Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін.
Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:
Кіріспе
1-Бөлім. § 1, § 2.
2-Бөлім. § 1, § 2.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз.
Негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару:
терминдер мен символдарға түсінік беру;
Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді
жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |