы, оларды дайындау тәртібі, өзін өзі басқару органдары мен лауазымды қызмет иелерінің өкілеттілігі, олардың өкілеттілік мерзімі;
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының нормативтік құқық актілерінің түрлері, қабылдануы мен күшіне ену тәртібі;
Жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы қызметшілер мен осы органдардың негізі мен жауапкершілік түрлері;
Муниципалдық қызметті ұйымдастырудың жағдайлары мен тәртібі;
Жергілікті басқаруды жүргізудің экономикалық және қаржылық негізі, муниципалды меншікті иелену және пайдаланудың жалпы тәртібі;
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастырудың сұрақтары.Муниципалдық құрылымның жарғысын қалалық және ауылдық жерлер өмірінің негізгі заңы, тіпті жергілікті конституция ретінде бағалауға болады. Ж.Б органдарының өкілеттілігінің принциптері :
Ж.Б.органдарының негізгі ережелері Конституция не Заң арқылы бекітіледі.
Ж.Б.органдары кез келген сұрақтар бойынша толық еркін қимылдауына болады.
Мемлекеттік өкілеттіктерді жузеге асыру, яғни орындау, әдетте, азаматтарға жақын тұрған билік органдарына жүктеледі.
Ж.Б. органдарына өкілеттілік әдетте толық болуы қажет.
Орталық және аймақтық органдар өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін Ж:Б: органдарына берген жағдайда оны олар жергілікті жағдайға іске асыруға бейімдеуі қажет.
Жергілікті өзін өзі басқару қызметінің ерешеліктеріне жататындар:
муниципалдық меншікті басқару;
жергілікті бюджетті құру, басқару және орындау;
жергілікті салықтар мен алымдарды белгілеу;
қоғамдық тәртіпті сақтауты қамтамасыз ету .
Жергілікті өзін өзі басқару қызметі халықтың жергілікті маңызы бар мәселерді шешу, муниципалдық меншікті пайдалану, иелену жөніндегі жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
ҚР жергілікті өзін өзі басқару саласында мемлекеттік үкімет органдарының өкілеттілігі қандай?
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының міндеттері қандай?
Муниципалды қызмет қандай принциптерге сүйенеді?
Жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті және атқаратын органдар қандай сұрақтармен шұғылданады?
Муниципалды меншікке нені жатқызады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2011
Тақырып 3. Муниципалдық басқарудың даму тарихы
Өзін- өзі басқару теориясының ( Н.М.Коркунов, П.П.Гронских, Н.И. Лазаревских, М.Д.Загряцков ж.б.) негізгі сипаттамалары мыналар болды:
жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мемлекеттік емес және шаруашылық сипатта болуы;
шұғылданатын мәселелердің нақты тізбесінің болмауы;
қоғамдық мүдделерінің мемлекеттік істерге қарсы қойылуы.
Мемлекеттік ашық басқару басталғаннан- ақ ресми құқықтық көздер мен бастауы неғұрлым жақтаушылары Гнейст пен Штейн болған өзін- өзі басқарудың мемлекеттік теориясын жасаудың қажеттілігін тудырғаны әлбетте өзінен өзі түсінікті .Бұл орайда Ресейде жасалған Жер реформасы (1864ж) көп назар аудартады, мұнда земства-сословиялық, квоталық мекеме болып табылады да, олардың атқарушы қызметтері жергілікті маңызы бар міндеттерді ғана емес сонымен қатар мемлекеттік те істермен шұғылданды (салық жинау, оны қазынаға жеткізу, земстволық соттар және полиция құру, земстволық мекемелердің шенеуніктерін тағайындау т.с.с.).
Алайда сол кезде, 19- ғасырдың ортасынан бастап мемлекет заңдылық жәйіттердің ауқымында орталық және жергілікті үкіметтердің арасында лайықты өзара қатынас болуы керектігін қажет деп санады.Жергілікті үкімет мынандай болғанда тиімді деп саналды, егер ол:
1) дербестігі бар және заңдылық аясында жұмыс істесе;
2) өз ауқымындағы жұртшылықтың мәселелерін ұтымды шеше алатын болса;
3) жергілікті ағымдағы мәселелерді мемлекеттің мүддесін есептей отырып шешетін болса.
Бұрынғы КСРО – территориясында 1990- 1991 жылдары басталған жергілікті жерлердегі үкіметтерді реформалау процестері елде жергілікті (муниципалдық) басқаруды қалыптастырудың негізгі болып табылған КСРО-да жергілікті өзін өзі басқарудың және жергілікті шаруашылықтың жалпы бастаулары туралы, заңды қабылдауға түрткі болды.
Қазақстан Республикасында 1991 жылдың 15- ақпанында қабылданған «Жергілікті өзін өзі басқару және Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары» туралы Заңы аз уақыт қана жұмыс істеді, өйткені жергілікті жерлерді кеңестендірудің ескі әдістерін қайталады және мемлекеттік пен қоғамдық мүдделердің ара -жігін ашып бере алмады. Шын мәнісінде аймақтық қоғамдық өзін өзі басқарудың жергілікті органдары мен атқарушы органдары жергілікті өзін өзі басқаруға жататын.
Мемлекеттік құрылыстың осы кездегі тәжирибесі жергілікті өзін өзі басқарудың ағылшын - американдық және еуропалық үлгілеріне салды. Ағылшын- американдық үлгіге үкіметті децентрализациялау және деконцентрациялау, яғни барлық деңгейдегі үкіметтерді жергілікті басқарумен жүргізу мемлекеттік деңгейдегіден (штаттар, провинциялар) төмен. Бұл модельдің мәнісі мынада- қалыптасқан тарихи және заңдылықтардың дәстүрлеріне орай мемлекет өзінің әрекет жасар аясын айқын біле тұрып аймақтық және жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді жергілікті өзін өзі басқару органдарына (муниципалитеттерге) шешуін жөн көрген. Алайда аймақтың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі сақтайды, алайда АҚШ-та тіпті бір штаттың өзінде муниципалитеттерді ұйымдастырудың унификациясы, мүмкіндігі жоқ.
Көптеген шетелдердің басым көпшілігінде (АҚШ, Канада, Жапония ж.б.) жергілікті басқару органдарының жүйесі өзін өзі басқаруға әсер ететін факторларды ескере отырып, әкімшілік аумақтық бірліктер жұйесі негізінде құрылады. Міне осы жәйіттер Н.М.Коркуновтың, Н.И.Лазаревскийдің қоғамдықты мемлекетке қатысты ашық құқық берілген ерекше құқықтық тұлға ретінде қарауларына негіз болған.
Мысалы, АҚШ-та муниципалдық өзін өзі басқару моделін таңдауда муниципалдық қоғамдастықтың дербестігі бар. Мұндай модельдер 50-ге жуық.Солай бола турса да осылардан муниципалдық өзін өзі басқарудың алты түрі таңдап алынған, олар: графстволар, қалалар, бороулар, виллидждар, таун және тауншиптер (вилидждар 17 штатта, таун-30 штатта, тауншиптер Солтүстік Батыста). Әдетте муниципалитеттердің басқару жүйесін ұйымдастыру үш сызбада сақталған:
«комиссиондық», алғаш рет 1901 ж. қолданылды (Техас штатында). Бұл схема бойынша жұртшылық муниципалдық кеңесті 3-5 жылға сайлайды, алайда кеңестің әр мүшесі бір мезгілде муниципалитеттің атқарушы департаменттерінің біреуінің басшысы болып табылады;
муниципалдық кеңес менеджер (кеңес менеджер) тағайындайды, ол келісім-шарт негізінде жұмыс істейді және атқарушы аппаратты басқарады.
Менеджер кандидатурасын табуды жеңілдету мақсатымен менеджерлердің Ұлттық ассоциациясы кандидаттар туралы банк деректерін ғана емес, сонымен бірге вакансиялар туралы да мағлұматтар жинайды. Сайланатын муниципалдық кеңес өз құрамының ішінен мэр (кеңес мэр) сайлайды.Басқарудың бұл схемасының екі нұсқасы болады:
А) мэр (жай мэр) 3-5 жылға сайланады, ол кеңеске есеп беріп отырады және салтанаттылық, өкілеттілік функциялар атқарады және веттолық құқықпен пайдаланылады;
Б) бұл күшті мэр (тағайындалатын) атқарушы аппаратты дербес басқарады және муниципалдық округ аумағында өз шешімін жүргізе алады.
Жергілікті өзін өзі басқарудың еуропалық моделіне дуалистикалық принцип тән, оның мәні жергілікті мемлекеттік басқаруды орталықтандыру дәрежесінің жоғары және өзін өзі басқарудың мықтылығы бір бірімен қабысып жатқандығымен айқындалады. Англияда және Францияда да жергілікті өзін өзі басқару жүйесі коммуналар болып табылады, олардың саны 36 мыңнан астам. Әр коммунаның өз кеңесі бар, олар өз кезегінде мэр-ді сайлайды.
Алайда мұндай модель орталық үкіметті децентрализациялау, деконцентрациялау кезінде қалыптасқан. Біріншіден, децентрализациялау қоғамдық өмір саласына үкімет тарапынан үнемі ықпал ету мақсатындағы реакциядан туған. Екіншіден, жалпыұлттық шешім қабылдауға қауіп келтіруі де мүмкін, өйткені жергілікті жұртшылықтың мүдделері есепке алынбаған. Үшіншіден, азаматтардың өздерін өздері танытуларына қажеттілік пісіп, сақталуда.
Германияда өзін өзі басқару қалыптасқан дәстүрлер және құқықтық доктриналарға сәйкес ашық құқық берілген заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Яғни мемлекет аудандарда, қалаларда жергілікті өзін өзі басқаруды өз функцияларының аудандардағы және қоғамдастықты жалғасы тұрғысынан көреді. Осыған орай Германияда қоғамдастықты ұймдастырудың негізгі төрт түрі бар болып отыр:
А) магистраттық;
Б) бургомистерлік;
В) солтүстік германдық;
Г) оңтүстік германдық
Қоғамдастық өзінің жауапкершілігіндегі мәселелерді жергілікті деңгейде шешеді және ашық басқаруды бірыңғай және дербес шешуші болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер тарапынан құқықтық бақылау жасау құқығын сақтайды. Ол өз өкілеттілігін муниципалдық органдардың заңды түрде орындауларын жүзеге асырады.Сондай-ақ өзін өзі басқару органдарының функцияларын орындауларына кәсіптік бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қоғамдастықтың шешімі құқықтық бақылау жасаушы (ішкі істер министрлігінің органдары) тапсырылатындығы және осы бақылаушы органдар оның заңдылығын бір ай ішінде қарсы келмей бекіткенде орындалатындығын айтсақ та жеткілікті.
Көптеген мемлекеттердің (АҚШ, ФРГ ж.б.) конституциялары осы және басқа да жайттардың тек жалпы жағдайларын ғана қамтитындығын ескере келе Еуропадағы интеграциялық процестер, социалистік ынтымақтастықтағы елдердің (Польша,Венгрия ж.б.) демократиялық институттарының қалыптасуы 1985 жылы жергілікті өзін өзі басқарудың Еуропалық хартиясын қабылдау қажеттігін тудырды.Хартияға қол қойған, Еуропадағы жергілікті, аймақтық органдардың мүдделерін тұрақты түрде қорғайтын Еуропа кеңесінде қабылданған жергілікті өзін өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы муниципалдық құқықтың аса маңызды көзі болып табылады.
Аталған құжатта жергілікті өзін өзі басқару заң аясында жұмыс істей отырып жергілікті өзін өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің елеулі бөлегін шеше алатындығы, жергілікті жұртшылықтың мүддесін өз жауапкершіліктеріне ала алатындығы тұжырымдалған. Алайда кейбір мамандар жергілікті өзін өзі басқарудың еуропалық Хартиясын француз тілінен сәтсіз аударылған түрін қабылдағанымыз жайлы айтып жүр және заң аясында жауапкершілік алып жұртшылықтың мүддесіне қарай әңгімеде жергілікті қоғамдастықтардың құқылары және мүмкіндіктеріне орай болуы тиіс.Проблема біз ойлағандай аударманың дәл болуымен ғана шектелмейді. Жергілікті үкіметтің болмысын анықтау бұдан гөрі маңыздырақ. Үкімет қашанда болсын өзіне қоғамдық сипатты негіз етіп алады. Жүйелілік тұрғысынан келу үкіметтің қоғамдық құрылысының құпияларын және функцияларың ашуға бағытталатындығы кездейсоқ емес. Проблеманың мәні мынада, егер мемлекеттік мүдде институтционалдық сипатта көрінсе онда бұл жергілікті өзін өзі басқару үшін өту қиын тар жол тайғақ кешу болады.Мұны Ресей Федерациясының тәжірибиесінен де көрдік.Бұл елдің бірқатар аймақтарында жергілікті өзін өзі басқарудың конституциялық талаптарын орындау қиынға соғып РФ-ның 1996 жылдың 26 қарашасында «РФ-сы азаматтарының жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде» федералдық заң қабылдауларына және РФ-сы азаматтарының жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлануға құқықтары барлығына қамтамасыз ете алмайтын субъектілерде «Жергілікті жерлерде өзін өзі басқару органдарына депутаттың лауазымды тұлғаларды сайлаудың» уақытша ережелерін қабылдауға мәжбүр етті.
Бұл проблема өз мәнісінде өзін өзі ұлғайту және үкіметті орталықтандыру тенденцияның баламасы сияқты болды. Саясаттанушылардың есептеулерінше үкіметтің негізі азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарама қайшылығынан немесе функцияларының үйлеспеушілігінен көрінген. Бұл орайда 1975 жылы Каракаста (Венесуэла ) өткен басқару жөніндегі 16-әлемдік конгрестің жұмысы атап айтарлықтай болды. Жаңа нақты жағдайлар басқару әдістерін қайта құруды, басқарушылардың (менеджерлердің) жауапкершіліктерін көтеруді және үкіметтің ресурстарын неғурлым тиімді пайдалануды қажет етеді.Үкімет субъектілерге әрекет жасап оларға талап қоя алатындығы назарда болуы тиіс.Бұл жерде әңгіме жергілікті өзін өзі басқаруға қатысатын тұлғаларға ма, болмаса азаматтарға ма қандай қатысты барлығына байланысты еместігін атап көрсеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |